Вентилятор. Радиатор арқылы өтетін ауа ағынының жылдамдығын арттыруға желдеткіш 1 (1-суретті қара) қызмет етеді. Қозғалтқыштарға орнатылатын желдеткіштерде төрт, бес немесе алты қалақша 15 болуы мүмкін, олар беттік болаттан немесе пластмассадан (ВАЗ-2106 «Жигули», «Москвич- 21412» және т.б. автомобильдер) жасалады.
Бірқатар қозғалтқышта желдеткіш қалақшалары бағыттаушы қаптамаға (диффузор) орнатылады, ол капот астындағы кеңістікті желдетуді жақсартып, радиатор арқылы өтетін ауа мөлшерін арттырады. Осы мақсатта ЗМЗ-511, ЗИЛ-508 және өзгелердің қозғалтқыштары желдеткіштерінің қалақшаларын 15 радиатор жағына қайырылған радиаторлармен қолданады.
ЗИЛ-431410, ГАЗ-3307 автомобильдер, ЛиАЗ-5256 автобустары мен «ГАЗель» шағын автобустарының қозғалтқыштарында, сонымен қатар көптеген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыштарында желдеткіш жетегі сына-белдікті беріліспен іске асырылады. ЯМЗ-236М2, -238М2 дизельдерінде желдеткіш бөліп тарату білігінің тісті дөңгелегіне тікелей жақын тісті дөңгелектер жүйесі арқылы іске қосылады.
Алдынан жетекті ВАЗ автомобильдері мен ИЖ-дің бірқатар моделіне электрлі желдеткіштер орнатылады.
Желдеткіштің электр қозғалтқышын қосу мен сөндіру радиатордың жоғарғы немесе қапталындағы (ВАЗ-2110) бакқа қарай бұралған құрылғымен салқындатушы сұйықтық температурасына байланысты іске асырылады.
Термостат.Салқын қозғалтқыштың қызуы тездеп, оның жылу режимі тапсырылған аралықта тұруына термостат қызмет етеді. Құрылысы жағынан ол радиатор арқылы айналатын сұйықтық мөлшерін реттеуші клапан болып табылады.
Термостаттар қатты немесе сұйық заттармен толтырылған болуы мүмкін. ЗИЛ-431410, -5301 «Бычок», КамАЗ-5320, ГАЗ-31029 және өзге автомобильдер қозғалтқыштарында қатты затпен толтырылған термостаттар қолданылады (сурет 2). Мұндай термостат кіргізуші газ құбырының құбыры 7 мен корпус12 арасында орналасады. Термостат 1баллоны белсенді массаға 2 толы, ол церезина(мұнай балауызы) мен мыс ұнтағы қосындысынан тұрады.
Баллондағы белсенді масса резина мембранамен 3 жабылған, ал онда мембрананы қираудан қорғаушы бағыттаушы төлке 4 орнатылғанғ оның резина буферге арналған тесігі 11бар. Буферде рычаг 8 және клапанмен 8 байланысты соташық 5 орналасқан, ол жабық режимде тоқымға 10 серіппемен 9 тығыз тақалады.
Салқындатушы температурасы (70 ± 2)°С болғанда белсенді масса ери бастайды, кеңейіп тұрып, мембрананы3, буфер 11менсоташықты5жоғарыға ауыстырады, ол рычагқа8 әсер ете отырып, клапанды 6аша бастайды, клапан (83±2) °С температурада толық ашылады. Сәйкесінше, 68...85°Стемпературада термостат клапаны, өз орнын өзгерте отырып, радиатор арқылы өтетін салқындату сұйықтығының мөлшерін берілген аралықта реттейді де сол арқылы қозғалтқыш жұмысының қалыпты температура режимін ұстап тұрады.
Сурет 2. Қатты затпен толтырылған термостат: а — жалпы көрініс; б — термостат клапаны жабық; в — термостат клапаны ашық;
1 — термостат баллоны; 2 — белсенді масса; 3 — мембрана; 4 — бағыттаушы төлке; 5 — соташық; 6 — клапан; 7 — құбыр; 8 — рычаг; 9 — серіппе; 10 — ер-тоқым; 11 — буфер; 12 — газ құбырының корпусы
Радиатор. Жылу ауыстыру түйіні болып табылатын радиатор жылуды салқындатқыш сұйықтықтан ауа ағынына жіберуге арналған. Радиатор қаңқасы қаптал тіреулерден жасалып 1 (сурет 4, а), төменгі бакқа дәнекерленген пластиналармен қосылған. Радиатор автомобильдің резина жастықты 5 рамасына бекітіледі, бұл оның қозғалысы кезінде болатын вибрациялар мен соққы ауыртпалықтарын азайту үшін керек.
Сурет 3. Сұйықтықпен толтырылған термостат:
2— қайта жіберу құбырішегі; 3 — клапан; 4 — құбыр; 5 — соташық; 6 — гофрленген цилиндр
Радиатор жоғарғы 4 және төменгі 6 бактар мен жылуды таратқыш өзектен 7 тұрады, оның сырты жылуды таратқыш ауамен үрленеді, ал ол сұйық жылу тасығыш қозғалтқыштың қызған бөлшектерінен алынған жылуды таратады (салқындатқыш сұйықтық).
Өзек арқылы өтетін ауа мөлшерін радиатор қаңқасындағы арнайы рамкаға орналасқан жалюзи-жармамен 8 реттеледі. Олар арнайы темірден жасалған тар пластиналар жиынтығы түрінде жасалған және топса құрылғымен жабдықталған, олардың жүргізуші кабинасынан бұрылуы сол арқылы қамтамасыз етіледі. Радиаторларда негізінен құбырлы-пластиналы немесе құбырлы-ленталы өзектер пайдаланылады.
Құбырлы-пластиналы өзек (cурет 4, б) сопақша кесікті латун құбырларының үш-төрт қатарынан тұрады, оларға салқындаған бетті арттыратын көлденең орналасқан пластиналар 9 дәнекерленген.
4.5. Радиатор және оның өзектерінің типтері:
а — құрылғы; б, в — сәйкесінше құбырлы-пластиналы және құбырлы-лен¬талы өзектер; 1 — қаптал тіреулер; 2 — бу шығаратын құбыр; 3 — тығын; 4, 6 — радиатордың сәйкесінше жоғарғы және төменгі бактары; 5 — резина жастық; 7 — өзек; 8 — жарма-жалюзи; 9 — пластиналар; 10 — зигзаг тәрізді ленталар
Құбырлы-ленталы өзек (сурет 4, в) жазық латун құбырлардан тұрады, олардың қатарлары арасында зигзаг тәрізді жалпақ ленталар 10 орналасады, олардың ауа арнасын қисайтып, ауаға жылу берілуі тиімділігін арттыратын арнайы штамптары болады. Құбырлы өзегі бар радиаторлар кеңінен таралды және қозғалтқыштардың көбіне орнатылады.
Салқындатудың жабық типті заманауи жүйелерінде буды шығарушы құбыры 2 орнатылған радиатор мойыны тығынмен 3 ауа өтпестей болып жабылады. Мұндай жүйедегі қысым ауа қысымынан біршама жоғары болатындықтан, онда сұйықтықтың (судың) қайнау температурасы 108... 119 °С болады. Ол аз буланады және аз қайнайды, бұл жанармай құйғанға және қызғанға дейін қозғалтқыштың неғұрлым ұзақ жұмысын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |