Бір қыз бен он алты ақын І бөлім 82. 3К б 94 Бірінші бөлімінде: Бір қыз бен он алты ақын


Қазақ ССР-і Мәдениет министрі Жексенбек Еркінбеков жолдастың ақындардың республикалық Екінші айтысын ашардағы сөзінен үзінді



бет11/13
Дата08.06.2016
өлшемі3.98 Mb.
#122908
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қазақ ССР-і Мәдениет министрі Жексенбек Еркінбеков жолдастың ақындардың республикалық Екінші айтысын ашардағы сөзінен үзінді
1943 жылы Ұлы Отан соғысының қызу жүріп жатқан кезінде Қазақстан үкіметінің арнайы қаулысымен қазақ халқының тарихында тұңғыш рет халық ақындарының Бірінші айтысы өткізілді. Бір аптаға созылған бұл жыр жарысының естен кетпес мерекесі бұдан 37 жыл бұрын Алматы қаласында, қазіргі Абай атындағы опера және балет театрында болған. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 88 ақын қатысқан еді. Ол тойдың шымылдығын ашып, айтысқа беташар айтқан 97 жастағы Жамбылдың өзі болатын.\содан бері біраз саябырлаған ақындық айтыс 50-жылдардан бастап қайта жандана бастады. Аудан, облыстарды ғана емес, республикада да ақындардың бас қосуы болды. Атап айтқанда, соңғы 1961, 1969, 1972, 1974 жылдары Қазақ ССР-іне 40 жыл, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл, жыр алыбы Жамбылдың туғанына 125 жыл, ақын әрі әнші-композитор Кененнің туғанына 90 жыл толу мерекесіне ақындардың айтысы өтіп, бұл өнердің мол мүмкіндігінің барлығын жұртшылық өз көзімен көріп, құлағымен естіді. Міне, бүгін республикалық ақындар айтысының куәгері болғалы отырмыз. Тағы да қайталап айтайын, бұл Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің арнаулы қаулысы бойынша, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жолдастың көмегі, тікелей қамқорлығы нәтижесінде өткізілгелі отырған республикалық халық ақындарының Екінші айтысы.

Міне, бүгін астанамыздың құрметті қонағы болып отырған 100 өнерпаз, сол 19 облыстың жүлде алған жүйріктері, лауреаттары. Бұлар енді өз облыстарының намыстарын қорғау үшін Алматыға, ақындар айтысының үшінші турына үмітепен келіп отыр.

19 облыстың 30 ақыны 15 жұп болып сайысқа түседі. Шынын айтқанда, барлық облыстарды түгелінен қамту шарасы республикада тұңғыш рет жүзеге асып отыр. Бұл бізге оңайға түскен жоқ, әрине. Сонымен бірге ұлттық өнеріміздің әр саласынан 70 кісі өз өнерлерін көрсетеді.

Ақын-жыршыларымыздың ең егдесі – 81 жастағы Мұқаш Байбатыров 1936 жылғы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің тұңғыш онкүндігіне қатысушылардың бірі, 1943 жылғы ақындардың Гүлжамал Шәукебаевамен сайысқа түскен, қазірдің өзінде Талдықорған облысындағы «Жетісу жыршылары» бригадасына жетекшілік жасап жүрген қазақтың қадірменді қариясы. Ал, ең жасы – өткен жылы ғана оныншы класты алтын медальмен бітірген Алматы облысының өнерпазы 18 жастағы Райхан Нәкеева. Бұлардан басқа Біржан салмен айтысқан Сара апамыздың жолын ұстаған ақын қыз-келіншектер де, елге «Дудар-ай» әнімен әйгілі болған Мариям Жагорқызының қазіргі сіңлісі атанып жүрген Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Надежда Лушникова да бар.



Филология ғылымдарының докторы Мырзабек Дүйсеновтың «Жазушы» баспасынан шыққан «Жыр шашу» кітабына алғысөзінен үзінді
1980 жылы өткізілген республикалық Екінші айтыста Манан Көкенов (Қызылорда облысы) пен Надежда Лушникова (Алматы облысы), Шолпан Қыдырниязова (Орал облысы) мен Елеусіз Кенебаев (Ақтөбе облысы), Қалихан Алтынбаев (Семей облысы) пен Сара Тоқтарбаева (Шығыс Қазақстан облысы) сайысқа түсті. Бұл айтыстар шын мәніндегі үлкен ақындық өнер дәрежесіне көтерілді. Сонымен бірге Көкен Шәкеев (Көкшетау облысы), Қалдыбек Әліқұлов (Шымкент облысы), Мүтәліп Қыраубаев (Қызылорда облысы) өздерінің нағыз айтыстық өнерін танытты. Бұл ақындардың қай-қайсысы болсын бұрыннан айтысқа түсіп, тәжірибе жинақтаған, өз өнерін біраз шыңдап қалған майталмандар. Көңілге тоқ санарлық бір жай, республикалық айтысқа жас, төкпе ақындардың мол келуі. Жұмаш Оспанбекова, Камал Ендібаев, Аяз Бетбаев, Райхан Нәкеева, Айтуған Шәйімов, Тұрсынай Оразбаева, Уәли Исақов өздерінің қабілетін танытты.

Мүтәліп Қыраубаев (Қызылорда облысы) пен

Қалдыбек Әліқұловтың (Шымкент облысы)

айтысы
Мүтәліп:

Қалдыбек, аманбысың, замандасым,

Сөзі – өткір, сөзі – терең, ақ алмасым.

Қашаннан озып жүрген жүйрік едің,

Тап бүгін атың қалай шаба алмасын?

Деген бар топта сөйлер шешен кісі,

Шын ақын неге өлеңді таба алмасын?

Айтысып көп ішінде отырған соң,

Бұл өлең саған да сын, маған да сын.

Кездессем жөн білетін ақынменен,

Деп оны тілемеуші ем шабандасын.
Кеп тұрмын Қызылорда қаласынан,

Шаруа, малшы, егінші арасынан.

Деген бар Сырдың елі – жырдың елі

Дарияның ұзын аққан жағасынан.

Бір шетім Шымкент пен Ақтөбеде,

Кең жайлау, мол жазира даласынан.

Терістігім Қарсақпай, Жезқазғанда,

Түстігім Қызылқұмнан әрі асылған.


Жерімнің шөбі шүйгін малға жайлы,

Самал жел қоңыр салқын жанға жайлы.

Малымыз бар жағынан қамтамасыз,

Тамақ – тоқ, киім – бүтін, көлік сайлы.

Жоспарым егін, малдан орындалды,

Айтқаным артық болмас осындайды.

Өрбіген төрт түлік мал қырымызда,

Түрлі дақыл егілер Сырымызда.

Әр уақта нан бар жерде ән болады,

Сол болмақ айтатұғын жырымыз да!

Қалдыбек, дидарластық танысқандай,

Қуандым дос пенен дос қауышқандай.


Берейін енді саған сөз кезегін,

Айтысқа сен де қосыл қалыс қалмай,

Қолыңа домбыра алып, сөйле, ақыным,

Оныншы бесжылдықта табы қандай?


Қалдыбек:

Уағалейкүмассалам, ақын аға,

Кездестік осы бүгін сахынада.

Мың сәлем көп халайық, сіздерге де

Төрешім, ақындарға берген баға.


Шымкентім – он бес аудан, он бес отау,

Ғанибет жақсы жердің атын атау.

Қарасақ, әрқайсысының орны бөлек,

Лайық өздеріне «жабдық-жасау».


Аралап облыстың аудандарын,

Бір кезде ақын Нартай көрген бәрін.

«Оңтүстік – жерұйық» деп бағалаған,

Осы сөз қашаннан да көпке мәлім.


Мүтеке, айта берсем табыс мол-ақ,

Бұл жерде тауыса алмаспын бәрін санап.

Берейін енді сізге сөз кезегін,

Отыр ғой үлкен-кіші бізге қарап.


Мүтәліп:

Қойды айтсам астаудай-ақ семіз бәрі,

Жақсарған малшымыздың жағдай-халі.

Оныншы бесжылдықта төл алудан

Жоспарын артығымен орындады.
«Сиыр сүті – тілінде» дейді халық,

Қоңды етіп семіртеміз жақсы бағып.

Бір жүз жиырма екі мың алты жүз бас –

Жоспар тұр бесжылдықта орындалып.


Түйе малы даланың кемесіндей,

Өркеші асқар таудың белесіндей.

Ауыр жүк артса-дағы сыр бермеген,

Сүті – ем, мал біткеннің төресіндей.


Он үш мың екі жүз бас түйе малы,

Бұл күнде сан мөлшерге жетті саны

Бес жүз елу килодан етке өткіздік,

Жұрт көріп семіздігін таңданады.


Шапқанда суылдаған құйрық-жалы,

Еті – бал жануардың, сүті – дәрі.

Сойсаң – ет, саусаң – бұлақ, мінсең – көлік,

Айрықша сүйкімді ғой жылқы малы.


Көргенде ірілігін құнан дейсің,

Ойнақтап шауып жүрсе құлындары.

Сендерде дәл осындай бар ма байлық,

Бар болса, Қалдыбегім, айтшы кәні?


Қалдыбек:

Заводым бар «Химфарм» елге мәлім,

Содан шығар алуын шипа-дәрің.

Білесің, неше түрлі шөп өсірген

«Дермене» совхозының бізде барын.
Шардара су қоймасы айтпағымыз,

Сіз оған рахмет деп айтпадыңыз.

Қоймадан текше-текше су бермесек,

Қалайша ақ күрішті молайтасыз?


Қашаннан көрші жатқан іргелі елміз,

Сондықтан не көрсек те бір көреміз.

Аталған «Сыр маржаны» күрішіңе,

Фосфордай тыңайтқышты біз береміз.


Жасампаз еңбек сүйгіш адамдарым,

Қарышты алға басқан қадамдарым.

Қалайша сіздің жағдай нашар болмақ,

Бізден барса көптеген мамандарың.


Жерім көп облыста елге мақтан,

Суы – шипа, ауасы жанға жаққан.

Сарыағаш, Шымған, Манкент курортына

Көп келер емделуге сіздің жақтан.


Білесіз Қазығұртты «кеме қалған»,

Бабата, Құмкент, Сайрам – көне қорған.

Отырар – сан ғасырдың куәгері,

Кезінде талай ғалым өнеге алған.


Осындай өткен мұра қалдықтарын

Бұл күнде қамқорлыққа алдық бәрін.

Аз емес Сыр бойында ескерткіштер,

Білейік, айтыңызшы, соның халін.


Мүтәліп:

Отанның зор байлығы – алтын дәнім,

Келтірер нан көп болса елдің сәнін.

Қалдыбек, құлақ салып тыңдап отыр,

Келіп тұр сол туралы хабарлағым.
Атасы ақ күріштің Жақаев бар,

Екі рет Еңбек Ері жұртқа мәлім.

Өзінің диқаншылық кәсібіне

Үйреткен кейінгі ұрпақ балаларын.


Атанған Еңбек Ері, Батыр ана

Бір дастан тарихы бар Ұлбаланың.


Жылда алған жоғарғы өнім ақ күріштен,

Мұны айтпай бүгін қалай құр қаламын.


Өсірген тәрбиелеп он бір бала,

Сәлима – жұлдыз таққан Батыр ана.

Сайланды СССР-ға депутат боп,

Партия бағалады асқан дана.


Ол былтыр жиырма гектар күріш екті,

Аянбай күндіз-түні еңбек етті.

Суарып баптап-күткен нәтижесі,

Рекордты өнімге қолы жетті.


Тағы да Әлішева Күләшіміз,

(Десеңіз қалдырмастан сыр ашыңыз).

Сексен бес центнерден әр гектарға,

Алды өнім, айтар бәрі сұрасаңыз.


Тұршабек Елеусінов – Еңбек Ері,

Ерлерді ардақтайды Совет елі.

Жүз екі центнерден гектарға алған,

Батырдың бос кеткен жоқ төккен тері.


Қадиша мен екпінді Хегайым бар,

Талайды таң қалдырған өнімдері.

Келтірген гектарына жүз центнер,

Кей жылы бұдан-дағы болды ілгері.


Он тоғыз миллион пұт ақ күрішім

Отанның қоймасына төгілді енді.

Елу бес центнерден әр гектарға

Облысым бойынша өнім берді.

Аттарын түгел атап берер едім,

Өлеңің деп айтпасаң ұзап кетті.

Қысқасы, абыройлы жастарым көп

Риза еткен партия мен үкіметті.


Қалдыбек:

Аз емес жасампаз жан еңбек еткен,

Облысқа, Одаққа даңқы кеткен.

Өндіріс, шаруашылық саласында

Абыройға, атаққа қолы жеткен.
Өршиді соларды айтсам асқақ үнім,

Сайрайды сандуғаштай қызыл тілім.

Осы отырған халықта кім білмейді,

Мырзашөл мақтанышы Жұмагүлін.


Жұмагүл еңбегімен елге жаққан,

Мақтадай нәзік дақыл бабын тапқан.

Одақтық парламенттің депутаты,

Омырауға жалау мен жұлдыз таққан.


Бір таңға таусылмайды менің жырым,

Білесіз Қалдыбектің ондай сырын.

Мүтеке, мақтанғанмен оза алмайсыз,

Біздегі байқасаңыз істің түрін.


Білерсіз аңғарсаңыз сөз жағдайын,

Сіздерде кейбір басшы өз жағдайын

Көп ойлап, газеттерде сыналып жүр,

Не болды, айтыңызшы соның жайын?


Бұрынғыдай Аралдың суы қайда,

Сыр бойының тоғайы, нуы қайда?


Табиғатты қорғауға мән бермейсіз,

Не болады күріштен түскен пайда?


Мүтәліп:

Ақыным, сөзбен бәрін тегістедің,

Жоқтай-ақ айтып жатсың кемістердің.

Жасырып кемшілікті қала алмайсың,

Келіп тұр кей сөзіңе келіспегім.
Ауылыңды бірнеше күн араладым,

Ісіңді жақсы-жаман бағаладым.

Шымкент – өндірісті үлкен қала,

Қыдырып көшелерін жағаладым.


Шаң-тозаң, түтін торлап көк аспанды,

Таза ауа қармансам да таба алмадым.

Облысың қанша жақсы болғанымен,

Қалаңның осы жерін қаламадым.


Сарыағаш қатар жатыр Келеспенен,

Келесте былтыр мақта тек өспеген.

Кезінде кемшілікті түзетпестен,

Жүріпсің құр айқайлап өңешпенен.

Биыл да мақтанасың мазасы жоқ,

Әр жерде жалғыз талы елестеген.

Қалайша ол жоспарын орындамақ,

Су жетпей өсімдіктің көгі өспеген.


«Күйікте» кемшілік көп орын алған,

Мәлімет – ақпарының көбі жалған.

Жинаған мал азығын өлшегенде,

Бір жүз алпыс тоннасы жетпей қалған.

Почтасын «Байжансайдың» есіңе алғын,

Мен бұған түсіне алмай аң-таң қалдым.

Сердюков, Нәлібаев деген қулар

Жеп қойған пенсиясын кемпір-шалдың.

Қалдыбек, сен қырағы ақын болсң,

Ертерек соны көрмей қайда қалдың?


Ауылының атап айтсам кемшілігін,

Жанашыр ол да менің кеңшілігім.

Әрине, бетке басып айтқан дұрыс,

Ұнамсыз кей жұмыстың ерсілігін.


Қалдыбек:

Мүтеке, айыбы жоқ сын айтқанның,

Әрине, жала жаппай шын айтқанның.

Әділ сынға жан пида, мойындаймыз,

Бәрі де рас осында сіз айтқанның.
Сыныңыздан қорытынды шығарамыз,

Қандай қамал болса да біз аламыз.

Келер жылы көріңіз нәтижесін,

Келсеңіз құшақ жайып құп аламыз.


Шабытпен шат өмірдің жырын айттым,

Арайлы Октябрьдің нұрын айттым.

Отан – ана, ел – халық, туған жердің

Жасырып, жайнап өскен түрін айттым.


Мүтеке, менің сырым сізге аян,

Алмаймын уақытыңызды етіп баян.

Көріскенше күн жақсы, міне, қолым,

Осымен өлеңіме нүкте қоям!

Мүтәліп:

Шымкенттің ақыны едің жолы болған,

Өлеңнің дариядай молы болған.

Ағаңмын жасым үлкен – жолым үлкен,

Үлкеннің айып емес қолын алған.

Мүтәліп Қыраубаевтың Төлебаев Сақтағанның хатына жазған термесі
Мен әкесіз өстім, аштық жылдары нағашымыз Төлебаев Сақтағанның үйіне келіп паналадық. Бір-екі жыл қолында тұрдық. Кең пейіл жақсы адам еді. Мен соғыстан оралсам ол кісі Армияға алынған екен. Бір күні маған арнап Сәкеңнің хаты келді. Ол хатта маған айтқан өтініші «Мүтәліп жасыңнан ақын едің, менің мына хатымды өлеңге айналдыр. Сол өлеңді анам мен жеңгеңе айтып бер, кейінгі ел есіне алып жүрсін. Саған тапсырма сол.» - депті. Әрине біреудің атынан өлең жазу оңай емес, кемшілігі дер бар шығар. Бір апта дегенде бітірдім де, барып айтып бердім. Ырзакүл жеңгеміз өмірінің соңғы кезеңіне дейін, жылда үйге келіп осы жырды арнайы тыңдап кететін.
Өткердім бұл жасымда талай бастан

Қиыншылық қырғынды араласқан

Қалдырмай соның бәрін айтар болсақ

Болар ед әр қайсысы бір-бір дастан.

Жылдары елдің бәрін аштық басқан

Көз жұмды қайран әкем қоштаспастан

Шешеммен қол ұстасып кете бардым

Жетімдік басқа түсті айрылмастан.

Қайықтай толқын атқан аспанына

Көндік біз бақыт безіп қашқанына,

Тырбандық, өмір үшін шырылдадық

Қарамай ажал аузын ашқанына.

Шешем де бір тұяқтан жалғыз қалған

Қалайша жалғыздықты бізге жазған

Байқасам әкем жалғыз, шешем жалғыз,

Мені де душар еттің өмір жалған.

Бұл тағдыр аралатты ағайынды,

Жетелеп, жетімдік пен жүрек талған.

Бір үзім нанды көрсек жалтақтаймыз

Шетінен бір үзіп жеу болып арман.

Осылай төркін жұртты сағаладық

Түссек те кейде көзге алаланып.

Сорғалап көзден жасым бетті жуды

Еске алсам соны қолға қалам алып.

Сақтаған нағашымның еді бірі

Ақ жарқын, кең пейілді еті тірі.

І Май колхозын басқаратын

Қасына қоңсы кірдік сол жылдары.

Шешем де мен де жүрдік еңбектеніп,

Қу тағдыр тұрғаннан соң өрмек керіп.

Тырбандық өмір үшін, тірлік үшін,

Балықтай тауға шығар өрлеп келіп.

Ілезде балалық кез жылжып жылдам.

Жігіттік жетіп келді аласұрған.

Өмірдің ең бір тәтті кезеңдері

Тоқтаусыз өтіп жатты көэ алдымнан.

Тойымсыз қызығы мол дүниенің

Ішінде жалғызбын деп күйіп едім.

Үстіме үй, екі қолыма жұмыс берген

Отандай қамқоршыма сүйенемін.

Сол кезде жұрт қатарлы алдым білім.

Тағдырдың серпігендей болдым жүгін.

Жан анам жұрттан төмен болмасын деп

Бейнеттен бел шешпеді алып тыным.

17-де үйрендім есепшілік

Болғанмен дәптер жыртық, қалам сынық.

Өмір – теңіз қалқыған сен бір қайық

Шалқимыз барымызда ойнап-күліп.

Қызығы таусылмайтын жастық шағым.

Кім білген болар-ау деп көрген сағым...

Кетер деп соғыс өрті шарпып жерді

Қайғы-мұң елдің бәрін басып жалын.

Ілезде ойын-сауық қалды ерден.

Лек-лек боп кетіп жатты ерлер елден.

Асығып тоған болып бөгемекке

Құтқарар қарсы аққан қалың селден.

Келген соң елімізге жаудан қысым

Жиып ап ер азамат қайрат күшін

Аттанып кек алмаққа дұшпанынан

Халқымның болашағы, бейбіті үшін.

Бірі боп нағашым да кетіп еді.

Жұбатқан, Тампыш қалды жетімегі.

Ырзакүл, қарт шешесі және қалды

Көр соқыр қайғы толған көкірегі

Үйінде азамат жоқ қайрат қылар.

Қарт ана мұны сезіп күнде жылар.

Шеріне әрбір жанның шек болмады,

Қалайша бұл қиындық естен шығар.

Бір күні алып келді майданнан хат,

Дереу ашып оқыдым таппай тағат.

Сақтаған маған арнап жазған екен

Жүрмін деп аман-есен, сау-саламат.

Сұрапты қарт анамды, жағдайымды,

Анасын, Ырзакүлдей жан-жарын да.

Оқығанда сағынышын балаларға

Кермек жас жуып кетті таңдайымды.

Жазыпты сағынышын елге деген

Ауылдың ақсақалы, ерге деген,

Және де тапсырыпты маған арнап

Осыны өлең ет деп термелеген.

Тыңдасын деп кейінгі жас біздің үнді

Өміріміз өткізген болып үлгі

Қайта алмай бір қабірде қалып қойсақ,

Көрсін деп өзіміздей осы жырды.

Дәптерім мыж-мыж болды қойнымдағы

Қарызы ауыр екен мойнымдағы

Бір апта жазып жүрдім оны ойлап

Ух, дедім бітіріп бір қойдым дағы.

Оралған ем, соғыс өртін бұрын татып

Жүретін салған жара жанға батып

Тағдырын талай жастың еске алдым

Жазғанда жүрегімнен жалын атып.

Болғанмен он бірімнен сөзге жетік

Тапсырма оңай емес тұр терлетіп

Хаттағы айтқандарын Сақтағанның

Былайша жазып едім өлең етіп.


Хат жаздым, сәлем беріп Қайрекеңе,

Біз жүрген Отан үшін жау бетінде

Қайреке ақ жүзіңді аңсаған соң

Сөз жаздым бес-алты ауыз құрметіңе.

Аман ба ауыл туысқан қандай халі

Дені сау олардың да жүр ме жаны

Дидарын сол елімнің бір көрсем деп

Бұл інің тілеп атқан зарланады

Кез болған пешенеге амал бар ма

Бекшеден шам-шырағың қабар бар ма

Ұлы той көппен көрген деген мақал

Көп қорқып, уайымдап әлсіз болма

Жақсылық қиын емес адамзаиқа

Жас өлім ажалынан сақтаса Алла

Жүріңдер кейінгінің келешегі,

Жастарды ауылдағы салып жолға,

Әшек пен Сейтжаппар, Аман бар ма

Соларды сағынамын алсаң ойға

Кісі еді ақылы бар ер көңілді

Сәлем айт аға болған Егеубайға

Егеубай біздің елдің ағасы едің

Басшысы сұлу шекпен жағасы едің.

Қайтуға аман есен тілектес бол

Аруақты ұлы атаның баласы едің

Сәлем де Әбіш пенен Бекпенбетке

Қадірлі Сәлке ақсақал тағы көпке

Қабыл ал сәлемімді ей ағалар

Інінің жазған хатын жүріп шетте.

Хатты оқып өздерің мен сөйлескендей

Болсын деп бір жәрдемі іште дертке

Сондықтан осылайша жазып тұрмын

Сөлекет сөздерімді айып етпе.

Туғандай бір анадан тату едік

Айырған Сіз бен бізді жанған өртте

Қайтадан келер ме екен, бұрынғы өмір

Тілейік бір талапта, бірдей ниетте

Біз едік ортаңызда көлектеген

Ағалар еш нәрсені елетпеген

Сайраңдап жүруші едік саяңызда

Ойда жоқ мұндай уақыт келет деген.

Айрылып атасынан, анасынан

Кім білген тайғақ жолды көрет деген.

Көп жалғыз, арысландай не азамат

Көре алмай, елін, жерін дедектеген

Қайғының қапалықпен тартқан зарын

Сағынып елін жұртын, балаларын.

Бой бермей жүрсем дағы, еркімді алды

Болғанмен сыртым-бүтін, ішім-жалын.

Көп ерлер: «О, дарих! деп көзін жұмды.

Ерлікпен, Отан үшін қиып жанын.

Кей біреу хатпен шерін тарқатып жүр.

Келтірсе хат жазуға шамаларын.

Соғысқа одан әрі аттануда

Бел байлап, «тәуекел» деп түйіп жанын.

Шыбындай қорғанасың жаның үшін

Азырақ болса мүмкін, жетсе күшің.

Көргенде жауған оқты, аққан қанды,

Жаныңа «зарланасың» келіп қысым.

Көзді ашып-жұмғаныңша жоқ болады.

Тап қазір қасыңдағы көрген кісің

Аспан, жер ойға келмес бір аламат

Болмайды деп айтуға, өңім-түсім.

Оқ тисе, жазым болып ажалға дөп

Қан ағып, жанды жерден, сұрланып бет

Мүсәпір болып сонда көп азамат,

Жатады «Қош аман бол, ел – ана» деп.

Әрине ажал шіркін қаратпайды

Қалғанды артыңдағы ойлауға көп,

Ілезде көшер дүние көшіп бастан

Артына бір қайрылып қарамастан.

Япырмай, сонда естен шығар ма екен,

Замандас, ойнаған жер бала жастан.

Кете алмай араздасып ата-анаға

Ғашық жар жолдасыңа құдай қосқан.

Әрине Алланың да ісі шығар

Талайдың мына соғыс қанын шашқан.

Көз салып ойлап тұрсам соның бәрін

Ылажсыз буын босап, кетеді әлім.

Талайды зарықтырып, тарықтырып,

Кетірді-ау мына соғыс елдің сәнін.

Тарықпай қайтсін ерлер, азаматтар,

Оңай ма көре көзге қию жанын.

Шығарып сол дертімді жазып тұрмын

Қатесін айып етпеңдер, ағаларым,

Жар болсын жаратушы бір құдайым,

Арылсын ел басынан қайғы-уайым.

Жанымдай жақсы көріп тәрбиелеп

Өсірген айтайыншы ана жайын.

Ардақты ауылдағы қадірлі анам

Күндіз-түн анамды ойлап болдым алаң.

Әскерге кетерімде әзер өлмей

Ғаріп ед зарлап-зарлап артта қалған

Басқаның, дені саудың күні өтер-ау

Мейірбан сол кісіге боды-ау жаман

Тапсырдым туған-туысқан ағайынға

Аруақ болсын сізге құдай панаң

Сорғалап көзден жасым, көңіл босайды

Жазуға осыларды алсам қалам.

Әкем де жастайымнан өліп еді,

Мен үшін шешем бейнет көріп еді,

Кісінің малын бағып, күлін алып,

Өсіріп тәрбиелеп келіп еді.

Япырмай, өзгерді ғой мынау жалған

Күн болса шыға тұғын қазған ордан

Анамның қарызынан құтыла алсам

Ішімде қалмас еді-ау басқа арман

Мұны ойлап сүйектерім отыр жасып

Барармын аман-есен болса нәсіп.

Арманым қалмас еді бұл жалғанда

Қолымнан көмсем, көзбен араздасып.

Дауысымды бір естісе «ана» деген

Кетер ед армансыз-ақ көңіл тасып.

Тұрыңыз біздің үйге барып-барып,

Кемпірдің амандасып қолын алып

Қайреке ақыл беріп жұбатыңыз

Отыр ғой болып, қапа, көңілі налып.

Әрине бір біз емес барлық елге

Бұл істі көп басына қойған салып

Қапада Ырзакүл де жүрген шығар

Сонадай екі көзін қойған алып.

Ақ Жұбат .Тампышжанның дені сау ма

Шапқылап ойнап жүр ме ұрып шарық

Оларға басшы болып басқарар ед

Арттағы аман болса ел мен халық

Уайымдап еш нәрсені ойламас ем

Тампышым оң мен солын қалса танып

Қиындық басқа түсіп шырылдатып

Жүре ме аяғынан тұрмыс шалып

Жұбатқан әлі жас қой аға-аға деп

Жүр ме екен еш нәрсеге қоймай парық

Сау барып бастан сипап беттен сүйсем

Сусыным қалар еді-ау сонда қанып

Сәлем де Ырзакүлге біз тараптан

Бетіне ақ қағаздың жазған хаттан

Егер де риза болсын десе мені

Сәлемді орындасын айтып жатқан.

Ырзакүл мені ойласаң анамды бақ

Көңілін кірбің етпей, көрсетпей дақ

Ол риза болса егер мен де риза

Қасыңда тегін жатқан тірі аруақ

Көп сөйлеп көр жерді айтып азар берме

Қосылар азар берсең шері-шерге

Ұрысып енесімен жатыр деген

Жүрмеңдер күлкі болып тамам елге

Ашумен анам ұрса кешіріп-ақ

Жүргейсің көп қатесі болса сенде

Ойласып қандай жұмыс болса дағы

Жүріңдер ақылдасып артық-кемге

«Берік бол болаттан да», - деген мақал

Қиын іс ел басына келген селге

Қош боп тұр шалқып жатқан далаларым

Онда өскен іні менен ағаларым

Зар болдым бір көруге сіздерді мен.

Хат күтіп қайта-қайта қарағаным

Саламат саусыздар ма аман-есен

Сіздерден неғып хабар ала алмадым

Тампышжан арманым сол бұл жалғанда

Хат алып хабарыңа қана алмадым

Білмеймін, қорқып жүрмін көңлім нәзік

Отырмын қапалықпен хатты жазып

Қайғының түбі терең байқауымша

Тәуекел ел басына болған азық

Жан шықпас ажал келмей деген мақал

Қайтейік өлімді ойлап бекер қажып

Әркімнің ылайығы баста болған

Пәндесі өзгерте алмас жасап қолдан.

«Жан шықпас ажал жетпей» деген мақал

Тәуекел ел басына болған қорған

Қарт анам сізді ойласам шаршап жүрмін

Сіз үшін жүрегімді жараладым

Соғысқа қазір міне аттанамын

Айтармын аман болсам хат хабарын

Отан үшін жазым болсам, жаным пида

Жазушы Төлебаев Сақтағаның.

Бұл хатты өлең сөзге айналдырып

Өлең сөз отырар деп ой қалдырып

Тапсырдым қайта жаз деп Мүтәліпке

Хат сөзін қайтадан бір толғандырып

Тыңдасын кейінгі жас біздің үнді

Өміріміз өткізген болып үлгі

Қайта алмай бір қабірде қалып қойған

Көрсін деп өзіміздей осы жырды.


«Асылбек, Жақыпбек - екі бала!» термесі


Асылбек, Жақыпбекпен екі бала

Азырақ құлақ салып маған қара

Халық сені құрмет тұтып қадірлейді

Қатардан ойлы жігіт болсаң дана

Бұрынғы үлкендерден қалған нақыл

Жүк жеңіл көтергенде екеу ара

Болғанда бірің қанат, бірің құйрық

Деп жүрсең: кішіні іні, үлкенді аға

Болсаңдар кешірімді жақсы адамсың

Ойланбай сәл нәрсеге өкпе пана

Басыңның қамын ойлап еш уақытта

Бөлінбе көпшіліктен жеке дара

Шаһарсын ұсынса қол жетпейтұғын

Нышаны татулықтың үлкен қала

Еш уақытта бұзылмаса ұяларың

Аларсың қол жетпейтін қиядағын

Көргенде сыйласпайтын кей кісіні

Қысылып басты шайқап ұяламын

Болыңдар үлгі аларлық басқа кісі

Дос сүйініп дұшпанның күйсін іші

Татулық ойлағанға берік қамал

Бұзуға еш адамның жетпес күші

Әперер адал еңбек абыройды

Жалқаудың жатуменен құрыр мысы

Осыны ойларыңнан шығармаңдар

Жақсының көпке жағар еткен ісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет