Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!



бет25/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

Баллада (итальянша ballare – билеу) – орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан лириканың ерекше түрі, лиро-эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең. Балладада ақын өзінің көңіл-күйін, толғанысын жырлап қана тыңбайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет болып келеді.
Идиллия (грекше eidyllion – суреттеу, сурет) – лириканың антик әдебиетінде көп тараған түрлерінің бірі, әлдебір парықсыздау салтанат, қаракетсіз қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр.
Ода (грекше ode – ән) – есімі елге тараған жеке адамдарды не батырларды мадақтаған, ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса көтеріңкі, көңілді жыр. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқта бар.
Сонет «итальянша sonetto, sonare – сылдырлау, сыңғырлау) арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең. ХІІІ ғ. Сицилияда туған. Данте, Петрарка көп жазған. Кейін Батыс Еуропаның басқа елдеріне кең тараған. Классикалық үлгілерін Шекспир жасаған. Сонеттің арнаулы өлшемі болады: көлемі – он төрт жол, алғашқы сегізжолы – бірінші бөлім (катрен), соңғы алты жолы – екінші бөлім (терцет). Мазмұн жағынан бұл екі бөлімнің ара жігін ажырату қиын. Қазақ лирикасында сонет Е. Әукебаев, Қ. Аманжолов, Х. Ерғалиев шығармашылығынан орын алған.
Драма (грекше drama – қимыл, әрекет) – әдебиеттің үшінші тегі,шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін күрделі жанр. Драматургияда шарттылық көп:
- Біріншіден, драматургиялық шығармаға көлем жағынан шек қойылады (70-80 беттен аспауы шарт). Драматург барлық шындық пен образды белгіленген мөлшерге қалай да сыйғызуға тиіс.
- Екіншіден, драматургиялық шығарма тек қана қатысушылардың сөздерінен құралады. Шындық пен образ тек қана диалог пен монологқа негізделген. Сахнада сөйлейтін тек персонаж ғана; автор сахна сыртында, залда қалады.
- Үшіншіден, қимыл, әрекет жоқ жерде драматургиялық шығарма да жоқ. Көрерменнің сана-сезімін бірнеше сағат баурап, көзін сахнаға қадалтар қаракет табу табу, оның жан дүниесін тебіреніске түсірер қақтығыс табу – қиынның қиыны. А. Чехов: «Алғашқы актіде мылтық ілулі тұрса, ақырғы актіде міндетті түрде атылуға тиіс».
- Төртіншіден, драмадағы шындық көркемдік шешімін тек сахнада табады, драмадағы образ тек сахнада жасалады. Н. Гоголь: «Драма сахнада ғана тіршілік етеді, сахнасыз драма – денесіз дем».
Драманың да бірнеше жанрлық түрі бар.
Трагедия (грекше tragoidia – текенің әні) – құдіретті күш иесі, ер тұлғалардың жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асыңқы, асқақ кедергілермен кескілесіне, оның жан дүниесіндегі тереңтебіреністерге, өзімен-өзінің іштей арпалыстарына құрылған күрделі сахналық шығарма. Трагедиядағы оқиғалар әдетте қатерлі, қайғылы халден туындап тұтасады да, бас қаһарманның қазасымен – мұңмен, зармен бітіп отырады.
Комедия (грекше komadia – күлкілі қызық ән) – өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі мінді сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күлдіргі пъеса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет