Биологиялық әдістер – микроорганизмдердің өмір сүру уақытына негізделеді. Биологиялық әдістер дәрі-дәрмектің, түрлі препараттардың биологиялық активтілігін анықтау үшін қолданылады.
Аналитикалық реакцияларға қатысатын реагенттерге белгілі талаптар қойылады: ол талғағыштығы, ерекшелігі, тазалығы және сезгіштігі.
Биосинтез терминіне анықтама беріңіз. Биосинтез процесінің қадамдарын ашыңыз. Биосинтезді жүзеге асырудың технологиялық параметрлері. (қосуға болад)
Биосинтез - тірі организмдердің табиғи органикалық қосылыстарды синтездеу процесі. Қосылыстың биосинтетикалық жолы - бұл қосылыстың түзілуіне әкелетін реакциялар тізбегі, әдетте, ферментативті (генетикалық анықталған), бірақ кейде ферментативті катализсіз өздігінен жүретін реакциялар болады.
Биосинтез жүру үшін барлық (бактериялардан басқа) жасыл өсімдіктер мен цианобактерияларда фотосинтез процесі арқылы жиналатын Күн сәулесінің энергиясы қажет. Әрбір қарапайым ағза көп клеткалы ағзаның әрбір клеткасындағыдай өзіне қажетті затты синтездеп алады. Клеткадағы биосинтез жүру жағдайы оның генетикалық аппаратында сақталған тұқым қуалаушылық қасиетіне байланысты болады. Организмнен тысқары өтетін биосинтез микроағзалардың қатысуымен антибиотиктер, гормондар, витаминдер, амин қышқылдары және ақуыздар алудың өнеркәсіптік әдісі ретінде кеңінен қолданылады. Жер шарындағы барлық өсімдіктер жылына 580 млрд. т (оның ішінде мұхиттарда 270 млрд. т) органикалық заттар түзеді. Ол үшін өсімдіктер ауадан 650 млрд. т көмірқышқыл газын, топырақтан 5 млрд. т азот, 1 млрд.т фосфор және 10 — 15 млрд. т минералдық заттарды сіңіріп, атмосфераға 350 млрд. т оттекті бөліп шығарады. Өсімдіктер түзетін органик. заттардың арқасында жер бетіндегі тіршілік тоқтамай жүре береді.
Биосинтездің кезеңдері: транскрипция және трансляция.
Транскрипция – тірі жасушалардағы рибонуклеин қышқылының биосинтез процесі. Ол дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) матрицасында жүреді. Транскрипция аденин, гуанин, тимин және цитозиннің қайталанбалы тізбегінен тұратын ДНҚ молекуласындағы генетикалық ақпараттың іске асуының бірінші кезеңі. Транскрипция арнайы ДНҚ және РНҚ полимераза ферменті арқылы жүреді. Транскрипция нәтижесінде РНҚ молекуласының полимерлі тізбегі түзіледі. Бұл тізбек ДНҚ молекуласының көшірілген бөлігіне комплементарлы болады.
Трансляция – полипептид тізбегінің гендегі иРНҚ негізінде ақпаратқа сай түзілуі. Трансляция болашақ белокқа тән иРНҚ*на жазылған нуклеотидтер кезегін түзілетін белоктардың амин қышқылдарының кезегіне айналдырады. Бұл жұмысқа иРНҚ-нан басқа рибосомалар, тРНҚ, аминоацил синтетазалар, белоктан тұратын инициация, элонгация және терминация факторлары қосылған күрделі құрамдар қатынасады.
Достарыңызбен бөлісу: |