Бизнес жүйесіндегі маркетинг



бет10/13
Дата16.09.2022
өлшемі87 Kb.
#460838
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бизнес негіздері

Транспорттық тіркеуіштер қажеттілігі тасымалдау т.б шаруашылық жұмыстарында пайдаланылатын дөңгелек доңғалақты тракторлар санына байланысты анықталады, яғни 1 тракторге 1 прицеп жоспарланады.
Арнаулы машиналар қажеттілігі жұмыс көлеміне, 1 арнаулы машинаға (агрегат) шаруашылықта тағайындалған жүктеме нормалары негізінде анықталады.
Астықты егіс алқабынан қырманға тасымалдауда автомобиль қажеттілігі негізінен жинау-тасымалдау бөлімшесіндегі (звено, бригада) комбайн санына тікелей байланыста болады.
Тасымалданатын жүк көлемін автомобиль паркі уақытында толық орындай алмайтын жағдайларда тракторлар немесе сырттан келетін жүк машиналары тасымалдауға қатысады.
Жүк автомашиналарының тиімділігі көбіне жүкті тиеу және түсіру жұмыстарының механизациялау деңгейіне байланысты болады. Сменалық жұмыс уақытындағы барлық шығынның 15-20% үлесін жүкті тиеу, түсіру шығындары құрайды. Көп еңбек сіңіруді керек қылатын жұмыстардың механизациялау деңгейін көтеру нәтижесінде транспорт құралдарының мезгілсіз үзілісін қысқартуға, өнімділігін арттыруға және істелінетін жұмыстың өзіндік құнын төмендетуге жағдай туады.
Жүк автомобильдерінің тиімділігін жетілдіруде олардың жүк көтерімділігін көтеру, қозғалыс жылдамдығын арттыру, тіркеуіштерді, т.б. қондырғыларды пайдалану мәселелерінің шешілуі қажет.
Автомобильдер үшін техникалық қызмет түрлері:
· күнделікті
· мезгілдік: ТҚ №1, ТҚ №2
· маусымдық
Күнделікті техникалық қызмет тәулігіне 1 рет, ал №1 және №2 – автомобильді пайдалану ерекшелігіне сәйкес әр маркасы бойынша
тағайындалған тиісті жүріс көлемінен кейін (км) көрсетіледі (қосымша).
Автомобильдер техникалық жағдайына байланысты ағымдық және күрделі жөндеулерден өтеді. Жаңа автомашиналар бірінші күрделі жөндеуден норма бойынша 90-105 мың км жүрістен кейін өтеді.
Автопарктің өндірістік бағдарламасы және шығындарын жоспарлау
Ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдық өзгешелігіне байланысты жүк автомашиналарының жұмыспен қамтамасыздығы бір қалыпты болмайды, яғни ауыл шаруашылығының ең күрделі кезеңдерінде жүк машиналары тасымалдау көлемін толық қамтамасыз ете алмайды, көбіне жүк машиналары толық пайдаланылмайды. Сондықтан парктің өндірістік бағдарламасын жоспарлауда аталған ерекшеліктерді ескерген жөн.
Автопарктің өндірістік бағдарламасында төмендегідей есептеулер жүргізіледі:
· жүк тасымалдауға өндірістік тапсырма
· автопаркті пайдалану көрсеткіштері
· жұмыскерлер саны және еңбекақы қоры
· жөндеудің барлық түріне шығынның нормалы өлшемі (техникалық күтім, ағымдық және күрделі жөндеу)
· амортизация шығынын есептеу
· ЖЖМ және авторезина шығындарының нормалы өлшемдері
Жоспарлауға дайындалу кезеңінде автопарктің соңғы 3-5 жылдағы жұмысына талдау жүргізіледі.
Өндірістік тапсырма жалпы кәсіпорын бойынша және жүк машиналарының әр маркасы бойынша тасымалданатын жүк көлемін анықтаудан басталады.
Тасымалданатын жүк көлемі технологиялық карталар негізінде анықталады.
Өндірістік тапсырмаға сәйкес шығын статьяларының нормалы өлшемі есептеледі.
Жүк автомашиналарын пайдаланудың негізгі көрсеткіштері:
· жүк көтерімділігін пайдалану коэффициенті
· 1 автомашинаның (жұмыс кезеңі, жыл) жұмыс күні
· 1 автомашинаның жалпы жүрісі
· 1 автомашинаның тәуліктік жүрісі
· жүрісті пайдалану коэффициенті
· 1 автомашинаның өнімділігі
· автомобиль жұмысының 1 ткм өзіндік құны
15 кестеде жүк машиналарын жоспарлы кезеңде пайдалану көрсеткіштерінің Газ-53 машинасы мысалында есептеу әдісі көрсетіледі.
Жүк автотранспортының жұмысын жоспарлауда барлық шығындар 3 топқа бөлінеді:
1. автомобиль жүрісіне тәуелді шығындар (ЖЖМ, ағымдық жөндеу және техникалық қызмет, амортизация, автошиналарды ауыстыру және қалпына келтіру шығындары)
2. автомобильдің жұмыста болу уақытына тәуелді, бірақ жүрісіне, тасымалданатын жұмыс көлеміне (т, ткм) тәуелсіз шығындар (жүргізушілердің мерзімді еңбекақысы және автопарк бойынша үстеме шығындар – басқарушы қызметкерлердің шығындары, ғимараттарының жылу, жарықтандыру және қондырғыларды күту шығындары)
3. тасымалданатын жүк көлеміне (т, ткм) тәуелді шығындар (жүргізушілердің кесімді еңбекақысы, отын шығыны)
Еңбекақы қорын жоспарлау
Жүк автотранспортының атқаратын қызметі төмендегідей жұмыстардан тұрады:
· дайындық-аяқтау жұмыстары (жанар-жағармай құю, жолдама толтыру, машинаның техникалық жағдайын тексеру)
· тиеу-түсіру жұмыстары
· тасымалдау жұмыстары (автомобиль жүрісі)
· аяқтау жұмыстары
Жүргізушілерге еңбекақы төмендегідей төленеді:
· жүкті тиеу және түсіру уақытындағы үзілістерге, яғни автомобильдің жүк көтерімділігіне, тиеу және түсіру әдістеріне, жүк түріне және тиеу-түсіру механизмдеріне байланысты пайда болатын үзілістерге
· жүк тасымалдау уақытына (ткм, т, км жүріске)
Амортизация және машиналарды жөндеу шығындарын жоспарлау
Автомобильдердің амортизация шығындары ерекше жоспарланады. Егер негізгі стационарлы құрал-жабдықтарға амортизация шығыны баланстық құны бойынша белгіленген нормативтермен есептелсе, жүк машиналарына амортизация 1000 км жүріске келетін машинаның құнынан % мөлшерінде белгіленеді. Жүк көтерімділігі 2-25 т автомобильдерге баланстық құнының 0.3%, ал 25 т жоғары автомобильдерге - 0.5% мөлшерінде белгіленеді.
ЖЖМ қажеттілігін жоспарлау
Жұмыс көлемі тонно-километрмен көрсетілетін жүк машиналарының жанармай шығынының нормалары (17 қосымша) әр 100 км жүрісіне және тасымалдау жұмыстарындағы әр 100 ткм 2,5 л есебінен тағайындалған нормалардан – двигателі карбюраторлы автомобильдер үшін, 1,5 л – двигателі дизельді автмобильдер үшін тағайындалған нормалардан тұрады.
Сағатпен істейтін жүк машиналарының жұмысы тонно-километрмен көрсетілмейтіндіктен, жанармай шығыны әр 100 км жүріске тағайындалады.
Жүргізушілерге жанармай лимитін жоспарлауда 100 км жүріске жанармай шығынының нормасы, ал жалпы кәсіпорын бойынша жоспарлауда – 100 ткм нормасы пайдаланылады.
Бензиннің көлемдік көрсеткіштері анықталғаннан кейін, көп жағдайларда дизотын бойынша жағармайдың басқа түрлерінің қажеттілігі есептеледі, яғни негізгі отынға нормативтерді (%) немесе әр 100 л жағармай материалдарының қажеттілігін пайдалану арқылы есептеледі.
Жоғарыдағы есептеулерден кейін бірыңғай жоспарлы-есепті бағаларды пайдаланып, жүк автотранспорты бойынша шаруашылық-есеп тапсырмаларын жоспарлау мақсатында отынның және жағармай материалдары шығының құндық лимиттері есептеледі.
Жүк автомобильдеріне ЖЖМ (бензин) қажеттілігін анықтау.
ЖЖМ қажеттілігі 15 кесте негізінде есептеледі.
Газ-53 машинасы бойынша бензин шығынының нормасы:
· 100 км жүріске - 25 л
· 100 ткм – 2,5 л
Жалпы жүріс – 310500 км
Тасымалданатын жүк көлемі – 368800 ткм
Бензин қажеттілігі:
310500 км * 25 л : 100 км = 77.6 т
368800 ткм * 2.5 л : 100 ткм = 9.2 т
Барлығы - 86.8 т


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет