Біздің елімізде автомобильдер санының үнемі өсуі бензин тұтынудың сөзсіз өсуіне және соның салдарынан мұнай өнімдерін жеткізу қажет жанармай құю станциялары санының көбеюіне себеп болады



бет19/20
Дата20.05.2022
өлшемі332.5 Kb.
#458089
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Коррозия рамки для теории

қорытынды


Әр бөлімде тақырыпқа байланысты мәліметтер барынша толық қамтылған. Геологиялық бөлімде кен орны туралы жалпы мәліметтерін, кен орнында жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының тарихын, литология – стратиграфиялық сипаттамасын, тектоникасын, өнімді қабаттың мұнайлылығын барынша толық қамтыған.
Мұнай газ тасымалдау құбырлардың коррозиядан қорғау жобасы тақырыбы бойынша техника – технологиялық бөлімінде мұнай және газ кәсіпшілік жабдықтарын, мұнай мен газ құбырларының коррозиясымен күресуін, кәсіпшілік жүйенің коррозиялық сипаттамаларын, коррозия ингибиторларын, құбырларды коррозиядан қорғауды, ұңғыманы пайдалану кезінде және мұнай тасымалдау кезінде кездесетін қиыншылықтармен күрес шараларын, ұңғымалардағы жұмыс агенттерінің коррозиялық әрекетін бағалауды, коррозиядан қорғанудың жобалық әдістерін, мұнай өндіру және тасымалдау жүйесі жабдықтарын және құбыр желісінің коммуникацияларын коррозиядан қорғауына жалпы мәліметтер берген.
Мұнайда, суда және газда болатын элементтердің көпшілігі коррозия үдерісін қуаттайды. Мысалы, хлорорганикалық қосылыстар түрінде болатын хлор - 1000 С-ден артық температурада, ұңғымаларды жылулық өңдеуде, забой маңы аймағында тұз қышқылы түзілгенде, ұңғыма жабдықтарының қарқынды коррозиясының көзі болып табылады. Алайда, күкіртті және оттекті қосылыстар мөлшері көп қабат сұйықтықтарының коррозиялық активтіліктері жоғары болады. Күкіртті қосылыстардың ішінде күкіртсутек пен меркаптандардың агрессивтілігі жоғары болады да, ал сульфидтер, дисульфидтер, полисульфидтер, тиофандар мен тиофендер активті емес заттарға жатады.
Көмірсутектік коррозия. Қабат өнімінде күкірсутектің түзілуі сульфатто- тықтандырғыш бактериялар (СТБ) деп аталатын бактериялардың тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде болады. Бұл бактериялар сулы ортада сульфаттар бар кезде ғана болады. Сусыз ортада, мысалы, таза мұнайда СТБ дамымайды.
Сульфаттардың сульфидтерге СТБ қатысында тотықсыздануы, кейде оны биогендік сульфат редукциясы деп те атайды, мына сұлба бойынша жүреді:
4H2 + SO42 →S2- + 4H2O
Өлшемдері 0,1-3 мкм болып келетін СТБ дамуы үшін оңтайлы жағдайлар: температура шамамен 30-400 С және әлсіз минералданған сульфатты бейтарап орта. Қабат суының микроорганизмдермен ластануы сульфаттар мен микрофлорасы бар беттік суды айдағанда болады. СТБ мұнайкәсіпшілік аппараттарда, құбырлар мен қоймаларда, мысалы, парафин, механикалық қоспалардың коррозия өнімдері мен қоюланған мұнай тұнбаларының астында болады.
Экономикалық бөлімде «Қазгермұнай» бірлескен кәсіпорнының құрылу тарихы және басқару құрылымында, «Қазгермұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорнының негізгі техника – экономикалық көрсеткіштерін, мұнай өндірудің өзіндік құнында барынша толық мәліметтер қарастырылған.
Еңбекті қорғау бөлімінде адам организміне зиянды өндірістік факторларды, жұмыскер адамның жұмыстан кейінгі тұрмысы мен бос уақытын ұйымдастыруын, еңбектің гигиеналық жағдайларын толық қамтыған.
Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде мұнай құбырларының коррозиясы әсерінен қоршаған ортаның ластануына, жер қойнауларын қорғау жұмыстарының негізгі бағыттарына, ілеспе су әсерінен коммуникацияларды тоттанудан қорғау шараларына барынша толық мәліметтер берген.
Дипломдық жобаны жасау барысында тақырып бойынша келесі қорытындылар алынды:
1.Кәсіпшілік жүйенің коррозиялық сипаттамалары.
2.Ұңғыманы пайдалану кезінде және мұнайды тасымалдау кезінде
кездесетін қиыншылықтармен күрес шаралары.
3.Ұңғымалардағы жұмыс агенттерінің коррозиялық әрекетін
бағалау.
4.Коррозиядан қорғанудың жобалық әдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет