Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!


Тип және типтердіру, тип және прототип арақатынасы, типтік бейне ерекшелігі



бет18/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

22.Тип және типтердіру, тип және прототип арақатынасы, типтік бейне ерекшелігі
ТИПТЕНДІРУ
Суреткердің өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тану, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы типтендіру болып табылады.
Демек, типтендіру-мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формулаға» көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін оның өмірдегі жанды дерегіне қарап белгілейді. Жазушының тип жасау үстіндегі көңіл аударатыны-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. Суреткер бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды.

Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбірәдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, тек оның өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп түсіну керек.

Мінез-адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.

…Нағыз суреткердің қолынан шыққан әрбір әдеби тип әрі әбден жинақталған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр.

«талантты жазушының әр образы-тип» дейді Белинксий.

Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Мысал, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына жинақтап, тұтастыра танытқан десек, осындай С.Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті, Ғ.Мұстафиннің мейрамы-адамдардың елімізді индустрияландыру кезіндегі елеулі ерекшеліктерін тұтастырылған тұлға болса, Ғ.Мүсіреповтің Қайрошы-адам рухының соғыс жылдарындағы лап еткен айрықша бір көрінісі секілді.

Бұлардың әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, өзгеге ұқсамайтын тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Десек те осыларда рухани ұқсастық, парасат тұтастығы бар.Бұл-адамдық рух тұтастығы, қоғамдық, даму толассыздығы.

Көркем әдиеттегі жинақтау типке әкелсе, даралау-мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Демек, мінез—адамның ішкі бітімі болса, тип-сом тұлғасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет