Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Тазартылған Ви- антиген препаратын алу



бет51/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Лекциялар жинағы

Тазартылған Ви- антиген препаратын алу
Көптеген тәжірибелі зерттеулердің арқасында Ви- антигеннің – О-антигенмен қосылып организмде толық иммунитет құруы ең маңызды компонент екені анықталды.
Зерттеушілердің барлық күші, осы антигендерді иммуногенді белсенділігін микроб жасушаларында сақтауға және олардың белсенділігін төмендетпей бөліп алуға бағытталған.
Вакцина препаратының иммуногендігін жоғарылатудың бірден- бір жолы –белгілі шамаға дейін мөлшерін көбейту. Іш- сүзегінің О- антигені үшін бұл шама оның жоғарғы токсинділігінің мөлшерімен анықталады. Ал Ви- антиген кейбір ұсынылған әдістерде токсинсіз формада бөліп алынады. Иммуналогиялық деректерге сенсек Ви- антиген іш- сүзегіндегі иммунитеттің пайда болуында ең маңызды және жетекші орын алатынын байқаймыз. Сондықтан Ви- антигеннің іш- сүзек вакцинасының концентрациясында көп болғаны оның иммуногендігін жоғарылатады.
Микроб жасушасының жоғарғы бөлігінде Ви- антиген орналасады және қоршаған ортаға оңай өтіп кетеді. Ви- антигеннің құрылыстық бірлігінің полимерлік тізбегі: α- ацетиламино – 2- дезокси-D-галактурон қышқылы.
Ви- антиген алу принципі сулы экстраттан құрғақ іш- сүзек бактерияларының массасын әр түрлі жағдайда үш рет қайта егу нәтижесінде алу негізделген. Алдымен белсенді фракция, натрий хлордың қаныққан экстрактынан кейін (концентрациясы 27-71%) спирттегі Ви- антигенді тұнбаға түседі. Тұнбаны рН 3,5-3,8-ге дейін қышқылдағаннан кейін дәл алдындағыдай спирт концентрациясына диализден кейін қайта тұндырады. Сонымен, қышқыл гидролизден кейін спирт концентрациясы азырақ аралықта (27, 46, 52%) 3 рет тұндырады, О- антиген қалдығы бұзылады.
Алынған құрғақ Ви- антигенді изотоникалық натрий хлор ерітіндісінде 1 мл-де 400 мкг концентрациясына дейін ерітеді, содан соң 5 мл етіп ампулаларға құяды және еріткіш зат ретінде (физиологиялық еріткіштің орнына) құрғақ спирттік вакцинаға ұсынады. Ви- антигенді моновакцина ретінде де қолдануға болады. Қолданардан алдын құрғақ вакцинасы бар ампулаға 5 мл Ви- антиген еріткішін қосады. 1 мл ерітілген вакцинада 500 млн микроб жасушасы және 400 мкг іш- сүзек бактерияларының Ви- антигені құрайды.
Ви-антиген алудың технологиялық сызба нұсқасы келесі сатыдан тұрады:

Іш- сүзегінің бактериясын реакторда өсіру



Спиртпен бактерияларды кептіру


Дистиллденген сумен экстрагирлеу


Қаныққан NaCl ерітіндісінде (27-71%-концентрациясы) спиртпен тұндыру


Д иализ және спиртпен қайта тұндыру (концентрациясы 27-71% немесе рН-3,0)


О- антиген ыдырау үшін 1 М сірке қышқылында гидролиздеу, диализ


Спиртпен қайта тұндыру (концентрациясы 27-52%)




Л и о ф и л и з а ц и я л а у
Ревакцинациялауды сондай мөлшерде бірінші иммунизациядан кейін екі жылдан соң жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет