Бизнес жүйесіндегі маркетинг


Тр Кт.ә. = ------------- ()



бет8/13
Дата16.09.2022
өлшемі87 Kb.
#460838
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бизнес негіздері

Тр
Кт.ә. = ------------- ()
Тр +Тп
Техникалық күтіммашинаның уақытынан бұрын тозуын және бұзылуын болдырмауға, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, яғни жұмыс істеу қабілеттілігіне жағдай жасайды. Уақытында және сапалы жүргізілген техникалық қызмет машинаның өнімділігіне, пайдалану және жөндеу шығындарының азаюына біршама әсерін тигізеді.


Тракторлар үшін техникалық күтімнің түрлері:
· күнделікті

  • мезгілдік: ТК №1, ТК №2, ТК №3

  • маусымдық

Комбайндар үшін техникалық күтім түрлері:
· мезгілдік
· маусымнан кейінгі
Машиналарға техникалық күтім тиісті ережелерге сәйкес жүргізілуі қажет. Кезекті техникалық күтімді өтпеген техника жұмысқа жіберілмейді.
Күнделікті техникалық қызмет жұмыстың басталу қарсаңында немесе жұмыс уақытының соңында, мезгілдік – двигательдің жұмыс уақытына (сағ), жұмсалған жанармай көлеміне (кг), орындалған жұмыс көлеміне (ш.эт.га) байланысты жүргізіледі (тапсырма..., қосымшалар ????).
Жұмсалған жанармай көлеміне (кг) байланысты техникалық қызмет көрсету тракторлық жұмыстың мезгіліне және сағаттық жанармай шығынына байланысты жоспарланады (тапсырма...).
Трактор қуатының шығынын, тозуын жанармай шығынының толығырақ сипаттауына байланысты техникалық қызмет көрсету көбіне аталған көрсеткішке сәйкес жоспарланады. Мұндай жағдайда кейбір шаруашылықтарда мұнай өнімдеріне талондық жүйе қолданады. Әр механизаторға жоспарлы үрдіске сәйкес соңғы техникалық күтімнен кезекті техникалық күтімге дейінгі аралықтағы жанармай қажеттілігіне талон беріледі. Талондары пайдаланылып біткеннен кейін жанармай беру тоқтатылып, тракторына техникалық күтім көрсетіледі.
Техникалық күтімнің сапасы тексерілгеннен кейін механизаторға жаңа талондар беріледі. Нәтижесінде техниканың әртүрлі жағдайға байланысты бұзылуы, техникалық себептерден мезгілсіз үзілісі азаяды.
Жұмыс көлеміне байланысты техникалық қызмет көрсету трактордың әр маркасы бойынша орындалатын шартты эталонды гектар көлеміне, агрегаттың сағаттық өнімділігіне және техникалық қызмет көрсету мерзімділігіне сәйкес жоспарланады (тапсырма).
Күнделікті техникалық қызмет бұрылыс алқабында немесе бригада қосында, №1 ТҚ және №2 ТҚ – бригада қосында, №3 ТҚ күрделірек болғандықтан – кәсіпорын шеберханасында немесе бригада қосының жабық ғимаратында автокөшпелі шеберханасы көмегімен жүргізіледі. Маусымдық техникалық қызмет күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдерге ауысу қарсаңында жүргізіледі.
Астық жинайтын комбайнға техникалық қызмет көрсетудің мезгілдігі двигателінің жұмыс сағатына немесе жиналған егіс алқабының көлеміне байланысты жоспарланады: күнделікті – жұмыс алдында немесе соңында, мезгілдік - әр 60 сағ немесе жиналған әр 150 га алқаптан кейін, маусымнан кейінгі – орақ аяқталғаннан кейін.
Тіркемелі және аспалы машиналардың техникалық жағдайы агрегаттағы трактордың күнделікті техникалық күтім уақытында тексеріледі.
Кәсіпорында жылына 1-2 рет машинаға техникалық бақылау (мезгілдік) жүргізіледі, яғни пайдалану, техникалық қызмет және сақтау ережелерінің орындалуы тексеріледі, машинаның техникалық жағдайы және дайындық деңгейі анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет