Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!


Прозалық мәтіндерді талдау ерекшелігі



бет33/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

35.Прозалық мәтіндерді талдау ерекшелігі
Әдебиет –көркем өнердің бірі.Әдебиетті оқытудың басты мақсаты оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру,кітапқа деген ынтасын ояту,халықтың рухани байлығын игерту,сол арқылы оқушыны парасаттылыққа,әсемдікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Талдау (анализ)-көркем шығарманы тексергенде қолданылатын тәсіл.Шығарманы әр қырынан алып қарастырып,оның қасиет ерекшелігін,жеке сипат белгілерін арнайы зерттеп, танып білу.Айталық,шығарманы идеялық мазмұн,тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан,немесе,сюжеттік композициялық құрылысы,жанрлық сипаты жағынан талдауға болады.
Талдау дегеніміз жеке қасиет,ерекшеліктерді арнай қарастырып,танып білу арқылы бүтінді айқын сезінуге себін тигізетін тәсіл.Әдеби шығарманы талдау үшін,көркемдік қасиеттерін нақтылап сипаттап беру үшін,оның өзгешеліктерін жекелей де,түгелдей де ашып қарау керек.
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді.Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының шығарманы толықтай оқуын қадағалау керек.Көркем шығарманы оқығанда оқушылардың ол туралы өзіндік әсері,пікірі туындайды.Шығарманың кейіпкерлерін тарихи,көркемдік құндылығын,өмірлік және ғаламдық мәселелермен байланыс әр сабақта жеке тоқтала отырып талдау мағызды.Әдеби талдаудың негізгі мақсаты-оқушылардың қабылдауларын,пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады.
Көркем шығарманы талдаудың ғылыми жүйесін жасаған әдіскер ғалымдар А.Қоңыратбаев,Б.Сманов,Ә.Көшімбаев,А.Дайырова,Т.Ақшолақов.
Жан-жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан-жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, ол үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны ашатын мәселелерді назарға алып отырады.
Талдаудың келесі бір түрі – шолу бағытындағы талдаулар. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды. Көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар көркем мәтінмен емін-еркін жұмыс істей алады.
Талдаудың тағы бір түрі – сұрыптап талдаулар. Бұл талдау көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма негізіндегі ең басты проблемаларды сұрыптай отырып, талдауды соны шешуге бағыттайды.
Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмыстары болып табылады. Көркем мәтінді оқыту, оны талдауға баулу — әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызмет, мақсаты. Оқу мен талдау – бір ананың егіз баласындай, жанды бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі мәселе. Көркем мәтінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни әр баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Бұл жұмыс төменгі сыныптан, яғни 5 сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Мысалы, 5 сыныпта Абайдың «Күзін» сыныпта талдап, оқу алдында оны үйден оқып келу тапсырылады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірі, ойын айту – аса күрделі мәселе. «Күз» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынадай көмек-нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады:
  1. Өлеңді асықпай, әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бірнеше рет оқысаң, тіпті жақсы.


  2. Күз суреті берілетін сөздерге назар аудару.


  3. «Күздегі» адамдар іс-әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін еске сақта.


  4. Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл-күйде болғаныңды айтып беруге тырыс.


Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі. Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әрі бұл жұмыста мұғалімнің басшылық – «көсемдік» орны да ерекше. Оқу баланың тікелей өз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы, оның ұйымдастыруы, ойластыруы арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып-білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.


Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс-әрекетін дамыту. Сондай-ақ ең басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін т.б. бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.
Талдау әрі жүйелі, әрі тұтас, көркем шығарманың барлық нәрі, дәнін аша алатындай, нанымды да ғылыми мазмұнда жүргізілуі керек. Мектепте әдеби талдаудың үш жолы бұрыннан-ақ тәжірибеде кеңінен пайдаланып келеді. Олар: а) автор ізіме талдау, бұны тұтастай, толық талдаудейді; б) кейіпкерлерге талдау жасау, в) тақырыпты проблемалық талдау. Көпшілік мұғалімдер аралас талдауды тиімді деп табады.
Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары.Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауа ерекше назар аударады.
Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары.Образдар жүйесіне талдау талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады. 5-8 сыныптар оқушылары көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық толық талдау жасай алмаса да, олардың іс-әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды.
Ең бастысы, авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема – образдық талдауда ерекше назарға алатын проблемалар болып табылады. Мысалы, Құнанбай бейнесі арқылы автор 19 ғасырдың екінші жартысындағы феодалдық қоғамды, оның бас өкілін сомдайды. Бұл образды жасаудағы автор мақсаты да сол. Құнанбай іс-әрекеттері, оның әр түрлі қылықтары сол қоғам сипаты дәрежесінде көрсетіледі. Олай болса, талдауда осы мәселелер еске алынуы керек. Образдық талдау жүйесінде де мұғалім көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық эстетикалық табысын) бірлікте ала отырып, талдауды басшылыққа алады.
Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары.Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен көпшілік ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың түрі – проблемалық талдау. Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен роль атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі бір жолы ретінде де пайдалы болып келеді. Проблемалық талдау сол көркем шығарма негізіндегі проблеманы дәл тауып, нақты проблемалық сұрақтар әзірлеуді талап етеді. Ол үшін проблемалық жағдаят тууы керек. Кез келген «Неге?» деген сұрақтарды проблемалық сұрақтармен шатыстыру мектеп тәжірибесінде кездесіп жатады. Проблемалық сұрақ негізінде оқушыға «бейтаныс», шешуді керек ететін мәселе, проблема болады. Мысалы, жай сұрақтар мен проблемалық сұрақтар арасындағы айырмашылықты төмендегі баған арқылы көруге болады (М. Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы», Бақтығұл бейнесі бойынша).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет