Ә мәтіні:ғаламтор мақаласынан үзінді
Бейбітшілік және Ассамблея
Ассамблея құрылған күннен бастап елімізде мызғымас бірлік, сарқылмас береке бастау алып келе жатқаны белгілі. «Ассамблея – көпэтносты еліміздің басын біріктіретін, қоғамның пікірін тыңдайтын үлкен мінбер. Бүгінгі таңда құрылым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып отыр.Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап өңірлерде, қалаларда, аудандарда, ауылдарда мыңдаған кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Осыдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын, Ассамблеяны құра отырып, біз әлемдегі барлық мәлім болған модельдерден де озық шыға білдік. Біз халықты ортақ патриоттық тұғырнамада топтастырудың бірден-бір сенімді тетігін таптық. Оның мәні әркімге де түсінікті және қарапайым адами сұраныстарды – жұмысты, отбасындағы әл-ауқатты, балалар үшін білім беруді, денсаулықты, тұрғын үйді, қауіпсіздік пен демалысты қамтамасыз етуге көмектеседі.
Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де Заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біз бәріміз – біртұтас Қазақстан халқының әртүрлі және бірдей балаларымыз. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Біздің бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі. Бұл біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз.
Бұл осы жылдар бойына елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп білеміз.
Тұрақтылық пен келісім – әрбір азаматтың күн сайынғы жұмысы!
Ассамблея әр кезде де уақытпен бірге қадам жасауда. Оның қолдауы біздің Тәуелсіздігіміз тарихының барлық тағдыршешті сатыларында шешуші болып келді. Бірлік пен топтасудыңең басты құндылықтары екенін қайталаудан ешқашан жалықпаймыз. Соның арқасында біз экономиканы көтердік, халықтың әл-ауқатын нығайттық, елдің болашағын көрсеттік. Біз 2030 Стратегиясының мерзімінен бұрын орындалуына қол жеткіздік.
Бүгінде біздің бірлігіміз – жаңа 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың шешуші факторы. Ең дамыған мемлекеттердің 30-на ену – біздің мақсатымыз және барлық қазақстандықтардың ортақ тағдыры. Стратегияда біздің ұлы көпэтносты халқымыздың даналығы көрініс тапқан. Ол біздің бітімнің, рухани келісімнің айрықша мәдениетінің жоғары қағидаттарынан арқаулық табады. (260 сөз)
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Бейбітшілік-адамзаттың асыл құндылықтарының бірі» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет. / 20 /
Бейбітшіліктің құнын немен өлшейміз?
Достарыңызбен бөлісу: |