М.Монтессоридің қағидалары мен пікірлері
Бастапқы кезде Мария Монтессори өз технологиясын мүмкінділігі шектеулі балаларға қолданды. Олармен жұмыс барысында балаларға өзін-өз қызмет көрсету үшін ерекше орта дайындады. Бұл сезімталдыққа негізделген ойын арқылы іске асты. Оның мақсаты балалардың ақыл-ойының дамуы емес, әлеуметтік ортада бейімделуі болды. Бірақ педагог зерттеу барысында балалардың ақыл-ойлары дамып жатқанын көреді. Нәтижесі таңқалдырды. Олар жыл ішінде дені сау балалармен теңесті.
Басқа педагог, психолог, филосов ғалымдардың теориялық ізденістерін және жеке тәжірибесін біріктіре отырып, Мария Монтессори технологиясы атты үйлесімді жүйе құрастырды. Бұл әдіс кейіннен дені сау балаларға қолданылды. Мария Монтессори өзінің технологиясын тарату үшін 1929 жылы ұлымен бірге Халықаралық Монтессори қауымдастығын (ХМҚ) құрды. Сол кезден бастап уакыт кеңістігін табысты жүріп өтуде. Көптеген атақты ғалымдар бұл әдісті зерттеп, Монтессори мектептерінің өз елдерінде құрылуына үлестерін қосты:
Томос Эдисон, әлемге танылған ойлап тапқыш ғалым.
Зигмунд Фрейд, психоанализді зерттеген ғалым, және қызы екеуі Монтессори-педагогикасының ізімен жүрушілер болды. Олар Вена қаласында Монтессори балабақшасын ашты.
Татьяна Сухотина-Толстая (Лев Толстойдың қызы) 1914 жылы «Монтессори және жаңа тәрбие» атты кітап жазды.
Махатма Ганди философ, Үнді елінің саясаткері. 1932 жылы бұл әдісті толық меңгерді.
Джин Пиджет психолог ғалым, Швеция елінде алғаш рет Монтессори мектебін ашты, және ол қазіргі күнге дейін жұмыс жасайды.
Мариядан кейін, ХМҚ-ны баласы Марио басқарды. Қазіргі кезде немересі Ренильде Монтессори басқарып келеді. Қазір әлем бойынша бұл әдіспен оқып жатқан балалар өте көп. Кеңестік кезеңде Монтессори технологиясы енгізіле алмады. Кеңес өкіметі таратылғаннан кейін Ресей елінде кең етек жайды. 20 жыл бойы Мәскеу қаласында Монтессори орталығы жұмыс жасап келеді. Олардың интернет желісіндегі мекен-жайы: http://www.montessori-center.ru/. Бұл орталықтың педагогтары Халықаралық қауымдастықтан білім алған. Орталық Халықаралық Монтессори қауымдастығымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Монтессори мектебін бітірген атақты адамдар:
Ларри Пейдж және Сергей Брин - Google интернет сайтының негізін қалаушылар;
Джеффри Безос - Amazon.com сайтының негізін қалаушы;
Джимми Уэйлс - Wikipedia интернет энциклопедясының негізін қалаушы;
Джордж Клуни - актер;
Габриэль Гарсия Маркес - әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері;
Ағылшын патшалығының Уильям ханзадасы және Гарри ханзадасы.
М.Монтессори «Жас ұрпақтан мықты, күшті тұлғалар тәрбиелеп шығаруымыз – міндет, ал мықты адамдар деп біз өзіне сенімді, тәуелсіз тұлғаны айта аламыз» деген тұжырым жасаған өз ғылыми еңбегінде. Өзін-өзі сенімді, тәуелсіз, өзін сыйлайтын тұлға тәрбиелеу М.Монтессоридің алға қойған мақсаты болғаны осыдан-ақ белгілі.
М.Монтессори педагогикасының ерекшілігі балаға деген көзқарас пен қарым-қатынас. Қайталанбайтын өзіндік көзқарасы, алға қойған мақсат-мүлдесі бар тұлға ретінде қарау. Сондықтан Монтессори өзінің педагогикалық жүйесін бала табиғатына байланысты құрды [24].
Педагогтің баламен жүргізетін жұмысы үш деңгейден тұрады:
Жаңа материалмен қысқа түрде таныстыру;
Іс-әрекет жасау жолын көрсету;
Дұрыс орындалуына бақылау жасау, баланың өзінің қатесін табуды көрсету. Бала неғұрлым материалдармен көп қызмет етсе, соғұрлым өз қатесін табуға және оны жөндеуге үйренеді.
Бұдан 100 жылдан астам бұрын М.Монтессори «адам өмірге өз тапсырмасымен келеді, егер ғылыми педагогика жеке адамды зерттеуден туатын болса, онда ол зерттеу тәуелсіз баланы зерттеуден басталуы тиіс» деп айтып кеткен екен.
Сол тәуелсіздік пен бостандықтың нәтижесі мына төмендегілер екені шүбесіз:
Жекелік;
Өзіне бақылау жасай білу;
Бір затқа барлық зейінін тұрақтандыра білу;
Оқу ісінде алға ілгерілеушілік;
Тәртіпке бағыну;
Еркіндік сезімін тәрбиелей білу;
Жауапкершілік;
Өз бетінше таңдау жасай білу;
Тәуелсіздік;
Қуана білу [24].
Табиғатқа сәйкестілік, мәдениетке сәйкестілік қағидалары М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің ең маңызды әдістемелік негізі болып табылады «Табиғатқа сәйкестілік қағидасында тәрбиеші өзінің қызметінде баланың шынайы, табиғи дамуының факторларын негізге алады. Қазіргі ұғымда табиғатқа сәйкестілік қағидасы білім беру технологиясының табиғи заңдылықтарға сай болуын, тұлғаның этникалық мәдени жасаушы көздеріне жүгінуін»; «баланың жеке қасиеттерін (психикалық, физикалық, интеллектуалды даму) ескеретін білім беру қызметінде баланың өзін-өзі дамытуға көзделген жеке білім беру бағдарының басымдығына негізделген жеке-бағдарланған тәсілді»; «баланың субъектілігінің (мұнда бала педагог үшін оқу-тәрбиелік қызметтің субъектісі, қызметтік тұтастық, қасиеттердің, жағдайлардың, ерекшеліктердің қандай-да бір өзгешелігі ретінде көрінеді, яғни бұл қасиеттердің топтасуына қызметтің негізгі түрлерінде – еңбекте, қарым-қатынаста, өзінің ішкі дүниесінің қайта өзгеруінде қол жеткізіледі, мұнда қызмет психикалық қасиеттердің, функциялардың біріктіруші негізі ретінде көрінеді) қалыптасу және даму құралы ретінде қызметтік тәсілді талап етеді».
Достарыңызбен бөлісу: |