Бизнес жүйесіндегі маркетинг


Материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру



бет7/13
Дата16.09.2022
өлшемі87 Kb.
#460838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Бизнес негіздері

Материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру
Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық күтім түрлерін және жөндеуді ұйымдастыру
Техникалық қызмет және машино-трактор паркін жөндеу жүйесіне төмендегідей жұмыстар жатады:
· шаруашылық жағдайындағы әртүрлі жұмыста машинаны обкаткадан өткізу
· тракторларға техникалық күтім жасау
· автомашиналарға және тіркеуіштерге техникалық қызмет көрсету
· мезгілдік техникалық бақылау жүргізу
· техниканы жөндеу
· техниканы сақтау
Обкатка – машинаның жүктеуін аз деңгейден бірте-бірте жоғарылату арқылы жұмысын бақылау.
Техникалық күтім (автомобильдерге техникалық қызмет)- техникалық қызмет көрсету жүйесінің негізгі элементі болып есептеледі, яғни машинаның әдеттегі техникалық жағдайын, үнемді жұмысын қамтамасыз ететін және уақытынан бұрын тозуын ескертетін машинаның тиісті жұмыс кезеңдерінен кейін орындалатын міндетті операциялар жүйесі.
Мезгілдік техникалық бақылау машиналарды пайдалану, техникалық күтім және оларды сақтау ережелерінің орындалуын қадағалау мақсатында жүргізіледі.
Жөндеупайдалану нәтижесінде тозған, бұзылған машиналардың жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру. Техникалық бақылау нәтижесінде анықталған техниканың және бөлшектерінің тозу деңгейіне сәйкес жөндеу ағымдық және күрделі болып екі түрге бөлінеді. Жөндеу түрі машинаның жөндеу аралық мерзіміне және техникалық жағдайына байланысты анықталады.

Сақтаумашинаның жұмыс істемейтін уақытында дұрыс сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шаралардан тұрады.
Ауыл шаруашылығы техникасын күрделі жөндеу мамандандырылған кәсіпорындарда, ағымдық жөндеу және машиналарға техникалық қызмет көрсету – кәсіпорынның жөндеу шеберханасында және техникалық күтім пункттерінде жүргізіледі.
Жөндеу кәсіпорындарының түрлері:
· кәсіпорынның жөндеу шеберханасы
· кәсіпорын бригадаларындағы техникалық күтім пункттері
· автомобильдер үшін техникалық күтім тұрақтары (СТО)
· айырбас пункттері
· мамандандырылған жөндеу зауыттары
Кез келген машинаны өндіріс процессінде пайдалану кезеңінде механизмдерінің ақаулығы байқалады, нәтижесінде машинаға техникалық үзіліс жасап қызмет көрсетіледі.
Техникалық қызмет және жөндеу жүйесінің (кесте) ең негізгі мақсаттарына техникалық себептерден машинаның мезгілсіз үзіліс ұзақтығын (Тп) мейлінше қысқарту, жұмыс уақытын (Тр) максималды ұзарту, нәтижесінде техникалық әзірлік коэффициентін (Кт.ә.) көтеру болып есептеледі.
Техникалық әзірлік коэффициенті төмендегі формуламен анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет