Бүкіләлемдік түйсікті сезініп, оны танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сана басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ шетсіз-шексіз ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас



бет3/5
Дата11.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#128771
1   2   3   4   5

Шоќтерек


Мәңгілік немесе өміршең тіршіліктің нысанасы болған Мықан ағашы – кейде емен, кейде бәйтерек, кейде жалғыз ағаш не шоқ терек түрінде нышан береді. Сондықтан да ондай жерді саялаған жан иесіне өлім жоқ. Ағашты саялаған не соның түбінде кездескен батырдың аты да өмірлі. Әкесі Ер Көкшенің кегін қууға шыққан Ер Қосай өзіне лайық ат таба алмағанда сенімді құлы Жәпекбай:

Орайқақтың басында,

Ай маңдайлы алаша ат.

Күн маңдайлы құлаша ат,

Салпаң құлақ сарғылша ат.

Еменнің ең түбінде,


Мінсең де сол жарар, -


дейді (Мәшһүр – Жүсіп, шығармалары, 5-том, 269-бет).

Еменді, яғни, Мықан ағашын саялаған сарғылша аттың сауыры да өмірлік қасиетке ие. Оның «бауырының астында жайдың тасы бар», шөлдегенде жай ойнатып, нөсер жаудыртып, сусындарын қандырады. Жауға шабарда: «сауырының ортасында екі бәйтерек орнатады» (сонда, 273-бет). Жеті күн, жеті түн соғысып, әбден шаршағанда Ер Қосай сары аттың бауырына еніп, әлденіп алады, яғни, єлгє ек бєйтерек оѓан өмірлік күш силайды. Діни қиссаларда мұны Әбілһаят ағашы дейді. Сол сары ат «ұңғысынан үзілген найза ішінде қалып, тәсілім боп кеткен» Ер Қосайдың мұрнына өлген кісінің өтін құйып тірілтіп алады. Сары атқа мұндай тіршілік қуатын силап отырған құдірет – емен боп, қос бәйтерек боп суреттелген Мықан ағашының қасиеті. Өйткені Мықан ағашы бар жерде - өмір бар да, өлімге орын жоқ. Ол өмір мен өлімнің арасындағы уақыт пен кеңістіктің жігін бөліп тұрады. Жеті күн, жеті түн соғысып, өзі жаралы күйінде сары аттың сауырына аударылып бара жатқан (ат сауырына түсу - өлімнің белгісі – Т. Ж.) Ер Қосайды сары ат бауырындағы қос бәйтерекке қондырып тірілтіп алады. Сөйтіп, Қосайдың өмірлік уақытын ұзартып, бақилық кеңістіктің есігін ашқызбайды.

Қазақ көркем ойының маржаны «Күн астындағы Күнікей» ертегісіндегі Бәйтерек те оқиғаға «басты себепкерлік» міндет атқарады. Жетім балаға айдалада µсіп т±рѓан бәйтерек кездесіп, оны сусындатады. Бєйтеректіњ саясындағы алтын және күміс суы бар қос құдыққа бала алтын тақтың қос қанатын малып, алтын және күміс қанатты тақты ханға сыйлайды. Сондай-ақ жер астындағы алтын ағашты табады. Бұл екі ағаш та адамды мұратқа жеткізеді,яѓни, Мықан ағашының міндетін атқарады. Бәйтеректің мұндай «себепкерлігі» «Жылан қабытты жігіт» ертегісінде де бар. «Онда сүйген жігітін іздеп, темір қалпағы теңгедей, темір таяғы тебендей» болған Нұрсұлу жапан түзде үлкен бәйтеректі саялап, соның басына шығып арманының орындалуына септігі тиер ақ отауды көреді.

Дәл осындай құбылыс «Тазша бала» мен «Ќырық өтірік» хикаясынан да нышан танытады. Құрыққа сырыќ, сырыққа ине шанышқан тазша бала жеті қат аспанның ар жағындағы құлындаған биені де, жеті ықылым замандағы оқиғаны да, жеті ықылымнан кейінгі келешекті де көреді. Б±л арада түйсік иесі өзінің санасында ќұрық пен сырықты қалайда Мықан ағашымен шендестіріп тұр. Әйтпесе, жапырақсыз сидаң сырық ондай қасиетке ие болмақ емес. Оқиға өтірік болғандықтан да жапырақсыз құрық пен сырық жорта алынған.

Мықан ағашы - өмірдің бәйтергі «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырында да бар. Жырдың барлық нұсқаларында «Аякөздің бауырындағы Шоқтерек» – деп, ал кей нұсқасында «Мықан ағашы» – деп тура айтылады. Мәшһүр–Жүсіп Шөже ақынның нұсқасы деп келтірген дастанда Қозы Көрпешті «Шоқтеректің түбінде Қодар қозыжаурын қол оқпен атып өлтіреді. Шоқтеректің түбінде Қозымен бақұлдасқан Баянның зарын естіп, Алла тағаланың рахымы түсіп: Ер Қозыке сілкініп түрегелді, Отырғанын Баянның көзі көрді. Шын ғашықтың жандары өзінде емес, ‡ш күн, үш түн бас қосып дәурен сүрді» (сонда, 333 бет).

Содан: «Өлді десе – ажары бір таймаған, тірі десе жаны жоқ нұры тасыған» Шоќтеректіњ түбіндегі екеуіне қырық молла қол жайып тілек қылып тірілтіп алады. Міне, бұл құдіреттің иесі де – Мықан ағашы. Егер мәңгілік тіршілік иесі – Шоқтеректің саясы болмаса, олардың «нұры таймай жансыз жатуы» және ғайыптан тірілуі мүмкін емес.

Мықан ағашының, яғни, Шоқтеректің уақыт пен кеңістіктің арасындағы өмір тылсымы екені туралы жүйелі пікір айтқан ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан. Ол «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының тарихи уақытын саралай келе: «Жырда үзілмей айтылатын киелі сарын «Шоқтерек». Ол - Қозы Көрпеш – Баян сұлудың қызыќ көріп, ғашықтық өмірін қосқан, екеуінің махаббат туын тігіп, екі жүректің біріккен жері. «Қозы Көрпеш» әфсанасында қазақтар бұл Шоқтеректі сондай сәулетті етіп, шалқыта айтып берген» - деп («Қозы Көрпеш – Баян сұлу». Астана. Фолиант.2002.566 бет) пайымдайды. Шоқтерек - мәңгілік майданы. Жырдың 15 нұсқасында да Шоқтерек бар. Қозы Шоқтеректің түбінде Қодардың қолынан қаза табады. Сол Шоқтеректің түбінде Қозы ғайыптан тіріледі. Себебі, мәңгілік өмірдің аясында ажалға орын жоқ. Кез-келген жырдың кейіпкері Мықан ағашының бауырында фәни мен бақидың, яғни, уақыт пен кеңістіктің арасында өлі мен тірінің телағысындағы меңіреу тылсымға түсіп, ғайып құсының күйін кешеді. Екі дүниенің есігі ол үшін ашық. Мысалы, Ертөстік жер астына түсіп кеткен кезде қосағы Кенжекей (кей н±сќада Бикеш) сұлу оны күтіп жүреді. Қартаяды. Ертµстік о дүниеден оралған соң сегіз ағасы да, Кенжекей де (Бикеш те) баяғыдай жасарып, өмірді қайта бастайды.

Кенжекейдіњ (Бикештің) беліндегі белбеу – уақыт белбеуі. Ол өмір босағасын берік ұстап, байлап тұр. Боталаған інген - тірліктің белгісі. Ертөстік келгенде тоқтап қалған өмір «уаќыт белбеуі» шешілген соњ қайтадан жанданып, тіршілік шығыры айналысқа түседі. Сол сияқты Шоқтеректің түбінде Қозы Көрпеш өліп, тірілгенше бір заман ауысып үлгереді. Алайда қайта тірілген соң өмір баяғы күйіне қайта түседі. Ғалым И. Нұрахметтің тосын пікірінше, Ш.Уалиханов жазып алған жыр нұсқасының өзі:

Мықан іздеп жігіттер кел кетелі,

Ортасында Көктөбе белгі етелі, -

деп, мәңгілік ағаш Мыќан мен жер ортасы – Көктөбені іздеуден басталады. Яғни, жырдың негізгі идеясының өзі – арманда кеткен қос ғашықтың қосылуына септігі тиетін киелі нысан іздеу.

Ол нысанның майданы – Шоқтерек. Оқиғаның шиенелісуі қақтығысуы, шешімі осы Шоқтеректің түбінде өтеді. Өйткені ол жер мен көкті жалғастырып тұратын жаһан кіндігі - әлемдік бәйтерек (дерево мировое). И. Нұрахмет мұны: жырда Қозы Баянмен Шоқтеректің түбінде кездеседі. Қозы Шоқтеректің түбінде жау қолынан қаза табады. Шоқтеректің түбінде қайта тіріледі, өзін күзетіп, Алладан тілек тілеп отырған Баянды көреді. Өйткені Шоқтерек (Мықан ағашы) жер мен көкті, жақсылық пен жамандықты жалғастырушы ағаш. Қозының Шоқтеректің түбінде тірілуінде Шоқтеректің «ағаш ананың» мифтік қабығынан тазарып, идеял тұрғысынан ажырап, арман ағашы бола бастағаныныњ белгісі жатыр. Сондықтан да жыршы «Мықан іздеп жігіттер кел кетелі» дегенде Қозының мұратын тапқан жерін іздейік деген ойды да, махаббаттың мұратын іздейік дегенді де меңзеген секілді - деп пайымдайды («Ұлыстық әдебиеттен ұлттық әдебиетке дейін». Астана. 2005ж. 144 бет).

Асан ќайѓыныњ да Желмаясыныњ табаны жерге тимей желгені де сол Мыќан аѓашыныњ саясына жету. Әрине, мұндағы басты мақсат - өлмес өмірдің ұйығы – Жиделібайсынды іздеу. Мұндай уақыт пен кеңістіктің арасындағы мерзім өлшемі Қорқыт туралы әфсананалардың сарынынан да аңғарылады. Онда да мәңгілік өмірді іздейді. Таппайды. Тек дарияға жолығады. Дария, су өмір - өзенінің тұспалы. Өйткені адамның өмірі де су сияқты ағып өтеді. Оның жолында тоқтау - Мықан ағашы жоқ. Сондықтан да байыз таппай өлімнен қашумен болады. Қобыз – қу ағаштан жасалған. Ал қураған ағаш - өлімнің белгісі. Демек, жырдың өзі әу баста ажалдың жібіне желі боп тартылған. Үнемі күңіреніп, сарнап тұратын жел - өлімнің демі, ащы дыбыс - жоқтау сарыны. Ал«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы желі өмірдің әуеніне құрылған. Ондағы нышан – бозторғай. Ол бозторғай Баян мен Қозының арасына хабар тасып, өзінің µмір жырын жырлайды. Осы бармақтай ғана құс Шоқтерек пен Баянның ауылы қонған Аякөз өзенінің арасында шырыл қағып ұшып жүреді. Бозторғай боп шырылдап жүрген Қозының жаны. Қодар торѓайды ұстап алып: «µзге жүнін жұлғанда үндемей, төбе жүнін жұлғанда «шоқ» деп өліп қалады».

Бозторғайы Баянның «шоқ» деп өлсе,

Шоқтеректің түбінде жатқан-дағы-

деп Ќодар іздеп барып, ұйықтап жатқан Қозыны қапыда қазаға ұшыратады («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Астана, Фолдиант, 2002. 56-бет). Ќозыныњ денесі Шоқтеректің түбінде қалғандықтан да кейінен ғайып күшімен тіріледі.

Жырдың таңдамалы сегіз нұсқасында да дәл солай. Тек мұсылмандықты қабылдағаннан кейінгі жырланған әфсаналарда қажыдан қайтып келе жатқан қожа - молдалар Алладан тілеу тілеп Ќозыны тірілтіп алады. Алайда көне түркілік мифтің нышаны мен сарыны сонда да үзілмейді. Баян Шоқтеректің саясында өңі бұзылмай жатқан Қозының басын оңға бұрып, µзі әулие ағаштың саясына түнеп, күніне белгілі бір «үш-ақ уақытта жылайды нала болып». Себебі: «Баянның да барады дәурені өтіп». Яғни, Баянның пешенесіне жазылған уақыт та бітіп барады. Сол сәтте Бабай түкті шашты Әзиз жетіп келіп, Қозының «тізесінен басына қан жүгіртеді». Тірілтеді. ‡ш күн ойнап-күлгеннен кейін:

Шоқтеректің түбінде жаны бітіп,

Қозы Көрпеш со жерде өледі (сонда, 65-бет).

Бұл - тіршілік уақытының тәмәмдалғаны. Енді Қозыға тірілу жоқ. Қозы мен Қодардың тәні:

Екі жерден бәйтерек болып бітіп,

Басы барып аспаннан шатысыпты.

Осы соњѓы жолдан Мықан ағашының да бейнесі ашылады. Оның бұтақтары аспанмен астасып кеткен екен. Қос ғашықтың өмір әні өшпейді. Өйткені:

Өтірік, рас екенін кім біледі,

Шырылдап бозторғай басында тұрады.

(Сонда, 368-бет).

Бұл көне мифтік сарынның сарқыты болса керек. Өлген адамның қабіріне шыққан қос бәйтеректің саясында өлген бозторғай сайрап тұрады. Бұл бәйтерек, әрине, Мықан ағашы емес. Соның кеңістіктегі елесі ғана. Өйткені Қозы мен Баянға бµлінген нақты уақыт аяқталды. Енді жыршының өзіне де бимәлім кеңістіктегі «көшпелі дүние» елесі басталады. Ал көшпелі дүниедегі адамдар мен құбылыстар - сағым бейнелер. Оларда тіршіліктің нышаны жоқ. «Көшпелі дүние» қонса да судың басына, өмір - өзенге жанай ќонады, кµшсе де көлдің жағасындағы сағымның арасымен кµшеді. Су, бұлақ, көл - өтпелі өмір. Өмір ағып жатқан су сияқты. Ал ондағы бейнелер – көлдің, судың бетіне түскен сағым өмір, яғни, өмірдің теріс түскен сәулесі (антимир). Адамның айнадағы өзіне қарап тұрған суреті сияқты. Бұл дүние сізге бетін бұрып тұр деген сөз. Ал сыртын берсе, мәңгілікке ғайып болып, дүние сізге де сырт береді. Жақсылық қайтып қонбайды. Өйткені Сіз «көшпелі өмірді, көшпелі дүниені» көрдіңіз. Ол - сағым өмір. Сіз сол сағымның ішінде жүрсеңіз ғана өмір сүргендей боласыз.

Әлемдік әсіреәфсанадағы Мықан ағашына ортақ үш сыпаттың бірі – ол тіршілік иесінің панасы, өлім мен өмірдің арпалысы шешілетін майдан, ебепке себеп болатын оқиға алаңы. Алып бәйтеректің басы тіршілік ұясы. Оған самұрық құс (бақыт құсы) жұмыртқа салған. Тамыры - ажал апаны, оны айдаһар мекендеген. Діңі - өмір өзегі, оны адам саялайды. Адам айдаһарды өлтіріп, тіршілікті арашалап қалады. Оқиғаға себепкер боп, жан иесін паналатып тұрған - Мықан ағашы. Қасиет пен киелі болмаса самұрық (бақыт құсы) оның басына ұя салмас еді. Егерде әсіреәфсаналық кейіпкер қу ағашқа жолықса, онда ол ақырзаманның (топан суының, апаттың ажалдың) белгісі. Ол арада міндетті түрде ажалдың тірі аруағы – Мыстан кемпір жүреді. Көркем түйсік пен көркем санаға, көркем көзқарасқа байланысты ебептің себебімен «Қозы Көрпеш - «Баян сұлу» жырындағы Шоқтерек сияқты қу ағаш жасарып, жайқалып, бұтағында бозторғай сайрап, Мықан ағашына айналып кетуі әбден мүмкін.

Мәшһүр-Жүсіптің жазбасындағы «Сайын батыр» жырында Мықан ағашы – Бәйтерек өмір мен өлімнің арасындағы аял бесігі. Жапан түзде жаралы қалған Ер Сайын жалғыз бәйтеректің түбінде жатқандықтан да бойынан жаны кетпей тірлік белгісін сақтап қалады. Яғни фәни мен бақидың арасындағы тәсілім күй кешеді. Қырық жігіт ауылға келгенде сүйген жары Аюбике «екі етегін түріп, жауырыны толы қара шашы жайыңқы, бедерленген бес тырнақ қызыл қанға малыныңқы» (әйелдер к‰йеуі µлген соњ өзініњ тұл қалғанын білдіру үшін беттерін жырта тырнаған – Т. Ж. Қ) көрінгендігін айтып, енесін ертіп Ер Сайынды іздеуге шығады. Нысанасы - төбе басындағы жалғыз ағаш. Ағаш тірліктің белгісі, ағаш көрінсе – Ер Сайынның жаны шықпағаны. Аюбикенің бар үміті сол ағаш. «Бір күндері болғанда, Ай мен күнге таласқан Ќаратөбе көрінеді. Сол төбені көргенде сұлудың көңілі бөлініп, енесіне:

- Әй, міскін болған енем-ай,

Қаратөбе қасында,

Бәйтерек тұр басында.

Ала құла сауысқан,

Қан көргендей болады.

Мен тұсынан озамын

Неге қарап тұрамын, -

деп озан барып, аюдың өтінен алған ақ дәрімен емдеп, су басында құмары қанғанша ойнайды» (Мәшһүр–Жүсіп шығармалары, 5-том, 255-бет).

Бұл арада Мықан ағашының аты аталмағанымен де көркем түйсік иесінің сана саңлауына сәуле түсіріп тұрғаны анық. Өйткені «бәйтерек» деген сөздің өзі сондай әсерге бөлейді. Бәйтерек - әсіреәфсанарлық көркем жүйенің тұрақты нысаналық тетігі (компоненті). Жасыл ағаш - өмір, қураған ағаш, қу тамыр - өлім символы. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежан тасаланып келген «жалғыз түп қураған қурай» да ажалдың белгісі.

Әлемдік әсіреәфсана жүйесінде мұны тылсым әлемнің (нижний мир) қатарына жатқызады. Өлімнің белгісі - қураған орман, қу тамыр, қу ағаш. Тіршіліктің солған тамырына ағаштың өзегі есептелетін адам ғана нәр береді. Сонда ғана тіршілік жапырағы көгереді, яғни, өлген жан тіріледі. Єрине, оның да өз өлшемі мен кеңістігі, уақыты бар.

Оның қазақы өлшемі - тал бесік пен жер бесік деген ұғым. Осындағы тал бесік – Мықан ағашынан жасалған өмір бесігінің бейнелі белгісі. Әдетте жас өмірдің иесін тербететін ағаш та жас – жас тал, жас қайың, үйеңке, ырғай болып келеді. Ал өлімге көрінген ағаш - қу ағаш, томар, қарағай ретінде суреттеледі. Мысалы Ер Сайын µзіне ќаза жеткенін біліп, Ойыл мен Сейіл даласында қырық жігітпен қоштасып тұрып:

А, қырық жігіт аманат,

Маған бола өлмеңіз.

Сендер бейнет көрмеңіз,

Менің үшін өлмеңіз.

Қарағайдан табытым,

Бекем қылып салыңыз, -

деп өсиет айтады. Ер Сайын өлмегендіктен де елге қырық жігіт «қарағай табытсыз» барады. Яғни, Ер Сайынның тал бесігі – Мықан ағашы қурамаған. Қырық жігіт: «Қарағайдан табытын бекем қылып сайлатқанын, қалап мінген қара атты көз алдында байлатқанын» естіген Аюбике іздеуге аттанады. Қарағай табыт оған Бәйтерек боп кезігеді. Сонда Ер Сайынның тірі екенін біліп енесінен оза шабады.
Мәңгілік немесе өміршең тіршіліктің нысанасы болған Мықан ағашы – кейде емен, кейде бәйтерек, кейде жалғыз ағаш не шоқ терек түрінде нышан береді. Сондықтан да ондай жерді саялаған жан иесіне өлім жоқ. Ағашты саялаған не соның түбінде кездескен батырдың аты да өмірлі. Әкесі Ер Көкшенің кегін қууға шыққан Ер Қосай өзіне лайық ат таба алмағанда сенімді құлы Жәпекбай:

Орайқақтың басында,

Ай маңдайлы алаша ат.

Күн маңдайлы құлаша ат,

Салпаң құлақ сарғылша ат.

Еменнің ең түбінде,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет