Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология


Биологиялық препараттардың сапасын бағалауда қолданылатын аналитикалық әдістерді атаңыз (толық)



бет14/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Биологиялық препараттардың сапасын бағалауда қолданылатын аналитикалық әдістерді атаңыз (толық)

Сапалық талдаудың мақсаты – заттардың сапалық құрамын анықтау, яғни, қандай элементарлық бөлшектерден тұратындығын табу. Сонымен қатар, белгілі қосылыстармен ұқсастыру (идентификациялау). Органикалық қосылыстардың құрамында жеке элементтерді ғана анықтау жеткіліксіз, функционалды топтарды да анықтау қажет.
Сандық талдаудың негізгі мақсаты – зертелетін заттың құрамындағы компоненттердің массалық үлесің немесе олардың бір-біріне қатынасын анықтау. Химиялық талдау белгілі бір тәртіппен жүреді: алдымен заттардың сапалық құрамы содаң соң сол компоненттердің сандық мөлшері анықталады.
Сапалық талдау әдістері: 1) химиялық; 2) физикалық; 3) физика-химиялық; 4) биологиялық; 5) гибридті деп топтастырылады.
Химиялық әдістер – химиялық реакцияларға негізделген, анализдің эффектісін визуальды түрде көзбен көріп байқауға болады.
Физикалық әдістер – заттардың физикалық қасиеттерін өлшеуге негізделген, бұл әдісте химиялық реакциялар қолданылмайды.
Физика-химиялық әдістер – химиялық немесе электрохимиялық реакциялардың жүруі барысында заттардың физикалық қасиеттерінің өзгеруін байқауға негізделген әдістер.
Химиялық әдіс. Құрғақ түрінде анализдеу тек алғаш мәлімет алу ұшін қолданылады. Бұл әдістің пирохимиялық түрінде зерттелетін заттың кристалдарын немесе ерітіндісіне малынған платина немесе нихром сымын жалында қыздырғанда, қосылыстардың ыдырауы, балқуы, айдалуы, булануы нәтижесінде жалын түсі өзгереді. Мысалы, натрий жалынның түссіз бөлігін сары түске бояйды, барий тұздары – жасыл түске, калий тқздары – күлгін түске бояйды. Құрғақ талдаудың екінші түрі – ұнтақтау әдісі. Зерттелетін затты анықтаушы реагентпен көліге салып ұнтақтайды. Реакция нәтижесінде түсті қосылыс түзіледі, түсіне байланысты қорытынды жасалады. Ерітінді түрінде анализдеу сантиграмм-әдісімен кіші пробиркаларда жүргізіледі де аналитикалық сигнал байқалады. Тамшылық әдіспен талдауды фарфор шыныда немесе сүзгіш қағазда орындайды. Зерттелетін ерітіндінің бір тамшысын сүзгіш қағазына тамызып, оның үстіне анықтаушы реагент қосады да өзгерісті көзбен шолып байқайды. Микрокристаллоскопиялық әдісінде реакция нәтижесінде түзілген химиялық қосылыстың өзіне тән пішіні мен түсіне қарап қорытынды жасайды. Ол үшін шыны пластинкаға талданатын ерітіндінің 1-2 тамшысының қасына 1-2 тамшы реагент тамызып, шыны таяқшамен екеуін абайлап қосады және жалында ұстап буландыру аркылы концентрлейді. Содан соң тамшылардың түйіскен жерінде түзілген кристаллдарды микроскоппен қарастырады. 
Физика-химиялық әдістерде – анализ химиялық немесе электрохимиялық реакциялардың көмегімен жүреді, ал олардың нәтижесінде жүйенің физикалық қасиеттері өзгереді. Осы өзгерістерді түрлі аспаптармен өлшейді. Физика-химиялық әдістерге потенциометрия, фотометрия, амперометрия, полярография т.б. әдістер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет