Бөлім 1 Автомобильдердің қозғалтқыштары



бет25/34
Дата07.09.2024
өлшемі2.25 Mb.
#503448
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Жұмыс дәптері Автомобильдермен қозғалтқыштар теориясы пәнінен Автомобиль теориясы

6.7 Тікелей бүркуі

Тікелей бүркуі бар жанғыш қоспа дайындау жүйелерінде карбюраторы болмайды. Жанармайды бүрку жанармай ауамен араласып жылы ауа қоспасын түзетін енгізу клапанының үстіндегі кеңістіктегі арнайы форсункалармен (инжекторлармен) жүзеге асырылады. Енгізу клапаны ашылған кезде жылы ауа қоспасы қозғалтқыш цилиндріне сорылады. Бҥрку жүйесін және қозғалтқыштың жұмысын басқару микроЭЕМнен жүргізіледі. Карбюраторлық жүйесі барлармен салыстырғанда, бүрку жүйесі бар қозғалтқыштар аса күрделі, пайдалану кезінде жоғары білікті қызмет көрсетуді қажет етеді, алайда бірқатар артықшылықтары да бар. Жанармайды бүрку жүйелері қоспа құра біркелкі таратуға мүмкіндік береді, бұл қозғалтқыштың үнемділігін арттырады. Карбюратордың болмауы жанармай қоспасын бүрку кедергісін азайтады, соның нәтижесінде цилиндрлердің толтырылуы жақсарады және сәйкесінше қозғалтқыштың қуаты арта түседі. Қоспа құрамындағы ауа мен жанармайдың аса дәл пропорциясы және осы құрамды қозғалтқыштың жұмыс режиміне қарай түзету қамтамасыз етіледі. Жарамсыз газдардың құрамында зиянды қоспаларды азайтуға қол жеткізіледі.


Жанармай бүрку жүйелерінде электронды басқару міндетті қолданылатынынын ескере отырып, бұл жүйелер электронды жанармай жүйелері деген атауға ие болған. Электронды жанармай жүйелерінің негізгі мақсаты — қозғалтқыш қуатын басқару және қозғалтқыштың аса оңтайлы жұмыс процесін және жұмыс режимін құру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Электронды жанармай жүйелерін цилиндрлердің енгізу каналдарына берілетін жанармай қысымы деңгейі бойынша төмен қысымды (0,2... 1,0 МПа) — сұйық отын мен газдарды беруге арналған, орташа (5.20 МПа) және жоғары (50 Мпа жоғары) қысымды деп бөледі. Орташа және жоғары қысымды жанармай жүйелерінің өз құрамында төмен, сондай-ақ жоғары қысымды магистральдар болады. Орташа және жоғары қысымды жанармай жүйелерінің ерекше белгісі — төмен деңгейдегі шайқау сорғыларынан бөлек, жоғары қысымды жанармай сорғысының болуы міндетті. Ірі жүк таситын ауыр автокөлік қҧралдарында қозғалтқыш цилиндрлеріне бүркілетін жанармайдың жоғары қысымын түзетін оларға қоса салынған поршеньді құрылғылары бар электромеханикалық және электропневматикалық сорғы-форсункалар қолданылады.
Электромагнитті форсункалары бар жанармай қозғалтқыштарына арналған «Бош» (Bosch) фирмасының төмен қысымды жанармай жүйелері отандық және шетелдік жеңіл автомобильдерде өте кең қолданысқа ие. Мұндай жүйелерде ауаның жанармай магистраліне түсуін болдырмау үшін гидравликалық аккумулятордың немесе оған жанармай бүрку форсункалары орнатылған рампаның болуы міндетті. Жанармай қозғалтқыштың жайкүйіне қарамастан (жұмыс істеп тұр немесе істемей тұр) үнемі шамалы қысымда болуы тиіс.
Жанармайды бүркуі бөліп таратылған қозғалтқыштарда бүркудің екі түрі қолданылады: барлық форсункалардың жанармайды бір мезгілде бүркуі және фазаланған бүрку, бұл жағдайда әрбір форсунка жанармайды қозғалтқыштың белгілі бір жұмыс істеу циклінің фазасына береді. Бір мезгілде бұрку аса қарапайым болып табылады.

Сурет 7. «Бош» фирмасының «Матроник» (Matronic) MED 7 орташа қысымды тікелей бүркетін электронды жанармай жүйесінің схемасы:


1 — жанармай сорғысы; 2 — қысым датчигі; 3 — рампа (аккумулятор); 4 — сақтандырғыш клапан; 5 — оталдыру орамы; 6 — поршень; 7 — оталдыру білтесі; 8 — форсункалар; 9 — төмен қысымды жанармай шайқау сорғысы; 10 — жанармай багы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет