Тарау 5 Майлау жүйесі
5.1. Қозғалтқыштардың майлау жүйесі
Майлау жүйесі беттердің қажалуынан болатын тозу мен механикалық шығындарды майды біркелкі және жеткілікті беру есебінен азайтуға арналған. Мұнан өзге май жағылған беттерге жылуды жолатпайды және оларды тат басудан қорғайды. Механизмнің жұмысы барысында қажалу күші бөлшектердің өңделу сапасы мен олардың майлану шарттарына байланысты болады.
Жеткіліксіз түрде майланғанда қатарлас бөлшектер жұмысы кезінде қажалудан көп шығын келіп, тозығы артып, едәуір мөлшерде жылу бөлініп, соның салдарынан қозғалтқыштың механикалық ПӘК күрт төмендейді. Артық майлауға жол беруге болмайды. Артық майланған жағдайда май жану камерасына барып түседі. Осының салдарынан піспектер түбінде, клапандар мен білтелердің электродтарында күйенің тұрып қалуы артып, бұл қозғалтқыш жұмысының іркілуіне, сондай-ақ майдың көп мөлшерде шығындалуына апарып соқтырады.
Сөйтіп, қозғалтқыштың механизмдері мен тораптарда қызмет ету мерзіміне дейін қажалудан болатын минималды шығынмен жұмыс атқаруын қамтамасыз ету үшін қозғалмалы қосындылардың барлық өзара әрекеттесуші беттері ең тиімді шартпен майлануы тиіс.
Қысыммен деген кезде қысымды майлаушы сорап тудырып, май иінді біліктің түпкі және бұлғақты мойынтіректеріне, бөліп таратушы біліктің тіреуіш мойындарының мойынтіректеріне, иінағаштар осьтеріне және қарнақтардың жоғарғы ұштарына апарылады. Жекелеген конструкцияларда қысыммен бұлғақтың жоғарғы басының төлкелері мен піспектіңсұққылары майланып, сонымен қатар піспектің төменгі басындағы тесік арқылы цилиндр қабырғасының неғұрлым салмақ көп түсетін бөлігіне майдың тұрақты берілуі қамтамасыз етіледі.
Бөліп таратушы біліктің жұдырықшалары, қарнақтардың төменгі ұштары, клапандардың бағыттағыш төлкелері, шығару клапанының айналу механизмдері, газды бөліп таратқыштың тісті дөңгелектері және өзге бөлшектер шашырату және майлы тұманмен майланады.
Май радиаторы. Қозғалтқыш бірқалыпты жылу режимімен жұмыс істегендн май температурасы 65... 85 °С болуы тиіс. Қоршаған ауа температурасы жоғары болғанда жүк көліктерінде, сондай-ақ қозғалтқышқа ұзақ уақыт бойы ауырлық түскенде майды суытудың қажетті екпінділігіне қол жеткізу үшін катер табандығын ауамен үрлеу және майды май радиаторына жіберу керек. Көптеген жеңіл көлікте май қарама-қарсы ауа ағыны үрленетін картер табандығы бетінің қарпайым түрде жылу беруі нәтижесінде суытылады.
Майлау сорабы. Майлау сорабы майды магистральді каналдарға айдап, оны қысыммен қозғалтқыштың қажалатын түйіндері мен механизмдерінің бөлшектеріне жіберу үшін қызмет етеді. Автомобиль қозғалтқыштарында тісті дөңгелектердің ішкі және сыртқы ілінісі бар майлау сораптары қолданылады (ВАЗ-2108). Секциялар саны жағынан олар бір және екі секциялы болуы мүмкін.
Май сүзгілері. Майды қажалатын бөлшектер тозуынан, ауадан түсетін шаң, шайырлы заттардан болатын күйік пен шөгінділерден тазарту үшін сүзгілер қолданылады. Майлау жүйелерінде қаралап және ақтап тазартуға арналған май сүзгілері қолданылады. Заманауи қозғалтқыштарда ақтап тазалаушы сүзгілер кеңінен қолданылады, олар ауыспалы сүзгіш элементі бар сүзгі және майды ортадан теуіп тазалау сүзгісі болып (центрифуга) бөлінеді. Центрифуганы ешбір бөлшегін ауыстырмастан кірден тазартады. Егер майлау жүйесіндеа ақтап тазалау сүзгілері арқылы тек майдың жартысы өтсе, олар толық ағынды емес деп аталады, ал егер олар арқылы май толық өтсе, онда толық ағынды деп аталады.
ВАЗ автомобильдерінің қозғалтқыштарына орнатылған қағаз сүзгі элементі бар сүзгіде майды тазалау (сурет 1) келесі түрде жүреді. Сораппен айдалатын май түпке 3 барып түсіп, оның саңылаулары арқылы 7 сүзгінің сыртқы қуысына барып түседі.
Сурет 1. ВАЗ автомобильдері қозғалтқыштарының майын ақтап тазалау сүзгісі:
1 — сүзгі корпусы; 2 — қақпақ; 3 — түп; 4 — дренажды клапан; 5, 7 — тесіктер; 6 — қайта жберу клапаны; 8 — резинасақина; 9 — сүзуші
Сосын сүзуші элементтің 9 тесіктері арқылы қысыммен өте отырып, май тазаланады және сүзгінің орталық бөлігіне беріліп, ол жерде тесік 5 арқылы блоктың негізгі майлау магистраліне өтеді. Салқын қозғалтқыш қосылғанда май вискоза талшықты арнайы үстемемен тазаланады, себебі бұл жағдайда қоюлынап қалған май қағаз сүзгіш элементтен өтпейді.
Сүзгінің қозғалтқыш тоқтаған жағдайда жүйеден майдың ағып кетуіне жол бермейтін манжета түрінде жасалған дренажды клапаны 4 бар және сүзуші элемент ластанғанда іске қосылып, тазартылмаған майды майлау магистраліне тікелей қайта жіберетін қайта жіберу клапаны 6 бар. Цилиндрлер блогына сүзгіні орнатуда ауа кіргізбеуді резина сақина 8 атқарады, ол корпус 1 қақпағына 2 орнатылады.
Бақылау сұрақтары
1. Түйіндер мен механизмдердің қажалғыш беттерін майлау әдістерін атаңдар?
2. Қозғалтқыштың қандай бөлшектері мен түйіндері қысыммен майланады?
3. Қозғалтқыштың майлау жүйесі қандай негізгі механизмдер мен құралдардан тұрады?
4. Май тазалау үшін қандай сүзгілер қолданылады?
5. Майлау сорабы не үшін қызмет және құрылысы қандай?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқытушының қолы_____________________Оқушының қолы______________
Достарыңызбен бөлісу: |