Бітіру жұмысы қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі452 Kb.
#132990
1   2   3   4   5

Психопат-фанат тұлға-ның моделі



Фрустрациялан-ған тұлға

моделі


Психологиялық және әлеуметтік па-тологияда дамыған тұлға




Сызба - С. Рощин ұсынған терроршы тұлғасының моделдері (басы)





Ол өз көзқара-сын қоғам үшін пайдалы деуден тайынбайды, оның санасы мен эмоционал-ды сферасы белгілі бір док-ториналарға ба-ғынады. Ол ойы-на келгенін іс-теуге дайын. Саяси түрде бұ-ларды – фана-тик, психология-лық түрде – пси-хопат деп атай-ды.

Көптеген ғалымдар қа-растырған агрессивті-лік табиғаты теориясы мен Доллар-Миллердің фрустрация теориясы негізінде жасалған тұл-ға моделі, адамдағы өмірлік маңызды мақ-саттарға қол жеткізе алмаудан болған фру-страция сезімі агрессив-ті жүріс-тұрысты туды-рады. Сана бұл кезде осы әрекетті рациона-лизациялайтын құралға ғана айналады.

Жанұядағы қа-рым-қатынастың дұрыс болмауы себебінен туын-дайтын тұлға мо-делі. Ата-аналар-дың дөрекі қаты-насы, әлеуметтік изоляция әлеу-метке қарсы тұл-ғаны қалыптасты-рады. Мұндай адамдар террор-лық ұйым құра-лына тез айнала-ды.



Сызба - С. Рощин ұсынған терроршы тұлғасының моделдері (жалғасы)
Терроршы психологиясын қарастырғанда “тұлғаның террористік түрі” деген ұғымды ашып көрсету маңызды рөлге ие болады. Кейбір зерттеушілер ортақ терроршы тұлғасы болмайды деп өз болжамдарын жасайды. В. Витюктің айтуынша, терроршылардың индивидуалды ерекшеліктері мен ішкі мотивтері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Ол террорлық ұйым мүшелерінін мынадай түрлерін анықтады: идеалистер (“шындықты іздеушілер”), кондотъерлер (“құмарлықты іздеушілер”) және ермекшілдер (“өмір мәнін іздегендер”).

Ағылшын саясаттанушысы Д. Тэкро терроршыларды олардың рөлдік ерекшеліктері бойынша бөледі: лидерлер, операторлар, идеалистер.

Сондықтан, “тұлғаның террорлық түрін” абстракция деп қана алып, осының шеңберінде мынадай логикалық тізбе жасап шығарамыз: арнайы бейімделген санасы бар террорлық тұлға типі, осының негізінде пайда болатын террорлық ойлау, және соңғысы терроризмнің мифологемасы.

М. Решетников ұсынған терроршының психологиялық бет-бейнесінің қалыптасуына мына алғышарттар тән:

-уақыт ағымын сезінуден ауытқу - өткен шақ актуальды осы шаққа ауысқан;

-реалдылық пен фантазия арасындағы шекараны анықтай алмау;

-моральды шектеулерді жүзеге асырудағы пассивтілік;

-жақсылық пен жамандық шекараларының бір-бірімен ұласуы, жеке жағдайларда апокалиптистік фантазиялардың мессиандық идеялармен бірігуі;

-садомазохистік позиция-реалды немесе мифологиялық қарсыласқа қатысты кекшілдік пен өз-өзіне немесе өз тобына деген жан аяушылықтың өзара түйісуі;

-агрессормен идентификация, яғни “мен агрессор болсам, агрессия объектісіне айналмаймын” деген идеяның қалыптасуы;

-басқа пікірдегі адамдардың көзқарастарын қабылдаудағы қабілетсізділік;

-тиесілі және тиесілі емес мақсаттар мен идеалдарды анықтаудағы рационалдылықты жоғалту.

Жоғарыда көрсетілген қасиеттер бойынша анықтайтынымыз, терроршы ешқашанда рационалды ойлануға бейімделмейді. Оған істелетін немесе істелген әрекетке қатысты өкіну мен қорқу тән емес. Терроршыны психикалық ауру ретінде көрсетуге талпыну жалған және осы арқылы ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Осы сияқты терроршыны аз білімді адам деп қабылдау да жалған.

Дегенмен де, террорлық актке бейім көптеген индивидтерді олардың мотиві мен саяси көзқарастарына бағынбайтын кейбір психикалық қасиеттер біріктіреді. Фредерик Форсайттың айтуынша, терроршылар әлемді ақ және қара түс деңгейінде ғана қабылдайды. Олар бала сияқты, бір бағытта ғана әрекет етеді.

Олар бір бағытта ғана әрекет етсе де, олардың тұлғалық ерекшеліктерін патологиялық ауытқулармен мүлдем байланыстыруға болмайды. Мұны “Баадер-Майнхоф” террорлық ұйымының әрекетін зерттеген П. Оустрейхер толық дәледеп, өз көзқарасын былай бейнелейді:

“Мен олардың істеп жатқан әрекеттерін көріп отырсам да, оларды тұлға ретінде жоққа шығара алмаймын. Оларды аса ауыр қылмыскер ретінде қабылдайтын қоғаммен де келісемін. Бірақ, менің ойымша олар өздері жасаған соғыстың құрбандары. Басқа жолды таңдаса олар да басқалар сияқты игі істерді атқара алатынына мен сенімдімін”.

Терроршылар психикалық қалыпты адамдар болса да, олардың ерік-жігерінде, ойлық сферасында, эмоционалды көңіл-күйінде, тұлға бағыттылығында өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, террорлық әрекетті орындаушылар үшін болып жатқан оқиғаларды рационалдық тұрғыда қабылдауға алып келетін шектен тыс эмоционалдылық тән. Ал, террорлық топ жетекшілері әрқашанда сабырлы болуға ұмтылады. Мысалы, Усама бен Ладенмен пікірлескен журналшылардың айтуынша, ол қарапайым, ұялшақ адам бейнесінде сұхбаттасады, әрқашан қолына қарап отырады, баяу дауыспен сөйлейді.

Қысым көрсетуге бейім адамдардың психикасын зерттеуге американ психологы Х. Точ өз үлесін қосты. Ол мұндай адамдарға қатысты өз ойын былай көрсетті: “Бұл тұлғалар үшін ситуациялардың түрлі жиынтығы олардың агрессивті реакцияларын ақтап алатындай көрінеді. Қысым көрсетуге бейім адамдар қысым көрсетуді доктрина мен философия ретінде пайдаланып қана қоймай, әлемді қысым көрсетушілік терминдері шеңберінде қарастырады”.

Көптеген терроршылар жағдайы жоқ жанұя мүшелері болып табылады. Олардың арасында ата-анасының бірі болмаған немесе екеуі де жоқ жанұядан шыққан тұлғалар да бар. Мысалы, “Халық қалауы” террорлық ұйымының белді мүшесі болған Софья Перовская жас шағында әкесімен жанжалдасып, осындай жолды таңдаған. Германияны дүр сілкіндірген “Баадер-Майнхоф” тобының ұйымдастырушысы Ульрика Майнхоф болса жас шағынан тұл жетім атанып, шешесінің туыстарының қолында өседі. Осы топтың тағы бір басшысы Франц Баадердің әкесі соғыс кезінде қайтыс болып, анасының қолында өскен ол ерте үйінен кетіп қалады. Атақты палестиналық терроршы Абу Нидаль он жасында ана қамқорлығынан айырылса, әлемдегі №1 терроршы Усама бен-Ладеннің әкесі 11 жасында көз жұмған.

Бұл оймен испандық ЭТА психологиялық тобының мүшелерін зерттеген психологтарда келіседі. Осы ұйымның жетекшілерінің көбісі – франкистік репрессияның құрбандары болған ата-аналардың балалары. Каудильоның баяғыда қайтыс болғанына, баск тілінің екінші мемлекеттік тіл жағдайына жеткеніне, басктердің өзіндік мемлекеттік белгілерінің қалыптасқанына қарамастан бұл адамдардың психологиясында ештеңе де өзгерген жоқ.

Жаралы жастық шақтың бірнеше психологиялық салдарлары бар. Ол кезде тұлға бұзылысы қалыптасып, балада невротикалық комплекстер пайда болады. Мұндай тұлға өзінің жалғыздығын, ауыртпалықтарын басқалардан зорлық көрсету арқылы алуды армандайды. Олар авторитарлы тұлғаға айналады, яғни өте күштілерге бағынып, әлсіз қауымға өз билігін жүргізуге қабілетті болып келеді.

Осы авторитарлықты анықтауда Стенли Милгермнің белгілі эксперименті бар. Милгрем дәлелдегендей, қарапайым адам өзі авторитет деп санайтын адам әсерінен кез-келген моральдық қасиеттерін жоғалтып, оның бағыттан әрекеттерін істеуге дайын тұрады. Эксперимент әр түрлі елдерде жүргізілді және бірдей нәтижелерді тіркеді. Осындай жағдайлардың қалыптасуы қарапайым адамнан терроршының пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Зорлық арқылы мұндай тұлға өзінің кім екенін дәлелдегісі келеді, ол осыдан қанағат сезімін алады. Психологтардың айтуынша бала жастық шақта эмоционалды қамқорлықтан тыс қалса, кейін оның өз эмоциясын өз еркіне бағындыру процесі өте қиын жүреді.

Терроршылар көп жағдайда өздері қалыптастырған өмірде өмір сүреді. Олардың санасы мифологиялық тұрғыда қызмет істейді. Сондықтан оларға реалдылықтан бөлек өмір сүру тән. А. Хеллер 1980 ж. Италиядағы терроризмді былай бағалады:

“Терроризмге әлем образын абсолютті ирреалды етіп көрсететін параноидты идеология тән. Олар өз әрекетін дәл осы образбен байланыстырып істейді”.

Осы бағалаумен француз ғалымы Д. Кон-Бендит те келіседі: “Бұл адамдар өздерінің үкіметті құлату стратегиясымен реалдылықтан ауытқыған, олар тек өз эмоцияларының құрбандары”.

Террорлық іс-әрекет американ социологы Х. Келман көрсеткен тізбеге де бағынады. Ол зорлық-зомбылықтың үш процесін көрсетті: санкция жасау, рутинизация, дегуманизация. Осы процестердің астарында істеген әрекетке қатысты моральды жауапкершіліктің төмендеуі, адам құндылықтардың бағалануының бұзылыстары жатыр.

Терроршылар психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, өздері туралы жиі айтылғанды қалайды және бұған БАҚ мен саяси тұлғалардың көзқарастары өз көмегін тигізеді, оларда жазылған мәліметтер мен айтылған ойлар терроршының айнасы ретінде болмақ, осы арқылы олар өздерінің жетістіктерін бағалап, қоғамды қысымда ұстап отырады. Осылай БАҚ мүшелері рейтинг қуу жолында және мол қаржыны игеру ниетінде терроризм туралы жазғанда өзіндік сенсацияларға қол жеткізумен қатар жасырын түрде терроршылардың нарцисстік қажеттіліктерін де орындайды. Егер БАҚ терроршылар туралы жазбаса, көптеген терроршылар әрекеті жойылуы да мүмкін еді, әзірге қоғамның сұранысының өзі терроризм құбылысын жандандырып отыр. Басқаша айтсақ, немесе жазушы Ю. Трифоновтың көзқарасымен айтсақ: “Терроризм дегеніміз - әлемдік шоу. Терроризм театрға айналды, сахна қанға боялды, басты әртістер - өлім. Терроршылар бейсаналы түрде болса да осындай жарнаманың жасалынып жатқанына қуанбаса, өкінбейді”.

Терроршылар өз әрекеттерін орындағанда жан-жақты талдау жасайды. Қызықты бір жайт, зерттеушілер дәлелдегендей, 2001жылы қыркүйекте терроршылар әлемдік сауда мұнарасына шабуыл жасау тәсілін кинемотографиядан игерген. Мысалы, америкалық бір фильмде басқа планетаның адамдары сауда мұнарасын жою үшін қай жерден көздеу керектігін анықтайды. Олар сауда мұнарасын бес бөлікке бөліп, жоғары үш бөлігін көздеу тиімді екеніне көз жеткізеді. Егер төменгі бөлігі нысанаға алынса, ғимарат қирамауы да мүмкін, егер жоғары бөлігін қиратса, шығын аз ғана болады. Сондықтан, жоғарғы үш бөлікті жойып жіберу ғимаратты толықтай қиратуда тиімді болады.

Шынымен, 2001 жылы “егіз” мұнара осылай нысанаға алынды. 110 қабаттық ғимараттың 80 мен 65 қабаттар аралығы терроршылардың ұшағымен жанасты, осылай жоғарғы отыз қабат ғимараттың төменгі бөлігін толықтай көміп тастап мыңдаған адамдарды құрбан қылған болатын. Ең қызықтысы, “День независимости” (1996), “Армагеддон” (1998), “Осада” (1998), “Столкновение с бездной” (1998), “Дорога на Арлингтон” (1999) фильмін көрген жұртшылықтың айтуынша, осы туындылар 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғаның терроршылар үшін тиімді болып жасалуына нұсқаулық болған.

Терроризмді күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде психологиялық зерттегенде тура факторлармен қатар, жанама факторларды қарастыру керек болғандықтан айта кететін жайт, терроршы психикасын қалыптастыруда геосейсмикалық белсенділікте әсер етеді. Осы мәселені зерттеп жүрген геолого-минералогия ғылымдарының докторы В. Рудниктің айтуынша, сейсмогеодинамкалық белсенділіктің бейсаналық деңгейде адам психикасында қалыптасуына олардың геопатогенді аймақтарда мекен етуі де әсер етеді. Бұл адамның ішкі мен сыртқы ортаның әсер етуін қабылдау қабілеттілігін төмендетеді. Осы ерекшелік басқа жағдайлармен біріге отыра соғысу мен қақтығысуға дейін алып келетін оқиғаларды туындатады. Мысалы, Альпы-Гималай таулы белдеуінде орналасқан мемлекеттерде (Албания, Косово, Босния, Приднестровье, Абхазия, Оңтүстік Осетия, Шешенстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ирак, Джамма, Кашмир, Камбоджа және Вьетнам) терроризм соңғы отыз жылда қоғамның ажырамас бір бөлігіне айналды.
1.3 Терроршының террорлық акт істеуінің мотивтері
Терроршы тұлғасын объективті тұрғыда түсіну үшін оның ішкі қажеттілігін, терроршы террорлық актты не үшін істейтінін – мотивын анықтап алу маңызды. Ресей психологы В. Пирожковтың көзқарасы бойынша “терроршылар алдарына қандай мақсат қойса да (саяси – билікті басып алу, қоғамдық құрылысты өзгерту; экономикалық – бәсекелестерді аренадан тайдыру; діни - өз дінінің адалдылығын айқындау; психологиялық – атаққа қол жеткізу, тарихта атын қалдыру) – осының барлығында бір ғана мотив – адамдарға билік жасауға ұмтылыс тұр. Адамдарға билік ету – апиын сияқты, кім бір рет дәмін татты, сол осыған қайтадан ұмтылады. Мұны босқындар бойынан жақсы байқаймыз, олар бір конфликті аймақтан екіншісіне ауып жүреді, сондықтан оларға қаржы табу қажеттілігі басты нәрсе емес, басты нәрсе болып адамдарды өлтіру қажеттілігі жатады. Сондықтан терроризммен айналысу процесінде мақсат болмайды – оның өзіндік алғышарттары болса да, - мұның бәрінің артында адамдарға билік ету қажеттілігі тұрады”[9].

Г. Нюман Еуропаны 1970 жылдары қорқыныш уысында ұстаған Баадер-Майнгофтың (1976 жылы өз-өзіне қол жұмсады) террорлық ұйымының іс-әрекетіне талдау жасағанда негізгі үш мотивті бөліп көрсетті:

- біріншіден, мәдени мотив – терроршылар логикасы бойынша қоғамды жандандырып отыру керек, мұның тиімді жолы – “қантөгіс”;

- екіншіден, рационалды мотив – террор олар үшін саяси іс-әрекеттің эффективті құралы ретінде қолданылады;

- үшіншіден, идеологиялық мотив - террор әлеуметтік процестерді реттейтін құрал ретінде пайдаланылады.

И. Задорожнюктің көзқарасында “... терроризм әрқашанда террорға қарсы көзқарас ұстанған институттарға бағытталады. Терроршы немесе террорлық топ террорлық актіні қаншалықты дайындаса да, өз мақсаттарын анықтауда көр соқыр болып қала береді. Мұндай “соқырлықтың” бір параметрі – мотивтердің әрқилылығы, бұл кіші гомогенді топтың үлкен гетерогенді топқа өз қалауын жүргізуде мақсаттардың бұзылуынан көрінеді”.

Д.В. Ольшанский болса, террорға қатысушылардың мотивін – қасақана және қасақана емес деп бөліп көрсетеді. Қасақана мотивтің жағдай белгілі, мұнда терроризм терроға қатысушылар үшін ақша табудың көзі болып табылады. Қасақана мотив қарапайым болып келеді, мұнда адамдарды бір жаттығуға үйретеді, аванс ұсынады және қалған қаржыны тапсырманы орындағаннан кейін береміз деген ұсыныс жасайды. Ақша табу үшін лоар бұл тапсырмаларды орындайды: ғимараттарды жарады, ұшақтарды айдап алып кетеді, саяи лидерді өлтіреді т.б. Мұндай терроршыларды кәсіби киллерлермен салыстыруға болады, ақша табу үшін оларға жалдануға тура келеді.

Осы Ольшанскийдің деректері бойынша, терроршылардыың берген мәліметтеріне талдау жасағанда мынадай келесі мотивтерді бөліп көрсетуге болады:



1.меркантильді мотивтер - көптеген терроршылар үшін осы мотив түрі алғашқы орында болады. Терроризмге кез-келген адам іс-әрекетінің сферасы сияқты ақша төленеді және көптеген адамдар қаржы табу мақсатында осындай қадамға барады;

2.идеологиялық мотивтер – бұл мотив адамның жеке құндылықтарымен байланысты, адамның құндылықтарына бір топ, партия, қоғам құндылықтары сәйкес келсе, адам сол топ мүшелігіне өтеді, егер көзқарастар ортақ пікір таппаса, адам сол қауымдастыққа қарсы шығады. Мұндай адамдар үшін террормен айналысу өзіне тапсырылған тапсырма, миссия түрінде болады. Көптеген идеологиялық мотивтерді идеялық-саяси, саяси, діни, әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени деп бөліп көрсетудің ғылыми негізділігі бар;

3.қайта құрушылық, әлемді өзгерту мотивы – мұндай мотивты алдына қойған адамдар өзі өмір сүріп жатқан қоғам пікірлерімен келіспейді. Мұндай мотив көбінесе террормен кәсіби айналысатын тұлғаларға тән;

4.адамдарға билік жасау мотивы – бұл көне, тамырын тереңнен алатын мотивтердің бірі. Адамдар адам болмай тұрғанда да бір түрдің екінші түрге зорлық көрсетуі өмірдің қолайлылығы үшін қолданылған. Осы фактор адам психикасында жасырын түрде сақталып қалғандықтан, терроршы бойында өзіндік мотивтерді туындатады;

5.террор іс-әрекет сферасы ретінде қызығушылығынан туған мотив – қаражаты мен білімі жеткілікті кейбір адамдар террорға қызықты бір іс-әрекет сферасы ретінде келеді. Олар террорлық акт жоспарын жасаудан, террорлық акттің жүзеге асуынан, террорлық акт нәтижесінен қанағат алады және осыған өз күштері: білімі мен қаржысын салуға әрқашанда дайын болады;

6.эмоцияға негізделген мотивтер – мұнде террорлық актті орындауға адам кек алу мақсатында т.б. жағдайларда барады, мотивтің бұл түрінің ешқандай рационалдылық мотивировкасы жоқ, адамдар бұл кезде эмоцияның құрбаны болады.

Енді, Д.В. Ольшанский ұсынған мотивтердің жіктелуіне жеке-жеке тоқталып өтсек. Алғашқысы, меркантильді мотивтер, яғни терроршылар террорлық әрекетті істегенде қаржы табу ниетімен істейді. Орыстың психологы В.Измайловтың айтуынша, белгілі шешен терроршысы С. Радуевпен болған әңгімеден анықтағаны, көптеген террорлық акт астарында қаржы табу мүмкіндіктері жатыр. Радуевтің айтуынша, мыңдаған адамдардың өмірін жалмаған Дағыстанның Первомай ауылы мен Кизляр қаласындағы террорлық акт істеген терроршылардың барлығы қаржы табу үшін жалданған. Пятигорск қаласындағы бірнеше жарылысқа қатысқан әйелдердің де басты мотивы осы болған. Белгілі терроршы Жафаровтың сөзімен келтірсек, “оларды көндіру қажет емес еді, олар ақша табу жолында әр түрлі идеялар тастайды”. Радуевтен алынған мәліметтер көрсеткендей, халықаралық экстремистік мұсылман ұйымдары террорлық әрекетті сәтті өткізген терроршыларды қаржы мәселесімен толық қамтып отырған. Қорыта, В.Ф. Пирожковтың сөзімен айтсақ, терроршылар психологиясындағы заңдылық: кім көп қаржы төлейді, сол кездегі “өлтіре салу”, “адамдарға билікті сезіну”, “басқалардан өз ерекшелігін көрсету” сезімдері өздігінен туындайды.

Екінші, идеологиялық мотив мәселесін қарастыратын болсақ, бұл негізде біріккен терроршыларды белгілі бір идеялар, белгілі бір көзқарастар қалыптастырады. Олар қалыптастырған идеялар көп жағдайда діни және саяси реңге ие болады. Мұндай терроршылар үшін өздері қабылдаған діннен басқалары қажет емес, өздерінінің көзқарастарына сай келмейтін мемлекет саясатының өмір сүруінің де қажеттілігі жоқ. Қазіргі терроризмде осындай бағыт ұстанған ислам фундаментализмі негізіндегі экстремистік құрылымдар жиі кездеседі. Әлемнің әр жеріндегі терроризм жүйесінің көп бөлігін алып жатқан осындай террорлық ұйымның белсенді мүшелеріне келесі қатардағыларды жатқызамыз: “Ағайынды мұсылмандар” (Египет, Сирия, Сауд Арабиясы), “Хезболла” (Ливан), “Қаруланған ислам тобы” (Алжир, Франция), “әл-Жиһад әл-Ислами” (Иран), “Хизбут-Таһрир” (Ауғанстан, Сауд Арабиясы) және барлығына да қатысы бар жеке тұлғалар Усама бен Ладен, Оджалан, Личо Джелли т.б.

Қайта құрушылық, әлемді өзгерту мотивін өз алдарына терроризмде әбден ысылған тұлғалар қояды. Мысалы, Усама бен Ладеннің террорлық ұйымы шартты түрде “әл-Қааида” болғанмен, бен Ладеннің “Хамаз”, “Хизбут Таһрир”, “Хезболла” т.б. ұйымдарда өзіндік ықпалы бар, және ол өзінің әрекетін батыстық саясаткерлер ұстанған бағытқа қарсы қояды. Бен Ладенге АҚШ-тың әлемді билеуге талпынған саясаты ұнаған жоқ, ол жауап ретінде 2001 жылғы қыркүйектегі Бүкіләлемдік сауда мұнаралары мен Пентагонде террорлық акттерді орындауда басты рөлді орындады. Шындығында да, АҚШ территориясынан тыс территорияларда болып жатқан террорлық әрекеттер неге соларға бағытталады, өйткені кейбір террорлық ұйымдарға олардың әлемге қатысты саясаты ұнамайды. Бен Ладен сияқты кәсіби терроршылар өздерінің ұлылығын дәлелдеуде өз алдарына әлемді өзгерту сияқты күрделі мотивті қояды және соған бар күш-қайраты мен қаржысын жұмсайды.

Келесі, адамдарға билік жүргізу мотиві, жіктелген мотивтердің ең негізгісі болып табылады. Мұндай мотивті жоғарғыда аты аталған бен Ладенге де, қарапайым терроршыға да қатысты айтуға болады. Терроризм негізі – адамдарға билік жүргізу. Мұндай мотивтің терроршы бойында көрінуіне адамға табиғи тән бір-біріне билік жүргізуге құлшыныс та, әлеуметтік қарым-қатынастан пайда болатын мәселелер де әсер етеді. Біреуге билік жүргізуге деген ниет қарапайым адам бойында ешқашан жоғалған емес, терроршыларда мұндай ниеттің бірнеше еселеп көрініс беретінін дәлелдеу қиындықты талап етпейтіні белгілі. В.Ф.Пирожков сөзімен келтірсек, адамдарға билік жүргізу апиын сияқты, кім дәмін татып көрді, ол соған қайтадан қол жеткізуде еш нәрседен тайынбайды.

Террор іс-әрекет ретінде қызығушылығынан туған мотив – көбінесе патологиялық ауытқулары бар адамдар бойынан көрінеді. Қоғамға пайдасын тигізетін түрлі мамандықтарға мойын бұрмай, қылмыстық әрекеттің бірі болып саналатын терроризм сферасына берілу қалыпты адамға тән емес құбылыс. Мұндай адамдар өз агрессиясын көрсетуден, басқа адамдарға билік жүргізуден, экстремалды жағдайлардың туындауынан ләззат алады. Осындай қанағат алу үшін олар бар қаржысы мен ерік-күшін жұмсауға дайын. Олар үшін террорлық ұйым алдына саяси міндет, экономикалық міндет, діни міндет қойса да мәнді емес, бар мәнділік адамдарға зорлық-зомбылық пен билік жүргізуге келіп тіреледі. Мұндай тұлғалар өзіндік жоспарын кез-келген сферада құруға бар жігерін жұмсайды. Кей жағдайда террорлық ұйым мол қаржы ұсыну негізінде өз қоғамында бағаланбай жүрген тұлғаларды ұйымның тиімді қызмет етуіне шақыратын да кездер болады.

Соңғы, эмоцияға негізделген мотивтер. Бұл мотивті алдарына өмірде эмоционалды жылулық көрмеген, жастық шағында ата-ана қамқорлығын сезінбеген немесе қарсыластарына қарсы шыққан адамдар қояды. Ата-аналары тарапынан дөрекі қарым-қатынасты көрген жасөспірім эмоционалдық күйзеліске ұшырайды, жанұялық жағдай ол үшін қоғамдық мәнге ие болады, сол себепті ол қоғамнан кек алуда тиімді болатын орта іздеуге ұмтылып, террорлық ұйым құрбандығына айналады. Ал, қарсыластарына қарсы шыққан адамдар эмоцияға бағынса да, саналы түрде әрекет етеді. Мысалы, биліктегі бір тұлға саяси қарсыласынан жеңіліске ұшырағаннан кейін, содан кек алу жолында террорлық ұйым көмегіне сүйенеді. Мысал ретінде, қазірде Қырғызстанда қалыптасқан жағдай туралы айтсақ, премьер қызметін атқарған Феликс Құлов президент Құрманбек Бақиевтен кей мәселелер бойынша саяси жеңіліске ұшыраған соң, оппозициялық блок құрып, елдегі билікке қарсы түрлі экстремистік бағыттарды әрекеттерді ұйымдастыруға атсалысуда.

Мотив – адам қажеттілігінің пәні ретінде қолданылады. Сондықтан, кез-келген террорлық іс-әрекет істелуден деформацияланған қажеттілік белгісін қарастыруға болады. Криминологтардың ойынша, ең бірінші – қарым-қатынаста, жолдастықта, сыйластықта, құрметтеуде көрінетін социогенді мотивтер деформацияланады. Мұнан түсінгеніміз, адамның қарапайым мотивтері кей жағдайда бұрмаланып, бұзылып, өз еркін жүзеге асыру, басқаларға қысым көрсету мотивіне айналады. Осы негізде Г.М. Минековский мен В.П. Ревин мотивтің мынадай түрлерін жіктеп көрсетті: фундаменталды, секстанттық, діни, ұлттық, саяси, өзін-өзі көрсетушілік, қасақана және кек алушылық [15, 136 б].

Құқықтанушылар жүргізген арнайы зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, зорлық-зомбылық әрекетінің 42 %-ы айналадағыларға өз еркін жүргізу тілегінен туындаса, 25 % осындай әрекетті орындаған адамдардың жауабы өз-өзін көрсетуге негізделген. 10 %-ы басқалардан ерекшеленгісі келсе, 7 % билікке ұмтылған, ал 6 %-ы мұны эгоцентризм әсерінен жасаған. Мұнан байқағанымыз, соңғы үш мотив алдынғы екеуін толықтырады. Құқықтанушы В.Н. Кудрявцевтің пікірінше “деформацияланған қажеттіліктерден қоғамға қарсы мақсаттар да туындайды, бұл заң шеңберіне кірмейтін жүріс-тұрыстан көрінеді және адамдар осыны қанағаттандыруға ұмтылады. Мысалы, 68 % зорлық-зомбылық көрсетуші қылмыскерлер авторитарлы билік қалыптастыруға ұмтылған”[16, 78 б].

Кей жағдайда ерекше психопаталогиялық мотив ретінде өзін құрбандыққа шалу мотиві жүреді. Мысалы, белгілі терроршы Б. Савинков өз жауынгерлерін өз еңбегінде былай суреттеген: “жауынгерлерде терроршы психологиясының екі типі гармониялық тұрғыда үйлескен. Олардың екі тілегі бар: жеңіске жету және осы жолда құрбан болу. Олар террордың соңы өлімге әкелетінін сезінді. Бірақ олар революция үшін жанын қиюға дайындығын көрсетті және сәті түссе жеңіс тойын тойлаудан да қашпайтынын байқатты”[17, 89 б]. Ольшанский болса бұл оймен келіспейді. Оның ойынша “патологиялық тұлғалар ғана болмаса, терроршылар арнайы өз алдарына мұндай мақсат қоймайды. Оларда әрқашанда қорғаныс инстинктісі жақсы қызмет етеді”[9, 158 б].



2 бөлім. Терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын эксперименттік әдістер
2.1 Зерттеу ерекшеліктерінің сипаты
Зерттеу әдістемелері: Басса-Даркидің агрессия деңгейін анықтайтын сұрақтамасы (Қосымша Б); Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі; “Автопортрет” проективті әдістемесі.

Аталған әдістемелер жоғарыда теориялық бөлімде сөз қозғалған терроршы агрессивтілігің деңгейін анықтауға бағытталған.



Зерттеу болжамы: Терроршылар мен қылмыскерлердің қылмыс жасау агрессивтілігінде айырмашылық бар және терроршылардың агрессивтілік деңгейі басқа қылмыскерлерге қарағанда жоғары болады.

Зерттеудің мақсаты: Жүргізілген әдістерді психологиялық талдау және математикалық өңдеу арқылы зерттеу болжамын дәлелдеу немесе жоққа шығару.

Зерттеудің өзіндік ерекшеліктері: Зерттеуге екі топ іріктелініп алынды: бірінші топ – эксперименттік топ – 6 адамнан тұрады. Бұлар ҚР Қылмыстық Кодексінің 233-1, 233-2 тармақтары бойынша айыпталған, яғни терроризмді ұйымдастыруға, жүзеге асуына, насихатталуына қатысы бар деп айып тағылған азаматтар; екінші топ – салыстырмалы топ – 8 адам, ҚР Қылмыстық Кодексінің басқа тармақтары бойынша айыпталған азаматтар.

Зерттеу базасы: Эксперименттік топ, салыстырмалы топ – ЛА-155/14 жазасын өтеу колониясы, Алматы облысы, Заречный елді мекені.

Зерттеудің міндеттері: 1) жүргізілетін әдістемелердің толық сипаттамасын беру; 2) аталған әдістемелерді екі топқа жүргізу; 3) алынған нәтижелердің қорытындысын шығару, психологияда қолданылатын математикалық тәсілдер бойынша өңдеу.
2.2 Зерттеу барысында қолданылған әдістемелердің сипаттамасы
Басса-Даркидің агрессивтілік деңгейін анықтайтын сұрақтамасы. Қазіргі кезде “агрессивтілік” термині өте кең шеңберде қолданылады. Әр түрлі авторлар өз еңбектерінде агрессия мен агрессивтілікке түрлі анықтамалар береді: адамның туа біткен “өз территориясын қорғау” рекациясы (Лоренц, Ардри); билік жүргізуге ұмтылыс (Моррисон); адамның басқа адамнан кек алу реакциясы (Хорни, Фромм). Сонымен қатар, агрессия мен фрустрацияны сабақтастыра қарастыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард).

Агрессивтіліктің сандық және сапалық ерекшеліктері болады. Басқа құрылымдар сияқты оның да көріну деңгейі болады: мүлде болмайды немесе шектен тыс нәтиже көрсетеді. Әр тұлғаның өзіндік агрессивтілік деңгейі болуы керек. Оның болмауы пассивтіліктің, конформдылықтың туындауына алап келеді. Оның шектен тыс дамуы конфликтілі тұлғаны қалыптастырады, олар саналы коопреацияға қабілетті болмайды.

Агрессивтіліктің көрінуінің екі түрін көрсетуге болады: біріншісі – мотивациялық агрессия, екіншісі – құралдық агрессия (екеуі де сана қадағалауымен және керісінше эмоционалды күйзеліспен байланыста болады). Психологтарды мотивациялық себептерден туындаған агрессия тұлғадағы деструктивті тенденцияларды анықтауда қызықтырады. Басса-Даркидің агрессивтілікті анықтау сауалнамасы осыған негізделген. А.Басса мен А.Дарки өздерінің сауалнамаларын жасағанда келесі реакция түрлерін бөліп шығарды:

1.Физикалық агрессия – физикалық күшті басқа адамға қатысты қолдану;

2.Жанама агрессия – жанама түрде басқа адамға немесе ешкімге бағытталмаған агрессия;

3.Тітіркену – аз ғана қоздыру болған жерде негативті сезімдердің дайын болуы;

4.Негативизм – қалыптасқан заңдар мен дәстүрлерге пассивті қарсыласудан белсенді күресуге дейін болатын оппозиционды жүріс-тұрыс;

5.Өкпелеу – айналада болып жатырған әрекеттерге қатысты қызғану мен жек көрушілік;

6.Күдіктенушілік – басқа адамдарға сенімсіздіктің қалыптасуы және басқа адамдар зиянды әрекеттердіістейді және жоспарлайды деген көзқарастың қалыптасуы;

7.Вербалды агрессия – негативті сезімдердің форма арқылы (айқайлау, шиқылдау), және сөздік жауаптар (қорқыту, қарғыс) арқылы көрінуі;

8.Кінәлілік сезімі – субъектің өзін жаман адам деп ойлауы, пайдалы емес әрекеттер істейтінін сезінуі.

Сұрақтама 75 тұжырымдамадан тұрады, зерттелінуші оларға “иә” және “жоқ” деп жауап береді.


Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі

Зерттелінушіге 24 оқиға желісі бейнеленген суреттер ұсынылады. Онда екі адамның өзара әңгімелесуі бейнеленген. Бірінші адам айтқан сөздер бірінші шаршыда жазылған. Зерттелінушінің міндеті, екінші адам рөлінде осы оқиға желісінде қалай жауап қайтаратынын екінші шаршыда бейнелеу. Жауап беруші өз ойына келген бірінші жауапты көрсетуі керек.

Әдістеме бойынша алынған жауаптар екі аспектіде талқыланады: реакция бағыттылығы бойынша және реакция түрі бойынша. Реакция немесе агрессия бағыттылығы бойынша үшке бөлеміз: 1) сыртты айыптау реакциясы (С) – мұнда басқа адамға немесе объектке қатысты айыптау, қорлау, агрессивтілік суреттеледі. 2) өзін-өзі айыптау реакциясы (Ө) – жауапта өзінің кінәлі екендігі, өзіне бағытталған агрессия, өкіну формалары кездеседі. 3) айыптаушылық жоқ реакция (Ж) – мұнда өзін де, өзгені де айыптау реакциясы болмайды.

Реакция түрі бойынша жауаптар былай бөлінеді: 1) кедергілі-доминантты (КД) – егер жауапта кедергілердің, бөгет нәрселердің немесе басқа да фрустраторлардың бар болуы қарастырылса; 2) өзіндік қорғаныс (ӨҚ) – жауапта адамның өзін немесе өзгені болған істе айыптауы немесе ақтап алуы тіркелсе, 3) шешімге келу (ШК) – егер жауап фрустрациялы жағдайды өз тарапынан немесе өзгелердің көмегімен шешуге бағытталса.

Талдаудан алынған нәтижелер арнайы жауап беру парағында тіркеледі. Жауап беру парағын талдау негізінде қорытынды таблица толтырылады: онда сыртты айыптау, өзін-өзі айыптау, айыптаушылық жоқ реакциялардың жалпы сомасы келесі қатарларда жазылады: кедергілі-доминантты, өзіндік қорғаныс, шешімге келу.

Реакцияның түрі мен бағыты бойынша жалпы балы пайыздық көрсеткішке мына формула бойынша көшіріледі: S = K * 4,17%, мұндағы S – реакцияның түрі мен бағытының пайыздық көрсеткіші. К – жалпы балл.

Розенцвейгтің айтуынша, реакция түрлері мына қасиеттерді көрсетеді: кедергілі-доминантты – адамның фрустрацияланған күйі, өзіндік-қорғаныс – тұлғаның әлсіз және күшті тұстарын көрсетуде, шешімге келу – тұлға белсенділігін көрсетеді.

Реакция фрустрациясының жалпы профилін былай анықтаймыз:

түрі бойынша ӨҚ > КД > ШК;

бағыты бойынша С > Ө > Ж.
Автопортрет” проективті әдістемесі

Автопортрет - әдістемеге қатысқан адамның өзі ойлап шығарған адам бейнесі. Психодиагностика үшін автопортреттің салыну моделі мен типологиялық белгілерінің болуы маңызды. Автопортреттің формаларын былай бөліп көрсетуге болады:

- бет-бейнені ортада бейнелеу, бұл өте жиі кездесетін бейнелеудің түрі;

- портретті толықтыратын немесе ысыратын интерьерде бейнелеу;

- әр түрлі жасты, өмірлік жолдың деңгейлерін білдіретін бірнеше автопортреттің салынуы;

- сюжетті автопортрет, мұнда автор достары, туыстары, жақындарының ортасында бір әрекет істеу түрінде бейнеленеді;

- ерекше, реалды жағдай, бұл кезде автор өзін шындығында да болған бір оқиға желісінде бейнелейді;

- ойлап шығарылған бейне – автор ойлап шығарған, өзі қатыспаған оқиға желісінде салынған бейне[29].

“Автопортрет” проективті әдістемесінің интерпретациясын жасауда көбінесе Р.Бернс (АҚШ, Адам дамуының институты, Сиэтл қ.) бейімдеген интерпретация қолданылады. Р.Бернс автопортретте кездесетін элементтерді былай талқылауды ұсынды:

Бас. Үлкен бас өзіндік интеллект сезіміне қанағаттанбаудан салынады, кішкентай бас өз интеллектіне қанағаттану сезімімен байланысты.

Көз. Үлкен көздің бейнеленуі күдіктенішілік пен қоғамдық пікірге қатысты сезімділіктің жоғары деңгейін білдіреді. Кішкене немесе жұмулы көздер өз-өзіне бейімделу мен интроверсия тенденциясын білдіреді.

Құлақ пен мұрын. Үлкен құлақтар сынауға қатысты сезімділікті білдіреді. Мұрынға істелген акценттер сексуалды мәселелердің қалыптасқанының көрсеткіші болады. Осылар ерекше көрсетілсе агрессивтіліктің белгісі.

Ауыз. Ерекше бейнеленген ауыз бейнесі сөйлеудегі қиыншылықтарды білдіреді. Ауыздың салынбауы не депрессияны, не сөйлеуге деген қажеттіліктің жоқтығын білдіреді.

Қол. Тұлғаның айналамен байланыста болуының символы, айқасқан қол қатал, жабық тұлғаны білдіреді. Әлсіз салынған қолдар физикалық және психологиялық әлсіздіктің көрінісі. Ұзын, анық салынған қолдар өз-өзіне сенімділік пен сыртта болып жатқан оқиғаларға өзінің қатыстығын білдіреді.

Аяқ. Ұзын аяқтың бейнеленуі тәуелсіз болуға қажеттілікті білдіреді. Үлкен аяқтар қауіпсіздіктің болуын талап етеді. Аяқтың салынбауы тұрақсыздықты және негізділіктің болмауын білдіреді. Мысалы, дизертирлер, көбінесе бейнесін аяқсыз салады.

Бернс бейнеленген элементтер бойынша интерпретация жасауды ұсынса, қорытынды жасаудың екінші түрі бейненің салынуымен байланыстырылып жасалынады. Оның келесі түрлері бар:



1. Эстетикалық бейне – шығармашылық қабілеттіліктері бар адамдармен салынады. Бейнедегі сызбалардың көрнекті, жеңіл салынуы, образ сәйкестілігінің болуы осыған дәлел болады.

2. Схематикалық бейне – дене мен беттің схемалы түрде профилді және анфасты салынуы, мұндай адамдар интеллектісі жоғары болады, олардың жалпылауы синтетикалық когнитивті стиль түрінде болады.

3. Реалдылыққа сай бейне – мұнда барлық элементтер бет, шаш, құлақ, мойын, киімнің салынуы толық қамтылады. Мұндай адамдар педантилді, детализациялауға, аналитикалық когнитивті стилге қабілетті болады.

4. Метафоралық бейне – адам өзін бір зат түрінде, мысалы, шәйнек, химиялық құрал, жануар, өсімдік, әдеби кейіпкер түрінде салады. Мұндай бейнені жоғары фантазиялық дамуы бар шығармашылық адамдар салады. Осы адамдарға әзілқойлық та сай келеді.

5. “Интерьердегі автопортрет” – адамның басқа бейнелер, пейзаж бен бөлме фонының аясында салынуы. Осындай бейне салған адамдар сюжеттік бейнелеуге құмар болады, олар өздерін айналасындағылармен жоғары байланыста ұстайды.

6. Эмоционалды автопортрет – адам өзін бір эмоционалды күйде бейнелейді. Мұндай суретті салуға өз күйін рефлексиялайтын, жоғары эмоционалдылық тән адамдар салады. Көп жағдайда адамдағы эмоция салынған эмоцияға қарам-қарсы болуы мүмкін. Мысалы, қайғылы адам күліп тұрған адамды бейнелейді.

7. Қалыпты немесе қозғалысты бейнелеу – адам өзін бір әрекет істеуде бейнелейді. Мұндай суретті қозғалмалы адамдар, мысалы, спортшылар мен бишілер салады.

8. Артқы келбеттен салынған автопортрет – бет-бейненің орнына адамның шүйде тұсы салынады, мұндай суретті инструкцияға, зерттеушінің нұсқауларына қарсы келген адамдар салады.

Осы көрсетілген екі интерпретациялардан алынған мәліметтер негізінде “Автопортрет” проективті әдістемесінің сандық және сапалық мәліметтерін шығаруға болады.



2.3 Эксперименттік нәтижелерді өңдеу, психологияда қолданылатын

математикалық әдістермен талдау жасау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет