Бизнес жүйесіндегі маркетинг



бет5/13
Дата16.09.2022
өлшемі87 Kb.
#460838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бизнес негіздері

Бизнесті қаржыландыру формалары:
· несие
· кепілдік
· лизинг
· факторинг
Шағын бизнесті қаржыландыруды мемлекеттік қолдау «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жүзеге асырылады.
Аталған Қор шағын кәсіпкерлік субьектілерін 2-ші деңгейдегі банклер арқылы немесе тікелей несиелендірумен айналысады. Қазақстанның барлық 14 облыс орталықтарында жзәне Астана қаласында Қордың филиалдары бар.
1. Шағын кәсіпкерлік үшін Европалық Реконструкциялау және Дамыту Банкінің несиелік жүйесі (Кредитная линия Европейского Банка Реконструкции и Развития (ЕБРР). Бағдарлама бойынша несиелендіру 2-ші деңгейдегі банклер арқылы жүзеге асырылады.
2. А/ш секторы үшін Азиялық Дамыту Банкінің Бағдарламалық Займының 2-ші траншы (АБР) – 2-ші деңгейдегі банклер арқылы немесе Қор тікелей несиелендіреді.
Несиелендіру жағдайлары:
· несие – АҚШ долларымен
· мерзімі – 5 жылға дейін
· несиені жабудың жеңілдетілген мерзімі – 2 жылға дейін
· жылдық несие төлемі - 11%
· несиенің 60%-на дейін жоба бойынша айналым қорын толықтыруға жұмсалуы мүмкін
1. ҚР бюджетінен шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелендіру Бағдарламасы (о.і. әйел кәсіпкерлігін).
Несиелендіру жағдайлары:
· несие 5 жылға дейін
· несиенің мин. сомасы – 300 мың тг
· несиенің мак. сомасы – 5 млн тг
· жылдық несие төлемі - 12%
· несиені жабудың жеңілдік мерзімі – 1 ж. дейін
2. Шағын кәсіпкерлік субьектілері және Қазақстан азаматтары үшін микронесиелендіруді дамыту Бағдарламасы.
Несиелендіру жағдайлары:

· микронесие сомасы – 8000 АЕК-ке дейін


· мерзім – 36 айға дейін
· базалық төлем – кепілдік құнына байланысты
3. Жобалық қаржыландыру жағдайында несиелендіру.
Несиелендіру жағдайлары:
· несие - 5 ж. дейін
· жылдық несие төлемі - 10%
· несиенің мак.сомасы – 60000 АЕК
· несие алдымен өндірістік, инновациялық бағыттағы жобаларға беріледі
Қордың барлық қаржылық қолдау бағдарламалары үшін жалпы жағдайлар (кроме займа АБР):
· несие алушы шағын кәсіпкерлік субьектісі болуы қажет
· несие валютасы – тенге
· несие төлемін жабу (%-тін) – ай сайын
· негізгі қарызды жабу – ай сайын немесе тоқсан сайын
· кепілдіктің міндетті түрде болуы
Қор шағын кәсіпкерлік субьектілеріне төмендегідей қызметтің жаңа түрлерін ұсынады:
· факторинг
· қаржылық лизинг (таза және қайтарымды)
· дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру
· 2-ші деңгейдегі банклердегі шағын кәсіпкерлік субьектілерінің несиесіне кепілдік беру
· шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жобасын 2-ші деңгейдегі банклермен бірлесіп қаржыландыру
· шағын кәсіпкерлік субьектілерінің франчайзингтік жобаларын қаржыландыру
· қалыптасқан бизнестің айналым қорларын қаржыландыру т.б.
Факторинг. Өз тауарларын жеткізу туралы келісім-шарт құруда Жабдықтаушылар (Поставщики - СМП) көбіне Сатып алушыларға (Покупатели) тауарға, қызметіне төлемдері мерзімін ұзартып кейінге қалтыруға мәжбүр болады, нәтижесінде шағын кәсіпкерлік субьектілерінің айналымдағы қаражатының жетіспеушілігі байқалады.


Факторинг – шағын кәсіпкерлік субьектілерін тауар төлемдері мерзімін ұзартып кейінге қалтыруға байланысты келісім-шарттары бойынша қаржыландыру, яғни Сатып алушыға факторинг компаниясының қаражат міндеттемелерін талап ету құқығын сатып алу арқылы.
Қордың факторингтік қызметтері – Қор шағын кәсіпкерлік субьектілерінің Сатып алушыға жеткізген тауарлар құнының 90%-на дейін қаржыландырады. Сатып алушы жоғарыда көрсетілген тауарлар үшін өз қарызын Қордың арнаулы шотына аударады, бұдан кейін Қор Жабдықтаушының (ШКС) шотына Қор комиссиясын алғаннан кейінгі қалдық (10%) қаражатты аударады.
Қаржыландыру жағдайлары:
· қаржыландыру мерзімі – 180 күн
· қаржыландыру сомасы – 60000 АЕК-не дейін
· айлық несие төлемі - 1.2%
· төлемді жабу – тауарды жеткізу келісіміне байланысты
· негізгі қарызды жабу - тауарды жеткізу келісіміне байланысты
Қаржылық лизинг –
Дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру.
Шағын кәсіпкерлік субьектілері өз бизнесін аз шығындармен бастау мақсатында дайын кәсіпорын сатып алу арқылы да жүзеге асыруы мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субьектілері қалыптасқан кәсіпорынның жарғылық қорын сатып алуын қаржыландыруға өтінішін Қорға өткізеді.
Несиелендіру жағдайлары:
· несие мерзімі – 3-5 жыл
· қаржыландыру сомасы – 60000 АЕК-не дейін
· жылдық несие төлемі – 10%
· негізгі қарызды жабудың жеңілдетілген мерзімі – 1 ж. дейін
Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің 2-ші деңгейдегі банклер несиесіне кепілдік беру.
Шағын бизнес аясына біршама ресурстар әкелу мақсатында Қор шағын кәсіпкерлік субьектілерінің 2-ші деңгейдегі банклер несиесіне кепілдік береді. Кепілдік операциялардан тәуекелді азайту мақсатында Қор алдымен өз кепілдігін сақтандырады.
Нәтижесінде несиелендірілетін жобаға мүдделі барлық қатысушыларына (Банк, ШКС, Қор) тәуекелді бөлу жағдайлары туады.
Қатысушыларының міндеттемелер сомасындағы үлесі әр жобаның ерекшелігіне байланысты болады.
Кепілдік берудің негізгі жағдайлары:
· кепілдік мерзімі – 5 ж. дейін
· кепілдік сомасы – шағын кәсіпкерлік субьектісінің несиесінен 10 - 80% аралығында, бірақ 60000 АЕК-нен аспауы қажет
· кепілдік төлемі – 4%-ға дейін
Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жобасын 2-ші деңгейдегі банклермен бірлесіп қаржыландыру.
Шағын кәсіпкерлік субьектілері бизнесін дамытуға қаражат сұрап 2-ші деңгейдегі банкіге өтініш береді. ШКС-нің жобасы Банк мен Қор талаптарына сәйкес келген жағдайда (жоба өндірістік құрал-жабдықтарды сатып алумен, қызмет көрсету аясымен байланысты болуы қажет) Қор мен Банк жобаны қаржыландыру келісімін жасайды.
2-ші деңгейдегі Банктің нарықтық төлемін және Қордың жеңілдік төлемін пайдалану арқылы шағын кәсіпкерлік субьектілеріне орташа төлем деңгейі біршама төмендейді (мысалы, Банк төлемі 14%, Қор төлемі 10% болған жағдайда ШКС-не орташа төлем 12% құрайды).
Қаржыландыру жағдайлары:
· қаржыландыру мерзімі – 5 ж. дейін
· қаржыландыру сомасы – бірге қаржыландыру жобасында 50% деңгейінде қатысқан жағдайда 60000 АЕК-не дейін
· жылдық базалық төлем – 8-10%
ШКС-нің франчайзингтік жобаларын қаржыландыру.
Қор ШБС-нің франчайзинг ұстамында бизнес ашуына мүмкіндік береді, франчайзер (правообладатель) басқа біреуге немесе компания-франчайзиге (пользователю) бизнес жүйесін толығымен береді:
· сауда маркасын, дизайн, компания стандарттарын, басқару әдістерін, персоналды оқыту
· жарнамалауға байланысты маркетинг стратегиясын
· дүкен немесе офис дизайнын және қондырғылар сатып алу
· арзан бағамен орталықтан тауарлар мен материалдар сатып алу
· кәсіпорынды орналастыру орнын таңдау т.б.
Нәтижесінде франчайзидің дайын бизнеске (кәсіпорынға) иеленуі франчайзингтің негізгі ұтымдылығы болып есептеледі.
Нақтылы төлем бойынша франчайзи франчайзер мамандарының көмегін алады. Ал басқа жағдайларда мамандар көмегі кәсіпорын үшін қымбатқа түсер еді. Әлемдік тәжірибе мен статистика франчайзинг негізінде құрылған кәсіпорындардың коммерциялық табысының қарапайым кәсіпорындардың табысынан 4-5 есе жоғары болатындығын көрсетеді.
Қаржыландыру жағдайлары:
· қаржыландыру мерзімі – 5ж. дейін
· қаржыландыру сомасы – 60000 АЕК-не дейін
· жылдық базалық төлем – 10%
· негізгі қарызды жеңілдетіп төлеу мерзімі – 1 ж. дейін
Қалыптасқан бизнестің айналым қорларын қаржыландыру.
Қор ШКС-нің қалыптасқан бизнесіндегі айналым қорларын қаржыландырады. Қаражат алдымен өндірістік бағыттағы, қызмет көрсету аясындағы бизнеске беріледі.
Қаржыландыру жағдайлары:
· мерзім – 2 ж. дейін
· қаржыландыру сомасы – 60000 АЕК-не дейін
· жылдық несиелік төлем – 14% дейін
· негізгі қарызды жеңілдетіп төлеу мерзімі – 1 ж. дейін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет