Бұл Қмж ust kz сайтында жасалынған. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының Қмж бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша Қмж және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз


(Ж) Бағалау «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі



бет32/33
Дата21.03.2024
өлшемі0.51 Mb.
#496202
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
7сын 1 то

(Ж) Бағалау
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Компьютерде пайдаланушы интерфейсін қолдануды эргономикалық тұрғыдан бағалаңдар. Командалық жолдар интерфейсі мен (CLI) пайдаланушының графикалық интерфейстерінің (GUI) артықшылықтарын атаңдар.

Дескриптор:
- Компьютерде пайдаланушы интерфейсін қолдануды эргономикалық тұрғыдан бағалайды.
- Командалық жолдар интерфейсі мен пайдаланушының графикалық интерфейстерінің артықшылықтарын атайды.



Бағалау Топтар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».

7-сынып оқулығы.



Сабақтың соңы

7 мин.
Рефлексия

Сабақты бекіту
(Ұ) «Еркін микрофон» әдісі
арқылы оқушылар бүгінгі сабақ бойынша не үйренгенін, қандай ақпараттың жаңалық болғанын, түсінгенін еркін түрде сыныптастарымен өз ойымен бөліседі.



Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Жапондық бағалау» әдісі арқылы жүргізіледі.





Үй тапсырмасы
Төменде берілген тақырып бойынша жоба жұмысын дайында.

Жоба тақырыбы

Зерттеу сұрақтары мен бағыттары

Пайдаланушы интерфейсіне қойылатын негізгі талаптар қандай?



ҚМЖ-ға ҚОСЫМША
Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың «Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен, нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың «Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет