«Камп Ноу» ( кат. L'Estadi Camp Nou, аудармасында «Жаңа алаң») — «Барселона» футбол клубының алаңы. «Камп Ноу» атауын Барселона клубы ашылғаннан бастап атап кетті. Камп Ноу 1957 жылы тұрғызылып, 1998 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2001 жылға дейін стадионның ресми атауы Estadio del Club de Futbol Barcelona болып келді. Стадионда бір мезгілде 99 350 жанкүйер ойын тамашалай алады. Стадионның өзіндік ерекшелігі ол- музейі, музей клубтың жетістіктері мен марапаттауларын көрсетеді яғни «Барселона» жеңістері, алаңнан киім ауыстыратын бөлмеге дейін барлық жерін қамтиды. Музей Барселонаны саяхаттаушылардың ішінде ерекше ыстық ықыласқа бөленген.
«Сантьяго Бернабеу» (ис.Estadio Santiago Bernabéu) — Испания астанасы Мадридте орналасқан футбол стадионы. Реал Мадрид футбол клубының жергілікті алаңы болып табылады. Кейде Испания Ұлттық футбол құрамасының ойындары өткізіледі. Стадион УЕФА-ның ең жоғарғы 4-ші категориясына ие. Үлкендігі бойынша «Камп Ноудан» кейін Испаниядағы екінші стадион. Стадион «Сантьяго Бернабеу» деп 1943-1975 жылдар аралығындағы «Реал Мадрид» президенті атымен аталды. Сантьяго Бернабеу жаңа стадион құрылысының бастаушысы болды. Құрылыс 3 жылға созылды.1947 жылы салынып бітті.
1950 жылдарда Реалдың Еуропа чемпиондары Кубогында жақсы ойынының әсерінен клубтың қаражаты өсті. Бірінші үлкен қайта жаңарту 1954 жылы жасалып, стадион сыйымдылығын 125 000 орынға көбейтуге мүмкіндік туды. Осылай Мадрид коллизейі жаңадан құрылған Еуропалық Кубок қатысушылар арасында ең үлкен стадионға ие болды. Ғимарат өзінің ақ мұнараларымен әйгілі. 1955 жылы 4 қаңтарда стадион өзінің клуб президентінің құрметіне «Сантьяго Бернабеу» атанды, ал 1957 жылы Еуропа чемпиондары Кубогының финалында, әлемде бірінші рет болып жасанды прожекторлер іске қосылды. 1982 жылғы Әлем чемпионатына «Сантьяго Бернабеу» реконструкциядан өтті. Стадионның жаңарту проектіне сәулетшілер Рафаель Луис Алемани және Мануэль Салинас шақырылды. Ағайындылар стадионның алғашқы планын Мунос Монастериомен бірге құрған атақты Луис Алемани Алемани Солердің ұлдары болған. Жұмыс 16 айға созылып, құны 704 млн песета құрды, оның 530 миллионың Мадрид әкімшілігі төледі.
Реконструкциядан кейін отырып көретін 30 200 орын және тұрып көретін галереялар қосылды. Толығымен 60 000 адам футболды тамашалай алатын. Стадион турнирдың 3 группалық ойынының және финалды қосқанда 345 000 көрерменді қарсы алды. Он жыл өтті: реконструкция жалғасып жатты. Трибунаның үшінші қабаты салынып бітті. Отырып көретін орын 65 000-ге өсіп, жалпы сыйымдылық 105 000 орынға өсті. Тағы бір реконструкциядан кейін стадион одан ары жайлы болып, бірақ сыйымдылық 74 871 көрерменге азайды. 2000 жылы «Реал» президенті Флорентино Перес болды; 5 жыл ішінде (2001—2006) ол стадионға 127 млн доллар инвестиция жасады: шығыс бүйiрлеу мiнбесiнiң фасады салынды, ол жерде жаңа кеңсе бөлмелері, баспасөз залы, VIP-ложалар орналасты. Шығыс мінбесінің кеңейтілуінен кейін алаң сыйымдылығы 80 354 адамғы өсті. Соңғы өзгеріс 2011 болды; енді стадионда 81 044 адам жайғаса алады. «Бернабеуде» 1964 жылғы Еуропа чемпионатының финалы және 2012 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы өтті. 2007 жылдың 14 қарашасында «Бернабеуге» дегдарлы УЕФА футбол стадионы атағы берілді.
«Реалдың» 1500-ші ойыны «Сантьяго Бернабеуде» 2011 жылдың 22 қарашасында Загребтік «Динамоға» қарсы ойналды. Ойын УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |