Біздің мемлекетіміздің экономикалық стратегиясының басты мақсаты халықтың материалдық және мәдени деңгейін көтеру болып қалуда


Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жауынгерлік іс-қимылдар туралы жалпы түсінік



бет2/5
Дата12.07.2016
өлшемі2.51 Mb.
#193370
1   2   3   4   5

Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жауынгерлік іс-қимылдар туралы жалпы түсінік


2.1 Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары
Өрттердi сөндiру бойынша жауынгерлiк iс–қимылдар (бұдан әрі - жауынгерлік іс-қимылдар) өрт туралы мәліметті алу мезгілінен басталады және бөлімшенің үнемі дислокация орнына оралу, кезекші қарауылды және техниканы жауынгерлік даярлыққа келтіру уақытында аяқталды деп саналады және оған:

шақыруларды өңдеу;

шығу және шақыру орнына (өртке) бағыт алу;

өрттi барлау;

адамдар менмүлiктердi құтқару, көшіру;

жауынгерлiк қанат жаю;

жануды жою;

арнаулы, авариялық–құтқару және басқа да жедел жұмыстарды орындау;

жиналу және бөлiмшеге оралу кiредi.

Жауынгерлiк iс–қимылдар өрт сөндiру тактикасына байланысты және өртте еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгiнiң белгiленген талаптарына сәйкес орындалуы тиiс, сондай–ақ өрт сөндiруге қатысушылардың жоғарғы психологиялық және физикалық тапсырма, жоғарғы қауiп-қатер, өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпте өтуi мүмкiн.

Кәсiпорындардағы өрттердi сөндiру кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар, белгiленген тәртiпке сәйкес жасалынған табиғи және техногендiк сипаттағы аварияны тоқтату және жою жоспарының ерекшелiгi есепке алына отырып жүргiзiлуi тиiс.

Барлау, адамдар мен мүлiктердi құтқару, көшіру және жауынгерлiк қанат жаю, жануды жою және арнаулы, бiрiншi кезектегi авариялық–құтқару және басқа да кідіртуге болмайтын жұмыстар кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар бiр мезгiлде жүргiзiледi.

Жауынгерлiк шептегі аса қажеттi жағдайдағы жауынгерлiк iс-қимылдар қауіпті факторлардан болған өрттi сөндiруге қатысушы адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген тiкелей қауiпке байланысты еңбектi қорғаудың және техника қауiпсiздiгiнiң талаптарынан ауытқу арқылы тек ерекше жағдайларда (ерікті жағдайда және өрт сөндіру жетекшісінің (бұдан әрі - ӨСЖ) шешімі бойынша ғана орындалады).
2.2 Шақыруларды өңдеу
Шақыруды өңдеу белгiленген тәртiп бойынша өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру байланысының орталық пунктінің (бұдан әрі - ӨБОП),бөлімнің байланыс пунктінің (бұдан әрі - ББП) кезекші диспетчерімен (радиотелефонисімен) жүргiзеді және өзiне:

хабарлаушыдан хабарламаны қабылдау және тiркеу;

алынған ақпаратты бағалау және шығу кестесiнде (күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарында) көрсетiлген күштер мен құралдарды шақыру орнына бағыттауға шешiм қабылдау;

«ДАБЫЛ» белгiсiн қосу;

өртке шығу жолдамасын, сондай-ақ болған жағдайда, өрт сөндiру жедел жоспары мен карточкасын, жанып жатқан объектi жөнiндегi ақпаратты қарауыл немесе ауысым кезекшiлiгін басқаратын лауазымды тұлғаға (бұдан әрi – қарауыл бастығы) дайындап өткізу (тапсыру);

лауазымды тұлғаларды шығу объектісі (өрт) туралы қолда бар ақпараттармен қамтамасыз ету жатады.

Хабарлаушыдан өрт туралы ақпаратты қабылдағанда кезекші диспетчер мүмкiндiгiнше:

шақыру объектінің мекен-жайын немесе оның орналасқан жері туралы басқа да мәлiметтердi;

адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптiң барын және оның сипаттамасын;

объектiнiң ерекшелiгiн;

хабарлаушының тегін, аты-жөнін және телефон нөмірін;

хабарлау уақытын;

бөлiмнiң жауынгерлiк тапсырманы орындауына әсер ететiн басқа да мәлiметтердi анықтауы және жазуы қажет.

Өрттiң мекен жайын немесе шақырудың (өрттiң) орны туралы басқа да мәлiметтер анықталғаннан және шығу жөнiнде шешiм қабылдағанан кейiн дереу «ДАБЫЛ» белгiсi қосылады.

Шақыруды өңдеу қысқа уақытта жүргiзiлiп, өрт орнына (өртке) шығу мен бағыт алуды кiдiртпеу керек.

Қолдағы байланыс арнасы арқылы өрт туралы қосымша (нақты) ақпаратты диспетчер лауазымды тұлғаларға, оның ішінде шақыру (өрт) орнына бағыт алған тұлғаларға дереу жеткізеді.

Автоматтандырылған жүйелерді пайдалана отырып, шақыруларды өңдеу кезінде қосымша нұсқаулармен және тәлімдемелермен регламенттелетін кезекші диспетчердің өзге іс-қимылдары мен міндеттері қарастырылуы мүмкін.
2.3 Шақыру орынына (өртке) шығу және бағыт алу
Шығу және бағыт алуға «Дабыл» белгiсi бойынша жеке құрамның жиналуы және оларды шақыру орынына (өртке) өрт автокөлiктерiмен және басқа да арнаулы көлiктерiмен жеткiзу кiредi.

Шығу және шақыру орынына (өртке) бағыт алудың ең қысқа мерзiмде орындалуы:

қарауыл жеке құрамының шапшаң жиналуы және шығуымен (нормативтiк уақыттан аспауы қажет);

шығу ауданының ерекшелiгiн бiлуімен;

өрт сөндіру және авариялық-құтқару автокөлiктерiнiң жүрiсi қысқа кесте бойынша мүмкiндiгiнше шегiне жеткен қауiпсiз жылдамдықты сақтап қамтамасыз ету, оның iшiнде арнаулы белгiлердi пайдалану.

Өрт автомобилдерінің шақыру (өрт) орынына жету уақытын қысқарту үшiн қажет болған жағдайларда және белгiленген тәртiп бойынша олардың жол жүру бағытындағы жол қозғалысы жабылуы мүмкiн.

Жолға шыққан кезде өрттің жойылғаны немесе оның болмауы туралы мәлімет алған жағдайда өрт сөндіру бөлімшесі өрт орнына қайту туралы аға бастықтың, кезекші өрт сөндіру қызметінің (бұдан әрі - КӨСҚ) қызметкерінің, орталық өрт сөндіру байланысы (бұдан әрі - ОӨББ), күштер мен каруларды жедел басқару орталығы (бұдан әрі - КҚЖБО) немесе бірыңғай диспетчерлік кезекші қызметінің (бұдан әрі – БДКҚ) диспетчерінің өкім берген жағдайларынан басқа жағдайда шақыру (өрт) орнына баруға міндетті.

Жол үстiнде бастапқы өрт автомобилі тоқтауға мәжбүр немесе ЖКО болған жағдайда, оның соңындағы автомобилдер тоқтайды, одан арғы козғалысты тек қарауыл бастығының нұсқауы бойынша жалғастырады. Екiншi немесе одан кейiн келе жатқан өрт автомобилдері тоқтауға мәжбүр болған жағдайда қалғандары кiдiрместен шақыру орынына (өртке) қарай жүре бередi. Тоқтауға мәжбүр болғанда өрт автомобиліндегі аға бастық кезекшi диспетчерге дереу хабарлайды.

Шақыру орнына (өртке) өз ерiктерiмен қарауыл бөлiмшесi бағыт алғанда және өрт автомобилі тоқтауға мәжбүр болғанда, қарауыл бастығы, бөлiмше командирi болған жағдайды кезекшi диспетчерге хабарлайды және шақыру орынына (өртке) жеке құрамды және ӨТЖ жеткiзу үшiн шара қолданады.

Бағыт алу жолында басқа өрттi байқаған кезде бөлiмшені басқарушы бастық оны сөндiру үшiн күштер мен құралдардың бiр бөлiгiн бөлуге мiндеттi және осы өрттiң орны мен қабылданған шешiмi туралы ӨБОП-ке (ББП) дер кезінде хабарлайды.

ЖКО кезiнде машинаның басшысы (ол болмаған жағдайда - жүргізуші) қозғалысты тоқтатуға мiндеттi және әрi қарай жол жүру ережесiн басшылыққа алады.

Бағыт алу жолында бөлімнің аға бастығы ӨБОП-мен (ББП) үздіксіз байланыста болуға міндетті. Өрт сөндіру автомобилін тоқтатуға мәжбүр болған барлық жағдайлар ӨБОП-на (ББП) хабарланады.

Өртке қарсы қызметтiң бөлiмдерi шақыру орнына (өртке) темiржол, су немесе әуе көлiгiмен бағыт алғанда өрт бөлiмшелерін басқаратын аға бастық тиiстi министрлiктердiң, ведомствалардың нұсқауының талаптарын белгiленген тәртiпке сәйкес басшылыққа алуға мiндеттi және:

өрт техникаларының сақталуын;

өрт техникаларының орнықты бекiтiлуiн;

жеке құрамның орналасуын, тамақтануын және демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.


2.4 Өрттi барлау
Барлау жағдайды бағалау және жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша шешімдерді қабылдау үшін өрт туралы мәліметтерді жинау мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың жиынтығын құрайды.

Өрттi барлау бөлiмнiң өртке шығу сәтiнен оны сөндiргенге дейiн үздiксiз жүргiзiледi.

Барлау табыстылығы оны дер кезiнде және үздiксiз жургiзу, мәлiметтердiң дәлдiгi, iс-қимылдың белсендiлiгiне және мақсаттылығына байланысты.

Барлау мәлiметтерiн алудың негiзгi тәсiлдерi: техникалық құралдардың көрсеткiшi; бақылау (шолу, байқау); бiлетiн адамдарды сұрастыру және құжаттармен танысу болып табылады.

Барлауды жүргiзгенде:

адамдарға қауiптiң барлығын және олардың нақты орнын, қүтқарудың (қорғаудың) жолдары және тәсiлдерiн, сондай-ақ мүлiктердi қорғаудың (шығарудың) мүмкiндiктерiн;

Өрттің қауіпті фактысының (бұдан әрі - ӨҚФ), оның ішінде берілген объектідегі өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуының ерекшеліктеріне байланысты болуын және екінші рет қайталануын;

жанудың орны мен көлемiн, ненiң жанып жатқанын, сондай-ақ оттың таралу жолдарын;

өрт объектілерінде құрылыс құрылымдарының күйі мен жағдайы, оларды бұзу және ашу орындары;

өртке қарсы қызметiнiң күштерi мен құралдарының барын және қолдану мүмкiндiгiн;

таяу жердегi су көздерiнiң және оларды пайдалану тәсiлдерiнiң мүмкiндiгiн;

қуатта тұрған электр қондырғыларының бар екендiгiн және оларды ажыратудың мүмкінділігі мен қажеттiлiгiн;

құрылыс құрылымдарын ашу және бөлшектеу орнын;

өрттi сөндiру үшiн күштер мен құралдарды енгiзу жолдарының мүмкiндiгiн және шешушi бағытты анықтау үшiн басқа да керектi мәлiметтердi;

өрттi сөндiруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың жеткiлiктiлiгiн анықтау керек.

Барлау барысында өрт болған объектінің жайғастыру жоспарын білетін, өндірістің технологиялық процестерінің ерекшеліктерін, өрт болған объектінің лауазымды тұлғалары ұсынған құжаттарды және мәліметтерді қолдану қажет.

Барлауды ӨСЖ және оның тапсырмасы бойынша басқа да тұлғалар басқарады.

Барлауды әрбiр командир және өрт сөндiруге қатысушы өзiнiң жұмыс учаскесінде жүргiзедi.

Барлау тобының құрамына:

егер өртке бiр бөлiмше келсе, ӨСЖ және байланысшы көру және тыныс органдарын қорғау құралдарымен (бідан әрі – ТОЖҚҚ) барлау жүргізу кезінде топтың құрамы үш адамға дейін көбейеді);

егер өртке екi және одан көп бөлiмше келсе ӨСЖ, бөлiмшелердiң бiреуiнiң командирi және байланысшы кіреді.

Өрттегi жедел жағдайға байланысты ӨСЖ барлау тобының құрамын және санын өзгертуi мүмкiн.

Әртүрлi бағыттарда барлау жүргiзу қажет болған жағдайда бiрнеше барлау топтары құрылады. Әрбiр топты бөлiмше командирi лауазымынан кiшi болмайтын тұлға басқарады және құрамы екi адамнан, ал ТОЖҚҚ жүргiзгенде – үш адамнан кем болмайды.

Жанып жатқан бөлмелерде қалып қойған адамдар туралы мәлiметтер болған жағдайда, зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында барлаудың құрамы күшейтiлуге тиiсті.

Барлау бiрнеше бағыт бойынша:

егер жанып жатқан немесе түтiнге бөленген бөлмелерде адамдар қалса және олардың тұрған орындары белгiсiз болған жағдай туралы мәліметтер болғанда;

егер өрттiң сыртқы белгiлерi болмаған және өрт бөлiмшені ешкiм қарсы алмаған;

адамдардың жаппай болатын ғимараттарында өрт болғанда;

биiк және өте жоғары қабатты ғимаратттарда өрт болғанда;

егер өрт ауқымы көлемдi алғанда;

жанудың бiрнеше ошағы болған жағдайда жүргізіледі.

Бiр мезгiлде бiрнеше бағыт бойынша барлауды ұйымдастыру үшiн ӨСЖ:

бiр мезгiлде шектес, жоғары және төмен орналасқан бөлмелерде барлау жүргiзудi ұйымдастыруға;

барлау топтарының санын, оның құрамын және iс–қимылдар аймағын анықтауға;

барлау топтарының командирлерiн бекiтуге және оларға мiндеттер қоюға;

ақпарат берудiң тәртібін белгiлеуге;

өрттiң аса күрделi және жауапты учаскесіндегі барлауды өзi жүргiзуге;

ӨТЖ-ың түрлерiн, сондай–ақ әрбір барлау топтарының жеке құрамына қауiпсiздiк шараларын анықтауға және көрсетуге мiндеттi.

Барлау жүргiзетiн жеке құрам:

барлық техникалық құралдарды, құжаттамаларды, ғимараттардың құрылымдық ерекшелiктерi мен жобаларын, өндiрiстiң технологиялық процесiн және құралдарын бiлетiн адамдардың мәлiметтерiн, технологиялық процесс пен өндірістің құрал-жабдықтарын пайдалануға;

мүмкiндiгiнше, барлау жүргiзудiң қысқа жолдарын пайдалануға;

адамдарға тікелей қауiп төнген жағдайда оларды құтқару жұмыстарын жүргiзуге;

қажет болған жағдайда зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге;

бiр мезгiлде өрттi барлаумен бiрге оны сөндiру және мүлiктердi қорғау үшiн мүмкiндiгiнше барлық құралдарды пайдалану шараларын қолдануға;

от пен түтiннiң таралуы мүмкiн болатын жолдарда орналасқан бөлмелердi ашуға және тексеруге;

техника қауiпсiздiгi талаптарын көру және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жұмыс iстеу ережесiн орындауға;

барлаудың нәтижесiн және оны жүргiзгенде алынған ақпаратты ӨСЖ (өрттегі жедел штабқа) өз уақытында белгiленген тәртiп бойынша баяндауға мiндеттi.

Жану белгiлерi айқын кезде барлауды жүргiзу үшiн жең желiлерi пайдаланылады.

Барлау жүргiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында:

өзiмен бiрге құтқару және өзiн-өзi құтқару құралдары, құрылымдарды

ашуға және бөлшектеуге қажеттi құралдары, жарық беру приборлары, байланыс құралдары, ТОЖҚҚ, iлмешектер және сөндiру құралдары болуы керек;

түтiндi бөлмелердiң кiре берiсiне ГТҚҚ-нің қауiпсiздiк бекетiн қою және онымен тұрақты байланыс ұстау;

газ-түтiннен қорғаушылардың резервiн құру, ТОЖҚҚ жұмыс iстейтiн жеке құрамды әлсiн-әлсiн ауыстыруды қамтамасыз ету;

жүрген жолды есте сақтау;

жанып жатқан бөлмелердiң есiгiн абайлап ашу, оттың немесе газдың мүмкiн болатын шарпуынан күйiп қалудан сақтану үшiн есiктiң қалқанын пайдалану;

жанатын және тез тұтанатын заттар және жанғыш газдар болуы мүмкiн орындарда ашық отты пайдаланбау;

жоғары кернеулi (380 В) электр қондырғыларымен жабдықталған бөлмелерге және ықтимал жарылу, улану радиоактивтi немесе биологиялық зақымдану болатын бөлмелерге, осы жайлар үшiн белгiленген барлық сақтық шараларын қабылдағаннан кейiн ғана және осы бөлмелерге қызмет көрсететiн техникалық қызметкердiң жазбаша түрдегi рұқсаты болған жағдайда ғана кiру;

құрылыс құрылымдарының және технологиялық құралдардың ықтимал құлауынан және басып қалуларынан сақтық шараларын сақтау,

әдетте берiк қабырғаларды немесе терезе ойықтары бар қабырғаларды жағалап қозғалу қажет;

өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифтілерден басқа, лифтiлердi пайдаланбау;

барлау тобы жетекшісінің рұқсатынсыз оның құрамынан кетпеу қажет.

Барлау жүргізу барысында, қажет болған кезде және жағдайға байланысты басқа да жауынгерлік тапсырмалар шешілуі мүмкін.


2.5 Адамдар мен мүлiктi құтқару
Өртте адамдарды құтқару жауынгерлiк iс-қимылдардың маңызды түрi болып табылады, қауіпті факторлардың және олардың екiншi рет бiлiнген немесе әсер ету аймағынан адамдарды құтқару шараларының жиынтығы болып табылады.

Құтқару жұмыстары:

адамдар тұрған жерге от, жоғары температура, жарылу немесе құрылымның құлау қаупi төнгенде немесе бөлменің iшi түтiнмен немесе зиянды газдармен толғанда;

адамдар қауiптi жерден өздiгiмен кете алмайтын немесе үрейленген жағдайда;

көшiру жолдарына от пен түтiннiң таралу қаупi болғанда;

адамдардың өмiрi және денсаулығына қауiптi от сөндiргiш заттар мен құрамдар қолданылатын жағдайда ұйымдастырылады және жүргiзiледi.

Жоғары қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен әдiстердi қолдана отырып, өртте адамдарды құтқару және қажетiнше үрейдi болдырмау шараларын iске асыру керек.

Өртте адамдарды құтқару, әдетте өрттi сөндiру үшiн күштер мен құралдардың қанат жаюымен бiр мезгiлде жүргiзiледi.

Егер от адамдарға тiкелей қауiп төндiрсе және құтқару жолдары кесiлсе немесе оны от бөгейтiн болса, адамдарды қауiпсiз құтқару жағдайын қамтамасыз ету үшiн оқпан беру мiндеттi.

Егер адамдарды құтқару және өрттi сөндiру жөнiндегi жұмыстарды бiр мезгiлде өткiзу үшiн күштер мен құралдар жеткiлiксiз болса, адамдарды құтқару үшiн өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы толық пайдаланылады және қосымша күштер мен құралдар шақырылады, басқа жауынгерлiк iс-қимылдар жүргiзiлмейдi.

Адамдарды құтқару үшiн:

қысқа және қауiпсiз жолдар;

негiзгi кiру және шығу есіктері;

қосымша шығатын есіктер;

терезе ойықтары, балкондар, лоджиялар мен галереялар;

егер олар арқылы ғимараттан шығатын болса немесе оның қауiпсiз жағына көшуге болса аражабындағы люктер;

өрт сөндiрушiлер жасаған қалқа, шатыр арқалығы және қабырға тесiктерi пайдаланылады.

Сонымен қатар:

тұрақты және өрт сөндіру қол сатылары;

автосатылар және автокөтергiштері;

авариялық-құтқару жабдықтары және құрылғылары;

құтқару құрылғылары (құтқару жеңдерi, арқандар, басқыш және жеке құтқару құрылғылары);

үрлемелi және амортизациялық жабдықтары;

ТОЖҚҚ;


ұшу аппараттары құралдары пайдаланылады.

Адамдарды құтқарудың негiзгi тәсiлдерi:

өртке қарсы қызметінің қызметкерлерi көрсеткен қауiпсiз бағытқа адамдардың өздiгiмен шығуы;

құтқару жолдарын түтiн алғанда немесе қауiптi аймақтан өздiгiнен шығу мүмкiндiгiне жағдайы мен жас шамасы мүмкiндiк бермегенде өрт сөндiрушiлердiң көмегiмен құтқарылатындарды басқа орынға шығару;

өздiгiнен жүрiп-тұруға мүмкiндiгi жоқ адамдарды алып шығу;

құтқару жолдары от, түтiн немесе үйіндімен бөлiп тасталған және құтқарудың басқа тәсiлдерi мүмкiн болмаған кезде құтқарылатындарды тұрақты және өрт сөндіру қол сатыларымен, автосатылармен және өрт автокөтергiштерiмен, техникалық құтқару құралдарының көмегiмен түсiру болып табылады.

Адамдарды құтқару тәсiлдерi мен тәртiбiн, өрттегi жағдайға байланысты және көмектi қажет ететiн адамдардың жағдайына қарай ӨСЖ анықтайды.

Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

iшкi хабарландыру жүйесiн және басқа құралдарды пайдаланып үрейленудi болдырмау жөнiндегi шараларды қолдану;

әкімшілік, қызмет көрсетушілерді өртке қарсы қызметi құрылымдарының жеке құрамын жұмылдыру;

медициналық жедел жәрдемдi шақыру және ол келгенге дейін зардап шеккендерге өртке қарсы қызметі жеке құрамының және өрт орнындағы медициналық қызметкерлердің күшімен алғашғы көмек көрсету;

құтқарылғандарды уақытша орналастыру үшiн орындар қарастыру қажет.

Егер адамдар бар орындар туралы мәлiметтер болса және құтқарушылар оларды сол жерден таба алмаса, адамдар болуы мүмкiн деген барлық түтiндеген және жанған барлық көрші бөлмелерді ұқыпты қарап, тексеру қажет. Адамдарды iздестiру тек құтқаруды қажет ететiндердiң жоқ екендiгi анықталғаннан кейiн ғана тоқтатылады.

Өрттегі мүлiктердi құтқару жауынгерлік тапсырмалардың маңыздылығы мен жеделдігіне байланысты ӨСЖ нұсқауы бойынша iске асырылады.




2.6 Жауынгерлiк қанат жаю
Жауынгерлiк қанат жаю - өрт сөндiрудiң жауынгерлiк тапсырмаларын орындау үшiн шақыру орынына келген өрт сөндіру техникасын дайындыққа келтiрудегi жеке құрамның iс-қимылдары.

Жауынгерлiк қанат жаю адамдарды құтқару мен басқа орынға көшiру жөнiндегi жұмыстың қалыпты барысын бұзбауы тиiсті.

Жауынгерлiк қанат жаю:

қанат жаюға әзiрлiк;

алдын-ала қанат жаю;

толық қанат жаю кезеңдерінен тұрады;

Қанат жаюға әзiрлiк бөлiмнiң өртке келiсiмен, барлаумен бiр мезгiлде жүргiзiледi және оған:

өрт автокөлiгiн су көзiне орналастыру, су жеңiн жалғау және сорғышқа су тарту;

ӨТЖ-ды бекiткен орындарынан алу;

жергiлiктi жағдайға байланысты басқа да әзiрлiк шараларын жүргiзу енеді.

Автоцистернаны қанат жаюға әзiрлеу (оны су көзiне орналатпастан):

насосты жұмыс жағдайына келтiруден;

оқпанды жең жолдарын насостың қысым түтiкшесiне жалғастырудан тұрады.

Егерде магистралдық жең желiсiнiң бағытын сыртқы белгiлері бойынша анықтау мүмкiн болса немесе келген өрт бөлімшелерін қарсы алуға бөлiнген тұлға көрсетсе, онда шақыру орнына келген бөлiмше алдын-ала қанат жаяды.

Алдын-ала қанат жаюға:

осы Жарғының 60-тармағында көрсетiлген жұмыстарды атқару;

магистралдық жең желiлерiн жүргiзу және тарам қондырғыларын орнату, тарамдарға қысым жеңдерiн, оқпандарды, сатыларды жеткiзу және басқа да өрт сөндiру үшiн қажеттi ӨТЖ енедi.

Шақыру орнында (өртте) толық қанат жаю ӨСЖ нұсқауымен, сонымен қатар от сөндiру заттарын беру айқын қажет болған жағдайда өткiзiледi.

Толық қанат жаю кезiнде:

осы Жарғының 62-тармағында көрсетiлген iс-қимылдарды орындайды;

жұмыс жең жолдары жайылатын оқпаншылардың жауынгерлiк шептерін анықтайды;

магистралды және жұмысшы (қайта жабу оқпаны бар болса) жең желiлерiн от сөндiргiш заттармен толтырады.

Жең жолдарын жаю және өрттiң ошағына кiру үшiн барлық кiретiн жолдарды, тұрақты сатыларды қолдану керек;

мүмкiндiгiнше адамды көшiрудiң негiзгi жолдарын (көшiру аяқталғанша) бос ұстау;

қысқа, оқпаншылар шебіне ең қолайлы жолдарды таңдау, егер жолдар бөгелген болса командир кедергiлердi алудың шараларын iске асырады (құрылымдарды ашу, бөлшектеу) немесе буынды автокөтергiштiң, өрт сатысының көмегiмен басқа шеп жолдарына шығуды қамтамасыз етедi;

жең жолдарын сақтауды және зақымданудан қорғауды қамтамасыз ету, оның iшiнде жең көпiрiн құру мен жең ұстағыштарын пайдалану арқылы;

жолдан тыс жерге жең тарамын қондыру;

жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағытына пайдалану үшiн өрт жеңдерiнiң қорын жасау керек.

Жең автокөлiктерiн жең желiлерiн тартуға қолданғанда оны пайдалану Нұсқауына сәйкес жүргiзу қажет.

Өрт орнына бiрiншi келген өрт автоцистернасынан жауынгерлiк қанат жаю шешушi бағытқа бiрiншi оқпанды беру арқылы жүзеге асырылады.

Басқа өрт автокөлiктерiнiң қанат жаюы, соның iшiнде арнаулы, оларды пайдалану Нұсқауына және сипаттамасына сәйкес ӨСЖ нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.

Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде оқпаншылар өз шептеріне қысқа және барынша қауiпсiз жолдармен шығады.

Егер жолдар бөгелген болса, командир кедергiлердi алудың (құрылымдарды ашу, бөлшектеу) шараларын қолданады немесе өрт сатыларының, буынды автокөтергiштердiң және тағы басқалардың көмегiмен басқа да жолдар арқылы шепке шығуды қамтамасыз етедi.

Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде өрт автокөлiктерi мен ӨТЖ:

келiп жатқан күштер мен құралдарды орналастыруға кедергi келтiрмеуге;

қажеттi учаскелерде, күштер мен құралдарды шапшаң шоғырландыруды қамтамасыз етуге;

жең жолдарының сақталуын қамтамасыз етуге, өрт орнында мүмкiндiгiнше көше қозғалысын қиындатпауға;

резервтегi техникалардың тұрақ орындарын қамтамасыз етуге және басқа өртті сөндіруге өту жолдарына кедергi келтiрмейтiндей болып орналасуға тиiсті.

Жауынгерлік iс-қимылдарды қамтамасыз ету үшiн жағдайға байланысты өрт сөндіру қол сатылары, автосатылары және автокөтергiштер қолданылады.

Өрт сатылары өрт өршiген кезде жану аймағында қалмайтындай немесе от бөлiп тастамайтындай етiп орнатылады.

Өрт сатыларын от лаулаған терезеге қарсы орнату су шашумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.

Өрт сатыларын жаңа бағытқа апарып қою тек онымен көтерiлген жеке құрам бұл туралы хабарланғаннан кейiн және оған қайтар немесе басқа бағытқа өту жолы көрсетiлгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.

Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде және келесi жауынгерлiк iс-қимылда өрт сөндiруге қатысушылардың қауiпсiздiгiн, келген өрт техникасының мүмкiн маневрiн, резервтегi өрт техникасын орналастыруды қамтамасыз ету үшiн өрт орнына өзге тұлғалардың кiруiн, сондай ақ оның төңiрегiндегi аумақта көлiк қозғалысына шектеу немесе тыйым салудың қажеттi әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн. Iшкi iстер органының тиiстi қызметi келгенше жеке құрам осы әрекеттердi ӨСЖ белгiлеген тәртiппен атқарады.
2.7 Өрт сөндiру
Өрттi сөндiру кезiнде:

көмектi қажет ететiн адамдардың көп болуы және олардың арасында үрейдiң тууы;

бөлмелердің күрделi жобалануы;

құрылымдардың қуыстары, арналары, пневмотранспорт жүйелерi және желдеткіш бойымен, терезе қуыстары, лоджиялар, балкондар арқылы, жанатын материалдар бойымен, тiк, сондай-ақ көлбеу бағыттағы технологиялық құралдар арқылы оттың таралуы;

температураның тез өсуi және ашық саңылаулар бағытымен жылу ағыстарының ауысуы;

заттар мен материалдың ыстықтан бұзылуы нәтижесiнде газды және булы ауаның пайда болуы;

түтiннiң, улы өнiмдердiң бөлiнуi және олардың тез таралуы;

электр кернеуiнде тұрған жабдықтардың болуы;

Күшті әсер ететін улы заттардың (бұдан әрі - КӘУЗ), жарылғыш, радиоактивтік заттар мен материалдардың, бактериологиялық жұқтыру болуы;

қысымда тұрған баллондардың, ыдыстардың, аппараттардың қопарылыстары;

ғимараттардың, құрылыстың, технологиялық жабдықтардың құрылымдық элементтерiнiң деформациясы және құлауы;

ғимараттарда материалдық, ғылыми және басқа да құндылықтардың көп мөлшерде болуы мүмкін.

Өрттегi жануды тоқтатудың негiзгi тәсiлдерi:

от сөндiргiш заттармен жаныш материалдарды немесе тотықтырғышты (ауаны) суыту;

жану аймағын от сөндiргiш заттармен салқындату немесе жанғыш заттарды араластыру;

жанғыш материалдарды жану аймағына немесе тотықтырғыштан от сөндiргiш заттармен және (немесе) басқа құралдармен аулақтау;

от сөндiргiш заттармен жану реакциясын химиялық тежеу болып табылады.

Берiлетiн от сөндiргiш заттарды таңдау жанғыштың физика-химиялық қасиетiне, қойылған жауынгерлiк тапсырмаға, қолданылатын жануды тоқтатудың тәсiлiмен және басқа да жағдайлармен анықталады.

Жауынгерлiк тапсырманы орындау үшiн берiлетiн керектi от сөндiргiш заттардың мөлшерi мен тұтынуына өрттiң өршуi мен оны сөндiрудi ұйымдастырудың ерекшелiгi, өртке қарсы қызмет бөлiмдерiнiң тактикалық мүмкiндiгi, қолданылатын өрт техникасының тактика-техникалық сипаттамасы және қазiргi белгiленген нормативтер мен ұсыныстардың анықталған оны берудiң қажеттi қарқыны, сондай-ақ өрттi сөндiрудiң практикалық тәжiрибесiнiң негiзi себебі болады.

Егерде жауынгерлiк тапсырманы табысты орындау үшiн от сөндiргiш заттар жеткiлiксiз болса, онда оны өрт орнына жеткiзу ұйымдастырылады, оның iшiнде су айдау арқылы, өрт автомобилдерімен және өрт сөндiруге бейiмделген техникамен тасу, өрт сөндiргiш заттарды тасымалдаудың басқа да тәсiлi мен амалы пайдалынады.

Өрттi сөндiру екi:

жануды тоқтату;

жануды жою сатысынан тұрады.

Өртте жануды тоқтатуға:

күштер мен құралдардың керектi санын iс-қимылға дер кезiнде жұмылдыру және енгiзу;

оқпаншылардың шебіне тез енуi және олардың табысты әрекетi;

өртке қарсы ажырауды жасау;

от сөндiру заттарын үздiксiз беру жатады.

Өртте жануды жоюға:

жануды тоқтату кезеңiнде еңгiзiлген күштер мен құралдардың отқа шешушi шабуылы;

оқпанмен ептi маневрлеу;

өрт көлемiнiң iшiне оны жою арқылы ену;

от сөндiргiш заттардың жануын тоқтатуға берiлген мөлшер көлемiнде беру жатады.

Жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағыты адамдарға қауiп төнген, жарылыс қаупi бар, оттың ең қарқынды таралу бағыты және осы мезгiлде ондағы жұмыс өрттi табысты сөндiрудi қамтамасыз ету болып табылады. Күштер мен құралдарды шешушi бағытта жұмылдырғаннан кейiн күштер мен құралдар басқа бағыттарда да iске қосылады.

Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағыты:

ӨҚФ-ң адам өмiрiне қауiп төндiрген және оқпандарды енгiзбейiнше оларды құтқару мүмкiн емес кезде - күштер мен құралдар құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн шоғырландыру;

жарылу қаупi туындағанда – бөлiм әрекетi жарылысты болдырмауды қамтамасыз ететiн жерлерге күштер мен құралдар шоғырландыру мен енгiзу;

жану объектiнiң бiр бөлiгiн қамтыған және ол оның басқа бөлiктерiне немесе көршi құрылысқа тарағанда - оттың одан әрi тарауы айрықша зиян келтiруi мүмкiн учаскелерге күштер мен құралдар шоғырландыру мен енгiзу;

жану оқшау тұрған ғимаратты (құрылысты) қамтыған және оттың көршi объектiлерге таралу қаупi жоқ кезде - негiзгi күштер мен құралдар ең қарқынды жанып жатқан жерлерге шоғырландыру мен енгiзу;

жану айтарлықтай құндылығы жоқ ғимаратты қамтып, жақын тұрған объектiге қауiп төндiргенде - негiзгi күштер мен құралдар жанбаған ғимарат (құрылыс) жағынан шоғырландыру мен енгiзу принциптерімен анықталады:

Өрттi шектеуге келген күштер мен құралдар жетiспеген кезде, жауынгерлiк тапсырманы қысқа уақытта орындау үшiн қосымша жеткiлiктi көлемде өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді, халықты, әскери бөлiмдердi және iшкi iстер органдары бөлiмдерiн шақыру қажет. Бұл жағдайда қосымша күштер мен құралдар келгенше бiрiншi өрт бөлiмдерi өрттiң дамуын тоқтатудың шаралар қолдануға тиiсті.

Жанып жатқан және онымен көршiлес бөлмелерде түтiннiң, жоғары температураның, газдың болуы өрттi шектеу және жою жөнiндегi жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпеуге тиiсті, ол үшiн өртті сөндіру бойынша жұмыстарды бір мезгілде жүргізу қажет және көбiктi немесе шашыранды ағысты беру арқылы түтінді шығару шараларын қолдану керек.

Тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру бойынша жұмыстар ТОЖҚҚ жүргізіледі, түтінсорғыштар мен жарықтандыру құралдары пайдаланылады.

Қарауыл (бөлiмше) өзi тұрған жауынгерлiк учаскеден тек өрт сөндіру жетекшісінің (бұдан әрі - ӨСЖ) немесе жауынгерлiк учаске бастығының (ЖУБ) рұқсатымен ғана, сондай-ақ ӨСЖ,, өрттегі жедел штаб бастығымен (бұдан әрі –ШБ) немесе ЖУБ байланысу мүмкін болмаса, жеке құрамға айқын қауіп төнген жвағдайда бұл жөнінде кейін ӨСЖ, ШБ немесе ЖУБ хабарлап, сол жерден өздігінен кете алады.

Өрт сөндiру үшiн тиiмдi от сөндiрушi заттарды (көбiктi, ұнтақтарды, ерiтiндi суларды және басқаларды) пайдалану керек және бiрiншi кезекте iшкi өртке қарсы су жүйелерiн, өрт сөндiрудiң тұрақты қондырғыларын iске қосу қажет.

Бiрiншi автоцистерна, қағида бойынша өрт орнына жақын қойылып, оқпаны шешушi бағыттарға берiледi, ал келесi автоцистерналар (автосорғыштар) жақын су көздерiне орнатылып, өрт орнына магистралдық желiлер тартылады.

Автоцистернадағы су таусылғаннан кейiн, оқпан су көзiне орнатылған өрт автокөлiгiнен тартылған магистралдық желiнiң тарамына жалғанады.

Өршiген өрттi сөндiруге «А» оқпаны және лафеттi оқпандар берiледi, өрттiң басылуына қарай кiшi көлемдi оқпандарға ауыстырылады.

Ғимараттардың құрылымдарындағы қуыстар мен желдеткiш арналардағы жануға «А» су оқпандары және көбiк оқпандары берiледi, жайдың жанғыш құрылымын бөлшектеу ұйымдастырылады.

Жанған жерлерге су төгу үшiн «Б» оқпаны берiледi, iшкi өрт крандары пайдаланылады.

Құю арқылы су берген кезде қажеттi өрт автомобилдерінің санын, жең желiлерiн тартудың тәсiлдерi мен жолдары анықталады.

Жең желiлерiн тарту үшiн бiрiншi кезекте жең өрт автокөлiктерi мен жең катушкалары пайдаланылады.

Тым барынша қуатты сорғышы бар өрт автомобилі су көзiне орнатылады да одан өрт орнына магистральдық жең желiлерi тартылады, ал қуаты аз насосы бар өрт автокөлiгi өрт орнына жақын орналастырылып, одан бiр мезгiлде су көзiне және өрт орнына жең желiлерi тартылады.

Жанған жайды көбiкпен толтыру кезiнде ӨСЖ:

көбiкпен толтырылуға тиiстi бөлменің көлемiн;

көбiктiң ағуына кедергi келтiретiн ұстағышты орнатудың орнын;

қажеттi көбiктендiргiштiң, көбiк оқпандарының санын және олардың орнатылатын орындарын;

белгiленген бағытта көбiктiң ағуына жағдай жасайтын өрт түтiн сорғыштардың орындарын анықтауы қажет.

Бөлмеге көбiк берген кезде:

көбiк оқпандарын жану деңгейiнен жоғары орнату;

түтiн сорғыштарды және басқа желдеткiш агрегаттарды көбiк оқпандары орнатылған жерден қарсы жаққа орналастыру және жану өнiмдерiнен қашық жерде жұмыс iстеу;

бөлмені көбiкпен толтырғаннан кейiн жағдайды анықтауға және қалған жану ошақтарын жою үшiн газ-түтiннен қорғаушылардың буынын (бөлiмшесiн) дер кезінде жiберу қажет.

Судың шамадан тыс төгiлуiн болдырмау үшiн:

оқпан жапқыштарды, шашу оқпандарын қолдану;

резеңкiленген өрт жеңдерiн;

көбiктi, ұнтақтарды, ерiтiндiлi суларды қолдану;

оқпандардың жұмысын дер кезiнде тоқтату немесе оларды сыртқа шығару қажет.

Адамдарға және малдарға қауiп төнбегенде, өрттiң өршуi шектелгенде және өртті жоюды қолда бар күштермен және құралдармен қамтамасыз ету мүмкiн болғанда өрт шектелінді деп есептелiнедi.

Жану тоқтағанда және қайта жануды болдырмау шаралары қолданылғанда өрт жойылды деп есептелiнедi.

Жанудың қайта дамуының алдын алу шаралары жануды жойған орынды қадағалау кезінде жүргізіледі және жанған құрылымдарды бақылау ретінде талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, өртті жою ошағын салқындату мақсатында жанған орынға су құю жұмыстарын жүргізуді қамтиды.



2.8 Арнайы, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды орындау
Арнайы жұмыстар – арнайы техникалық құралдарды және (немесе) тәсiлдердi пайдаланып, жауынгерлiк тапсырманы орындауға бағытталған жеке құрамның iс-қимылдары.

Арнайы жұмыстарға:

өрт байланысын ұйымдастыру (бұдан әрi - байланыс);

шақыру орынына (өртке) жарық беру;

құрылымдарды ашу мен бөлшектеу;

биiкке көтерiлу (төмен түсу);

қорғау шараларын орындау;

зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету;

техникалық құралдардың жұмыс iстеуiн қалпына келтiру жатады.

Өрттегi байланыс бөлімшелерді басқаруды, олардың өзара iс-қимыл жасауын және ақпарат алысуды қамтамасыз ету үшiн ұйымдастырылады.

Басқару байланысы ӨСЖ мен жедел өрт сөндiру штабы, Өрттегі тыл бастығы (бұдан әрі - ТБ), ЖУБ-тары және қажет болған жағдайда өрт сөндіру және авариялық-құтқару автомобилдері арасында орнатылады. Өрттегi байланыс өрт бөлiмдерiн басқару мен олардан өрттегi жағдайды бiлудi қамтамасыз етедi.

Өзара іс-қимыл байланысын ЖУБ-тары арасында орнатылады және жауынгерлік учаскелер арасындағы іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Өзара іс-қимыл байланысы үшін радиостанциялар, телефон аппараттары, сөйлесу қондырғылары, мегафондар, дауыстап шығарушы жабдықтар, байланысшылар (Б) және өзге де техникалық құралдар пайдаланылады.

Ақпарат байланысы ӨСЖ, өрт сөндіру жедел штабы және КҚЖБО (ББП) арасында радиостанциялар мен телефон арқылы орнатылады.

Бұл байланыс КҚЖБО (БКДҚ) немесе ББП және бөлімшелер арасында өрттегі жағдай мен оны сөндіру барысы, қосымша күштер мен құралдарды шақыру туралы өзара ақпараттар, сондай-ақ ӨСЖ талаптарын су өткізу, газ авариялық, энергетикалық, медициналық және өзге қызметтерге жеткізуді қамтамасыз етуге тиісті.

Өртте радиобайланыс құралдарын пайдаланған кезде ӨСЖ барлық абоненттердің радио алмасу ережесін сақтауын қамтамасыз етуге міндетті.

Қатты түтiндеген және көруге мүмкiншiлiк жоқ болған жағдайда ӨСЖ нұсқауымен жарық көздерiн орнату жүзеге асырылады.

Шақыру (өрт) орнына жарықтандыру үшiн өртке қарсы қызметiнiң қаруларының арнайы өрт автокөлiктерiнiң жарық беру жабдықтарын, содай-ақ осы мақсатқа арналған басқа штаттық құралдарын пайдаланады.

Шақыру (өрт) орнында ӨСЖ нұсқауымен шаруашылық жүргізу объектiсінiң жарық беру жабдықтарын қосымша қолдануға болады.

Өртте жарық беру құралдарын орнату төмендегi ережелердi басшылыққа ала отырып жүргiзу қажет:

бiрiншi кезекте адамдарды құтқару жолдары жарықтандырылады;

жарылыс қаупi бар бөлмелерге сырттан терезе арқылы жарықтандырылады, бұл бөлмелерге прожекторларды алып кiру, оларда жану жағдайы болғанда ғана рұқсат етiледi;

қатты түтiндеген, көлемi үлкен бөлмелерге қуатты прожекторлар қойылады, жекелеген жағдайларда олар осы бөлмелерде жұмыс iстеушiлер үшiн бағдар ретiнде орнатылады;

прожекторлар, жалғастырушы муфталар, штепсельдiк ажыратқыштар, жалғастырушы қорапшылар және басқа кабельдердi қосушы құралдар оларға су тимейтiн, сондай-ақ құлайтын құрылымдардан зақымдану қаупi жоқ жерлерге орналастырылады.

Ғимараттардың (құрылыстардың) құрылымдарын ашу мен бөлшектеу:

адамдарды құтқару үшiн тиістi жағдай жасау;

құнды мүлiктердi құтқару;

жанудың жасырын ошақтарын табу;

от сөндiргiш заттарды жану аймағына беру және барынша тиiмдi пайдалану;

оттың таралуын шектеу үшiн отқа қарсы ажырату орнын дайындау;

түтiн мен газдарды шығару;

құлау қаупiн болдырмау;

оқпандарды беру үшiн ғимараттың iшiне немесе өрт ошағына өту мақсатында жүргiзiледi.

Ғимараттардың құрылымдарын ашу мен бөлшектеу ӨТЖ-ды қолдана отырып, белгiленген жұмыстарды толық орындау үшiн қажеттi шеңберде жүргiзiледi.

Жанудың жасырын ошақтарын табу, түтiндi шығару және от сөндiргiш заттарды қолдану үшiн өрт сөндiру құралдары ашылатын орынға шоғырланып iс-қимылға әзiр болғаннан кейiн құрылымдар ашылады.

Өрттiң таралуына тосқауыл қою мақсатымен өртке қарсы ажырату орнын құру жөнiндегi жұмыстар от ажырату орнына жеткенге дейiн аяқталуы керек.

Ғимараттың құрылымын ашу және бөлшектеу кезiнде құрылымның көтеру қабiлеттiлiгiн бәсеңдетпеу және олардың құлауына жол бермеу, жылу жүретiн және газ жүретiн магистралдарды, сондай-ақ электр жүйелерi мен электр қондырғыларын зақымдамау үшiн қажеттi барлық шараларды қолдану керек.

Құрылымдарды жоғарыдан лақтырған кезде олардың түсетiн орнын тексеру және қоршау қажет.

Түтінмен күресу үшін өртке қарсы қорғану жүйелерін, түтін жойғыш өрт көліктері мен түтін сорғыштар және желдеткіштер мен брезенттік бөгеттерді қолдану қажет.

Адамдарды, мүлiктердi құтқару, күштер мен құралдарды шоғырландыру, өрт сөндiргiш заттарды, басқа да жұмыстарды атқару үшiн жоғарыға көтерiлу (түсу) ұйымдастырылады.

Ғимарттардың (құрылыстың) көшiру жолдары мен құралдарын, сондай-ақ құтқарудың техникалық құралдарын пайдаланып, жоғарыға көтерiлу (түсу) iске асырылады.

Жеке құрамды жоғарыға көтеруге арналған құтқарудың техникалық құралдарының орнын өзгерту, жеке құрамды ескерткеннен кейiн жүргiзiледi.

Жауынгерлiк iс-қимылды жүргiзудiң қауiпсiз жағдайларын және тапсырманы табысты орындауды қамтамасыз ету үшiн қорғану шараларын орындау ұйымдастырылады.

Қорғану шараларын орындау барысында белгiленген тәртiп бойынша жабдықтар, механизмдер, технологиялық аппараттар, электр, вентиляция және аэрациялық қондырғылар, жылу, газбен жабдықтау, канализация, объект iшiндегi транспорт жүйелерi және басқа да өрт орнындағы жоғары қауiп-қатер көздерi ажыратылуы (қосылуы), ал керек кезiнде демонтаж жасалуы мүмкiн.

Жоғары кернеуде тұрған электр қондырғыларын ажыратуды (токсыздандыруды) объектінің немесе елді мекеннің энерго қызметінің маманы дербес немесе ӨСЖ нұсқауы бойынша жүргізеді.

Кернеу 380 А астам электр жабдығын ажыратуды стандарттық ажырату құрылғыларын (ажыратқыштар, сақтандырғыштар және т.б.) пайдалану мүмкін болған жағдайда өртке қарсы қызметтің жеке құрамы жүргізеді. Қажет болған жағдайда желіні басқа тәсілмен ажырату мүмкін болмаған кезде 220 В артық аспайтын фазалық кернеудегi электр сымдарын кесу арқылы ажыратуға болады. Электр сымдары мен басқа да тоқ жүретiн элементтердi, егер олар:

өрт сөндiруге қатысушыларға қатер төндiрсе;

жаңа өрт ошақтарының пайда болуына ықпал етсе;

жауынгерлiк iс-қимылға кедергi жасаса, ӨСЖ нұсқауы бойынша жеке құрам ажыратады.

Техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптарын сақтап және технологиялық үрдістің ерекшелiгiн есепке алып, ажырату командирдің басшылығымен жүргiзiледi. Бұл ретте ӨСЖ электроэнергияның ажырау орнына қауіпсіздік постын орналастырады немесе ерекше жағдайларда жеке құрам жетіспеу кезінде «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеуде!» тыйым салу белгісін орнатуды қамтамасыз етеді.

Өрт объектісін электрмен жабдықтаудан ажыртатудың мүмкіндігі болмаған жағдайда, энергия қызметтерімен әрекет ету нұсқауына сәйкес, егер де технологиялық процесс тоқтаусыз өндірісті көздемеген болса, бүкіл ауданның электрмен жабдықтаудан ажырауын талап ету қажет.

Жеке құрамның зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетуi регламенттеуші құжаттармен белгiленген тәртiп бойынша орындалады. Осы мақсатта және керектi жағдайда, жеке тыныс алу органдарын сақтайтын құралдар, алғашқы медициналық көмек көрсететiн жабдықтар және басқа да осыған бейiмделген құралдар қолданылады.

Техникалық құралдардың жұмыс iстеуiн қалпына келтiру - өрт орнында кiдiруге болмайтын уақытша жөндеу жұмыстарын және өрт техникаларын, жабдықтарын, ӨТЖ-н, басқару және байланыс құралдарын техникалық күтiмнен өткiзу болып табылады. Көрсетiлген жұмыстарды ұйымдастыру өрттегi тылға жүктеледi.
2.9 Жиналу және бөлiмшеге қайту
Жиналу және бөлiмшеге қайту - өртке қарсы қызметiнiң күштер мен құралдарының өрт орнынан тұрақты орналасу орнына қайтардағы жеке құрамның iс-қимылдары.

Күштер мен құралдардың жиналуы өрт жойылғаннан кейiн немесе ӨСЖ нұсқауы бойынша өрттегi жұмыстардың көлемi қысқарғаннан соң жасалынады.

Өрт орнында күштер мен құралдардың жиналуына:

жеке құрамның санын тексеру;

ӨТЖ мен құралдардың толықтығын табель бойынша тексерiп, жинау;

ӨТЖ мен құралдардың өрт автокөлiктерiне орналастыру және бекiту;

пайдаланатын сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерiн қауiпсiз жағдайға келтiру шараларын қарастыру жатады.

Өрт басында күштер мен құралдардың жиналуының аяқталғанын және олардың бөлiмге қайтуға дайын екендiгiн қарауыл бастығы (бөлiмше командирi) ӨСЖ және (немесе) гарнизонның кезекші диспетчерiне баяндайды.

Тұрақты орналасу орынына келiсiмен, қысқа уақытта күштер мен құралдарды жауынгерлiк дайындыққа келтiру шаралары iске асырылады.

Тұрақты орналасу орнына жету 10 минуттан аспайтын уақыт аралығында күштер мен құралдарды жауынгерлік даярлыққа келтіру бойынша шаралар қолданылады. Қарауылдың шығуға даярлығы ӨБОП (ББП) хабарланады.



3 Нысанның жедел-тактикалық қатынастағы мінездемесі
3.1 Жалпы мәліметтер
Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Д.Серікбаев атындағы – Өскемен қаласындағы техникалық және экономикалық бағыттағы мамандар даярлайтын жоғары оқу орны.

1958 ж. құрылған.

1996 ж. университет мәртебесі берілген.

1997 жылдан Д.Серікбаев есімімен аталады.

Оқу орны 1958 жылдан бері еліміз үшін 50 мыңнан астам инженерлер, тау-кен мамандарын, ақпараттық технология мен энергетика салаларының жоғары білімді мамандарын даярлады.

Қазіргі күні университеттің 5 факультетінде 43 мамандық бойынша мамандар оқытылады. Онда 11 мыңнан астам студент бар. Университет базасында Қазақстанда тұңғыш рет “университет-технопарк” аталатын инновациялық университет үлгісі құрылып, Алтай ғылыми-техникалық бағы жұмыс істейді. Оқу-ғылыми-инновация-өндірістік кешен жемісті жұмыс атқарып, студенттік технологиялық бизнес инкубатор құрылған. Университет қабырғасында Жоғары технологиялар аймағы бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда.



Сур.1 Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ қасбет көрінісі

Университет 5 факультеттен, әскери кафедрадан, және IT-колледжден тұрады:



  1. Сәулет-құрылыс факультеті,

  2. Тау-кен металлургиялық факультеті,

  3. Машина жасау және көлік факультеті,

  4. Экономика және менеджмент факультеті,

  5. Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті,

  6. Әскери кафедра

  7. IT-колледж

Тарихы

1958 жыл. 5 тамызда КСРО Министрлерлер Кеңесі № 866 қаулысы және 30 тамыздағы Қазақ КСР Министрлерлер Кеңесі № 765 қаулысы негізінде Өскемен құрылыс жол институты құрылды. ӨҚЖИ-дің бірінші ректоры Д.М.Серікбаев болды. Шығыс Қазақстан облысында техникалық жоғарғы оқу орнының ашылуы бұл өңірдегі экономиканың қарыштап дамуы және оған деген инженерлі-техникалық мамандардың қажеттілігін толтырумен байланысты болды.

Оқу корпустарын, студенттер жатақханаларын, спорттық алаңдармен тұрғын үйлерді салу үшін қалалық Кеңестің депутаттары Ертіс өзенінің жағасынан 66 га жерді бөліп берді. Алғашқы жылдары ЖОО құрылыс техникумының оқу корпусында, жобалаушы институт «Казгипроцвет»-тің әкімшлің ғимаратына орналастырылды, ал студенттер Шығысмашзаводтың 400 орындық жатақханасында тұратын болды.

Өндірістік және азаматтық құрылыс, бетонды және темірбетонды заттар мен құрастырмаларды өндіру, құрылыс-жол машиналары мен құрал-жабдықтары, автомобиль жолдары мен автомобиль транспорты мамандықтарына 175 адам қабылданды, соның ішінде күндізгі оқу бөлімінеде - 100 адам, сырттай оқу бөлімінеде 75 адам болды. Институт құрамына 8 кафедра кірді: маркзим-ленинизм, химия, жоғарғы математика, физика, сызба геометриясы мен графикасы, теориялық механика, құрылыс механикасы, геодезия, онда 13 оқытушы жұмыс істеді, соның ішінде 3 ғылым кандидаты мен 10 лаборанттар. 1959 жылы құрылыс, автомеханикалық факультеттері құрылған соң, металдар технологиясы жене арнайы дайындық кафедралары мен бұрынғы құрылыс механикасы, теориялық механика, жоғарғы математика, марксизм-ленинизм кафедралары автомеханикалық факультетке қарайтын болды, ал қалғаны құрылыс факультетінің құрамына кірді.

1959 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өскемен бүкіл кеңестік сырттай инженерлі-құрылыс институты негізінде сырттай оқу факультеті құрылды. 1960 жылы дене тәрбиесі мен спорт кафедрасы құрылды, оны Левченко Б.Ф. басқарды. 1961 жылы ӨҚЖИ-де профессорлар-оқытушылар мен студенттер құрамында бірінші ғылыми-техникалық конференция өтті. 45 оқытушы мен 10 студенттің ғылыми докладтары тыңдалып, талқыға түсті. 1962 жылдан бастап Зырян қаласында жалпытехникалық жұмыс істеді. 1962 жылы институтты сәулет өнерінің докторы, профессор Сидоров А.К. басқарды. 60 жылдардың басы есептеу орталығын құруға жатады. 1962 жылы Минск қаласына арнайы дайындықтан өту үшін Каханов А. А., Смирнов Б. П., Коровина А. В., Чернявский В. С., Макарцев М. И. жіберілді. 1963 жылы институт бірінші 79 жас мамандар, оның ішінде 8-і "ерекше диплом"-мен даярлап шығарды. 1965 жылы институттың 3000 кв. м бас корпусы мен 516 орынға арналған жатақхана мен 48 пәтерлі тұрғый пайдалануға берілді. 1966-1967 жылдар аралығында зертханалық корпус, мәдени шаралар залы мен спорт зал, оқу залы, 3-ші жатақхана пайдалануға берілді.

Материалдық-базаның үлкеюі студенттер санының көбеюі мен сәулет (1964 ж.), инженерлі-экономикалық (1965 ж.), суландыру және канализация (1967 ж.) факультеттерінің ашылуына әсер етті.

1967 жылдң 25 ақпанында институттық газет «За знание»-нің бірінші нөмірі жарыққа шықты. Оның редакторы болып КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі доцент Савостенко В. бекітілді.

1967 жылдан бастап біліктілігін көтеру кафедрасы жұмыс істеді.

Өзінің 10 жылдық мерейтойы жылында институт 1550 адамды қабылдады, соның ішінде 725 адам іштей оқу бөліміде болды. Барлығы 35 кафедрада 340 оқытушы жұмыс істеп, оның 36-ы түрлі ғалымдар болды

1972 жылы Алматы қаласында ӨҚЖИ-дің кешке оқыту филиалы ашылды. Оның материалдық базасын республиканың автомобиль жолдары министрлігі қаржыландырды.

1972 жылы жалпы инженерлік факультет құрылып, 13 кафедра жалпы инженерлік мамандықтарды мен 1,2 курстың 54 тобын біріктірді. Деканы - техника ғылымдарының кандидаты, доцент Токмурзин О. Т. болды.

1974 жылы Халық шаруашылығы көрмесіне белсене қатысқаны үшін ӨҚЖИ Қазақ ССР-нің I дәрежелі ВДНХ дипломымен марапатталды.

1975 жылы 500 орындық клуб-асхана мен 5-ші студенттер жатақханасының негізі қаланды.


    1. Нысанның шұғыл-тактикалық сипаттамасы

Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті Өскемен қаласы, Серикбаев көшесі, 19 мекен-жайы бойынша орналасқан. 2-ӨСБ-ден ара-қашықтығы – 3 км. 2-ӨСБ-ден жүру бағыты: тәуелзідік дан-лы – Серикбаев көшесі. 2-ӨСБ-нің келуінің есептегі уақыты: 4 минут. Келуі: күндіз – 2800 адам, түнде – 3 адам. Қабырғаның ж/б, екiншi отқа шыдамдылықты шығыс - Қазақстандық мемлекеттiк техникалық университет, керiлген пiшiндi ғимарат, iргетас және құрама т/б көп қуысты панельдерден бөгеудiң арақабырғасы және коридорлардағы битум мастикасы, едендерге рубероидтың жұмсағы шатырдағы, жабын университет жазық тақталар, ғимараты және бетон, кабинеттердегi рекреация - ағаш, жылыту - орталық су, жарық - электр, желдету - құйылу-тартуға, қорғау тәулiк бойы - мекемелiк.


Ғимараттың корпустары:

-бас корпус - жоспарда төрт қабатты, ғимараттың өлшемдерi: ұзындық - 99, 34м; ені - 15,75м;

-нөлдiк корпус - жоспарда төрт қабатты, ғимараттың өлшемдерi: ұзындық -78,82м, ені -19,35м;

-жол корпусы - жоспарда төрт қабатты, ғимараттың өлшемдерi: ұзындық - 84,06м ені-18,41м;

-лабораториялық корпус - жоспарда екi қабатты, ғимараттың өлшемдерi: ұзындық - 84,85м ені-21,43м.

Сур.2 Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бас жоспары
Жер төле жайы жол тұрқысында ғана ие болады. Жер төле жайынан үш шығу жолдары ие болады. Бiрiншi бойымен басты тұрқы өтуге болады: лабораториялық тұрқыға өткел арналған және екiншi қабат, жол тұрқысына бiрiншi қабат, нөлдiк тұрқыға рекреация арқылы - барлық қабаттар бойымен. Барлық тұрқыларда (см.в жоспар жабынға 2 шығу тұрқылардың iшi ие болады). Кiтапханада 2 эвакуациялық шығулар ие болады, 1эвакуационный шығу 3 шығуды жол тұрқысы, нөлдiк тұрқыда, 1 шығу басты тұрқыда, ҚК 3 шығуды лабораториялық тұрқыда. сұлбада). Кейбiр жайлар, атап айтқанда : кiтапхана, рекреация, баспа және компьютер таптары 3-А ЖК өрт хабарландырушы жабдықтаған - 103 - 2 - 1М, ЖК - 105, ЖК - 212 - 45 70 штук мөлшерiнде тәулiк бойы бақылауы бар өрт - қорғау сигнализациясының пульт шығарылған.

Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау 150м-шi диаметрiмен сақиналы желi орнатылған өрт сөндiру гидранттарынан қамтамасыз етiледi. Қашықтықта 15м, 100м, 350м 3ПГ орналастырған. Университеттiң ғимаратынанғы 100 метрлерiндегi табиғи су көзiде болады, атап айтқанда Комендантка өзен.

Жақынырақ 500м объектiден: ул.Серикбаева көше орналасқан су көзi 23 ПГ - 758, 7 ПГ - 783, 5 ПГ - 782, 1/1 ПГ - 755.

Жобамен алдағыда бояумен жасау жұмыстарының ведомостьтарына сәйкес кірпішті қабырғалар мен арақабырғалардың сыламасы қарастырылады. Вестюбль қабырғалары құмды кірпішпен қапталған. Санитарлы тораптарда және жуыну бөлмесіндегі қабырғалар глазурланған плиткамен сыланған.

Бөлмелердегі, асхана залындағы едендер – паркетті. Санитарлы түйіндер мен желдету камераларында – керамикалық плитка.

Бірінші қабаттағы вестюбль мен коридор едендері бетонды, мозайкалы. Қалған бөлмелерде – линолеум.

Ғимарат кірпішті етіліп жобаланған.

Ғимараттың кеңістікті қаттылығы жабынды дискілерінің біріктірілген жұмысымен, сырқы және ішкі кірпішті қабырғалар мен саты торларының қабырғаларымен қамтамасыз етіледі.

Ауыртпалықтардың барлық коэффициенттері мен ауыртпалықтары ҚНжЕ -6-74 талаптарына сәйкес қабылданған.

Фундаменттер сыртқы және ішкі қабырғаларға ленталы және I.IIЕ-1 сериясы бойынша темірбетонды блоктардан жинақты қабылданған.

Жылумен қамтамасыз ету сызбасы – екі құбырлы: екі құбыр жылыту және желдету үшін.

Жылумен қамтамасыз ету торабының ішкі жылу тасымалдағыштары – су 150-70 С параметрлерімен.

Жылыту мен желдетуге жылу шығыны су өлшегішпен және жылу түйінінің термометрлерімен ескеріледі.

Жылу жүйесінен құбырөткізгіштерді енгізу орталық жылу түйініне берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет