Бөлім 1 Автомобильдердің қозғалтқыштары


Газ тәріздес отын пайдаланылатын автомобильдің артықшылықтары



бет27/34
Дата07.09.2024
өлшемі2.25 Mb.
#503448
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Жұмыс дәптері Автомобильдермен қозғалтқыштар теориясы пәнінен Автомобиль теориясы

6.9 Газ тәріздес отын пайдаланылатын автомобильдің артықшылықтары

Жанармай карбюраторлық қозғалтқышта сұйытылған газды пайдаланған кезде баллонда 1,6 МПа аспайтын қысыммен сұйық және газ тәрізді күйдегі (сұйық фазада) отын болады (сурет 8, а). Баллонда жалпы газды магистральдің екі қуат вентилі болады: газды қуыстан және сұйық.





Сурет 8. Газды қозғалтқыш жұмысының принципті схемалары: а — сұйытылған газбен; б — табиғи газбен; 1 — дроссельді жапқыш; 2 — араластырғыш; 3 — ауа жапқышы; 4 — газ мөлшерлеуіші; 5 — екінші саты мембранасы; 6 — екінші саты клапаны; 7 — екінші саты клапанының тетігі; 8 — екінші саты қуысы; 9 — бірінші саты мембранасының тетігі; 10 — екінші саты тетігінің реттеуші бұрандасы; 11 — электромагнитті кіру клапаны; 12 — магистральды электромагнитті клапан; 13 — жанармай құу құрылғысы; 14 — жанармай құю вентилі; 15 — сақтандырғыш клапан клапан; 16 — кері клапан; 17 — бөлік клапаны; 18 — қалтқы; 19 — баллон; 20 — магистральды вентиль; 21 — сұйықтықты салқындату каналдары; 22 — бірінші саты клапаны бар мембрана; 23 — бірінші саты қуысы; 24 — бос жүрісті реттеуші бұранда; 25 — серіппе; 26 — екінші саты клапанының реттеуші бұрандасы; 27 — жоғары қысымды редуктор; 28 — жоғары қысымды редуктор клапаны; 29 — манометр; 30 — шығыс вентильдері; 31 — баллондар

Салқындату жүйесіндегі температура 60 °С төмен болғанда қозғалтқышты іске қосқан кезде баллоннан газды шығындау вентилі (сұйық фаза вентилі жабық) арқылы газды фаза іріктеп алынады. Қозғалтқыш қызған соң вентильдерді айырып-қосады және сұйытылған газ 1,6 Мпа қысыммен электромагнитті клапан (магистральды вентиль) арқылы редуктор-буландырғышқа келіп түседі. Редуктор-буландырғышта газ қызады да, қозғалтқышты салқындату жүйесі сұйықтығының жылылығы есебінен буланады. Одан әрі газ сүзгі арқылы мөлшерлеуіш экономайзерлік құрылғысы бар екі сатылы редукторға өтеді. Бірқатар схемаларда редуктор-буландырғыш екі сатылы редуктормен қиыстырылған. Бірінші сатыда газ қысымы 0,2 Мпа дейін төмендейді, ал екіншісінде — атмосфералық қысымға жақындайды. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта жіберу құбырындағы сиретілу әсерінен газ редуктордың екінші саты қуысынан мөлшерлеуіш құрылғыға және үшайыр-мөлшерлеуіш арқылы — карбюраторға келіп түседі.


Газ ауамен араласқаннан кейін қоспа қозғалтқышқа келіп тҥседі. Сұйытылған газбен жұмыс істеген кезде газды-ауа қоспасының концентрациясы (газ/ауа) арақатысы 1:16,1 болуы тиіс.
Жүйе сұйытылған газбен де, жанармаймен де жұмыс істейді, сондықтан жүйеде екі электромагнитті клапан қарастырылған, олар жанармаймен жұмыс істеген кезде газдың берілуін тоқтатады, ал газбен жұмыс істеген кезде жанармайдың берілуін тоқтатады. Қозғалтқышты тоқтатпай отынның бір түрінен екіншісіне көшу үшін арнайы айырып-қосқыш қолданылады. Қозғалтқышты газбен қуаттау жүйесін қолдану үшін карбюраторлық қозғалтқыштарда не карбюратор-араластырғыштар қолданылады, не штаттық карбюратор конструкциясын жетілдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет