Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру



бет2/6
Дата23.12.2023
өлшемі7.86 Mb.
#487723
1   2   3   4   5   6
Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларында мейірбике ісін (копия)

Несеп түсінің өзгерістері. Қалыпты жағдайда несептің түсі ақшыл сары болады. Несептің түсі оның концентратциясына, құрамындағы заттардың мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Несеп құрамында билирубин болса- жасыл қоңыр түске, уробилин болса-қызыл қоңыр түске,кейбір дәрілер (аспирин) ақшыл түске болады. Полиурия несеп ақшыл сары, олигурич кезінде қою сары түсті болады. Несепке қан араласқанда оның түсі ет жуындысының түсіндей, ірің араласса-лайлы,ақ түсті болады. Пиелонефрит,пиелит,цистит,уретрит ауруларында несеп бөлу жолдарының қабынуының салдарынан науқастың қызуы көтеріледі. Уремия кезінде-зәр қышқылдарының тері бездерінің тесіктерінде жиналуына және терідегі нерв ұштарының тітіркенуіне байланысты тері қышиды,онда тырнақпен қасыған іздер қалады.

Физикалық зерттеу әдістері 1.Қарап тексеру. Науқасты сырттай қарағанда тері қабатының бозғылттығы және ісінуі байқалады. Тері қабатының бозғылттануы қан тамырларының ісік сүйығымен басылып қалуына және анемияға байланысты болады. Бүйрек ауруларында ісіну әр түрлі дәрежеде болады;көзге көрінер-көрінбес ісінуден бастап.Ісіктің жаппай бүкіл денені басып кетуі мүмкін. Мұндай бүкіл денеге тараған ісікті анасарка деп атайды. 2. Пальпация С.П.Боткиннің ұсынысы бойынша бүйрек пальпациясын науқастың жатқан және тұрған күйінде жүргізуі керек. Образцов-Стражеско әдісі бойынша бүйрек пальпациясы үш сатыдан тұрады. Бірінші саты дәрігердің қолын дұрыс қоюы. Дәрігердің саусақтарын тікелей бірге жинаған соң қолдың алақанын бел аймағының оң жағына орналастырады, саусақтары сәл ғана бүгілген оң қолдың алақанын құрсақ қабырғасы тік бұлшық етінің сыртқы шетіне, тұп-тура қабырға доғасының астыны қояды. Дәрігердің оң қолының қалпы сол қолына перпендикуляр багытта болуы керек. Бүйрекке екі жағдайда пальпация жасап анықтауға болады: 1) бүйрек төмен түскенде (нефроптоз), 2)бүйрек үлкейгенде

Ісіну синдромы- бүйректің ісінулердің өзіне тән белгілері болады. Олар көбінесе - қабақтың асты мен үстінде, бет аймағында пайда болады. Бүйректік ісінулер тез басталып, ұлғайып, тез жоғалады. Тері асты шелдерімен қатар ішкі мүшелерде ісінеді. Кейін сұйықтық өкпе, жүрек қаптары, құрсақ қуысында жиналады. Ісікті пальпация әдісімен анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет