Бизнестің жол картасы 2020 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты


Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны



бет2/2
Дата19.06.2016
өлшемі88.46 Kb.
#148215
1   2
Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны
іске асыру мониторингі

Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген Банктер/Даму Банкі/Лизингтік компаниялар арасында 2 келісім (пайыздық ставканы субсидиялау және банктер кредиттері бойынша кепілдендіру жөнінде) жасайды, онда:


бағдарламаға қатысушылар арасында өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады;
пайыздық ставкаларды субсидиялау, сондай-ақ банктердің, Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдендіру шарттары мен тәртібі айқындалады;
пайыздық ставкаларды субсидиялау, сондай-ақ Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша кепілдендіру шарттары мен тәртібі айқындалады;
Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша субсидиялау мен кепілдендірудің үлгі шарттары, құжаттарды, есептілікті тапсыру нысандары мақұлданады.
Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, ҚҚҚ, Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер, қаржы агенті арасында келісім жасалады, онда:
Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша өзара іс-қимыл тәртібі мен пайыздық ставканы субсидиялау тетігі айқындалады;
қаржы агентінің функциялары айқындалады.
Қаржы агентінің қызметіне ақы төлеуді уәкілетті орган жүргізеді.
Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қаржы агенті Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді, оның ақпараты жеткіліксіз болған жағдайда Бағдарламаға қатысушылардан қосымша қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестіруші өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, бизнесті жүргізуді сервистік қолдау, кадрлар даярлау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді.

4.4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:


индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;
экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте банктердің /лизингтік компаниялардың қаражатын тарту;
жеке сектор кәсіпорындарының, бірінші кезекте, шағын және орта бизнестің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.
Бағдарламаның негізгі сапалық және сандық нәтижелері болатындар:
бірінші және екінші бағыттар бойынша: шикізат емес сектордың ЖІӨ құрылымындағы үлесін 12,5%-ға дейін ұлғайту;
үшінші бағыт бойынша: шикізат емес экспорттың жалпы экспорт көлеміндегі үлесін 40 %-ға дейін және шикізат емес экспорттың көлемін өңдеу өнеркәсібіндегі жиынтық өндіріс көлемінің 43 %-ға дейін ұлғайту.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:


1-кезең - 2010 жылдан бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте 2010 жыл пилоттық жыл болып табылады.
2010 жылы Бағдарламада міндеттерді шешу үш бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (кадрлар даярлауды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын қоспағанда); кәсіпкерлік секторды сауықтыру; экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
2011 жылы Бағдарлама міндеттерін шешу төрт бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; кәсіпкерлік секторды сауықтыру; кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.
2011 - 2014 жылдары міндеттерді шешу төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету, кәсіпкерлік секторды нығайту.
2-кезең - 2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығы.
2015 - 2020 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері

2010 жылы Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджетте 15 421,2 млн. теңге, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде қаржы агентінің қызметтеріне ақы төлеуге 366 млн. теңге көзделеді.


Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2011 жылы 41,2 млрд.теңге, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін қаржы агенттерінің қызметтеріне ақы төлеуге 502 млн. теңге көзделген.
2012 және 2013 жылдары Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджетте 70 332 млн. теңге көзделген.* 
Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
* Ескертпе: республикалық бюджеттен берілетін қаражатты бағыттар бойынша үйлестіру жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

7. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары

Ескерту. 7-бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.11 N 784 Қаулыларымен.

Қосымша 1



Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым
секторларының тізбесі

Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.28 N 541 Қаулысымен.

ЭКТЖЖ коды

Атауы

Аграроөнеркәсіп кешені

01

Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтер, 01.11 Дәндідақылдар (күрішті қоспағанда) бұршақ дақылдар және май тұқымдарын өсіру

02

Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

03

Балық шаруашылығы және аквадақылдары

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Ашытқы өндіру

11.07

Минералды су және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

09

Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

Жеңіл өнеркәсіп және жићаз өндіру

13

Тоқыма өнімдерін өндіру

14

Киім өндіру

15

Теріден тігілген және оған сәйкес өнімдер өндіру

16

Жићаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Баспа және жазылған материалдарды қалпына келтіру

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтік өнімдер мен препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

31

Жићаз өндіру

Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

23

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машинажасау өнеркәсібі

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарын өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа санаттарға қамтылмаған машиналар мен жабдықтар, өндіру

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа да көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

45.2

Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеу

36

Суды жинау, өңдеу және бөлу

37

Кәріз жүйесі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату

39

Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

Көлік және жинақтау

49

Құрылық көлігі және құбырмен тасымалдау

50

Су көлігі

51

Әуе көлігі

52

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

Туризм

55

Тұруды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету

Ақпарат және байланыс

61

Байланыс

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар беру және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

71

Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұрғын орынмен қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет ұсыну

88

Тұратын жермен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі

93

Спорт саласындағы қызмет

93.1

Спорт саласындағы қызмет

59.14

Кинофильмдер көрсету қызметі

Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдалану заттарын және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу

53

Почта және курьер қызметі

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөніндегі консультациялар

81

Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

96.01

Тоқыма бұйымдары мен үлбір бұйымдарын жуу және тазалау (химиялық)

2-қосымша

Бағдарламаның өлшемдері

1. 2-тармақта көрсетілгендерді қоспағанда, Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпорындар мына өлшемдерге сәйкес болуы тиіс:


Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде:
1) кәсіпорын кредитін нысаналы тағайындау гранттар ұсыну жөніндегі мемлекеттік қолдау құралдарын қоспағанда, Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономиканың басым секторларына сәйкес келуі тиіс;
2) кәсіпорынның кредиті жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған жобаларды іске асыруға бағытталуы тиіс;
3) Даму Банкін қоспағанда, банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және ішінара кепілдік беру мына кредиттер бойынша:
мемлекеттік даму институттары берген;
ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге қаржы институттары берген;
акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды;
4) Бағдарламаның талаптарына сәйкес жобаны іске асыруда өз қаражатымен қатысу;
5) сыйақы ставкасын субсидиялау кезінде кредит(тер) бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит(тер) қаражаты жоба(лар) құнының 30%-нан аспайтын;
6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.04.28 N 541 Қаулысымен;
7) өндіріс инфрақұрылымын дамыту шеңберінде қолдау кезінде жоба(лар) іске асыру Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларындағы өндіріс (индустриялдық) инфрақұрылымды жасауға бағытталуы қажет.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде:
8) Тау-кен өнеркәсібін, сондай-ақ минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес 4 және 5 санаттағы "сенімсіз" және "күмәнді" деп жіктелгендерді қоспағанда, тиісті қаржы жылында ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде валюталық пайда алатын кәсіпкерлер.
2. Мыналар:
1) Минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;
2) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның қатысушылары бола алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет