Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!



бет28/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

Әңгіме жанрын оқыту.М.Әуезовтің 8-сыныпта берілген «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаясын оқыту алдында оқушылардың қызығуы, ынтасы, таным белсенділігін арттыру мақсатында, әңгімедегі оқиғалар өмір шындығынан алынғанын, Бақтығұл - өмірдегі Рысқүлдың прототипі екенін (әрине, прототипке түсінік беру қажет) косымша материалдарды пайдалана отырып, әңгімелеу қажет. Яғни Тұрар Рысқұлов жайында деректер, қуғын-сүргінге ұшырауы, т.б. туралы. Жалпы шығарманың көтерген проблемасы феодалдық замандағы қорғансыздар, кедейлер тағдыры, әділетсіздік, жауыздық, ел ішіндегі барымта, ұрлық, күндестік сияқты сахара өмірінің небір шындық картинасын көрсету, әділдік іздеу, шындық іздеу, сол жолдағы адасу, кек қайтару сияқты бас қаһарманның жанталасқан іс-әрекеті, психологиялық күй-жағдайлары повестің негізгі өзегі, қазығы. Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл керкемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбек те ең негізгі мәселелер. Әдеби-теориялық ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлердің психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Повесті талдау ең алдымен мазмұнын меңгеруден басталмақ. «Қараш-Қараш оқиғасы» көлемі жағынан, көтерген проблемасы жағынан салмақты болғандықтан, бағдарламада берілген санаулы сағаттардың ішінде оны талдау да күрделі мәселе. Сондықтан мұғалім ең тиімді деген әдіс-тәсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды көрсетіп, төмендегі үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.

Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі:
Әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драмалық шығармаларды окытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты. «Пьеса-драма, комедия — әдебиеттің ең қиын формасы», — дейді М.Горький. Себебі, әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады. Орыс жазушысы Гоголь: «Пьеса тек сахнада ғана емір сүреді» деуі осыған дөлел. Авторлық ой, максат, көзқарас бүл шығармаларда көмескі. Ол әр кейіпкер сөзі, іс-әрекетінде өмір сүреді де, оқырман, көрерменнен ерекше ықылас қойып, мүқият тыңдауды, көруді, ойлауды талап етеді. Драмалық шығармаларда оқиғалар окырман көз алдында жаңа өтіп жаткандай әсер калдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, шиеленісті тартыс,Гбмірдегі қарама-карсылықтар — ‘драманың езегі, негізгі арнасы. Әсіресе, драмалық кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігі бүл жанрдың өзіндік табиғатын дәл даралап береді. Орыс сыншысы Белинский драма кейіпкерін: «Өзіне ғана тән ерекшелік сипаты бар жеке адам>> десе, үлы Дидроның: «Драмада адам өмірін-дегі ең маңызды, өнегелі дейтін, жүртқа қызықты жағдай ғана бейнеленуі керек», — деуі осыдан туса керек.
Драмада каһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші зорайып, іс-әрекет қимыл арқылы көрінеді. Драмадағы тағы бір ерекшелік, қаһармандар іс-әрекеті әр жакка шашырамай, бөрі бір жүйе, бір желі, бір арнада өрбіп, дамиды.
Драмалық шығармаларды оқытудың басты мақсатының бірі, жоғарыда айтып кеттік, оның табиғатын, әдебиеттің басқа жанрларынан өзіндік ерекшелігін таныту. Осы мақсатта, мысалы, «Қозы Көрпеш» лиро-эпикалық жырын (трагедия негізі осы жырдан алынған) «Қозы Көрпеш — Баян £~үлумен» салыстырудың маңызы зор. Трагедияны талдау барысында мынадай сүрақтар коюға болады:
1. Жырда қандай кейіпкерлер бар? Олар трагедияда сақталған ба?
2. Қандай кейіпкерлер трагедиядағы жырда жсж?
3. Қандай оқиғалар жырда алынған? Қайсысын автор қосқан?
4. Кейіпкердің жырдағы сөйлеу тілін автор трагедиясында пайдаланған ба?
5. Жырдағы негізгі тартыстар трагедияда пайдаланылған ба?
Салыстыру сүрақтарын алдын ала үйге беріп, оқушылардың ойлауына жағдай жасаған дүрыс. Салыстыру жүмыстары арқылы жыр мен драманың айырмашылығын ажырату, аңдату жүзеге асырылады. Қорытынды сүрак ретінде (6-сүрақ): «Балалар, қалай ойлайсыңдар, жыр мен драманың айырмашылықтары неде?» деген сүрақ қоюға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет