Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет6/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Лекциялар жинағы

Мутанттарды алу
Мутациялардың әртүрлі типтерін әртүрлі физикалық және химиялық мутагенді факторлардың көмегімен алады.
Физикалық фактормен споралардың немесе жасушалардың сулы суспензиясын өңдейді. (УФ-сәулелендіру, радиация).
Жасушаларды химиялық фактормен (алкирлеуші агенттермен) өңдегенде, берілген заттың мутагенді активтілігін туғызатын шарттарды сақтау қажет (рН сұйық, қатты фаза).
Физикалық мутагеннің әсер ету дозасы радиация типіне сәйкес сәулелендіру бірлігімен көрсетіледі.
Химиялық мутагендер үшін берілген доза температурамен, әсер етуші уақытпен және концентрациямен сипатталады. Химиялық әрекеттесуден кейін материалдарды жуып, оны буфер қоспасына салып қояды. Мутагеннің дозасын таңдағанда өңделген микроорганизмнің тіршілік етуіне қарайды, ол 0,1 %- 50÷80 % дейін болады.


Оң мутанттарды алу
Кейде оң мутантты таңдау үшін табиғи таңдауды қолдануға болады. Мысалы, херест шарабының ашытқысы (Sacharomyces oviformis) спиртті тотықтыруға қабілетті бар өнімді хересті буклет шарабын алады, концентрленген спиртте 15% артық көбеймейді. Оларды культивирлеуде спирттің концентрациясы 18% дейін болады, осындай жағдайда херестің пайда болуына қабілетті штаммды бөліп алуға болады.


Кездейсоқ мутацияларды таңдау
Қажет өнімді синтездеу жолы жоқ мәлімет болған кезде осы әдіс қолданылады. Әдіс бірнеше сатыдан (мутагенді қолданумен сатылап бөліп алу) тұрады.
Әр саты: бастапқы культура әртүрлі тіршілікті қамтамасыз ететін, бірнеше дозалардан алынған бір немесе бірнеше мутагенмен өңделеді. 100-ден кем емес колонияны таңдамай-ақ әрбір тәжірибеден бөліп алынады. Мутагенмен өңдегеннен варианттардан кейін өнімнің деңгейін бастапқы культураның өнім деңгейінің мәнін % түрінде көрсетеді және қатарда өзгергені анықталады.
Алынған өзгерген қатарларды бастапқы культураның бақылау қатарымен салыстырады.
Салыстыру нәтижесінде (+) оң және (-) теріс варианттары алынады, олармен барлық клондарды есептейді, олардың өнімділік деңгейі бақылау қатарының х - +2а τ аралығында болады.
(+) оң варианты – әрмен қарай жұмыс жүретін материал үшін, (+) оң варианты берілген мутаген мөлшерін тағы бір рет қолдану үшін. Бірнеше сатылардан кейін барлық жақсы варианттарды қосады, нәтижелерін статистикалық өңдеп, қолайлы вариантты таңдайды.
Өнім сапасын жоғарылататын мутанттарды таңдау әдістері.
Жасушаның мутагенін өңдегеннен кейін тірі қалғандардың арасынан қажет қасиетімен мутанттарды таңдап алу керек.
Мұны екі жолмен жасауға болады:

  1. Берілген мөлшерлік белгісін бағалағаннан кейін «кездейсоқ» мутацияларды таңдау, олай болса қажет заттың өнім деңгейі клон саны үлкен болуы мүмкін.

  2. Анықталған фенотипті мутанттар арасынан берілген мөлшерлік белгісі бойынша таңдау, оларды тірі қалған клондардың санынан бөліп алу үшін таңдаудың арнаулы әдістері қолданылады.

Әдетте таңдаудың бірінші сатысы – тиімдірек, сосын жүру сатысы төмендейді, мұны болдырмау үшін мутагенді факторларды ауыстырады, басқа селекциялық сызыққа өтеді және тағы басқа.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет