Мектепке дейінгі мекемелердегі әдіскердің лауазымдық міндеттері
Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс – тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгіні де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр.
Мектепке дейінгі білім мекемелері басшылары алдында тәрбие мен білім беру ісінің мазмұнын серпінді түрде дамыта отырып, тиімділігі мен сапасын арттыру міндеті тұр. Осы заманғы басшы мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері, сонымен қатар әдістемелік қызметті басқару мәселелерінде білікті болуы тиіс. Мектепке дейінгі мекемедегі әдістемелік қызмет педагогикалық ұжымның жұмысын білім беру бағдарламалары міндеттерін шешуге бағыттайтын болғандықтан басқару ісіне жатады.
Басқарудың тиімді тәсілі- менеджменттік басқару. Ю.Конаржевский «Менеджмент және мектепішілік басқару» кітабында «Ұстанымдар жүйесі ашық және оны өмірде игеру, теориялық одан әрі ұғыну барысында басқа ұстанымдармен толығып отырады» дей келе, ұстанымның бірнеше түрін ажыратып көрсетеді.
Адамға құрмет және сенім ұстанымы. Бұл ұстаным оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушыға бірнеше талаптар қояды. Олардың ішінде мыналарға назар аударған жөн.
адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мүмкіндіктерін мойындау;
өзара құрмет егізінде сенімділік ахуалдықалыптастыру;
адамға өзін-өзі таныту, өз мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;
бастамашылдықты, шығармашылық биімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді барынша дамыту.
«Ынтымақтастық» ұстанымы. Талаптар:
адаммен педагогикалық жүйенің пассивті элементі емес, белсенді факторы ретіндесанасу;
педагогтардың жеке қасиетін білу және ескеру;
білім мекемесінде жоғары өнімділікті жұмыстық ахуалды қалыптастыру;
педагогтың бойындағы балаларға деген ізгіліктік қатынастарды, құзіреттілікті, басшылықты, жауапкершілікті бағалау;
мамандар тарапынан болатын кез-келген педагогикалық мақсатқа лайықты бастамаларға қолдау көресту, мұқияттылық, көзқарас таныту.
«Тұрақты жаңғырту» ұстанымы. Бұл ұстаным жаңа технологияларды және оқыту мен тәрбиелеәдістемелерін игеру, ұйымдастыру және психологиялық құралдарды өзгерту, үрдістерді ұйымдастырудың негізгі басшылық ұстанымы болып табылады. Осы ұстаным негізінде жаңашылдық қалыптасады. Жаңашылдықты енгізуді үйретуден бастау керек. Әрбір жаңаша құрылатын тиімді жұмыс бағдарламасының 5 сатысы болады.
Әр жұмысты тапсырмаларға бөліп, әр бөлімді жан-жақты түсіндіріп шығу керек.
Түсіндіріп қоймай, өзіңіз соны істеп көрсетуіңіз керек.
Енді өзі жасап көруіне мүмкіндік беріңіз.
Атқарылған іске ағымдық бақылау жасау, міндетті түрде мадақтау.
жетістікті айтып мақтауын жеткізу, ал кеткен кемшілікті өз мойыныңызға алып, оны өзіңізден іздеңіз.
Осы аталған ұстанымдарды ескерген жағдайда ғана әдістемелік жұмыс нәтижесі болары белгілі.
Әдістемелік жұмыс – мектепке дейінгі мекемедегі барлық педагог қызметкерлердің өз мамандығын жетілдіретін, шеберлікті арттыратын, озат тәжірибе мен ғылым жаңалықтарын өз жұмысына шығармашылықпен енгізетін бірден-бір жұмыс түрі.
Балабақшадағы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден-бір адам, ол — әдіскер. Басқару қызметінің негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын білместен әдістемелік жұмысты сауатты ұйымдастыру мүмкін емес. Педагогикалық үрдістің тиімділігі әдіскердің барлық басқару қызметтерін бірдей дәрежеде сапалы орындауымен анықталады. Сондықтанда әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі бассқару мәселелерінде білікті болуы керек. Әдіскер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып нәтижесі табысты болмақ.
Әрқашан даму үстіндегі кәсіби білім көтеру жүйесінің басты тұлғасы – кәсіби дайындығы жоғары, жеке басының емес, педагогтың жағдайын ойлайтын, жаңа талапқа сай технологияны тез меңгере алатын және оны оқу-тәрбие үрдісінде шебер қолдана білуге үйрететін — әдіскер.
Кәсіби білім көтеру гуманизмі бұрынғы «Маған тәуелді адамдарға әмір жүргіземін» деген көзқарасты жойып, «Менің мамандығыма мұқтаж адамдарға көмектесемін» деген бағытты ұстанады.
Әдіскер маман иелерінің есінде болатын жайт: ең алдымен әдіскер жоғары мәдениетті, өз ісіне жауапты, тыңдаушыларға немқұрайлы қарамайтын, олардың көңілінен шыға білетін маман болуы тиіс. Білім беру жүйесінің қазіргі заман талабы қатардағы әдіскерден жаңашыл болуды, кәсіби шебер, өмірге бейімділікті, қызметте жақсы нәтиже көрсете білуді талап етеді. Білім жетілдіру жүйесінің басты міндеті – маманға көмек көресту.
Білім беру жүйесіндегі бұл категория — өз қызмет талабына байланысты әдістеме ілімімен кәсіби шұғылданатын педогогикалық қызметкер.
Әдіскер белгілі бір педагогикалық жүйені әдістеме жағынан қамтамасыз етеді, педогогикалық кадрлардың кәсіби білімін жетілдіруге қатысады.
Әдіскердің өмірден алған тәжірибесі, қабілеті, адамгершілігі, қарапайымдылығы, мінез-құлқы әлдеқайда жоғары деңгейде болуы тиіс. Ол қандай қиын жағдай болсын, кедергілерге қарамастан педагогтармен тікелей тынымсыз жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің моделі
Кәсіби шеберлігі:
1.Ғылыми-педагогикалық ойлауда жаңаша стиль қалыптасқан, шығармашылық шешімдер қабылдай алатын.
2. Адамдардың психологиясын зерттей алатын.
3. Өз жұмысына нақты талдау жасайтын
4. Қатал талап ете алатын және демократиялық тұрғыда басқара алатын.
Жеке қасиеттері:
1.Рухани мәдениетті, сендіре білетін, адамдарды белсенділікке тәрбиелеуші.
2.Шынайы зиялы.
3.Сыншыл және өзіне сыни қарайтын.
4.Педагогикалық сезімтал, жаңашыл еңбек сүйгіш.
5. Лидерлік қабілеті бар, әдістемелік жұмысқа шығармашылық пен жетекшілік ететін жеке тұлға
Нәтижелілігі
1.Мемлекеттік стандарт талаптарына сай жоспарланған нәтижеге жету.
2. Педагог мамандар тұрақтылығы мен шығармашылық жетістіктер
3.Ұжымдағы адамгершілікті- психологиялық ахуал.
4. Қабылданған шешімді уақытында орындау.
Кәсіби біліктілігі:
1.Еліміздің білім беру сясатының стратегияларына түсінген.
2. Басқару жұмысы туралы теориялық және әдістемелік білімі бар.
3. Оқу-тәрбие жұмысының құрылымына талдау жасай білетін, нәтижелі болжай алатын.
4. Қазіргі технологиялардың деңгейінде кәсіби ойлауға қабілетті.
Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру
1.Балабақшаның жылдық міндеттерін орындау.
2.Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай оқу жоспарын енгізу.
3.Оқу бағдарламалары бойынша үлгі жоспарлар мен оқу материалдарын жасақтау.
4. Тәрбиешілердің іс-қағаздарының сауатты жүргізілуі
5. Айлық, апталық тәрбие жоспарлары
6. Балалардың дербес көркемөнер қабілетін дамытуда үйірмелер ұйымдастыру.
Әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру.
1.Жаңа әдістемелік оқулықтармен, психологиялық ғылыми әдебиеттермен толықтырып отыру.
2. Іс-қағаздарды жүргізу.
3. Үлестірмелі және дидактикалық материалдар дайындау.
4. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбиешілер жұмысын жинақтау.
5. Аудандық, облыстық байқау-сайыстардың материалдарын жинақтау.
6. Баспасөз, журналдармен толықтырып отыру.
7.Көрме, фотостенд ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |