Жоба сыртқы есептік температураға байланысты өңделген -35 0 С.
Жылыту жүйесінің жылу тасымалдағышы – су 95-70 0 С параметрлерімен.
Бөлмелердегі ауаның ішкі есептік температуралары ҚНжЕ II-79-77 сәйкес қабылданған.
Ғимарат орталық су жылытқышымен жабдықталған, мұнда үш өздігінен жылыту жүйелері жобаланған.
Магистральді құбыр өткізгіштердің өткізілуі негізінен техникалық қабатта жобаланған, және бөлшекті каналдарда.
Жертөле арқылы өткізілетін калорифермен келтіру және жылыту жүйесінің беруші магистральді құбыр өткізгіштері алдағы лакошыныталшықпен жабылған минералды мақта өнімдерімен оқшауланады. Оқшаулағыш қалыңдығы 40 мм. Қыздырғыш құралдар ретінде "М-90", "РСГ2 " типті радиаторлар орнатылған, ал холлдарда – "Комфорт" типті конвекторлар.
Саты торлары РВ типті ауақыздырғыштармен жылытылады.
Ғимараттың сумен жабдықталуы сыртқы сақиналы құбыр өткізгіш жүйесінен жүзеге асырылады.
Ғимаратта 100 мм құбыр өткізгіштің енгізілуі жобаланған, ол корпус жертөлесінде орналастырылған. Енгізуде су өлшегіш орнатылады.
Ғимарат ішінде біріктірілген шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы сақиналы құбырөткізгіш жүйесі жобаланған.
Магистральді құбырөткізгіштер техникалық қабатта және конденсаттан оқшауланып корпус жертөлесінде салынады. Су құбырының тіректері ыстық су тіректерімен және канализациямен біріктіріліп шахталарда монтаждалады. Келтірулер ашық салынады.
Оқу корпусы үшін суық судың есептік секундтық шығыны 2,97 л/сек тең. Корпустың ішкі өрт сөндіруіне су шығыны 2 ағыс 2,5 л = 5 л/сек бойынша қабылданады.
Кешеннің шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне жалпы су шығыны 8,05 , шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы қажеттіліктерге шығындар қосындысы 8,05 л/сек. +5,0 л/сек. =13,05 л/сек.
Жалпы су шығыны мына формула бойынша анықталады:
g= 5 g0 L= 8,05 л/сек. (2.1)
d = 80-100мм су құбыры жүйесі болатты сугазоөткізгішті мырышталған құбырлардан монтаждалады.
Өтпелер мен жасыл көшеттер ғимаратта орнатылған сыртқы суарылатын крандардан суарылады.
Жоба трансформатордың нейтралі бар 380/220 кернеуге есептелген.
Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету дәрежесі бойынша Университет ғимараты 2-ші категорияға жатады. Электрмен тұтыну өзара резервтелген кабельдермен жүзеге асырылады, олардың маркасы мен қималары жобаны жобалау кезінде анықталады. Барлық электр жүйелері, жобада белгіленгендерден басқа, АНВ- 660 маркалы сымымен жобаланған және былайша орындалады:
а) винилопластты құбырлардағы қоректендіруші таратқыш электр күштік жүйелер берілген қабаттың еденінде және құрылыс конструкцияларында;
б) жарықтандырудың топтық электр жүйелері - винилопластты құбырларда жоғары ораласқан қабатта және штепсельді розеткаларға берілген қабаттың еденінде;
в) аспалы төбесі бар топтық электр жүйелері – болатты жұқа қабырғалы құбырларда.
Жоспардағы топ нөмірлері щиттегі автоматты қосқыштар нөмірлеріне сәйкес келеді.
Электр жабдықтардың барлық тоқ апармайтын металл бөліктері жерленуге жатқызылады. Жерлендіру үшін болат құбырларды және электр жүйесінің нөлдік сымдарын қолдануға болады.
Найзағайдың тура соққыларынан ғимараттың найзағайдан қорғалу қондырғысы құрылыс сызбаларында қарастыралады және ҚН-36577 сәйкес орындалады.
Жобадағы шартты белгілер мемлекеттік стандарт 2754-72 (әрі карай МЕСТ) бойынша қабылданған.
-
Өрт жағдайының анализі
Ғимаратта негізгі өрт ауртпалығын құрайды: жиһаз, маталар, компютерлер, ағаш, Ситетикалық заттар, қағаз, бөлмелердің, холлдардың, көмекші аппаратураның және коридорлардың жасалуы.
Ағаш келесі өрт қауіпті қасиеттерге ие: - бұл жанғыш материал. Жану жылуы –(18731-20853) кДж/кг. Жанғыш көрсеткіші 2,1; тұтану температурасы 2550С, өздігінен тұтану температурасы -3990С. Жылулық өздігінен тұтануға қабілетті; өздігінен жану кезінде бықсу температурасы 295 0С, НКПРП –34 г/м3; жарылыстың максималды қысымы 520 кПа.
Ситетикалық алаша «Мимоза» (Швеция): жанғыш материал. Жалынның таралу индексі – 27,2.
Жүннен тоқылған алаша (80% жүн) «Вельвет» (Финляндия): жанғыш материал, биіктігі. Жалынның таралу индексі -10,8.
Ағаш еменді, жанғыш материал. Ылғалдылығы 8,9 % (масс); тығыздығы 600-700 кг/м3; жылуөткізгіштігі 0,35-0,81 Вт/ (м.К); жанып кету жылуы – (18221-19874) кДж/кг. Жанғыш көрсеткіші 2,1 артық; өздігінен тұтану температурасы – 3750С, өздігінен тұтануға қабілетті; бықсу температурасы - 2980С. Қызу көзінің әсерінен қорғау 1000С температурамен.
«Реверанс» матасы, жартылай жүнді, артикул 49278, жанғыш материал. Құрамы процент (масс): жүн 40, ацетохлорин 60. Жалынның таралу индексі 43,2.
Мата «Карбимид» талшығынан, жанғыш материал. Жалынның таралу индексі 5,1.
Синтетикалық заттардан жасалған бөлгіш материалдардың көп болуы, өртке қарсы қызметінің жеке құрамына ТОЖҚҚ-мен жұмыс істеуге бөгет жасайды. Пластмасса негізіндегі тауарлар бар болғандағы жану кезінде түтін түрінде жанудың улы өнімдерін көп мөлшерде бөледі, сонымен қатар жоғары ортакөлемдің температура да сипатты.
-
Жану таралуының сызықты жылдамдығын, от сөндіргіш құралдарды беру қарқындылығы мен түрін түсіндіру
Жану таралуының сызықты жылдамдығы – бұл уақыт бірлігінде берілген бағытта жалын майданының бағыттаушы қозғалысын көрсететін физикалық шама, м/мин.
Ол жанғыш материалдар күйі мен қасиетіне, жанғыш ауыртпалық пен жану температурасына, жылудың берілу жағдайына, өрт түрі мен орнына, жанғыш беттіктің орналасуына, жанғыш материалдың тұтану қабілеттігіне, ылғалдылық дәрежесіне, материалдардың беттік күйіне және басқа да факторларға тәуелді. Бөлмелердің үлкен ауданында жанғыштардың көп болуы өрттің тез таралуына жағдай жасайды. Статистикаға сәйкес, қоғамдық ғимараттарда сызықты жану жылдамдығы 0,8-1,5 м/мин жетеді.
Университеттің негізгі жанғыш материалдары болып табылады: ағаш, пластиктер, пенопласттар, тоқыма материалдары және т.с.с.
Жанып жатқан материалдар мен заттарды сөндіру үшін суыту әдісін қолданған жөн. Суыту жылдамдығы от сөндіргіш заттар түріне, температуралар айырмашылықтарына және жылу қабылдау коэффициентіне тәуелді. Ең үлкен үдемелі беттікпен газдар мен сұйықтықтарды суытады. Ең тиімдісі жоғары жылу сыйымдылығы бар сұйықтықтарды қолданған жөн. Мұндай от сөндіргіш зат ретінде суландырғышы бар суды қолданады.
Су ең кеңінен таралған құралдардың бірі және өте әмбебап құрал болып табылады. От сөндіргіш зат ретінде судың жетістігін анықтайтын факторлар арзандылығы, жылусыйымдылығы, химиялық нейтральдық және удың жоқ болуы болып табылады. Жақсы қозғалғыштық оны жеткізу мен суды транспорттау жеңілділігін қамтамасыз етеді тұтас ағыс түрінде.
Су әрекетінің негізгі от сөдіргіш тиімділігі суыту болып табылады, нәтижесінде зат тұтану температурасынан төмен суытылады, бұл жағдайда өрт ошағынан алынатын жылу сумен жұтылады және су буымен шығарылады. Оның жоғары температурасы 4,19 Дж/кг х град суға жақсы суытқыш қасиетті береді. Өртті сөндіру нәтижесінде буға айнала отырып (1 литр судан 1700 литр бу түзіледі) су әрекеттесуші затты араластырады. Судың буға айналуының жоғары жылуы (2236 кДж/кг) өрт сөндіру процессінде жылудың көп мөлшері жоюға мүмкіндік береді.
Төмен жылу өткізгіштік жанғыш материалдың бетінде берік жылу оқшаулағышын құруға мүмкіндік береді.
Судың жоғары термиялық төзімділігі (ол 1700°С кезінде оттегі мен сутегіге ыдырайды) қатты материалдардың көбін сөндіруге, кейбір материалдарды, булар мен газдарды ыдыратуға, аэрозольдерді жұтуға қабілетті.
Ол өрт сөндіру мақсаттары үшін жеткілікті, заттар мен материалдардың көбіне қатысы бойынша инертті, өте үлкен сыбайластыққа, қысылмауға ие. Өртті сөндіру кезінде суды компактты және шашыранды ағыстар түрінде қолданады.
От сөндіргіш зат ретінде судың негізгі жетіспеушілігі, жоғары беттік тартылудан (0,07275 Дж/кв.м) ол электрөткізгішті, ол қатты материалдарды нашар суландырады. Судың беттік тартылысы ондағы беттік-белсенді заттарды еріту жолымен төмендеуі мүмкін. Суландырғыштар қоспасы судың беттік тартылысын 36.4 Х 10 Дж/кв.м. дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Осындай түрде ол жоғары өту қабілеттігіне ие, осының әсерінен өрттерді сөндіруде үлкен тиімділік қалыптасады. Суландырғыштардың сулы ерітінділері су шығынын 30-50% азайтады, сол сияқты өртті сөндіру ұзақтылығын. Жануды тоқтату үшін суландырғыштар ерітінділерін қолдану қажет, олар оның қатыстық концентрациясы кезінде суландырудың үлкен уақытына ие.
Суландырудың оптималды уақыты 7-9 секунд қабылданған. Осы уақытқа сәйкес келетін суладыру концентрациясы оптималды деп аталады және өрттерді сөндіру үшін қолдануға ұсынылады.
Ең кеңінен таралған суландырғыш КТ-1 болып табылады, оның оптималды концентрациясы 0,035-0,045.
Өрттің табысты сөндірілуіне әсер ететін негізгі фактор от сөндіргіш затты беру қарқындылығы болып табылады. Суды беру қарқындылығы, уақыт бірлігінде берілетін жану беттігінің бірлігімен түсіндіріледі.
Тәжірибелерді жалпыландыру, өрттерді сөндіру практикасының, ҚР ТЖМ жарлықтары негізінде қоғамдық ғимараттарда өрттерді сөндіру үшін суды беру қарқындылығын 0,1л/кв. деп қабылдаймыз.
4 Өрт сөндіруге енгізілетін күш пен құралдардың есебі
-
Оқу корпусының 4 қабатында өрт сөндіру
Өрт ауыртпалығын ескере отырып өртті компакты және шашыраңқы сумен сөндіру қажет.
Қажетті күш пен құралдар есебі:
Қосымша мәліметтер:
Өрттің жылдамдығы Vл = 1 м/мин
Сөндіру құралдарын беру интенсивтілігі: Jтр =0,1 л/(м2с)
1. Өрттің еркін даму уақытын анықтаймыз (оттың пайда болу уақытынан ӨСБ-2 сөндіруге оқпандарды бергенге дейін).
tСВ = tОБН + tСООБ + tОБР.ИНФ. + tСБ + tСЛ + tБР
мұндағы: tОБН - өртті табу уақыты, мин.;
tСООБ – өрт туралы хабарлау уақыты, мин.;
tОБР.ИНФ – ақпаратты өңдеу уақыты, мин.;
tСБ – жиналу уақыты (1 мин. деп аламыз);
tБР – жауынгерлік қанат жаю уақыты, мин. (ӨСД нормативтері бойынша).
tСВ = 3 + 1 + 0,5 + 1 + 4,5 + 5 = 15 мин. (4.1)
сл60 * L
Vсл.
мұндағы: L - өрт бөлімінен объектке дейінгі арақашықтық, км;
Vсл - ӨА жылдамдығының орташа жылдамдығы, км/сағ;
сл60 *3,5мин.
2. Өртің еркін даму уақытындағы отпен өтілген жолды анықтаймыз:
L (R) = 5*VЛ + VЛ*t2 = 5*1 + 1*5 = 10 м (4.2)
мұндағы:tСВ-t1=15-10=5 мин.
Оқпандарда берген уақытқа дейін от келесі бөлмеге тарайды және өрттің даму пішіні тік бұрышты болады.
3. Өрт ауданын анықтаймыз: (4.3)
SП = а*в=20*10=200 м2
мұндағы:
а – өрт шебінің ені;
в– бөлме ұзындығы.
4. Өрт сөндіру ауданын анықтаймыз: (4.4)
Тікбұрышты формалы өрт кезінде және дамып жатқан өрт фронты бойынша оқпандарды берген кезде:
SТ = n*a*hТ= 10*2*5= 100 м2
Мұндағы, a – бөлме ені, м.
n – оқпанды беру бағытының саны.
hТ – оқпанмен сөндіру тереңдігі, қол оқпандары үшін-5м, лафетті оқпандар үшін –10м деп қабылданады.
5. өрт сөндіру үшін өрт сөндіру құралдарының (су) қажетті шығынын анықтаймыз: (4.5)
QТТР = Sп * JТР = 100 * 0,1 = 10л/(м2*с)
мұндағы, Jтр – су берудің қажетті интенсивтілігі, л/(с м2),
Jтр = 0,1 л/(м2*с)
6. Қорғауға өрт сөндіру құралдарының қажетті шығынын анықтаймыз, қорғау ауданын анықтаймыз: (4.6)
QЗТР = (S3қаб + Sшатыр + Sқабыр) * JТР/4 = (200+200+198)*0,1 /4 =15 л/(м2*с)
7. Жалпы қажетті шығынды анықтаймыз: (4.7)
Q = Q + Q
Q = 10+ 15 = 25 л/(м2*с)
8. Өрт сөндіру үшін оқпандар санын анықтаймыз: (4.8)
N = Q/qСТ = 10/3,5 = 3 ст. «Б»
9.Көрші бөлмелерді қорғау үшін олқпандар санын анықтаймыз: (4.9)
N = Q/qСТ
N = 15/3,5 = 5 ст. «Б»
-
Судың нақты шығынын анықтаймыз: (4.10)
Q = NТСТ * qСТ + NЗСТ * qСТ
Q = 3 * 3,5 + 5*3,5 = 28 л/с
Салыстырамыз: Q и Q 28 > 25 теңестіру орындалды.
11. Объекттің сумен қамтылуын анықтау: (4.11)
QВ = (VВ*dСЕТИ)2
мұндағы: QВ – су тарату жүйесінің су беруі, л/с;
VВ – құбыр бойымен судың қозғалу жылдамдығы, м/с;
dСЕТИ – құбыр диаметрі труб, дюйм (1 дюйм = 25,4).
QВ = (1,3 *6)2 = 61 л/с
Объект сумен қамтылған.
12. Қажетті өрт машиналар санын анықтау: (4.12)
NМ = Q/0,8*QН
Мұндағы: QН – өрт автомобилінің сорғышының су беру қарқыны, л/с.
NМ = 28/0,8 * 40 = 1 ПА
13. Бөлімше санын анықтау: (4.13)
NОТД = Q/QОТД
мұндағы: QОТД - бір бөлімше бере алатын өрт сөндіру заттарының шығыны, л/с.
NОТД = 28/14 = 2 отд.
Ірі өрттерді сөндірудің практикалық икемділігінен шыға отырып, түтінденген бөлмеде жұмыс жасап жатқан ГТҚҚ жеке құрамын ауыстыруға резерв қарастыру керек. Резерв өрт сөндіруде жұмыс жасап жатқандардың ГТҚҚ буынының санынан 30 % құрауы қажет. (4.14)
NЗВ.ГДЗС = NЗВ.РАБ + 50 % = 8 + 4 = 12 ГТҚҚ буынын қабылдаймыз
14. Қажетті жеке құрам санын анықтыймыз: (4.15)
NЛС = N*3 + N*2+ NМ +NПБ + NРАЗ = 3*3 + 5*2 +2+ 8 +3 = 32 адам.
мұндағы: N*3 – өрт сөндіру бойынша оқпандар позициясында тұрған адамдар саны, оқпаншыларды қоса (ГТҚҚ буындары да ескеріледі);
N*2 – қорғау бойынша оқпандар позициясында тұрған адамдар саны, оқпаншыларды қоса;
NМ – қысымды-жең жұйесіндегі жұмысты бақылаудағы адамдар саны (машина саны бойынша);
NПБ – қауіпсіздік постындағы адамдар саны (ГТҚҚ буындарының саны бойынша);
NСВ – байланысшылар саны;
NРАЗ – таратқыштар және т.б. жұмыс жасаушылардың саны.
15. Негізгі тағайындалған бөлімдердің қажетті санын анықтау және гарнизонды кесете бойынша өртке шақыру номерін анықтау: (4.16)
NОТД = NЛС/4
NОТД = 32/4 = 8 отд.
16. АЦ-да ӨСБ-2 қарауылы екі бөлімше құрамында бере алатын өрт сөндіру құралдарын анықтаймыз. ӨСБ-2 қарауылы түтінденген бөлмеге бір оқпаннан бере алатын екі ГТҚҚ буыны ғана бар, сонда: (4.17)
Qф = Nотд * nотд.ст * qст = 2 * 2 * 3,5 = 14 л/с,
мұндағы: Nотд – өрт орынына келген АЦ-дағы бөлімше саны;
qст – оқпандағы су шығыны, л/с;
nотд.ст – өрт сөндіруге бір бөлімше бере алатын оқпандар саны (немесе қорғауға); Qф = 14 л/с Qтр = 28 л/с
Сәйкесінше, өртке бірінші келген бөлім өрт сөндіруге қажетті оқпандар санымен қамтамасыз ете алмайды.
Бірінші келген бөлімнің күш пен құралдарды кіргізу сәтіндегі өрттегі жағдай және бірінші ӨСБ қабылданған шешімдер:
-
барлау барысында анықталды:
-
жанып жатқан бөлмеде адамдар жоқ, бірақ басқа қабаттарда адамдар бар, қауіпті факторлар олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін;
-
өрт ауданы 100 м2 құрады;
-
өрттің тарау жылдамдығы 1 м/мин.
Бірінші өрт бөлімі келгенге дейін шешуші бағыт күш пен құралдары құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшін жұмсалады.
Бірақ бірінші бөлім күш пен құралдарды өрт сөндіруді қамтамасыз ете алмайды.
Өрттегі жағдайды және ӨСЖ жеке құрамының тактикалық мүмкіндіктерін есекре отырып адамдарды құтқару бойынша шараларды жүргізу үшін үш барлау тобы ұйымдастырылды және ГТҚҚ буынымен өрт сөндіруге 1 РСК-50 оқпаны берілді. 1-ші ӨСБ КҚЖБО-қа қосымша күш пен құралдардың келуі үшін шақырудың жоғарылатылған номерін хабарлайды.
4.2 Дәріс залында өрт сөндіруін жұмыстарын ұйымдастыру.
№2 шақыру бойынша шығу кестесіне сәйкес өрт орынына келесі техникалар келеді:
2-ӨСБ 2 АЦ 1 АЛ
1МӨСБ 2АЦ 1 АКП
1-ӨСБ 2АЦ 1 АГҚҚ
6-ӨСБ 2АЦ
9-ӨСБ 2АЦ
Жеке құрам 28 л/с шығынымен су беруді қамтамасыз етеді, яғни сөндіруге ГТҚҚ буындарымен РС-50 3 оқпанын және қорғауға көрші бөлмелерге РСК-50 5 оқпанын береді. Сәйкесінше аға ӨСБ КҚЖБО-қа күш пен құралдардың жеткілікті екендігі туралы хабарлайды.
Өртке аға жедел кезекшінің келуімен оған ӨСЖ өртте қалыптасқан жағдайды, қабылданған шешімдерді баяндайды. Аға жедел бастығы өзі барлау әдісімен жағдайды анықтайды және ӨСБ әрекетін бағалайды.
Барлау барысында аға жедел бастық анықтайды:
-
адамдарға қауіптің төнуін;
-
олардың орналасу орынын, құтқару жолдары мен әдістерін;
-
өрт орыны мен өлшемін, оттың тарау жодарын;
-
мүмкін күш пен құралдарды енгізу жолдары мен бағыттарды;
-
ғимаратта кернеудің шешілуі жүргізілгенін;
-
конструкцияны бұзу және ашу қажеттігін және орынын;
-
шешуші бағыттың дұрыс таңдалғанын;
-
көшіру жолдарын қорғау қажеттігін және жану өнімдерін шығару мүмкіндігін;
-
қымбат қондырғыны қорғауды немесе көшіруді ұйымдастыру.
Аға жедел бастық өрт сөндіру басшылығын өзіне алып өртте қалыптасқан жағдайды және №2 жоғарылатылған шақыруды КҚЖБО-қа ақпаратты хабарлайды.
Өрт сөндіруді басқару және ұйымдастыру үшін ӨСБ өрт сөндіру жедел штабын құрамында құрайды:
-
штаб бастығы;
-
тыл бастығы;
-
объект әкімшілігінің өкілдері;
-
қаланың өзара қызмет өкілдері.
Штаб бастығы болып ӨБ бастығының орынбасары тағайындалады. ӨСБ жедел штаб құрамына тапсырмалар қояды. Бөлімдерді жақсы басқару үшін штаб орыны негізгі кіруден 15-20 м қашықтықта болады.
Өртті сөндіру әртүрлі бағытта жүргізілетін болғандықтан ӨСБ бес жауынгерлік аймақ құруы туралы шешім қабылдайды.
1 - ЖУ Оқу корпусының 1-2-ші қабаттарыда.
Тапсырма: Оқу корпусындағы қабаттарынан адамдарды құтқаруға 2 ГТҚҚ буыны.
2-ЖУ 4-ші қабатта.
Тапсырма: Адамдарды көшіру, өртті жою, жанудың тарауына жол бермеу. Аймаққа 3 ГТҚҚ буынымен 3 РСК-50 қол оқпандары беріледі.
3 - ЖУ 4-ші қабатта.
Тапсырма: Адамдарды көшіру, дәлізге және көрші бөлмелерге өрттің тарауына жол бермеу, қорғау. Аймаққа берілген 3 ГТҚҚ буынымен 3 РСК-50 dн = 13 мм оқпандары.
4 - ЖУ 3-ші қабатта
Тапсырма: Адамдарды көшіру, 3 қабат бөлмелерін өрттен қорғау. Аймаққа берілген 1 ГТҚҚ буынымен 1 РСК-50 dн = 13 мм оқпандары.
5- ЖУ 5-ші қабатта.
Тапсырма: шатырды өрттен қорғау. Аймаққа берілген 1 РСК-50 dн = 13 мм оқпаны.
ӨСБ өзі немесе ШБ арқылы жауынгерлік аймақ бастықтарын тағайындайды.
ӨСБ штаб бастығына өрт сөндіруге күш пен құралдарды енгізуі туралы анықтап тапсырмалар қояды. ӨСБ штаб бастығына тапсырмалар қояды: өрт сөндіру үшін күш пен құралдарды орналастыруын жүргізуді; өртте байланысты үйымдастыруды; өрт туралы мәліметтерді КҚЖБО-қа хабарлауды; жедел құжаттарды жүргізуді.
ӨСБ тыл бастығына өзі немесе штаб бастығы арқылы тапсырмалар қояды: №2 жоғарылатылған шақыру бойынша келген техникаларды күтіп алуын және су көзіне орналастыруын ұйымдастыруды; өрт сөндіруге dн =13мм 3 РС-50 оқпан және қорғауға 5 РС-50 оқпан беруді ұйымдастырады.
Күш пен құралдар әртүрлі бағытта келгендіктен ӨСЖ № 2 ӨСБ бөлімше командирі тыл бастығы көмекшісі етіп тағайындайды.
Бұйрықтарды бергеннен кейін ӨСБ міндетті:
-
барлауды жүргізуге және өрттегі жағдайды бағалауға; тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға және өзі басқаруға, бар күш пен құралдарды пайдаланып үрейді басуға;
-
шешуші бағытты, қажетті күш пен құралдарды, жауынгерлік әрекеттер әдістерін анықтауға;
-
бөлімдерге тапсырмалар қоюға, олардың өзара әрекеттерін ұйымдастыруға және қойылған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге;
-
үзіліссіз өрттегі жағдайдың өзгеруін қадағалауға және сәйкес шешімдерді қабылдауға;
-
өрт орынына келісімен оның сырт көрінісі бойынша ақпараттар беруге; шешімдерді қабылдап және бұйрықтар бергеннен кейін өрт мекен-жайын, не жанып жатқанын, қандай күш пен құралдар әрекетке кіргізілгенін, қосымша күш пен құралдар қажет екендігін хабарлауы керек; КҚЖБО -пен үзіліссіз байланыта болуға, жиі-жиі өрттегі жағдайларды және қабылданған шешімдер туралы хабарлап тұруға;
-
қосымша күш пен құралдарды бөлек-бөлек емес бір мезгілде шақыруға, және оларды қарсы алуды ұйымдастыруға;
-
өртке аға бастық келісімен жағдай туралы, өрт сөндіру бойынша қабылданған шешімдер туралы, өрт орынында қандай күш пен құралдар бар екендігін, әрекетке кіргізілгендерді, қосымша шақырылғандары туралы баяндауға;
-
жағдайға байланысты өртте жедел штабты ұйымдастыруға және оның орналасу орынын анықтауға;
-
жедел штабқа оның орналасу орынын және оған барлық қабылданған шешімдерді хабарлауға;
-
күш пен құралдардың резервін ұйымдастыруға, жұмыс жасаушыларға дем алуға, жылынуға және құрғақ киімге киінуге мүмкіндік беріп жиі-жиі ауыстыруға;
-
басқарушы құрам арасынан қауіпсіздік шараларын сақтауға міндеттіні тағайындауға; қажет жағдайда медициналық көмек пунктін ұйымдастыруға;
-
өртке күш пен құралдар әртүрлі бағыттардан келген жағдайда тыл бастығына қозғалыс және байланыс құралдарымен көмекшілер бөлуге;
-
өрт сөндіруге қатыстырылатын қызметтермен өзара әрекет ұйымдастыруға, объекттің инженерлі-техникалық жұмысшыларымен тұрақты байланысты ұстауға және объек нұсқауымен және ұсыныстарды ескере отырып сөндіру құралдары және әдістері туралы шешімдер қабылдауға;
-
өрт себебін анықтауға шаралар қабылдауға;
-
нақты өртеу немесе өрттің басқа себептері белгілі болған кезде өрт алғаш пайда болған орынын сақтауға, мемлекеттік өрт бақылау жұмыскерлерін қатыстырып өрт туралы акт толтыру үшін қажетті өрт себебі болған заттар мен мүліктерді сақтауға;
-
өзі жанудың жойылғандығына көз жеткізуге, жойылған өрт орынын бақылау қажеттігін анықтауға;
-
құнды матриалдарды көшіру бойынша, төгілген судан қорғауды және полиция қызметкерлері келгенше көшірілген құнды материалдардың күзетіне шешімдер қабылдауға;
-
өрт орынынан бөлімдердің және өзара әрекетті қызметтердің кету тәртібін анықтауға.
Өрт сөндіру үшін қосымша күш пен құралдардың қажеттігін анықтаған кезінде ӨСБ ескеруі қажет:
-
шақырылған күш пен құралдарды енгізгенге дейін от қандай ауданға тарау мүмкіндігін;
-
оқпандарды беру үшін, адамдарды құтқару бойынша жұмыс көлемін, ғимарат конструкциясын бұзу мен ашу және мүліктерді көшіру бойынша қажетті күштер санын;
-
арнайы қызметтердің қатыстыру қажеттігін;
-
суды автоцистерналармен жеткізу қажеттігін немесе суды айдаумен беруді ұйымдастыруды.
ӨСБ-нан штаб бастығы тапсырма алып ӨСБ шешімін жүргізуді қамтамасыз етеді және штаб жұмысын ұйымдастырады. Күш пен құралдарды басқару үшін ШБ өртте байланысты ұйымдастырады. ӨСБ-мен, тыл бастығымен және жауынгерлік аймақ басшысымен байланыс үшін штаб бастығы өзімен алып жүретін радиостанция пайдаланады, ал КҚЖБО-пен байланыс үшін АЦ-2,5-40 радиостанциясын және жергілікті ауданның телефонын пайдаланады. ӨСБ бұйрықтарын бөлім бастықтарына жеткізуді қамтамасыз етеді. ӨСБ қабылданған шешімдер туралы хабарлайды. Өрт сөндіру барысында штаб бастығы өрттегі жағдайды меңгереді, үзіліссіз барлауды қамтамасыз етеді және жауынгерлік аймақ бастықтарынан және объект өкілдерінен мәліметтер алады; ӨСБ барлау қорытындысы туралы және өрт сөндіру барысын хабарлайды. Штаб бастығы тұрақты ӨСБ бұйрықтарын орындалуын бақылауды қамтамсыз етеді, жедел құжаттарды жүргізеді.
Тыл бастығы ӨСБ тапсырма алып келген техникаларды күтіп алуды және жақын су көздеріне орнатуды ұйымдастырады. Жақын су көздері гидранттар болып табылады.
Үзіліссіз су беру үшін тыл бастығы сорғыштардың жұмыс режимін орнатады. Жұмыс барысында тыл бастығы техниканы толық қуатында пайдаланады, жең сызықтарын күзетуді қамтиды және полиция қызметкерлері көмегімен өрт ауданын қоршауды жүргізеді, су жүйесінде қысымды жоғарылату бойынша шаралар қолданады және жедел құжаттарды жүргізеді.
Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі
1. Өрт сөндіруді жеке құрам ТОЖҚҚ-да жүргізуі керек. ТОЖҚҚ-дағы жұмыс «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру» жөніндегі тәлімдемені №446 ҚР ТЖМ бұйрығымен 22.12.2010 жылы бекітілген қауіпсіздік талаптарын сақтаумен жүргізіледі.
2. Автомобильдерді және үш иінді сатылардың орынын ауыстыруға жол берілмейді.
3. Тоқ және жарықтандыру жүйесін сөндіру қажет.
4. Өрт сөндіру кезінде әр жұмысшы құрылыс конструкцияларының жағдайын қадағалап отыруы қажет.
5. Өртті жою кезінде техника қауіпсіздігіне жауапты тағайындалады.
6. Қабаттардан әртүрлі материалдарды лақтыруға ғимарат жанындағы жұмыс жасаушыларға ескертпей тыйым салынады.
7. Жүргізуші өрттегі жұмыс кезінде ӨСБ бұйрығысыз суды беруге немесе тоқтатуға, автомобильді сорғыш жұмыс жасап тұрған кезінде қозғалтуға тыйым салынады.
-
Достарыңызбен бөлісу: |