6.2 Карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі
Карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.
Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газды сыртқа шығаратын бөліктертерден құрылған. Қоректендіру жүйесінің принципиалдық жұмыс схемасы 7.2 – көрсетілген. Енді сол схема бойынша құрылысы мен жұмысын талдаймыз.
Сурет 1. Карбюраторлы ВАЗ қозғауышының қоректендіру жүйесі.
1 - ауа филътрі, 2,3 - енгізу және шығару түтіктері, 4 - карбюратор, 5 - отын өткізгіші, 6 - бак, 7-насос, 8 - өшіргіш (глушитель) тутігі, 9,10 - қосымша және бас өшіргіш (глушитель).
Карбюраторлы моторда отын насос арқылы бактан (6) тұндырғыш сүзгі және отын өткізгіш арқылы насоспен сорылады да карбюраторға жіберіледі. Енгізу тактісінде атмосфера ауасы сүзгіден (ауа тазартқыштан) өтіп басқа қоспалардан тазартылады да карбюраторға (4) келіп түседі.
Мұнда ауа тозаңданған отынмен араласады және енгізу түтігіне (коллектор) бағытталады. Жанғыш қоспаны дайындау енгізу түтігіне жалғасады, онда отын буланады және ауамен араласып кетеді. Бұл процесс мотор цилиндрінде енгізу және сығылу тактісі кезінде аяқталады. Жұмыстық қоспа жанып болғаннан кейін пайдаланылған газ шығаратын түтік жүйесі және өшіргіш (глушитель) арқылы сыртқа шығарылып тасталады.
Ауа мен жанар майды араластыру процесін “карбюрациялық” процесс деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды.
Карбюраторлы двигательдердегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал осы карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципилдық схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жұмысы көрсетілген.
Ал двигательдерге орнатылған карбюраторлардың құрылысы өте күрделі болады. Себебі ол жанар май мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша двигательдің жұмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның негізгі белгісі ауа мен жанар майдың өзара қатынасы болып табылады.
Карбюраторлы автомобиль моторлары негізінен бензинмен немесе газбен жұмыс істейді. Мотордың сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету үшін бензиннің жақсы буланғыштық және жеткілікті детонациялың беріктілік қасиеттері болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |