Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!


Әдеби шығармадағы танымдық ерекшеліктер



бет19/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

23.Әдеби шығармадағы танымдық ерекшеліктер
Әдеби шығармаларды меңгерудегі саналылық оқушының дүниетанымдық көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасуында маңызды орын алады. Табиғат құбылыстарының, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің мәнін, заңдылықтарын терең түсінудегі өздігінен өзінің білім дағдылары мен іскерлігін жетілдірудегі оқушының әрбір қадамы оның дүниетанымые кеңейте түседі.Сондықтан өтілгелі отырған тақырыппен сабақтаскелетін қызықты оқиғалар, ақын-жазушылар өмірінен қосымша мәліметтер, естеліктер,тарихи-деректі әңгімелерді қызықты етіп әңгімелеу немесе оқушылардың өздерінің олармен танысуына кеңес беріп отыру үнемі қажет. Мұндай жұмыс олардың пәнге деген қызығуын арттырады, әдеби шығармаларды оқу, өмірбаянждары туралы естеліктерді іздене жүріп оқу баланың өмір талабына айналады, сөйтіп оның азаматтық қалыптасуына әсер етеді. Әдеби шығармаларды өту барысында оқушыны творчестволық іскерлікке баулу, әртүрлі құбылыстарды, оқиғаларды, адамдардың пиғыл-әрекеттеріндегі ерекшеліктерді байқай білуге және олар жөнінде қорытынды жасай білуге үйрету танымдық тәрбиенің басты құралы деуге болады. Жоғары сыныптарда оқушылардың көркем туындыны қабылдаулары да жас ерекшелігіне байланысты болады.Бұл жастағылар өздерін еркін сезінеді.Әр баланың өзінің сүйетін жанры, тақырыбы айқындалады. Оқығандарына сынмен қарайды, оны өмірді түсінудің бір құралы деп қарайды, сондықтан одан өз сауалына жауап іздейді., кейде тауып та жатады.
Мысалы, 9-сыныптың әдебиеті-тұнып тұрған қазақтың өмірін, салт-дәстүрін, адамгершілік, елжандылық, эстетикалық қадір-қасиеттерді танымдық тұрғысынан тәрбиелеуге арналған тұнық бастау. Бір жыл бойына ауыз әдебиетінің небір шұрайлы түрлерімен сусындаған оқушы «Айтыс» бөліміне келгенде, өзі де ақынжанды адамға қалай айналғанын сезбей қалады. «Біржан мен Сара» айтысын өткен кезде дебат сабақтардың ерекшелігі немесе оқушылар ізденісіндегі «Жанбота» әнінің, «Ұрланған шідер» , «Ләйлім шырақ» әндерінің шығу тарихын зерттеулері де сабақтың тағлымдық мәнін аша түседі.
10-сыныптағы тақырыптардың да танымдық тағлымдары өте мол. Шоқанның хаттарыныан оның еліне сүйіспеншілігін, жанашырлығын көріп , балалар соған ұқсағысы келсе, жолсапарлық әңгімелерінің дүниетанымдық әсерлеріне сүйсініп, Шоқан туралы жазылған әдеби шығармаларды тауып алып, шығармалар жинағын құмарта оқиды.

Абайдың әр өлеңі, поэмалары, қара сөздері дүниеге ашылған есікпен тең. Абайдың өлеңдерін тақырыптары бойынша өздері топтау барысында Венн схемасын ұтымдылықпен қолданып, модельдеу арқылы өздері кейде өзі үшін «жаңалық» та ашып жатады., аудармаларын салыстыра талдау барысында көркем аударманың өзі әртүрлі болатынын, түпнұсқаға жақын немесе еркін аударма болатынын өте жақсы айырып жатады, поэтикалық талдаудан соң оқушылардың өздері де бір саты жоғарылап қалғандай боп қалады.Кейбір оқушылар шығарманы ғана түйіндеп қоймай, соған ұқсас басқа бір оқығанын да қоса әңгімелеп, таным көкжиегін кеңейте түседі.

11-сынып оқушылары үшін танымдық тәрбие негізі дәстүрден тыс сабақтармен байланыста жүргізіледі.Семинар, баспасөз-конференция сабақтары, кейде оқушылардың сабақты өздері жүргізулері оларға қосымша мәліметтер берумен бірге, өмірге басқаша көзқараспен қарауды үйретеді. Сонымен қатар қазақ тілі сабақтарындағы 9-10-сыныптағы ресми құжаттарды жасауға үйренулері де танымдық тәрбие береді деп ойлаймын., себебі әр құжат реквизитінің өз орнында болуын, әр интервалдың дұрыс сақталуын білу елбасының жастар туралы айтқанына сай, ертеңгі ел қамын ойлайтын әр азаматтың ресми құжатты еркін меңгеруіне жағдай жасайды.
Қазақ тілі сабақтарында сөз бен сөйлемді, тұрақты тіркес пен мәтінді меңгерту үшін оқушыға ой салу, ойланту, өз пайымын тіл арқылы дәл, нақты,шешен жеткізе білуге жетелеу ұстаз тарапынан көп ізденісті қажет етеді. Осы тұрғыдан келгенде Қанипа Бітібаеваның «Ой салу-ұстаз тарапынан, ойлану-шәкірт тарапынан, ойланту-ұстаз тарапынан, шешімге келу-оқушы тарапынан болу керек» деген пікірінің психологиялық жағынан дұрыс тұжырым екендігін атай кеткен жөн.Өйткені таным үдерісі ұстаз бен оқушының бірлескен іс-әректі арқылы жүзеге асады.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметін белсендіу-білім мазмұнын тереңдетеді, қоғамдық әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп шәкірттің дүниетанымын кеңейтеді., өзінше ой-пікір түйіндеуге үйретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет