2-ші нұсқа бойынша өрт сөндірудің экономикалық шығыны
Кітапхананы Шар-1 өздігінен өрт сөндіру құрадарымен қамтамасыз етуге кететін шығынды анықтаймыз. Шар-1 құралы ұнтақпен сөндіргеннен кейін кітапханада өрт сөндіруге жарайды.
Рис.3 Шар-1 өздігінен өрт сөндіру құралының орналасу үлгісі
Шар-1 құралының тактика-техникалық сипаттамасы:
-
салмағы - 1,5 кг;
-
өрт сөндіру ауданы - 30м. куб.
-
өрт сөндіру затының салмағы - 1,3 +/- 0,1 кг;
-
сыртқы диаметрі - 147 мм;
-
температуралық диапозон - -40...+85 С;
-
құлау биіктігінің шегі - 2,5 м;
-
қызмет мерзімі - 5 жыл.
Кітапхананы жабдықтауға кететін шығынды анықтаймыз:
Көлемі: 3,3*30*30=2970 м3
Жабдықтауға қажет модуль саны: 2970 / 30 = 99 модуль
Шығын: 99*9000=891000 тенге
Экономикалық үнем:
Э=П1-П2 = 2 859 479 – 891000=1 968 479 теңге (5.8)
Анықталған үнемділікті ескере отырып, ғимараттың бөлмелерін Шар-1 ұнтақпен өртті сөндіру модулдерімен жабдықтау дұрыс шешім болып табылады.
Сонымен қатар қосымша ғимаратты стационарлы құтқару жеңдерімен жабдықтау дұрыс шешім болып табылады.
Қорытынды: Жоғарыда көрсетілген теңдеулердің нәтежиесінде өздігінен өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіру әдісі үлкен экономикалық үнемге алып келіп қана қоймай, сонымен қатар адамдардың өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді.
6 Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау мен техика қауіпсіздігі
Техника қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар нысан мамандарымен бірге өңделеді және жедел жоспарда қарастырылады, онда техика қауіпсіздігі бойынша жауаптылардың міндеттері бейнеленуі тиіс. Ғимарат жоспарында температуралық әсерден қорғауға қажетті конструкциялар бұзылуларының мүмкін аймақтары белгіленуі тиіс.
Өртті сөндіруге жұмылдырылатын қарауылдың жеке құрамымен жыл сайын өрт-тактикалық үйретулерді өткізу кезінде техника қауіпсіздігі сұрақтары өңделуі тиіс.
ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінде техника қауіпсіздігі ережелерінде баяндалған талаптардан басқа, ӨСБ техника қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар арқылы газдалған, қатты түтінденген және температурасы жоғары, жоғарылатылған жылулық радиация аймақтарында жұмыс істеуші адамдарды қорғау бойынша іс-шараларды қабылдау қажет. Жеке құрам түтін люктерін, шынылануды тез ашуға жаттықтырылуы тиіс.
Конструкциялардың, стеллаждардың бұзылу қауіптілігі кезінде, қауіпті аймақтан жее құрамды көшіру шараларын уақытында қабылдау қажет.
Қоғамдық тағайындаулы ғимараттарда табысты өрт сөндіру жағдайларын қамтамасыз ету үшін, гарнизондарда бірқатар дайындық іс-шараларын өткізу керек. Бұл іс-шаралар автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерімен өртті анықтау және тоқтату мүмкінділігін, өртті сөндіруге қажетті күштер мен құралдарды тез жұмылдыруды, сол сияқты өрт бөлімдері жеке құрамдарының тактикалық дағдыларын қамтамасыз етуі тиіс.
Өртке бөлімшелер келісімен жеке құрамға барлауды, жауынгерлік қанат жаюды және өртті сөндіру кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ескерту қажет. Барлау тобы кем дегенде 3 адамнан болуы тиіс, және ең жақсы даындалған адам – командирмен басқарылады.
Түтінденген ортада және улы заттар сақталатын қоймаларда барлауды өткізу кезінде, құрамында үш адамы бар ГТҚҚ буындарымен өткізу қажет.
ГТҚҚ жеке құрамы өздігінен құтқару және құтқару құралдарымен, байланыс және жарықтандыру құралдарымен, конструкцияларды ашу жабдықтарымен, сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Барлауды жүргізушілер барлау нәтижелерін баяндай отырып, ӨСБ, жедел штабпен тұрақты байланысты қолдаулары тиіс. ӨСБ газтүтіннен қорғаушылар резервін құрып, оқшаулағыш тұмылдырықта жұмыс істеуші жеке құрамды уақытында ауыстырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Жеке құрам жалынның немесе қызған газдардың мүмкін лақтырылуы кезінде күюден қорғалу үшін есік ойықтарын қолдана отырып, жанып жатқан бөлмелерге апаратын есіктерді мұқият ашулары, құрылыс конструкцияларының мүмкін бұзылуларынан қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс.
Өртті сөндіру кезінде шашыранды суды беру жолымен жоғары температураны төмендетуге іс-шараларды қабылдау қажет. Судың артық төгілуін болдырмау мақсатында жабылатын оқпадарды қолдану қажет.
Өртте адамдар мен мүлікті құтқару кезінде жедел лауазымды тұлғалар жағдайға және көмек көрсетілуі тиіс адамдардың жай-күйіне байланысты адамдарды құтқару тәртібі мен тәсілдерін анықтауға, қауіпті өрт факторларынан құтқарылушыларды қорғау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Құтқару жұмыстары шапшаң, бірақ құтқарылатын адамдарға зақым мен жарақат келмейтіндей ескерулерді сақтай отырып жүргізіледі.
Құтқару жұмыстары жүргізілген кезде барлық жағдайларда лауазымды тұлғалар күштер мен құралдарды орналастырумен қатар сол сәтте қажеттілігі болмаса да, жедел медициналық жәрдемді шақырады.
Медициналық персонал өртке келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті белгіленген тәртіппен МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы көрсетеді.
Адамдар мен мүлікті биіктен құтқару үшін сынақтан өткен тұрақты және жылжымалы қол өрт сатылары, автосатылар және өрт автокөтергіштері, құтқару арқандары, құтқару жеңдері, пневматикалық секіретін құтқару құрылғылары және тиісті сертификаттары бар және сынақтан өткен өзге де бұйымдар қолданылады.
Құтқару арқанының ұзындығы жерге толықтай түсіруді(балкон және басқасы) қамтамасыз ететіне, құтқару ілмегінің құтқарылушыға сенімді бекітілгеніне, құтқару арқанының ғимарат құрылымына бекітілгеніне және өрт сөндірушінің белдік карабиніне дұрыс оралғанына көз жеткізгеннен кейін ғана құтқару мен өзін-өзі құтқаруды бастауға болады.
Құтқару және өзін-өзі құтқару үшін дымқыл немесе едәуір ылғалды құтқару арқандарын, сондай-ақ жауынгерлік есепте жоқ құтқару арқандарын және басқа мақсатқа арналған арқандарды қолдануға тыйым салынады.
Мәжбүрлі түрде оқшаулау жағдайындағы зардап шегушілерді дереу шығару мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушілерді қолда бар барлық құралдармен аман алып қалу үшін ең алдымен таза ауа, жеке қорғану құралдарын, ауыз су, дәрі-дәрмектер мен тамақ беру ұйымдастырылады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы зардап шегушілерге барған кезде қираған құрылыс құрылымдарын қажетті түрде жылжыту (ығыстыру), көтеру, үзу (әр түрлі диаметрдегі ашылған арматураны кесу немесе бөлу) жүргізіледі. Мұндай жағдайларда жеке авариялық-құтқару аспабы (гидравликалық қайшылар, шабуыл балталары, плунжерлі бөлгіштер және басқалары) және жалпы мақсаттағы механикаландырылған аспап (электрлік қол қайшылар, дискілі және тізбекті даралар, ажырату және шой балғалар, бетон бөлгіштер) және өзге де құтқару технологиялары қолданылады.
ӨТЖ, штаттық аспапты, жеке және топтық құтқару құралдарын қауіпсіз қолдану жөніндегі талаптар осы Нұсқаулықтың тиісті тарауларында жазылған. Тиісті сертификаты бар штаттық емес техникалық құралдарды қолдану кезінде оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған ұсыныстарды басшылыққа алған жөн.
Адамдарды жаппай эвакуациялау үшін құтқару жеңін пайдалану кезінде ол автокөтергіштің люлькасының еденіне бекітіледі. Құтқару жеңі бекітілген люлькада бір мезгілде 2 адамнан артық болмауы тиіс. Екі және одан көп құтқару жеңдерін қосуға болмайды.
Автоматты ажырату және дабыл беру электр желісі жарамды болғанда ғана адамдарды автосатының кабинасында көтеруге (түсіруге) болады.
Сигналды автомат қоңырауы соғылғанда кабинаны көтеру дереу тоқтатылады және лифт кабинасы бастапқы күйге келтіріледі.
Лифт кабинасында бір мезгілде көтерілетін (түсірілетін) адамдар (жүк массасы) саны автосатыны пайдалану жөніндегі зауыт белгіленген нұсқаулықтың шамасынан (салмағынан) артық болмауы қажет.
АХҚЗ сақтайтын, жұмыс істейтін немесе ықтимал бөлінетін үй-жайларда (учаскелерде) жанған кезде МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының жұмысы тек арнайы қорғағыш жинақтарда және ТОЖҚҚ-да жүзеге асырылады. Бу қосылымдарын төмендету үшін үй-жайлардың (учаскелердің) ішін шашыранды сумен сулау қажет. Өрт сөндіру автомобильдері жанып жатқан объектіден кемінде 50 м қашықтықта ық жатқан орналасуы қажет.
МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамын жылу радиациясы мен механикалық факторлардың әсерінен жеке қорғау үшін жылу шағылдыратын костюмдер, жауынгерлік киім мен жарақ, суландырғышы бар қорғағыш металл тор, оқпандарға бекітілген асбест немесе фанер қалқандар, жерге орнатылған асбоцемент табақтар, оқпаншыны шашыранды ағыспен суландырғышы бар мақталы киім қолданылады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын және күшті жылу радиациясы учаскелерінде жұмыс істейтін техниканы топтық қорғау турбиналы және желпуіш түріндегі бүріккіштің көмегімен құрылатын су бүркемелерімен (экрандарымен), ал жеке қорғау бүріккіш оқпандармен қамтамасыз етіледі.
Жануды жою кезінде сөндіруге қатысушылар жағдайдың өзгеруін, құрылыс құрылымдарының барысын, технологиялық жабдықтың жай-күйін қадағалауы қажет және қауіптілік туындаған жағдайда жауынгерлік учаскедегі барлық жұмысшыларға, ӨСЖ мен басқа да жедел лауазымды тұлғаларға дереу ескерту қажет.
Жабында (төбеде) және үй-жайдың ішіндегі далдаларда жұмыс істеу кезінде көтергіш құрылымдардың жай-күйін қадағалау қажет. Қирау қаупі болған жағдайда МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы дереу қауіпсіз жерге кетуі қажет.
Ғимараттардың жоғары қабаттарында жануды жою кезінде «Өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдау» деген жұмыс режимі бар лифтілерден басқа, жеке құрамды, ӨТЖ және жабдықты көтеру үшін жүк және жолаушылар лифтілерін пайдалануға тыйым салынады.
Жабындарда, әсіресе, күмбезді жабындарда орнатылатын өрт сөндіретін қол сатылары, арнайы басқыштар және т.б. мықтап бекітілуі қажет.
Биікте жұмыс істеу кезінде жұмысшылардың құлауын болдырмайтын сақтандыру бұйымдарын қолданып, мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
оқпанды (қайшысы бар және т.б.) өрт сөндіретін қол сатысымен тек жұмысшыны саты баспалдағына өрт белдігі карабинімен бекіткеннен кейін ғана жұмыс істеуге болады;
жабында жұмыс істеу кезінде өрт сөндірушілер сақтандыру үшін ғимарат құрылымына құтқару арқанымен бекітілуі қажет, бұл ретте құтқару арқанын қоршау құрылымдарына бекітуге тыйым салынады;
биіктерде және жабындарда оқпанмен жұмысты кемінде екі адам жүзеге асыруы қажет;
желі желісі жең ысырмаларымен бекітіледі.
Өрт оқпанын су беруді тоқтатқаннан кейін де қараусыз қалдыруға, сондай-ақ МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының салбыраңқы жабындарда және жану белгілері бар далдалардың учаскелерінде болуына тыйым салынады.
Жаңа құрылыстарда және қайт салынып жатқан ғимараттарда құрылыс тақтайларының өртін сөндіру кезінде оқпаншылардың жауынгерлік шептері ағаштардан кемінде 1 м қашықтықта, ал өрт сөндіру автомобильдері салынып жатқан немесе жөндеу жүргізіліп жатқан ғимараттан кемінде 410 м қашықтықта орналасуы қажет.
Тұрғын үйлерде өртті жою үшін оны сөндіру алдында мынадай:
газ өткізгіштегі ысырмаларды жабу;
электр энергиясын беруді тоқтату;
температураны төмендету және үй-жайдан түтінді жою;
табылған газы бар баллондарды салқындату және оларды су ағысымен эвакуациялау шараларын қабылдау қажет.
Ғимарат ішінде жарылу қаупі бар қосылымдардың түзілуі болдырмас үшін ұйымдардың әкімшіліктерімен келісімсіз аппаратура мен құбырлардан қысыммен шығатын (ағатын) жанғыш газдардың жалынын немесе жанғыш сұйықтықтардың буын сөндіруге болмайды. Қажет болған жағдайда және ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан тікелей бақылау болғанда газ бен будың ағуын тоқтату шаралары қолданылады, сондай-ақ жалынның және күшті жылу сәулесінің әсер ету аймағында орналасқан өндірістік жабдықты және ғимарат (құрылыс) құрылымдарын салқындату қамтамасыз етіледі.
ӨСЖ, лауазымды тұлғалар және өрт сөндіруге қатысатын МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы өрт сөндіру кезінде су немесе басқа да өрт сөндіргіш заттарды (2-қосымша) қолдану қауіпті болатын заттар мен материалдардың түрлері мен типтерін білуі қажет.
Хауыздарда өртті жою кезінде тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оларды:
жеке құрамды пиролиз өнімдерінің ықтимал ұшқындауы кезінде және жалын лапылдағанда қорғау үшін есікке сүлгіні қолдана отырып;
турбина түріндегі саптамасы бар оқпандардан шашыранды су ағысын міндетті түрде беру арқылы;
құбырларға су беруді қосу арқылы ашу қажет.
Едәуір көлемде жанғыш тозаң бөлінуі ықтимал өндірістік үй-жайларда, қоймаларда өрт сөндіру кезінде өрт сөндіргіш заттарды беру оларды тұндыру және жарылысты болдырмау үшін шашыранды ағыстармен жүзеге асырылуы қажет.
Қысыммен жұмыс істейтін жанып жатқан аспаптар мен жабдықтарды, сондай-ақ көбікпен араласқанда қайнауы, ашылуы, жалынды күшейтуі мүмкін заттар мен материалдарды сөндіру үшін көбікті өрт сөндіргіштерді қолдануға тыйым салынады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы өртте оқпаншылардың шебінде, ғимарат құрылымдарын бөлшектегенде, өрт сөндіретін қол сатыларды орнатқанда және жең желілерін төсегенде электр желілерінің жай-күйін тұрақты қадағалауға және ол жөнінде ӨСЖ мен басқа да лауазымды тұлғаларға дер кезінде баяндауға, сондай-ақ қауіпті аймақта жұмыс істейтін өрт сөндіруге қатысушыларға ескертуге міндетті.
Табылған сымдардың токтан ажыратылғандығы анықталмайынша оларды кернеулі деп санап, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет.
Ұйымда жасырын немесе транзитті электр өткізгіш болса, жұмысты ұйымның барлық жабдығын токтан ажыратқаннан кейін ғана жүргізу қажет.
Еден тәріздес материалдар болған жағдайда олардың астынан төселген сымдар мен салынған құбырлардың мақсатын анықтау қажет.
Радиациялық қауіпті объектілерде реакторлық қондырғыны басқаруды мүмкін емес тікелей қауіп болған жағдайда объектінің бас инженерінің (станция ауысымы бастығының) келісімімен 6,3 кВ дейін қоса алғандағы кернеумен жұмыс істейтін жабдықты сөндіруге болады. Мұндай жағдайда токтан ажыратылмаған электр қондырғысына дейін кемінде 5 м қашықтықта бүрку диаметрі 13 мм аспайтын өрт сөндіретін қол оқпандарымен берілетін шашыранды су ағыстары қолданылады.
Өрт кезінде жұмыс істегенде жүргізушілерге (моторшыларға) ӨСЖ және лауазымды тұлғалардың нұсқауысыз өрт сөндіру автомобильдерін, мотопомпаларды орнынан ауыстыруға, автосатылар мен автокөтергіштерді қандай бір орнынан қозғауға, сондай-ақ автомобильдерді, мотопомпаларды және жұмыс істеп тұрған сорғыштарды қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.
Жолда жүк пойыздарының жануын жою кезінде өрт орнына келген ӨСЖ және лауазымды тұлғалар машинистен жанып жатқан және көршілес вагондағы жүктің түрін анықтауға, машинистен авариялық карточканы талап етуге және МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауға міндетті.
Электрлендірілген учаскеде жылжымалы құрам өртін жою кезінде ӨСЖ және лауазымды тұлға МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының сымдар мен байланыс желісінің және әуе желілерінің басқа да бөліктеріне кемінде 2 қашықтықта, ал байланыс желісі мен әуе желілерінің үзілген сымдарынан оларды жерге қосу орнына дейін кемінде 10 м қашықтықта жақындауын болдырмау шараларын қабылдауға міндетті.
Өрт сөндіруге су мен көбік беруге байланыс желісі мен әуе желілерінен кернеуді алғаннан, оларды белгіленген тәртіппен жерге қосқаннан және осы үшін уәкілетті тұлғадан өрт сөндіру құқығына рұқсат алғаннан кейін ғана беріледі.
ТТС, ЖС, сұйытылған көмірсутек газдары бар теміржол цистерналары мен автоцистерналарындағы өртті жою үшін қуатты тасымал, жылжымалы және тұрақты лафетті оқпандарды қолдану қажет. Оқпаншылардың жауынгерлік шептері жарылыстың ықтималдығын ескере отырып, барынша алыс қашықтықта болуы және іргелес жер бедерінің, ғимарат пен құрылыстың жабындарының, сауытты қалқандардың, сауытты техниканың, қауіпті жүктері жоқ көлік құралдарының (вагондардың, автомобильдердің және т.б.) далдаларының астынан орналасуы қажет. МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы жылу шағылдыратын және жылудан қорғайтын костюмдерде және шашыранды су ағысымен жұмыс істеуі қажет.
Улы химикаттар (химиялық реактивтер, минералды тыңайтқыштар және т.б.) қоймаларында өртті жою кезінде ӨСЖ ұйым әкімшілігінен сақталатын заттардың (материалдардың) сипатын және оларды сақтау орындарын (секцияларын) анықтауға, жұмыс істеу үшін жіберілетін МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының нұсқаулықтан өтуін ұйымдастыруға міндетті.
Улы химикаттар (химиялық реактивтер, минералды тыңайтқыштар және т.б.) қоймаларында өрт сөндіру кезінде мынадай қауіпсіздік шаралары сақталуы қажет:
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы ТОЖҚҚ пайдалануы қажет;
өрт сөндіргіш заттарды беру және өрт техникасын орнату ық жақтан жүзеге асырылады;
қорғағыш костюмдерді (сыртқы киімдерді) шешкеннен кейін ғана ТОЖҚҚ-дан ажырату қажет.
Қажет болған жағдайда улы химикаттар (химиялық реактивтерді) мен тыңайтқыштарды бөлшектеу және эвакуациялау тек ұйым әкімшілігімен келісім бойынша және ол қажетті қорғану құралдарымен қамтамасыз еткеннен және жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық өткізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Улы химикаттар сақталатын және олармен жұмыс істейтін объектіде өрт сөндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы медициналық тексеруден және санитарлық өңдеуден өтеді, өрт техникасын, ТОЖҚҚ; ӨТЖ және мүлікті арнайы алаңдарда газсыздандыруды жүзеге асырады.
Химиялық заттар мен АХҚЗ бар ғимараттар мен үй-жайларда өртті жою кезінде ұйым әкімшілігінен оның сипатын анықтап, осы заттармен реакцияға түскенде жарылыстың, ұшқынның шығуына әкелуі мүмкін өрт сөндіргіш заттарды пайдалануға жол бермеуі қажет.
Жылжымалы өрт сөндіретін лафетті оқпандармен жұмыс істеу кезінде:
оны орнату үшін тегіс алаңды таңдау;
оқпанның лафетте мықтап бекітілуіне көз жеткізу;
оқпаншы мен көмекші оқпаншы жұмысқа әбден дайын болғанына көз жеткізгеннен кейін ғана оның жұмысын қамтамасыз ететін жең желісіне су беру қажет.
Жоғары қысыммен жұмыс істейтін қондырғылар (ыдыстар) бар ұйымдарда немесе ғимараттарда өртті жою кәсіпорын әкімшілігінен қондырғылардың (ыдыстардың) түрі туралы, олардың ішіндегі зат туралы ақпарат алғаннан кейін жүргізіледі.
Өрт сөндіру барысында:
қондырғылардың (ыдыстардың) қабырғаларын күрт салқындату мүмкіндігіне жол бермей, қауіпті шекке дейін қызуын болдырмау шараларын қабылдау;
ұйым әкімшілігінен мүмкіндігінше қондырғылардағы (ыдыстардағы( қысымды қауіпсіз шекке дейін төмендету шараларын қабылдауды талап етуі қажет.
Газ баллондары мен коммуникациялардың жарылуы ықтимал жағдайларда басқа да қауіпсіздік шаралары мен МӨҚҚО бөлімшелерінің іс-қимыл жасау тактикасы тиісті ұсыныстармен белгіленген.
Электр қондырғылары бар үй-жайларда, жарылыс қауіпті ортадағы үй-жайларда, сондай-ақ жер асты метрополитен құрылыстарында өртті жою кезінде өрт сөндіруге қатысатын МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамына электр желілері мен электр қондырғыларын токтан ажырату бойынша өздігінен қандай да бір іс-әрекеттер жасауға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен ұйым әкімшілігінен өрт сөндіруге жазбаша рұқсат алғанға дейін өрт сөндіргіш заттарды қолдануға тыйым алынады.
Кабельдер мен резина мен пластмасса оқшаулағыштары бар сымдар едәуір көп мөлшердегі үй-жайларда өртті жою кезінде лауазымды тұлғалар МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының жану барысында бөлінетін заттармен улану мүмкіндігін болдырмау шараларын қолдануға міндетті. МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы ТОЖҚҚ-мен жұмыс істеуі керек.
Улы реакторларды, радиоактивті материалдар сақтайтын және онымен жұмыс істейтін кәсіпорындарды, радиоактивті материалдарды тасымалдайтын көлік құралдарын немесе ионды сәулелену көздерін қоса алғанда, радиациялық қауіпті объектілерде (бұдан әрі - РҚО) өртті және төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында МӨҚҚО басқару органдары мен бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары объектінің әкімшілігімен бірлесіп, радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес РҚО аумақтарында, ғимараттары мен үй-жайларында өрт пен ТЖ жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық әзірлейді.
Нұсқаулықта мынадай негізгі мәселелер қамтылуы тиіс:
объектідегі радиоактивті заттардың белсенділігін көрсете отырып, олардың тізбесі;
объект әкімшілігі келгенге дейін ТЖ жою, өрт сөндіру (мүлікті эвакуациялау және т.б.) бойынша қандай да бір жұмыс жүргізу мүмкіндігі мен жағдайлары;
дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру және оны қамтамасыз ету құралдары;
радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын қорғау шаралары мен тәртібі;
радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамының аса жоғары сәуле алуының болжалды деңгейлері;
қалыпты жағдайларда және радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып ТЖ болған жағдайда, әр түрлі санаттағы үй-жайларда МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамының рұқсат етілген келу уақыты;
әр түрлі санаттағы ғимараттар мен үй-жайларда ТЖ жою құралдары мен тәсілдері;
ТЖ кезінде және оны жойғаннан кейін жеке құрамға алғашқы медициналық көмек көрсету және техниканы, жабдықты, ӨТЖ және жауынгерлік киімді дезактивациялау тәртібі, орны мен құралдары;
РҚО-да жануды, ТЖ жою үшін қосымша күштер мен құралдарды жұмылдыру, сондай-ақ МӨҚҚО бөлімшелерімен, ішкі істер органдарымен, атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен және объект әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
РҚО-да ТЖ жою және өрт сөндіру кезінде МӨҚҚО қызметкерлерінің ерікті қатысу және оларды ықтимал сәулелену дозалары мен денсаулық үшін қаупі туралы ақпараттандыру тәртібі.
МӨҚҚО бөлімшелері жек құрамының мөлшерден тыс сәулеленуімен байланысты ТЖ және оның салдарларын жою жұмыстары жұмыстың шекті ұзақтығы, қосымша қорғаныс құралдары, қатысушылар мен жұмысты жүргізуге жауапты тұлғалардың аты-жөндері анықталған арнайы рұқсат (өткізу) бойынша радиациялық бақылаумен жүргізілуі қажет.
Персоналдың сәулеленуі мөлшерін жеке бақылау нәтижелері 50 жыл бойы сақталуы қажет. Жеке бақылау жүргізу кезінде жылдық тиімді және эквивалентті дозаларды, кезекті 5 жылға тиімді дозаны, сондай-ақ бүкіл қызмет бойына жиынтық жинақталған дозаны есепке алуды жүргізу қажет.
Жеке сәулелену дозасы кейін жеке карточкаға, сондай-ақ деректер базасын құру үшін машиналы тасығышқа енгізіліп, журналда тіркелуі қажет. Қызметкер сәулелену көздерімен жұмыс жүретін басқа ұйымға ауысқан жағдайда оның жеке карточканың көшірмесі жаңа қызмет орнына берілуі қажет, түпнұсқасы бұрынғы жұмыс орнында сақталуы тиіс.
Сәулелену көздерімен жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілетін тұлғаларға алған сәулелену дозасы туралы толтырылған жеке карточканың көшірмесі берілуі қажет. Іссапарға жіберілген тұлғалардың сәулелену дозасы туралы деректер олардың жеке карточкаларына жазылуы тиіс.
Өртті жою кезінде өрт сөндіргіш әсерінің жоғары дәлдігін және өрт сөндіргіштерді аз мөлшерде жұмсауды қамтамасыз ете отырып, бұл ретте радиоактивті тозаңның шашырау деңгейі мен өрттің қайта туындауын төмендетіп, едәуір алыс қашықтыққа және тек жанып жатқан алаңға ұсақ шашыранды түрінде қуатты импульстік ағыспен өрт сөндіргіштерді беру қажет.
РҚО-да ТЖ мен өртті жою жұмысы қажетті жеке құрамды (ауысымдық жұмыс режимі үшін резервті есепке ала отырып) ең аз мөлшерде жұмылдырып және радиацияның әсер ету жағдайында өрт және басқа да бейімделген техникасын қолдана отырып жүргізілуі қажет.
ТТС мен ЖС төгілуінен болған өрттерді, сондай-ақ РҚО-да ТЖ мен өртті жою жұмысы тек ТОЖҚҚ-да және нақты объектілер үшін көзделген қорғану құралдарында ғана жүргізіледі.
ӨСЖ объектінің әкімшілігі арқылы жұмыс істеуге жіберілетін МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының радиациялық қауіпсіздік бойынша жұмыстың сипаты мен ретін түсіндіре отырып, нұсқаулықтан өтуін ұйымдастыруға, сондай-ақ оның қауіпті болу уақыты мен әкімшілік (дозиметрлік қызмет) белгілеген мерзімде дер кезінде ауысуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
ТОЖҚҚ-ға қосуды және одан ажыратуды, қорғағыш костюмдерді кию мен шешуді белгіленген қауіпсіз орындарда жүргізу қажет. ТОЖҚҚ-дан ажырату қорғағыш костюмдерді шешкеннен кейін ғана жүргізіледі.
Қауіпті аймаққа (ғимаратқа, үй-жайға) кіретін жерде МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының орта немесе аға басшы құрам тұлғасы басқаратын қауіпсіздік бекеті қойылады, онда МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының радиациялық жағдайда жұмыс істеуін есепке алу журналы толтырылады.
РҚО-да ТЖ, өртті жою кезінде ӨСЖ:
радиациялық барлаудың үздіксіз жүргізілуін;
жеке және ұжымдық қорғау құралдарының, техниканың қорғағыш қасиеттерінің, ӨСЖ және жергілікті жердің дер кезінде және орынды қолданылуын;
радиацияға қарсы дәрі-дәрмектердің, антидоттардың, шұғыл медициналық көмек көрсету құралдарының қолданылуын;
зақымдану аймағында қозғалыс пен өрт сөндірудің едәуір орынды тәсілдерін таңдауды;
зақымданған жерде жеке құрамның белгіленген ережелерді қатаң сақтауларын бақылауға міндетті.
Әрбір нақты жағдайда көрсетілген іс-шаралардың тізбесі мен мазмұны қалыптасатын жағдаймен анықталады.
МӨҚҚО бөлімшелері РҚО-да радиация деңгейі жоғары болғанда оларда күштер мен құралдар жеткілікті болған және әр өрт сөндірушіге шекті рұқсат етілген дозаның арту қаупі болмаған жағдайда ғана ТЖ жою бойынша өздерінің қызметін орындайды.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы қорғағыш костюмдерде жұмыс істеген кезде жылу соққысын болдырмау үшін қорғағыш костюмнің түріне, қоршаған ортаның температурасына және жылу ағысының тығыздығына байланысты костюмдерде болу уақытының шекті рұқсат етілген уақытын есептеу қажет.
РҚО-да ТЖ жою үшін өрт және радиациядан қорғайтын өзге де техниканы пайдалану қажет. Мүмкіндігінше, өрт техникасын радиацияға қарсы құралмен жабдықтау қажет. Бейімделмеген өрт техникасы иондаушы сәулеленуден экран ретінде қызмет ететін зақымданбаған, күрделі қабырғалар немесе ғимараттар жағынан орнатуға болатын учаскеде қолданылады. Күштер мен құралдарды қайта топтастыру радиациялық жағдайларды ескере отырып жүргізілуі қажет. Резервтік күштер мен құралдарды жинау (орналастыру) пункттері радиациялық сәулелену көздерінен ық жақтан орналаспауы қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады. Мұндай объекттерде өрт аз болмайды және адамдар өлімі мен үлкен материалды шығын әкеледі. Сондықтан дипломдық жоба тақырыбы «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өрт сөндіру кезінде адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу» маңызды.
Берілген дипломдық жобада ШҚО Мемлекеттік университетінің өрт қауіптілік анализі жүргізілген. Өрттің тарау жылдамдығы анықталды. Объекттің жалпы сипаттамсы берілген. Университетте өрттің мүмкін даму жобалануы жүргізілді, әртүрлі уақытта өрттің дамуы, орта көлемді температура, бейтарап аймақтың биіктігі, сөндіру ауданы анықталды.
Анализ және өртке қарсы қызмет гарнизонының тактикалық мүмкіндігінің негізінде мобильді топтармен өрт сөндіру мүмкіндігі анықталды. Ең жаман нұсқадағы мүмкін өртті жою үшін қажетті күш пен құралдардың есебі жүргізілді.
Өрт сөндіру нұсқаларын, бірінші бөлім келу уақытын, өрттен мүмкін шығынды және адамдар жаппай келетін объектке жататынын қарастыра отырып, Шар-1 өздігінен ұнтақпен өртті сөндіру құралдарымен бөлмелерді жабдықтап, стационарлы құтқару құрылығысын орнатуды ұсыну дұрыс деп санаймын. Оның құрылысы өте оңай және бағасы да тиімді. Бұл құрылғы адамдарға уақытында өрттен қашу мүмкіндігін береді және өрт хабарлағыштары өрттен материалды шығын мен мүмкін болатын өлімдер санын төмендетуге өрт сөндіруге өрт бөлімдерінің ерте келуіне мүмкіндік береді.
Ұсынылған шаралар өртті мағыналы аз материалды шығынмен жоюға және көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Әдебиет тізімі
-
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «14» қарашадағы №267 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы
-
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «14» қарашадағы №266 бұйрығымен бекiтiлген, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы
-
ҚР ТЖМ-нің 2010 жылғы «22» жетлоқсанда № 446 бұйрығымен бекітілген ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдемесі
-
ҚР ТЖМ МБҚК-нің 2005 жылғы «07» Шілдесі № 170 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызметі жөніндегі тәлімдемесі
-
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы «15» қазан № 355 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық
-
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамын даярлау ережесі. Бұйрық № 245 12 шілде 2010 ж.
-
Өрт жеңдерін пайдалану және жөндеу нұсқаулығы. Бұйрық № 250 12.09.2005 ж.
-
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті үшін автокөлік және материалдық-техникалық құралдардың тиісті нормалары. Бұйрық № 52 14.07.2005 ж.
-
Бубырь Н.Ф. «Установки автоматической пожарной защиты» М.Стройиздат.1979г.
-
Собурь С.В. «Установки пожарной автоматики» М.спецтехника 2001г.
-
Собурь С.В. «Установки пожарной сигнализации» М.спецтехника 2001г.
-
ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 «Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы»
-
СНиП РК 4.01.02-2001 «Водоснабжение. Наружные сети и сооружения»
-
Иванников В.П., Клюс П.П. «Справочник руководителя тушения пожара», М. Стройиздат, 1987 г.
-
Повзик Я.С. «Пожарная тактика», М. Стойиздат, 1990 г., 2001 г.
-
Грушевский Б.В. «Пожарная профилактика в строительстве», М. Стройиздат, 1989 г.
-
Будасов Б.В. «Строительное черчение», М. Стройиздат 2002 г.
-
Теребнев В.В. «Пожарно-строевая подготовка». М. 2004 г.
-
ҚР ҚН 2.02-11-2002 «Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалар
-
«Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 Бұйрығы
Достарыңызбен бөлісу: |