Шаруа (фермер) қожалығы
Шаруа (фермер) қожалықтары. Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес әртүрлі а/ш құрылымдары (акционерлік қоғам, әр типтегі серіктестіктер, кооперативтер, қожалықтар) қалыптасуда.
Жекешелендіру кезеңінде (90-шы жылдары) шаруашылық формасын таңдау алдымен оның қаржылық жағдайымен негізделді:
1 топ – тұрақты рентабельді кәсіпорындар (10 пайызға жуық) – акционерлік жолды таңдады
2 топ – рентабельділігі орта деңгейдегі кәсіпорындар (20 пайызға жуық) – ЖШС, өндірістік кооперативтерге ауысты
3 топ – жоспарлы-зиянды кәсіпорындар (70-80 пайыз) – шаруа (фермер) қожалығына ауысты
Ең жоғарғы сатыдағы кәсіпорындарға акционерлік негіздегі кәсіпорындар жатады, яғни олар бірден мемлекеттік кәсіпорынның мүліктерін сатып алу арқылы жабық типтегі АҚ-ға ауысты, мүліктің бір үлесі акционерлерге – ұжымға пұрсатты акциаларды тарату арқылы тегін берілді. Қаржылық жағдайы орта деңгейдегі кәсіпорындар ЖШС, өндірістік кооперативтеріне ауысты, ал зиянды кәсіпорындар толығымен таратылып мүліктері жанұяларға пай үлесіне тегін беріліп шаруа қожалықтары құрылды. Сондықтан бүгінгі күні шаруа қожалықтарының басым көпшілігі – жанұялар негізінде құрылған қожалықтар болып есептеледі.
Шаруа (фермер) қожалықтары – ауыл шаруашылығы жерлерін өндірістік мақсатта пайдаланатын,а/ш өнімдерін өңдеумен, сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлік(«Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңы).
Шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі «Шаруа (фермер) қожалықтары туралы», «Жер кодексі» заңдарымен реттеледі.
Кәсіпорын мүлкі алғашқы, баланстық және қалпына келтіру (нарық) құндарымен бағаланды.
Мұліктің қалпына келтіру құны – инфляция өзгерісін, бағалардың әр кезеңдегі өзгерісін ескеретін түзету коэффициенттері арқылы анықталатын қалдық құны.
Мүлік қалпына келтіру құнымен бағаланып мүліктік пай қоры есептелді.
Ауыл шаруашылығы жерлері 1 гектардың шартты нормативті бағасы арқылы бағаланып жер пай қоры есептелді.
Мүліктік және жер пай қорларын пай иелеріне еңбек үлестеріне сәйкес бөлу арқылы әр жұмыскердің мүліктік және жер пайы анықталды.
Жұмыскердің еңбекке қатысу үлесі (КТУ) еңбек стажына, соңғы 5 жылдағы еңбекақысына, мамандық, білім деңгейіне т.б. адами факторларға сәйкес анықталды.
Жер пайын анықтауда барлық жердің 10-15 пайызы арнаулы жер қорына жіберіледі.
ШҚ (ФҚ) формалары:
1) жалпы бірлескен меншікке негізделген жанұялық кәсіпкерлік формасындағы шаруашылық
2) жеке өз кәсіпкерлігіне негізделген шаруашылық (фермер)
3) бірлесіп қызмет істеу туралы келісім-шарт негізінде құрылған қарапайым серіктестік шаруашылығы.
Егер шаруа қожалықтарының басым көпшілігі 90-шы жылдары зиянды кәсіпорындарды тарату арқылы құрылған болса, бүгінгі күні қожалықтар 2 жолмен құрылады:
· а/ш кәсіпорындарынан бөлініп шығу арқылы
· арнаулы жер қоры үлесінен кәсіпорыннан тыс (аудан, қала) азаматтардың жер алуы арқылы
Заңды тұлғалар формасы коммерциялық және коммерциялық емес болуы мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |