Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру


ЗИМНИЦКИЙ БАЙҚАУЫНА ЗӘРДІ ЖИНАУ мақсаты



бет6/6
Дата23.12.2023
өлшемі7.86 Mb.
#487723
1   2   3   4   5   6
Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларында мейірбике ісін (копия)

ЗИМНИЦКИЙ БАЙҚАУЫНА ЗӘРДІ ЖИНАУ мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау. Қолдану көрсеткіштері: бүйрек аурулары. Әзірле: 1.Сыйымдылығы 500 мл, қақпағы бар, 1 рет қолданылатын, 8 дана залалсыздандырылған контейнерді, 2.Жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, медбикенің қолы). Іс-әрекет алгоритмі: 1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз: - зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады; - бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмау керек; - зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады. 2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек. 3. Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз. 4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін медбике науқасты оятып отыруы керек. 5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз. Ескерту: - дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»; - порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі.

ЗӘРДЕГІ ГЛЮКОЗАНЫ ҰЗЫНША-СОПАҚ ТЕСТІМЕН АНЫҚТАУ мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау. Қолдану көрсеткіштері: қант диабетінде. Әзірле: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен, залалсыздандырылған резеңке қолғапты. Іс -әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа манипуляция барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. 2. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз. 3. Резеңке қолғапты киіңіз. 4. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз. 5. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз. 6. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз. 7. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: • қалыпты нәтижеде – реакция кері, зәрде глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет