Біртуар нар тұлғасы қазақтың – Мұхтар Омарханұлы Әуезов Мазмұны


Мұхтар Әуезовке арналған өлеңдер



бет2/8
Дата08.09.2022
өлшемі121 Kb.
#460451
1   2   3   4   5   6   7   8
Біртуар нар т л асы аза ты – М хтар Омархан лы уезов Мазм ны

Мұхтар Әуезовке арналған өлеңдер

Мұхтар Әуезовты қазақ халқының алып тұлғасы ретінде сипаттап, өлең жолдарымен өрнек өрген Қадыр Мырза Әли ағамыз Мұхтар ағамыз жайында былай деп жырлайды


Даласындай дархан халық, батыр ел,
Білгің келсе , бізді, досым жақын кел.
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы,
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.

Кім еліне Мұқаңша сыр ағытты,


Кім Мұқаңша бағындырды уақытты.
Қазақ халқы Мұхтарымен Алатау,
Қазақ халқы Мұхтарымен ба
Мұхтарға арнау
Тұлғасынан шұғыла құт дарыған,
Асқар таудай алыбым- Мұхтар ағам.
Абай жанын түсінген- Абай ғана,
Сонан соң сіз шығарсыз ұққан адам.

Мол қазына еңбегің , алтын -басың,


Бас иіп құрметтейді халқың да шын.
Әлемге шеберлікпен сомдап бердің,
Абайдың баға жетпес нар тұлғасын.

Бұл күндері қалыпсыз жүзден асып,


Буын қатып келеміз, біз де бекіп.
Талай қыспақ көрдіңіз, Абай жүрген,
Соқтықпалы , соқпақпыз ізбен өтіп.

Даңқыңыз таудан асып, өтсе көкке,


Халқыңызды сүйдіңіз өкпелетпей.
Партиядан «Қорғансыз күнін» көріп,
Таланып та қалдыңыз «Көксерекке»

Есіміңіз асқармен таласады,


Қатар айтсақ Абаймен жарасады.
Сонау қилы заманнан алып шыққан,
Парасатың жер қылды аласаны.
Кім ұстап құшақтапты арман-бақты,
Соңыңыздан мөлдіреп бұлақ ақты.
Халқыңыздай биіксіз пір тұтатын,
Ұлтыңыздай ұстазсыз ұлағатты.


    1. Өмірдерек

Тылсымы мол табиғаттың бұл дүниеге некенсаяқ сыйлығының бірі дарынды, біртуар нар тұлғасы – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол ұлы жазушы, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының филология ғылымының профессоры, қазақ халқының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
1997 жылы Шығыс Қазақстан облысында, орта шаруалы отбасында дүниеге келеді.Атасы Әуез бен әкесі Омархан қара таныған, сауатты адамдар болған. Атасы Әуез бала Мұхтарды Абайдың шығармаларын оқыта отырып , тәрбиелейді. Жеті- тоғыз жасында ауылда сауат ашып, 1908 жылы Семей медресесінде оқиды.
Мұхтар жайында Гүлнар Разаққызы Омарханова былай деп сыр шертеді: Мен 1935 жылдың қиын қыстау кезінен бастап, 1952 жылдың көктеміне дейін ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың тікелей отбасында тәрбиелендім. Тұрмысқа да осы үйден ұзатылдым. Бұл күнде Мұхаңның сүйікті қызы Лейля мен ер баласы , белгілі табиғат зерттеушісі Ернар арамызда жоқ- дейді. Ол кісі шежіре бойынша біздің атамыз Бақшайыш қожа екен. Оның әулеттерінің бірі –Саяқып қожа. Одан үш ұл тараған: Берді, Төлеген, Қылыш. Бердіден –Әуез туыпты.
Ұлы Абайдың жәрдемімен , осы ғасырдың басында Бөрлі деген жерде қыстау салған Әуез үлкен дәулетті адам болып саналыпты. Оның екі әйелі болыпты . Бәйбішесі Дінәсілден Самархан мен Омархан туады. Самарханның кіндігінен Гүлнардың әкесі Разақ, ал Омарханнан Мұхтар дүниеге келіпті. Самархан ерте қайтыс болып Разақ төрт жасында ерте қалады. Шешесі Мәдина мөлдіреген жас болыпты. Разақтан кейін туған Зуре дейтін қызы емшектен шыға қоймаған. Ол кезде бала болсын, болмасын жесір қалған әйел жатқа жіберілмейтін әдет. Сөйтіп Самарханның келіншегі екі баласымен Омарханға тұрмысқа шығады. Разақ Мұхтардың ағасы 1885 жылы туған, ол кісі Мұхтардан он екі жас үлкен. Мұхтар-Нұржамалдан туса, Мәдинадан -Біләл туады.Екі бала еркелеу болып өседі. Себебі бауырға салған немерелеріне Әуездің аталық, ыстық ықыласы айрықша сезіліпті. 1909 жылы әкесі Омархан қайтыс болып, бар дүние мүлік Разақтың қарауына беріледі. 1912 жылы Мұхтардың анасы Нұржамал қайтыс болғанда Семейде оқып жүрген талапты інісіне Разақ ерекше қамқор болады. Сонымен қатар жас Мұхтарға Семей семинариясының түлегі, оқыған Қасымбек атты немере ағасының қолында тәрбиеленіп, дайындалады. Мұғалімдер семинариясын бітірген Әбіш Хасеновтан дәріс алады. Болашағына даңғыл жол ашылған соң Мұхтар 1910 жылы Семей қаласындағы орыс – қазақ бес кластық училищесіне орналасады. Сол кезде ескіліктің көзінде қалған ауыл адамдарының сөзінің сиқы мынандай еді: «Орыс оқуын оқып, шоқынуға дайындалып жүр». Мұндай алып қашпа сөздерді атасы Әуез жүре тыңдайды. Өйткені, Әбіш, Мағауия, Абай секілді халық даналарына қарап көңілі көншігендей еді. Оқуын оқи жүріп шығармашылық жұмыспен айналысады. «Дауыл» атты алғашқы шығармасы училищенің соңғы сыныбында оқып жүргенде туындайды. Абайды жанына жақын тартып, қаламынан бал тамызған жазушы жан –жақты тұлға.
1914 жылы Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған әдеби кешке ат салысады. Спортқа да белсене қатысқан.
1915 жылы училищені аяқтап, мұғалімдер даярлайтын семинарияға оқуға түседі. Түрлі қоғамдық жұмыстарға қатыса отырып, белсенділік танытқан ұлы жазушы танымал ,беделді болып 1919 жылы семинарияны тамамдайды.
1919 жылы большевиктер билігі орнап, қазақ халқына автономия берілуіне тікелей ат салысады. 1920 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға құлшыныспен араласып, Семей губревкомының қазақ бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.
Сонымен қатар «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болды. Семей қаласында қысқа мерзімді оқу курстарын ашты.
1920-1921 жылдар аралығында облыстық атқару комитеті, облыстық соттың меңгерушісі болды.
1921-1922 жылдары ашаршылықты, қазақ зиялыларын жазалау саясатын сынға алып, пікірлес жақын досы Смағұл Садуақасовпен бірге сегіз түрлі мәселе қойып жоғары жаққа хат жазады. Хатқа қарсы шығушылар ресми шешім қабылдауға итермелейді. «Ұлтшыл» деген ат қойып, партия қатарынан шығарып тастайды.
1930 жылы бес түрлі а йып қойылып, 16 қыркүйекте тұтқындалады. Тергеу екі жылға созылып, 1932 жылы сәуір айында 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
1945 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.
1946 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының мүшесі, академик атағына ие болады.
1951 жылы Құрмет белгісі орденімен марапатталады.
1951-1953 жылдар аралығында саяси тұрғыдан «Халық жауы» деген сындар айтылады.
1954 жылы тұтқындалмақ қаупі төнген жағдайда Мәскеудегі орыс жазушы жолдастары Фадеев, Симонов, Тихоновтар араға түсіп, жала болып жабысқан қара күйеден аман алып қалады.
1957 жылы Ленин орденімен марапатталады.
1961 жылы Мәскеуде 27 маусым күні еңселі елдің маңдайына жарық жұлдыз болып туған есіл ер , ғалым, дарынды тұлға Мұхтар Омарханұлы Әуезов операция столында көз жұмады. Бұл туралы партизан министрі, жазушы, ғалым Әди Шәріпов былай дейді: «1961 жылы мен ауруханада жатқанда Мұхтар Әуезов есікті ашып, кіріп келе жатқанда таң қалдым. Ол кісі менің жаныма келіп ,жайғасты да мен әрі ойланып, сені лайықты деп таптым. Мен «Қилы заман» кітабымды қайта қарап шығуға үлгіре алмай бара жатырмын. Сен қайта қарап шық. Мен екі күннен кейін Мәскеуге операцияға жол жүремін. Екінші аманатым ұлым Мұраттың МГУ-ға оқуға түсуіне көмектес».- дейді. Сонда ол кісі өзінің енді қайтып бұл өмірді көрмейтінін сезгендей Әдиге аманатын тапсырып кеткен екен. 1 шілдеде Алматы қаласына жерленеді.
Шығармашылық жолдарындағы көптеген жетістіктері жетіп артылады. Отбасылық жағдайында ол кісінің алғашқы зайыбы Райхан Кәкенқызына 1917 жылы үйленеді. 1920 жылы ажырасып, Абайдың немере қарындасы – Кәмила Мағауияқызына үйленіп, отбасын құрады. 1925-1926 жылдары Валинтина Кузьминамен тұрмыс құрады. Соңғы Ернар мен қызы Ләйла туралы мәліметтер бар.
Тарихтың жүрген ізінен бәрі де хабардар бола бермейді. Мұхтар Әуезовтың отбасында тәрбиленген Гүлнардың шешесінің айтуы бойынша кәмпеске лаңы басталардың алдында екі жыл бұрын ,1926 жылы жазда жайлауда отырған, сыңсыған елдің ішіне лақап тарайды. Алыста , Ленинград университетін Филология факултетін оқып жүрген Мұхтар Валентина деген орыс қызына ұлықсатсыз үйленіпті дейді. Бұл жайсыз хабар ағайын арасында реніш тудырады. Бұл кісінің Валентинадан бұрын екі әйел алғаны шындық. Әуелі 1917 жылы Тобықты ішіндегі Кәкен деген білікті кісінің Райхан есімді қызына үйленеді. Онымен үш жылдай отасады. Одан Мұғалима және Шоқан деген екі баласы дүниеге келеді. Мұғалима апа сексенннің үстінде екен. Ал ұл бала Шоқан бір жарым жылдан соң ауырып қайтыс болады. Мұхтардың екінші әйелі - Абай атаның Мағауиясының қызы Кәмила .Ол сұңғақ бойлы, бота көзді әдемі болыпты. Арқасына төгілген қолаң шашын Мұхтар аға кейде өзі өріп отырады екен. Бірақ амал нешік екі жастың тәңірі солай шығар, олар ұзақ тұра алмайды.
Мұхтар аға алыста оқып жүріп Валентинамен бас қосады. 1927 жылы орыс жеңгеміз ұл тауып, нәрестенің есімін Әлкей Марғұлан Елдос қойыпты. Бірақ ұлдары көз жұмады. Сөйтіп ерлі-зайыптылар қызмет бабымен Өзбекстанға қоныс аударады. Сол жылы Мұхтардың қызы Лейля туады. Шамалы уақытқа созылған тыныш өмір ұзаққа бармай , келесі 1930 жылы есіл ағамызды түрмеге жабады. Таққан кінәлары: ұлтшылсың, алашордашылсың, қожаның тұқымысың, бай баласысың деген айыптар.
Әр елдің , халықтың болмасын рухани – әлеуметтік болмысының қалыптасып, дамуына ерекше ықпал еткен ұлы тұлғалар өмір заңын бейнелейді. Олардан қалған асыл рухани қазына сол халықты әлемге танытып, өркениетті елдердің қатарына қосылуына бірден-бір себепкер болды. Қазақ халқының ой-өрісі мен биігін көрсететін Абайдан кейінгі үлкен тұлға Мұхтар Омарханұлы Әуезов.Ол өзінің қайталанбас шығармашылық қызметімен қазақ ұлтының мәдени, рухани шырқау биігіне, рухани түлеуіне мол үлес қосқан асыл жан. Ұлы дананың әдебиет саласын дамытуда қосқан зор үлесін сөз етер болсақ тылсым дүние секілді. Ұлттық өнердің дамуына жан-жақты үлес қосқан Мұхтар Әуезовтың ұрпаққа барар жолды меңзеп салған жолы сайрап жатыр. Жазушы Тахауи Ахтановтың сөзімен айтар болсақ: «Әуезов ұлтының рухани қайта өрлеуінде туып, өз ұлтының рухани құдіретінің нұр- шұғыласына күллі әлемге алапат алаудай болды». Бұл сөздердің астарында қаншалықты мән жатқанын қайта рухани өрлеуге қосқан үлесін анық айтуға болар еді.
Қазақ халқына, болашақ ұрпағына өз ауыз әдебиетіндегі «Еңлік -Кебекті» қысқартып, түйінін жасап, негізгі идеясы мен мазмұнын , сынын сақтай отырып, халық арасынан «актерлерді» шығарып, дайындап, ымдап сөйлей отырып, режисерлікті атқарып, халықты «ой, пәлі-ай»- дегізген де ,1926 жылы тұңғыш қазақ театрының кемелденген беташары да бола білген суреткерлік шебер күштің иесі- Мұхтар Әуезовтың басқа да драмматургиялық шығармалары мол.
«Түнгі сарын»- 1961 жылға Ұлт-азаттық қозғалысқа деген көзқарас, жүрек түгін шымырлатқан басты тақырып. Топтық күресті суреттейтін «Тартыс» жаңа моральға лайық мінез –құлық тақырыбындағы «Алма бағы», психологиялық өзгерістердегі жастар өмірінен дерек бере «Жас түлек», «Қарагөз» трагедиясы, «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман-Шолпан»- бұлардың бәрінен жан-жақты тақырыптағы өмір ағымын халық сахна төрінен көріп, өзін және басқаларды тәрбиелеуге таптырмас бағыт-бағдар шамы. Тәрбиенің қайнар көзі болып табылатын ірі туындылар.
Тәрбиелеу деп айтуымыздың басты себебі мынада ..театр- әдебиеттің , таланттың, мінездің, ар-ожданның, адам рухының рухани тәрбиеленіп, шыңдалып, гүлденуі, жеміс беруі деген Мұхтар Әуезов сөздеріне негізделген.
Осы жанрда драма, комедия, трагедия, опера либретталары отыз екі шығарма. Ұлы суреткер шығармаларының қуатты, арналы,сүбіле мол саласы- оның прозалық туындылары жаңа парақтан басталады7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет