Бөж тақырыбы: Әлемдегі футбол стадиондары Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Әлемнің үздік футбол стадиондары Қазақстанның футбол стадиондары ІІІ.Қорытынды І. Кіріспе Футбол



бет6/6
Дата02.12.2023
өлшемі4.84 Mb.
#485180
1   2   3   4   5   6
Әлемдегі футбол стадиондары

Орталық стадион (немесе Қобыланды батыр атындағы орталық стадион) — Ақтөбе қаласындағы футбол аренасы. 1975 жылы тамыз айында пайдалануға берілді. "Ақтөбе" клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Сыйымдылығы – 12 800.Стадион барлық жағынан Халықаралық талаптарға жауап бере алады. Тек көгалдың нашарлығынан көктем айларында мұнда футбол ойнатылмайды. 1975 жылы 28 тамыз күні ашылу салтанаты болып, "Ақтөбе" және Мәскеудің ЦСКА клубтары ойнады.
Арена тек футболға арналған. Жүгіру жолдары жоқ. Көп жылдарға дейін Қазақстандағы төбесі жабық бірден-бір стадион саналып келді.


Орталық стадион (Тараз) — Тараз қаласындағы футбол стадионы. "Тараз" клубы өз алаңындағы кездесулерін осында өткізеді. Сыйымдылығы 12 500 адам. Кеңес одағы жылдары "Химик" деп аталды. 2004, 2007 жылдары Қазақстан кубогының финалдық матчтары ойналды.

  • Төрт жағында да трибуналар бар.

  • Сыйымдылығы — 12 527.

  • Орындықтар — пластик.

  • Көлемі — 106 м х 68 м.

  • Төсеніш — табиғи.

ІІІ. Қорытынды


Қазіргі заман өз заңымен жүруге мәжбүрлеуде, футболдық клубтар жоғары деңгейлі футболшыларды сатып алумен шектеліп қалмай, өздерінің стадиондарын одан сайын жақсартып, көріктендіруде.
Спорт ғимараттарының 5 жаңалығы.
Кондиционерлер
Орналасқан жері: Катар, ӘЧ-2022
2022 жылы Катарда әлем чемпионаты өтеді. Және осы елдегі ыстық климатқа байланысты (жаз мезгілінде температура 50 градусқа жетеді екен), қатысушы командаларды қабылдайтын барлық стадиондар футбол матчының барлық қатысушыларына жайлы болу үшін кондиционерлермен жабдықталатын болады.
Құбылмалы стадион
Орналасқан жері: «Альянс-арена», Мюнхен
Мюнхендегі стадион ең әдемі және ерекше футбол ғимараттарының бірі деуге әбден лайық. Херцог пен де Миеронның жобасы ерекше көріністен бөлек бірегей жарықтандырылуға ие – алаңда қай команданың ойнап жатқанына байланысты (мюнхендік «Бавария» кездесу өткізіп жатқан кезде «Альянс-Арена» қызыл түске, «Мюнхен 1860» ойнағанда – көк түске, Германия құрамасы болса – ақ түске боялады) стадион арнайы шамдардың арқасында көптеген түстермен жарықтандырылады.
«Толы стадион эффектісі»
Орналасқан жері: «Рубинның» жаңа стадионы, Қазан қаласы. Қазандық «Рубинның» жаңа стадионында «толы стадион эффектісі» қолданылады – аренадағы барлық орындықтар белгілі бір түстік гаммаға сәйкес жасалады және футболды теледидардан көрген жағдайда стадион жанкүйерге толы иллюзиясын тудыру мақсатында орналасады.
Газды жылытқыштар
Орналасқан жері: «Донбасс Арена», Донецк. 2011 жылы «Шахтер» клубының иесі Ринат Ахметов донецк клубының жанкүйерлеріне сый жасамақ оймен стадионға газ жанарғыларын орнату шешімін қабылдайды. Олардың мақсаты - суық күндері жанкүйерлерді жылытып тұру. Қазіргі таңда «Донбасс Арена» күмбезі астында әрқайсысы 275 данадан болатын екі айналдырылған жылытқыш орнатылған.
Жылжымалы алаң
Орналасқан жері: «Зениттың» жаңа стадионы, Санкт-Петербург. Питерлік «Зениттің» жаңа стадионында жылжымалы футбол алаңы эксплуатацияға берілетін болады. Жобалаушылардың ойынша, аталған шара алаңның жылдам әрі қатты тозбауының алдын алуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет