Аспаптық зерттеу әдістері. Ренгенологиялық зерттеу. Жалпы урография-несеп жүйесінің жалпы ренгендік суретін түсіру. Ренгенологиялық әдіспен зерттегенде бүйректер көрінбейді, бірақ кейбір кеуде және үшінші бел омыртқалардың арасында орналасқан. Бүйректердіңсопакша көлеңкелерін анықтауға және бұйректердің, несеп жолдарының тастарын көруге болады. Экскреторлық (сыртқа шығару) урография- несеп шығару жуйесінің рентген суретін бүйректермен жақсы бөлінетін контрасты заттарды (сергозин,верографин,т.Б) венаға жібергенен кейін түсіру әдісі. Экскреторлық урографияны жасауға болмайтын жағдайлар: 1.Созылмалы буйрек жеткіліксіздігінің ең соңгы сатысы. 2.Жүрек-тамыр жуйесінің жеткіліксіздігі; 3.Бүйрек жеткіліксіздігі; 4.Йод қосындыларына ерекше сезімталдық. Рентгеналды урография- рентгенконтрастылы затты түтікше арқылы несеп жолына жіберіп,оның ренген суретін түсіру әдісі. Компьютерлік томография дегеніміз- рентген сәулесін бүйрекке жан-жақты жіберіп, оның томограммасын компьютер арқылы түсіру тәсілі. Бүл әдістің науұасқа радиациялық сәулесімен зияндылығына байланысты аса күрделі диагностикалық жағдайда ғана (қатерлі ісік пен зақымданғанда немесе күдік болғанда) қолданылады. Бұл әдіспен зерттегенде бүйрек түбегінің ,несепағардың тастары өте жақсы анықталады. Несепті зертханалық әдіспен зерттеу. Несептің физикалық және химиялық қасиетін анықтайды, микроскопиялық,бактериоскопиялық әдістермен тексереді. Несептің физикалық қасиеттеріне тәуліктік диурез, несептің түсі, иісі,салыстырмалы тығыздығы жатады. Мөлшері. Жалпы ересек адамның несебінің тәуліктік мөлшері 1000-1500 мл-ге дейін болады. Егер тәуліктік несеп мөлшері 500 мл-ден аз, 2000 мл-ден көп болса, ол паталогиялық болып есептеледі. Иісі. Қалыпты жағдайда несептің өзіне тән иісі болады. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалы тығыздығы 1,010-1,028 аралығында болады және ол несеп мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Қант диабетінде несептің салыстырмалы тығыздығы жоғарлайды,ол 1,03-1,040 тен артық болуы мүмкін. Несептің меншікті салмағының азаюы-гипостенурия,біркелкі меншікті салмақ-изостенурия,меншікті салмақтың біркелкі төмендеуі-гипоизостенурия деп аталады. Несептегі белокты анықтау. Қалыпты несепте белок болмайды. Несепте сапалы сынақтармен анықталатын белок концентрациясы-протеинурия деп аталады. Бүйректен тыс протеинурия жалпы 1г/л-ден артық болмайды. Бүйректің органикалық протенурияның себептеріне: жедел және созылмалы нефрит, амилоидоз, нефроз, нефроклероз аурулары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |