Бисембаев к. Ж., Нагорная л. П., Панихин а. Л., Аяпбергенова р. Ш


Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет34/91
Дата28.03.2023
өлшемі2.86 Mb.
#471277
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91
мәдени-демалыс іс-шара

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Орта жастағы адамдар үшін қандай іс-шаралар ұйымдастыруға 
болады?


45
2. «Speed-dating» терминін түсіндіру және оны сипаттау.
3. Егде адамдардың негізгі қажеттіліктері қандай және олар демалыс
саласында қалай іске асырылуда?
4. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың демалысы саласында терапияның 
қандай түрлері іске асырылуда?
5. Арт-терапияның заманауи түрлерін атап көрсету және талдау?
№ 6 шығармашылық тапсырма.
Тапсырманың мақсаты: орта және егде жастағы 
адамдардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік-
мәдени қызметін іске асыру үшін бағдарламалар жасау 
дағдыларына үйрету.
Тапсырма барысы:
1.Орта жастағы адамдар үшін танысу кештерінің жоспарын жазу және 
оған жарқын атау беру.
2. «Өнер» бағдарламасы шеңберінде егде жастағы адамдар үшін іс-
шаралар жоспарын жазу.
3. Ойын терапиясы әдісін пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі 
адамдар үшін кешенді тренинг құру.
2.3. Отбасының, еңбек ұжымының және этномәдени бірлестіктің бос 
уақытын ұйымдастырудағы шығармашылық жобалардың 
заманауи нысандары
Әлеуметтік-мәдени қызметтің негізгі объектісі отбасы болып 
табылады. Шығармашылық қызметті отбасылық қатынастар саласындағы
мүмкін болатын тәсілдерге құру қажет, өйткені отбасы арқылы ұлттың 
рухани жаңғыруына қол жеткізуге, ұрпақтардың шынайы мәдени 
сабақтастығын қамтамасыз етуге болады. Отбасы демалысының мазмұны
отбасының әрбір мүшесінің қызығушылығымен айқындалады. Отбасылық 
демалыс балалар мен ересектерге олардың мәдени деңгейін арттыра отырып, 
жағымды әсер еткенде ғана әрқайсысына рахат сезім береді,.
Қазақстандықтар үшін отбасы ерекше маңызға ие. Бұл тірек пен көңіл-
күй, қуаныш пен өзара көмек. Қыркүйекте Қазақстанда Отбасы күнін атап 
өтеді. Бұл күні:
– әртүрлі ағартушылық, көпшілік және мерекелік іс-шаралар-
концерттер;
- ерлі-зайыптылардың кездесуі;
- қамқоршы отбасылар үшін және көп балалы және аз қамтылған 
отбасылардың балалары үшін қайырымдылық акциялары;
- жас жұбайларға арналған тренингтер;
- тақырыптық практикумдар;
- спорттық іс-шаралар;
- көрмелер мен фотокөрмелер өткізіледі;
Отбасылық конкурстардың танымалдығы артып, жыл сайын 
өткізілуде.


46
«Mammamia», «Әке көрген оқ жонар»
отбасылық конкурстары,
сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды дамыту мен сақтауға арналған басқа
да іс-шаралар жақсы дәстүрге айналып, еңбек пен жаңа білімге 
ынталандырады. Отбасы – қоғамның лайықты азаматтарын, туған жердің 
патриоттарын тәрбиелейтін шағын мемлекет.
Отбасылық конкурстардың әлеуметтік маңыздылығы 
азаматтарда жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін 
қалыптастыру қажеттілігімен шарттасады. Бұл жоба 
отбасын 
дамыту 
мен 
нығайтуға, 
отбасылық 
қолайсыздықтың алдын алуға, халық арасында отбасылық 
қарым-қатынастар мен дәстүрлерді сақтау және көпшілікке 
тарату бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыстарға 
бағытталған.
Маңызды оқиғалар мен күндерге орайластырылған, әкелердің,
аналардың және олардың балаларының қатысуымен өтетін отбасылық 
конкурстарды қарастыру ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет