Бүйректің функционалдық күйін анықтайтын тура әдістерге бүйрек клиренсін анықтау және реберг сынама тәсілі жатады. Бүйрек клисренсі,яғни тазару коэффиценті дегеніміз-1 минутте бүйрек қызметінің нәтижесінде белгілі бір заттан толық тазарған қан плазмасының мөлшері. - Нечипоренко сынамасы. Соңғы кезде А.З.Нечипренко ұсынған 1 мл несептегі лейкоциттер, эритроциттер, цилиндрлер санын санау әдісі кең қолданылады. Оның негізгі артықшылығы-жыныс мүшелерінен ірің түспес үшін зерттеуге несептің ортаңғы үлесін алады,ал кемшілігі сол- ол диурездің мөлшері есептелінбейді. Қалыпты жағдайда 1 мл несепте 1000-ға дейін эритроциттер, 2000-дейін лейкоциттер және 20-ға дейін гиалин цилиндрлерлері болады.
- Зимницкий сынағы. Бұл әдістің негізгі артықщылығы-бүйректерлің функционалдық тексеруі науқастың қалыпты жағдайда жасалынады. Сынақ тәулік бойына жүргізіледі. Науқас несебін әрбір үш сағат сайын жинайды (8 порция). Жинап алғаннан кейін әр үлестегі несептің мөлшерін өлшеп, оның салыстырмалы тығыздығын анықтайды. Қалыпты жағдайда күндізгі диурез түнгіден көп болады, несеп мөлшері үлестерде 50 мл-дан 250 мл-ге дейін, ал салыстырмалы тығыздығы-1,005-тен-1,028-ге дейін.
НЕЧИПОРЕНКО ӘДІСІМЕН ЗӘРДІ ЖИНАУ Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер). Қолдану көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында). Әзірле: сыйымдылығы 100-200 мл, қақпағы бар, 1 рет қолданылатын, залалсыздандырылған контейнерді, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, медбикенің қолы). Іс-әрекет алгоритмі: 1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз. 2. Қолыңызды антисептикпен тазартып, қолғапты киіңіз. 3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз. 4. Науқас зәрдің бірінші порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет. 5. Контейнерге 50 мл мөлшерінде зәрдің ортаңғы бөлігін жинаңыз. 6. Жиналған зәрді зертханаға апарыңыз. 7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: тәуліктің кезкелген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады. Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері дұрыстықпен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |