Біздің елімізде автомобильдер санының үнемі өсуі бензин тұтынудың сөзсіз өсуіне және соның салдарынан мұнай өнімдерін жеткізу қажет жанармай құю станциялары санының көбеюіне себеп болады



бет2/20
Дата20.05.2022
өлшемі332.5 Kb.
#458089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Коррозия рамки для теории

1. Технологиялық бөлім
1.1 Мұнай және мұнай өнімдері көлігі туралы жалпы мәліметтер

Халық шаруашылығының дамуы мұнай, мұнай өнімдері мен газды тұтынудың едәуір өсуімен байланысты. Өнеркәсіп, көлік және ауыл шаруашылығы мұнай өнімдерінің 200-ден астам түрін жанар-жағармай түрінде тұтынады. Халық шаруашылығының барлық салаларының үздіксіз жұмысы мұнай өнімдерін уақтылы жеткізуге байланысты.


Мұнай өнімдерін жеткізу және тарату құбыр, су, темір жол және автомобиль көлігімен, сондай - ақ мұнай базалары, газ қоймалары, бензогаз тарату станциялары желісімен жүзеге асырылады.
Көліктің әрбір түрі тиісті көлік жолдарының дамуына, тасымалдау көлеміне, мұнай жүктерінің сипатына, мұнай кәсіпшіліктерінің, мұнай өңдеу зауыттарының (МӨЗ), мұнай базалары мен негізгі тұтынушылардың орналасуына байланысты пайдаланылады. Сонымен қатар, көлік түрін таңдаудың барлық жағдайларында мақсат қойылады: Ең аз шығынмен жеткізу мерзімін қысқарту және ұтымсыз тасымалдауды толығымен жою.
Көлік түрін таңдағанда, осы түрдің кемшіліктері де, артықшылықтары да ескеріледі. Белгілі болғандай, нақты шығындар неғұрлым аз болса, көлік магистралінің қуаты соғұрлым жоғары болады. Алайда жұмыстың маусымдылығы мен тасымалдау қашықтығы сияқты факторларды да назардан тыс қалдыруға болмайды. Мысалы, теміржолға қарағанда арзан су көлігімен тек навигациялық кезеңде, автомобиль көлігімен — кейбір аудандарда жол қозғалысы басталғанға дейін, ал теміржол және құбыр арқылы — жыл бойы тасымалдауға болады. Қысқа қашықтыққа тасымалдау кезінде автомобиль көлігін пайдалану өте үнемді. Мұнай өнімдерін өте ұзақ қашықтыққа жеткізген жағдайда, көліктің бір түрімен шектелу мүмкін болмаған кезде, мұнай жүгін көліктің бір түрінен екіншісіне беруге тура келеді. Жүктерді көліктің бірнеше түрімен жылжыту аралас тасымалдау деп аталады.


1.2 Майлардың табиғи түрлері

Битум табиғи немесе жасанды болуы мүмкін. Құрамында массасы бойынша 20%-тен көп минералды қоспасы бар табиғи битумдарды табиғи асфальт, ал жоғары температурада балқитын, морт минералдық қоспасыз түрін табиғи асфальтит деп атау қабылданған.


Қазіргі кезде табиғи битумды негізінен тау жыныстарынан – битуммен қаныққан әктастан, доломиттен, құмдақтан, сланецтерден алады. Табиғи битумның қалыптасуы әртүрлі жастағы геологиялық қыртыстарда кездесетін мұнайлардың тотығып, қоюлануының қорытындысы деп қарауға болады. Мұнай жер астында жылжып тұрады, кеуекті, жарықты шөгінді тау жыныстарында жиналып, жоғары температура мен қысымның, сондай-ақ тотығу процесінің әсерімен қатты немесе жабысқақ битумға айналады, яғни табиғи битумдар климаттық және геологиялық факторлардың әсерінен мұнайдан түзіледі. Сол факторлардың әсерінен мұнайдың құрамындағы жеңіл көмірсутектер буланып, қалған өнім тотығып, полимерленген. Бұл битумдар жердің жоғарғы қабатына жинақталады, немесе беттік көлдер түзеді.
Табиғи битумды асфальтты жыныстарды ыстық сумен (қазанда қайнату) трихлорэтилен немесе басқада органикалық еріткіштермен өңдеу арқылы бөліп алады. Табиғи битумдар ауа-райына тұрақтылығымен және тасты материалдар бетіне жақсы жабысуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдайда, тау жыныстарын, әсіресе карбонатты жыныстарды ұнтаққа айналдырады. Алынған асфальтты ұнтақ, асфальт бетон үшін құнды компонент болып табылады. Табиғи немесе мұнай битумының асфальт ұнтағымен жақсы араласқан араласпасын асфальтты мастика деп атайды.
Табиғи битумдар мұнайдан пайда болады. Климаттық және геологиялық факторлардың әсерінен мұнайдан жеңіл қосылыстар ұшып, қалған масса тотығады және полимерленеді. Бұл битумдар жер қыртысының жоғары қабатарында жиналады немесе ашық көлшіктер ретінде қалыптасады.
Битум жер қыртысында қалыптасқан кезде, олар әктасты, доломитті және басқа да жыныстарға сіңіп, битумды немесе асфальтты тау жыныстарын түзеді және оның құрамындағы битумның үлесі 5-20% шамасында болады. Егер асфальтты тау жыныстарының құрамындағы битумның үлесі 10% арттса, одан битумды бөліп алу тиімді деп есептеледі. Көбінесе битумды суда қайнату немесе органикалық еріткіштерде еріту арқылы бөліп алады.
Бірінші тәсіл бойынша асфальтты тау жынысын ірілігі 6-10мм етіп бөлшектеп, суы бар ыдысқа орналастырады. Битумның минералды бөлшектерден бөлінуін жеңілдету үшін, суға тұз қышқылын қосады. Тау жынысы мен қышқылданған судан тұратын қоспаны үнемі аралстыра отырып қайнатады, нәтижесінде битум бөлініп, судың бетіне шығады. Оны арнайы қондырғының көмегімен бөліп алып, минералды бөлшектер мен судан бөлу үшін тұндырғыштарға жинайды. Қажетті жағдайларда битумды ауамен тотықтырады.
Екінші тәсіл бойынша тау жыныстарын майдалап арнайы ыдысқа салады да, органикалық еріткіштерді құйып, араластырады. Битум еріткіште ериді, ерітіндіні басқа ыдысқа құйып, буландыру жолымен битумды бөліп алады. Битумды бөлудің бірінші тәсілі, екіншісімен салыстырғанда экономикалық жағынан тиімді болып табылады.
Беттік битумдар мұнайдың жердің бетіне шығуы нәтижесінде пайда болып, беттік көлшіктер түрінде қалыптасады.
Егер тау жыныстарының құрамында битумның үлесі аз болса, онда оны ұнтақтап, асфальт ұнтағын алу үшін қолданады. Дисперстілігі жоғары ұнтақты зауыттық жағдайда, асфальттік мастикалар, асфальтбетонды, коррозияға қарсы жабындарды және гидрофобты қоспаларды алу үшін қолданады.
Бұрынғы Кеңес одағының аймағында құрамында битум бар жыныстар Тбилиси, Баку, Камчатка, Сібір, Орта Азия аймақтарында кездеседі. Қазақстан териториясында битумды жыныстар Маңғыстау облысы аймағында кездеседі.
Мұнайлы битумдар мұнайды өңдеу арқылы алынады:
1) ауалық-вакуумдық айдау арқылы (қалдық битумдар);
2) битум қалдықтары – гудрондарды ауадғы оттегімен тотықтыру арқылы (тотықтырылған битумдар); 3) жоғары қысым мен температурада мазутты кренкингілеу кезіндегі қалдықтарды тотықтыру арқылы (крекинг битумдары); 4) гудрондардың асфальтты-шайырлы бөлігін пропан және басқа да әлсіз еріткіштермен тұндыру – асфальтсыздандыру арқылы (экстракты битумдар); 5) қышқыл гудрондарды өңдеу арқылы (қышқылдық битумдар).
Мұнай битумдары дегеніміз мұнайдан шыққан өнім. Мұнайды өңдеу дегеніміз - өңдейтін зауыттарда, олардың қайнау температурасына карай, мұнайды жеке фракцияларға бөлу технологияның негізгі кезеңдері болып табылады. Мұнайды фракциялық айдау қорытындысында, жанатын заттар (бензин, лигроин және басқа), майлайтын майлар (айналатын білік пен машинаға қажетті), сондай-ақ қарамай немесе мұнай битумын өндіруге жіберетін қалдық алынады.
Мұнай шикізатын арнаулы битум цехында қосымша өңдеуден өткізгеннен соң, қажетті тұтқырлығы және басқа да құнды технологиялық қасиеттері бар битум алынады.
Өңделетін табиғи битумдар салыстырмалы түрде аз және олар толығымен химия өнеркәсібінде пайдаланылады, ал мұнай битумдарын көбінше құрылыста қолданады.
Өндірісте кең таралған мұнайлы битумдарды алу тәсілі – тотықтырылғын битумдар өндіру. Тотықтырылғын битумды үздіксіз немесе үздікті тәсілмен түтікшелі қондырғыда тотықтыру арқылы өндіреді.
Үздіксіз әрекеттегі түтікшелі қондырғыда шикізатты эмульсиялы тотықтырудың сызбасы 3.1 – суретте көрсетілген.

сурет 1- Үздіксіз әрекеттегі түтікшелі қондырғыда мұнайды эмульсиялы тотықтырудың сызбасы
-реактор, 2-газды жағу үшін арналған циклонды пеш, 3-сепаратор, 4-өнім багы, 5-өнім насосы, 6-шикізат бу насосы, 7-циркулярлы бу насосы

Мұнай битумдары, өңдіріс технологиясына байланысты, қарамайдан басқа майларды толық бөлу арқылы алатын - қалдықты, қарамайды тотықтыру арқылы алатын - тотықты, мазутты крекинг-процесімен өңдеу кезінде пайда болатын крекинг-қалдықтарды тотықтыру арқылы алынатын - крекингті, яғни көмірсутегтерді, жоғарғы температура (400-6000С) мен жоғары қысымда (0,5 МПа-ға дейін) ыдырататын болып бөлінеді. Экстракты – қарамайдың асфальт шайыры бөлігін пропан немесе басқа әлсіз ерітінділерінде (асфальтсыздандыру) шөгіндіру арқылы алынатын, қышқылды қарамайды, жанатын және майлайтын майларды күкірт қышқылымен тазалаудан қалған қалдықты бейтараптап алады.


Мұнай өңдейтін заводтарда битумды, табиғатта кездесетін бір-бірінен көмірсутек тобтарының сан қатынастарымен ерекшеленетін әртүрлі мұнайларды өңдеу арқылы алады. Шикізатты дұрыс таңдап, тиімді технология мен шараларды берілген техникалық талаптарға қатаң түрде сай келтіре отырып, битумның сапасын реттеуге болады.
Битумдар кең қолдану табуда. Оларды, әсіресе мұнай битумдарын жол, аэродром, шатыр және басқада асфальтбетонды жамылғыларда, су оқшаулайтын қорғау қондырғыларында байланыстырғыш зат есебінде пайдаланады.
Битумның сапасын жақсартудың тиімді тәсілдерінің бірі, ол битумға каучук немесе каучук сияқты заттарды қосу болып табылады. Бәрінен жиі, арзан және жеткілікті резина-техникалық бұйымдар өндірісінің қалдықтары немесе тозып, пайдалануға жарамай қалған, мысалға автомобильдік дөңгелек қабтарын өңдеу өнімдері қолданылады.
2- жылытқышта алдын ала қыздырылған рециркулятпен шикізат қоспасы, 8 – араластырғышта ауаның қатты ағынымен араластырылады. Пайда болған битум көбігі 3 – реактор түтікшелерінде тотықтырылып, 4 – өнім багына жиналады. Қосалқы газдар мен су буы 5 – конденсатор арқылы атмосфераға шығарылып, тотықтырылғын битум 6 – жинағыш бакка жиналады.
Мұнай өңдейтін заводтарда битумды, табиғатта кездесетін бір-бірінен көмірсутек тобтарының сан қатынастарымен ерекшеленетін әртүрлі мұнайларды өңдеу арқылы алады. Шикізатты дұрыс таңдап, тиімді технология мен шараларды берілген техникалық талаптарға қатаң түрде сай келтіре отырып, битумның сапасын реттеуге болады.
Битумдар кең қолдану табуда. Оларды, әсіресе мұнай битумдарын жол, аэродром, шатыр және басқада асфальтбетонды жамылғыларда, су оқшаулайтын қорғау қондырғыларында байланыстырғыш зат есебінде пайдаланады.
Битумның сапасын жақсартудың тиімді тәсілдерінің бірі, ол битумға каучук немесе каучук сияқты заттарды қосу болып табылады. Бәрінен жиі, арзан және жеткілікті резина-техникалық бұйымдар өндірісінің қалдықтары немесе тозып, пайдалануға жарамай қалған, мысалға автомобильдік дөңгелек қабтарын өңдеу өнімдері қолданылады.
Битумға резинаны қосқанда оның термиялық төзімділігі мен тозуға төзімділігі артады. Қосылатын резина қиқымының мөлшері, бастапқы битум сапасына, әсіресе оның жабысқақтығына байланысты 3-15% (битумның массасынан) шегінде болады. Әсіресе жасанды каучуктерді, мысалға полизобутиленді қосқанда жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады (битумның массасынан 5%-ке дейін).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет