Анатоксиндерді дайындау ерекшеліктері және аттенуирленген штамдарды қолдану
Бактериялардың экзоөнімдерінен дайындалатын вакцина препараттарының бір мысалы ретінде сіріспе ауруының анатоксин өндірісін қарастыруымызға болады.
Кеңес Одағы кезінде денсаулық сақтау орны сіріспе ауруына профилактикалық ем жасау мәселесіне үлкен көңіл аударған. Сіріспе қоздырғыштары топырақта кеңінен тараған, жәй ғана жарақат алған ауру адамдарға қауіп тууы мүмкін. Сіріспе қоздырғыш –спора түзуші анаэробты Clostridium tetani –нейротропты әсер ететін күшті экзотоксин түзеді.
«Анатоксин» -антигенді, иммуногенді қасиетін сақтайтын және толығымен токсиндіктен айрылған препарат. Қазіргі кезде кең көлемде алюминий гидроксидінде адсорбцияланған, тазартылған сіріспе анатоксині қолданылады.
Тазартылған және адсорбцияланған сіріспе анатоксині –ақшыл немесе сары түсті гомогенді суспензиялы сұйық препарат. Сіріспе таяқшасының токсині баллансты ақуызынан тазартылған, формалинмен залалсызданған және алюминий гидрооксидінде сорбирленген препараттың алғашқы негізі әсер етушісі болып саналады. Препарат консервант ретінде 0,01%-тік мертиолат немесе 0,25% фенол құрауы мүмкін.
Препарат залалсыздалған, иммуногенді, құрамында 1 мл-да 20 ЕС (единица связывания) байланыстырғыш бірлік, рН 6,8-7,6 және меншікті белсенділігі 1 мг ақуызды азотта 500 ЕС-тен кем емес; 20 ЕС-те 0,02%- тен көп емес формалин болуы тиіс. Анатоксиннің бір рет егу мөлшері 0,5 мл (10 ЕС).
Анатоксин өндірісінде вакцина штамы C. Tetani қолданылып, казеинді қышқыл- гидролизатты қоректік ортаның құрамында жалпы азот 350-380 мг %, ақуызды азот 5-8 мг % және аминді азот 110-120 мг % бар ортада культивирленеді. Қоректік ортаға кебек автолизатын және ашытқы экстрактын қосады.
Сіріспе анатоксин алу өндірісінің циклі басқа да бактериялық вакциналарды алу сияқты негізгі сатылардан тұрады: анаэробты жағдайда культивирлеудің арқасында бактерияны өсіру (дайын өнім микробтық масса емес, ал экзоөнім-токсин), токсинді инактивациялау, тазалау (бірнеше әр түрлі әдістермен), алюминий гидрооксидінде адсорбциялау, буып- түю, бақылау.
Бірқатар инфекцияға қарсы белсенді иммунизация болып сәйкес микроорганизмнің штамының тұқым қуалаушылығының өзгеруімен аттенуирленгеннен дайындалған вакцина жатады. Оған ВЦЖ – туберкулезге қарсы тірі вакцина, аттенуирленгеннен штамнан Кальмет және Герен 1906 жылы дайындалған; теріге қолдану үшін тулярема қоздырғыш берік аттенуирленген штамм тұқым қуалаушылығының өзгеруімен дайындалған туляремин тірі құрғақ вакцинасы Эльберт және Гайским және басқаларымен алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |