Біздің елімізде автомобильдер санының үнемі өсуі бензин тұтынудың сөзсіз өсуіне және соның салдарынан мұнай өнімдерін жеткізу қажет жанармай құю станциялары санының көбеюіне себеп болады



бет13/20
Дата20.05.2022
өлшемі332.5 Kb.
#458089
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Коррозия рамки для теории

3.2 Мұнайды әзірлеу және аудау

Ұңғымадан келіп түсетін мұнай мен газ жабық жүйе бойынша жинақталады, ол мұнайды жинақтау және оның ұңғымалардан өткізу пунктіне дейін қозғалуы кезінде мұнайдың атмосфералық ауамен түйісуін болдырмайтындай жағдайларды қамтамасыз етеді. Мұнайды жинақтау жүйесі мұнайды газдан айырып, оны су мен құмнан тазартуды, ұңғымалардың (мұнайдың, газдың, будың) өнімінің жекедара өлшеуін жүргізіп, мұнайды ішкішаруашылық тасымалдауды, мұнайды өңдеуге әзірлеуді, мұнайдың жалпы шаруашылық өндірісі мен өткізілу мөлшерін өлшеуді жүргізуі тиіс.


Шикі мұнайды жинақтау мен оны ұңғымадан жинақтау құрылғысына дейін айдау жұмыстарын аудандық инженерлік-технология қызметкерлері жүргізеді. Бұдан арғы мұнайды айдау, оны өңдеуге, сақтауға, есебін жүргізу мен өткізуге арнап әзірлеу жұмыстарын мұнайды әзірлеу мен айдау жөніндегі арнайы цехтар орындайды.
Жұмыстың аса күрделі бөлігі – мұнайды өңдеуге арнап әзірлеу. Ол тікелей мұнай өңдеу кәсіпорындарында және бұл ретте кешенді түрде жүргізілуі тиіс, б.а. оған механикалық қоспалардан тұндыру, сусыздандыру (эмульсиясыздандыру), тұзсыздандыру (негізінен хлорлы тұздардан, кальцийден, магнийден, натрийден) және тұрақтандыру процестері кіруі тиіс. Тұрақтандыру ретінде мұнайдан жасанды әдіспен онда еріген ұшқыш көмірсутегілерді бөліп алу, соның нәтижесінде мұнайдың құрамы әдеттегі жағдайларда тұрақты болып қала береді. Бұл жағдайда мұнай-газ өндіру кәсіпорны өндірілетін өнімнің (мұнай мен газдың) мөлшері үшін ғана емес, сондай-ақ оның сапасы үшін жауапкершілікте болуы тиіс. Бұл ретте мұнайды әзірлеу мен айдау цехы өткізілетін мұнайдың сапасын техникалық бақылау немесе зертханалық бақылау бөлімінің қызметін орындайды. Цех мұнайды айдау, әзірлеу, өткізуді, мұнай сорғыш станциялардың, мұнай құбырларының, резервуарлық парктің, эмульсиясыздандыру құрылғысының жөнделуін жоспарлайды. Мұнайды айдау мен өткізу жоспарларында келесі негізгі көрсеткіштер беріледі:

  1. тонна бруттолардың мөлшері (Б);

  2. тонна неттолардың саны (Н);

  3. ластануы (Л), пайыз;

  4. жанармайдың потенциалы (ж).

Тонна бруттолардың мөлшері (Б) – бұл өзіндегі қоспалармен бірге қабылдауға және айдауға жоспарланып отырған мұнайдың мөлшері, ол келесі формула бойынша белгіленеді:
Б = Н · 100 / 100-л (3.4)
Тонна неттолардың саны (Н) (қоспасыз) мұнай өңдеу кәсіпорнындағы мұнайдың балансынан алынады, ластануы бекітілген нормаға сәйкес пайызбен қабылданады.
Ластану пайызы (Л) – механикалық қоспалардың (Л) тонналарының салмақтық өлшерінің тонна бруттолардың салмақтық санына (Б) қатынасы түрінде болып келетін пайызбен көрсетілген әр резервуар бойынша орташа өлшенген шама:
Л = Л / Б · 100 (3.5)
Жанармайдың потенциалы (ж) – бұл қайнау соңы 1500ºС дейінгі мұнайдағы жанармайлық фракциялардың пайызбен көрсетілген потенциалдық (мүмкін болар) мөлшері. Жанармайдың потенциалы сонымен қатар әр резерваур бойынша орташа өлшенген шама ретінде белгіленеді және жанармайлық фракциялардың салмақтық мөлшерінің мұнайдың салмақтық санына, б.а. тонна неттолардың санына (Н) қатынасы болып келеді:
ж = Пж / Н ∙ 100 (3.6)
Мұнайды өткізу немесе жеткізу жоспары екі бөлімнен тұрады:

  1. мұнайды мұнай құбырлық немесе тауарлық-көліктік ұйымға өңдеуге арнап өткізу;

  2. мұнайды басқа тұтынушыларға өткізу – мұнда мұнайдың шығыны ескеріледі. Бұл жоспарды сондай-ақ тұтынушының талап етуі бойынша сұрыптар бойынша құрастырады.

Өткізу жоспарында мұнай тонналарының саны мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасындағы мұнайдың балансына сәйкес келуі тиіс, ал жанармайдың ластану пайызы мен потенциалы – бекітілген нормаларға сәйкес келуі тиіс. Өткізілетін мұнайға арнап әрбір сорты мен резервуар бойынша Өткізілетін мұнайдың паспорты жасалады, онда зертханалық талдаудың деректері көрсетіледі: тағыздығы, тұздардың, механикалық қоспалардың мөлшері, батырылуы, судың мөлшері. Паспорт мұнайды өткізу кезінде соның сапасын растайтын құжат болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет