Бөж пән: «Тәрбиешінің педагогикалық қызметіне кіріспе» Тобы: 1 дшо 22-3


Мектепке дейінгі мекемелердегі ойын іс-әрекеті



бет4/7
Дата18.11.2022
өлшемі64.06 Kb.
#465212
1   2   3   4   5   6   7
БӨЖ

Мектепке дейінгі мекемелердегі ойын іс-әрекеті
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» (М. Жұмабаев)
Бұл жинақта қазіргі мектепке дейінгі балалардың оқу іс - әрекетін ұйымдастыру барысында қызығушылығын арттыруда ойынның технологиялық қажеттілігі туралы қарастырылған. Мектепке дейінгі мекемелерде оқу- іс әрекеті барысында қолданылатын дидактикалық ойын түрлері жинақталған.
Қазіргі уақытта балаларды оқытуға арналған әдістемелер соның ішінде ойын технологиясы кеңінен пайдалану үстінде. Яғни, ойындарды игеру балаларды жан - жақты болуына зор ықпалын тигізеді. Балалардың оқу іс - әрекетін арттыру үшін ойын элементтерін тиімді пайдалану керек. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ барысында қандай ойын түрлерін қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынғаны дұрыс. Яғни, бала тілін дамыту барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы балалардың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға арналған бірден - бір таптырмас технология.
Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: сюжетті – рөлдік ойындар «Почта», «Дәріхана», «Дүкен», «Аурухана», «Кітапхана», «Отбасы», «Балалар бақшасы» болып ойнайды. Сол сияқты ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. Көбінесе бұл ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектепке дейінгі балалар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, ойынға аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру тәрбиешілердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті. Балалардың қызығуын арттыру мақсатында тәрбиеші ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Ойын іс - әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып тәрбиешінің негізгі іс - әрекетін құрайды.
Ойын түрлері:
Дидактикалық ойыны
Шығармашылық ойыны
Сюжеттік рөлдік ойыны
Қимылды ойындар
Ұлттық ойындар
Педагогикалық ойындар
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет