Бір аптаға (01-03 қыркүйек 2021ж.) Өтпелі тақырып:«Менің мектебім»



бет4/190
Дата22.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503860
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190
Циклограмма 2021 - 2022ж (1)

Тақырыбы: Дыбыс
Мақсаты: Дыбыс туралы түсінік беру.
Міндеттері: Сөз және дыбыс терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру; жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру, қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту. Қағылезділікке, бастаған істі аяқтай білуге баулу. Шыдамдылыққа тәрбиелеу Ұйымдастыру кезеңі – Балалар, сендер балабақшада сөз, сөйлем, буын, дыбыстармен танысасыңдар. Сендер сөздің дыбыстан тұратынын білесіңдер ме? Біз бүгін дыбыстар бағына саяхатқа барамыз. Негізгі бөлім Дыбысты естиміз, аузымызбен айтамыз. – Балалар, айтыңдаршы, пойыз тоқтағанда қандай дыбыс шығарады? – Жақын арада аралар жүргенін қайдан білеміз?
– Түнде қасымызға маса келгенін қайдан білеміз?
Педагог қойған сұрақтарына балалардың дұрыс жауап бергендері үшін мадақтайды.
Сергіту сәтін ойын арқылы өткізуге болады.
«Жаңбыр» саусақ ойыны:
Жаңбыр жауса, Тырс-тырс,
Айтады гүл:
– Дұрыс-дұрыс.
Жаңбыр жауса, Тырс-тырс.
Айтады қыр:
– Ырыс-ырыс. Дидактикалық ойын: Ойын шарты: Педагог үй жануарларының суретін көрсетіп, не істейтінін айтады. Балалар сол жануардың дауысын салады. Қой маңырайды: Сиыр мөңірейді: Үстелде отыру ережесімен таныстыру: жазу барысында денені тік ұстап, дәптерді солға қарай қиғаштап қоямыз. Қарындашты үш саусақпен – басбармақ, сұқ саусақ, орта саусақтармен ұстайды (көрсету). Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №1 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі. 3. Рефлексия.. – Бүгінгі оқу қызметінен не түсіндіңдер? Оқу қызметінің ең қызықты сәтін еске түсіріңдерші. 2.Сурет салуТақырыбы: Ағаш бұтақтары Мақсаты: балаларға терек бұталары жайлы түсінік беру, ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету. Міндеттері: ағаш түрлері, терек бұталарының салыну тәсілдері туралы білім беру; Ұйымдастыру кезеңіҚонаққа «бақыт» ағашы келеді. Бақыт ағашы топ балаларымен және педагогпен амандасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет