Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы психологиялыќ негізі



бет9/13
Дата01.03.2024
өлшемі483 Kb.
#493776
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Дип.-ЖЕТКІНШЕК-ЖАСТАҒЫ-МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ-ҚИЫН-БАЛАЛАРДЫ-АНЫҚТАУ

Қоғамдық пайдалы еңбекке тарту.
Мектепте немесе жазғы лагерьлерде болсын: "Әр оқушыға - қоғамдық іс" деген талап кең тараған. Осыны басшылыққа ала отырып, тәрбиешілер барлық балаларды қоғамдық пайдалы іске тартуы тиіс. Олардың жоспарларында окушыларды еңбектің алуан түрлеріне қатыстыру, еңбек қызметін ұйымдасгыру көзделуі ке­рек. Қоғамдық пайдалы істі жоспарлағанда еңбектің негізгі түрлерін отрядтар немесе топ бойынша олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білу қажет. Қоғамдық пай­далы еңбек процесінде балалар жолдастарымен, ұжымымен, тобымен еңбек қарым - қатынасқа қадам басады. Сонымен қатар өз еңбегіне, тапсырылған іске деген жеке жауапкершілік орнығады.
Оқушыларды өнерге тарту.
Жазғы лагерьлер өміріне эстетикалық тәрбие беру жұмыстарының түрлі формалары берік енген. Атап айтқанда, музыка кештері мен мерекелер, оқушылар шығармасы жұмысының көрмелері т.б.
Тәрбиешілер бұл процесті әр оқушының қабілетін, талабы мен бейімділігін ескере отырып, белгілі бip жүйеде ұйымдастыруы керек.
Тәрбие жұмысында қайта тәрбиелеуде елеулі орын алады. Бұл жұмыс оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алу және жеңуге бағытталады.
Тәрбиелеу әдістері сияқты, қайта тәрбиелеудің барлық әдістері белгілі бір жағдайға сай, оқиғаны тұлғасының дербес ерекшеліктеріне, оның жүріс-тұрыс тәсілдеріне, өмірінің жағдайлары мен күйлеріне тәуелді, тәрбиенің басқа әдістері және тәсілдерімен арнайы түрде үйлестіріле отырып қолданылады.
Тәрбие - педагогикалық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі бәрімізге мәлім. Олай болса, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Лагерь жағдайында бұл жауапты мәселерді жүзеге асыру, тәрбиешілерге жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, тәрбиешілердің педагогикалық білім дeңгeйiнiң сапасы мен педагогтік шеберлігіне бай­ланысты.
Қорытынды

Бүгінгі тандағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай, күн сайын күшіне түскен бұл қолайсыз факторлар мектептегі оқу-тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді.


Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап «реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреуінің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез-қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіңдік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Сондықтанда бала бойында, яғни мінез-құлқында байқалатын қиындықтарды дер кезінде анықтап, арнайы түзету жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сонымен зерттеу барысында біз таңдап алған тақырып бойынша теориялық зерттеулер мен практикалық бақылау нәтижесінде жеткіншек жас оқушыларының мінез-құлқында қиыңдықтардың (дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, жасқаншақтық, т.б.) бар екені анықталды. Зерттеу барысында оқушылардың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөліңді. Бала бойындағы қиындықтардың пайда болу себептері біріншіден, отбасы тәрбиесінен десек, екіншіден мектептегі оқу-тәрбие жұмыстардағы кемшіліктермен сипатталатынын анықтадық.
Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды дер кезінде анықтап, түзету жұмыстарын жүргізу тек қана мұғалімнің ғана міндеті емес, сонымен қатар ата-аналардың да міндеті болғандықтан ата-аналармен де жүргізілетін жұмыстарға тоқталдық.
Адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдық алар орны ерекше екендігі ежелден мәлім қағида. Отбасының рухани тірегі ата - ана.Өкінішке орай кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсету ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп қалары сөзсіз. Мектепке балалалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу — тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шындау үшін бағытталады. Міне, осы орайда оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез-әдеттерді жою талабы психологиялық, педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділіктеріне байланысты. Ұстаз мамандардың балалармен тиімді қарым-қатынаста болуы, әсіресе мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларға ерекше көңіл бөлуі қажет деп ойлаймыз.
Зерттеу жұмысымызда жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың теориялық негіздері қарастырылды. Оқушының мінез-құлқында қиындықтарды (2 кесте) анықтап, оларды белгілі бір топтарға ж:іктедік. (3 кесте)
Сонымен жеткіншек жас оқушыларында пайда болатын қиындықтар:

  1. Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерге;

  2. Мектеп оқу – тәрбие процесіндегі процесіндегі кемшіліктер; оның ішінде мұғалім мен бала қарым-қатынас өзгешеліктеріне;

  3. Баланың жеке тұлғалық қасиеттеріне;

Оқушыларды өзіндік бағалауларына байланысты екені анықталды.
Психолог, әрі педагог Жүсіпбек Аймауытовтың «Дәрігер адамның денесін саулықтыратын болса, мұғалім адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» деген қағидасын жадымызда ұстап, зерттеу жұмысымыз бойынша анықталған киындықтарды дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізу керек.
Сонымен жұмысымызды қорытындылай келе, оқушыда тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек деген ұсыныс береміз:
Оқушының өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келмейтін істе ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті.
Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ етеді. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастық, ессіз тентек етіп шығарады. Дегенмен, қиын деген оқушының өзі бұзылған бала емес екенін ескеру керек. Сондықтан "қиын" бала тәрбиесінде мына жайттарды ерекше есте ұстаған жөн.

  1. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып рухани дуниесін терең зерттеп білу, жүрекпен сезініп, оған қайырымды болу керек.

  2. Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін және мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.

  3. Мейірім мен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.

  4. Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.

5. Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды,
ұстамды болу қажет.

  1. Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.

  2. Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне баспау керек.

  3. Орынсыз жазаламау керек.

  4. Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу қажет.

10. Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.

Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақылап, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі "қиын" жеткіншектерді тәрбиелеу - ділгірлігі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзіне асыруда ата-анаға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

  1. Болашақ С.Дүйсенбиева «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары №12 (435) наурыз 2007 ж

  2. Болашақ Ш.Парманқұлова «Қиын бала» және отбасы тәрбиесі 2006 №20 мамыр 3 бет

  3. Болашақ С.Дүйсенбиева «Қиын балалармен жұмыс түрлері» №20 (305) мамыр 2006 ж

  4. Болашақ Оңалбай Е. «Психолог – тәрбие жұмысындағы жетекші тұлға» №14 (209) сәуір 2006 ж

  5. Хабаршы «Психология және социология» сериясы №2 (13)

  6. С.М.Жақыпов, Т.К.Күнсләмова «Жетекшідегі «мен» бейнесі және агрессивті мінез – құлық пен өзіндік бағалаудың байланысы.

  7. Выготский Л.С, «Педология подростка» Собр. Соч. М.1984 93-101 бет

  8. Парманқұлова Ш, Қиын бала және отбасы тәрбиесі/Парманқұлова Ш, //Болашақ.- 2006-№2. –С,№2-қаңтар

  9. Юсупов И. Қиын оқушы қайдан шығады ? Юсупов // Қазақстан мұғалімі .- 2006.- 1 Қараша.-Б5

  10. Қайырова Ж. Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары /Қайырова Ж.// Қазақстан мектебі – 2006 -№1 –С.62-67 бет

  11. Әбеуова И. Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды анықтау жолдары/Әбеуова И// Ұлағат – 2004-№5-26-30 бет –С.№5 26-30б Әлеуметтік психология

  12. Өтеген Қ. Девиантты мінез-құлықты балаларға сипаттама және оны анықтау жолдары /Қ.Өтеген// Бастауыш мектеп. – 2007 -№1 –Б.5-

  13. Қоянбаев ж., Қоянбаев м. «Педагогика» Алматы- 2000 ж.

  14. Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы; «Санат» -1996



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет