- еркiн ұшуда болатын, ауадан жеңiл ұшқышсыз әуе кемесi;
101) ұшу жоспары - әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына ұсынылатын әуе кемесiнiң көзделiп отырған ұшуы немесе ұшудың бөлiгi туралы белгiлi бiр мәлiметтердi қамтитын белгiленген нысандағы құжат;
102) ұшу-қону жолағы (бұдан әрi – ҰҚЖ) - әуе кемесiнiң қонуы және ұшуы үшiн дайындалған құрлықтағы әуеайлақтың ұшу жолағының белгiленген тiк бұрышты учаскесi;
103) ұшып көтерiлу қашықтығы - ұшақтың жерден көтерiлу және қауiпсiз жылдамдыққа жету (V2) нүктесiндегi ҰҚЖ шегiне қатысты старт нүктесiнен 10 м биiктiк нүктесiне дейiн өтетiн көлденеңiнен алғандағы ұзақтығы;
104) ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы (ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы Runway Visibility Range (бұдан әрi – RVR)) - ҰҚЖ осьтiк жол сызығында тұрған әуе кемесiнiң кабинасынан ұшқыш ҰҚЖ бетiнде таңбаланған белгiлердi немесе ҰҚЖ шектейтiн не осьтiк жол сызығын белгiлейтiн оттарды көруi мүмкiн шектегi арақашықтық
105) ұшу биiктiгi - тiгiнен алғандағы белгiлi бiр деңгейден әуе кемесiне дейiнгi қашықтық
106) ұшуға тапсырма – экипаж, әуе кемесi туралы қажеттi мәлiметтi қамтитын және ұшудың (ұшулардың) бағыты мен мақсатын айқындайтын белгiленген нысандағы құжат;
107) ұшу уақыты, ұшудағы уақыт:
1) ұшақтар үшiн - ИКАО-ның 6-қосымшасына сәйкес ұшақтың ұшып көтерiлу мақсатында қозғалу сәтiнен бастап оның ұшу аяқталғаннан кейiн тоқтаған сәтiне дейiнгi жалпы уақыт;
2) тiкұшақтар үшiн - ИКАО-ның 6-қосымшасына сәйкес көтерме бұрамалардың қалақтары айналған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейiн тiкұшақтың толық тоқтаған және көтерме бұрамалардың айналуы тоқтаған сәтке дейiнгi жалпы уақыт;
108) ұшу-ақпараттық ӘҚҚ - ұшуларды қауiпсiз және тиiмдi орындау үшiн пайдалы консультацияларды және ақпаратты беру мақсатында қамтамасыз етiлетiн қызмет көрсету; ӘҚҚ-ның барлық түрлерiнде берiледi;
109) ұшу-қону жолағының шегi (бұдан әрi - ҰҚЖ шегi) - әуе кемелерiнiң қонуы үшiн пайдаланылуы мүмкiн ҰҚЖ учаскесiнiң басталуы;
110) ұшақ - ұшу кезiнде көтеру қуаты негiзiнен ұшудың осы жағдайында қозғалыссыз қалатын жер бетi бойынша аэродинамикалық реакция есебiнен құрылатын, қуат қондырғысымен қозғалысқа түсетiн ауадан ауыр әуе кемесi;
111) ұшу экипажының мүшесi - авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлiгi бар авиациялық персоналға жататын тұлға, оған ұшу уақыты iшiнде әуе кемесiн басқарумен байланысты мiндет жүктеледi;
112) ұшу эшелоны - қысымның 760 мм.сын.бағ. (1013,25 мбар/гПа) белгiленген шамасына жатқызылған және қысымның белгiленген аралығы шамасындағы басқа да мұндай беттерден кейiндеп қалатын тұрақты атмосфералық қысым бетi;
113) үзiлген ұшып көтерiлудiң қолда бар ара қашықтығы (бұдан әрi – ҮҰҚА) – екпiн алудың қолда бар ара қашықтығының және тежеудiң соңғы жолағы (қауiпсiз) ұзындығының жиынтығы, көзделген болса;
114) хабарламасы NOTAM (ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы Notice to airmen (бұдан әрi – NOTAM) – электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықты iске қосу немесе өзгерту, қызмет көрсету және ұшу ережелер туралы ақпаратты немесе қауiп-қатер, шулардың қауiпсiздiгi үшiн маңызы аса зор уақтылы алдын алу туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
115) халықаралық әуе трассасы – халықаралық ұшуларға ашылған әуе трассасы;
116) шешiм қабылдау биiктiгi (бұдан әрi – ШҚБ) – ҰҚШ шегiнiң деңгейiне қатысты белгiленген, онда:
егер осы биiктiкке жеткенге дейiн әуе кемесiнiң командирi немесе пилот қонуға бет алуды жалғыстыру үшiн бағдарлармен қажеттi бейне байланысты орнатпаған;
әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайы немесе оның қозғалыс параметрлерi қауiпсiз қонуды қамтамасыз етпеген жағдайларда екiншi айламға кету маневрiн бастау қажет биiктiк;
117) шеңбер бойынша ұшулар - аспаптар бойынша қонуға бет алулар аяқталғаннан кейiн орындалатын ұшудың көзбен көру кезеңi, онда тiкелей қонуға бет алу үшiн жарамсыз орналасқан ҰҚЖ қатысты ӘК қону жағдайы шығарылады;
118) шеңбер жасап қону – көзбен шолып маневрлеу аймағы шегiнде қонар алдында әуеайлақ үстiмен көзбен шолып шеңбер жасап ұшуды көздейтiн аспаптар бойынша қонуға кiру тәртiптемесiнiң жалғасы;
119) «Iстен шыққан кезде белсендi» ӘК басқару жүйесi (Fail-Operational flight control system – ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы) – бұл жүйе «iстен шыққан кезде белсендi» болады, егер ол шешiм қабылдау биiктiгiнен төмен биiктiкте iстен шықса, қонуға кiру, теңестiру және қону автоматты режимде орындалуы мүмкiн;
120) эшелондау - әуе кемелерiн әуе қозғалысын қамтамасыз ететiн белгiленген аралықтардағы әуе кеңiстiгiнде тiк, көлденең немесе бүйiр таратуды бiлдiретiн жалпы термин:
бүйiрлiк эшелондау - әуе кемелерiн бiр биiктiкте қашықтық немесе олардың жол жолақтарының арасындағы бұрыштық ауытқу бойынша тарату;
тiк эшелондау - әуе кемелерiн биiктiгi бойынша белгiленген аралықтарға тарату;
көлденең эшелондау - әуе кемелерiн бiр биiктiкте уақыт және жол жолағының бойынан қашықтық бойынша белгiленген аралықтарға тарату;
121) қауiптi қозғалтқыш (қозғалтқыштар) – iстен шығуы әуе кемесiнiң қаралып отырған жағдайға жататын сипаттамасына аса жағымсыз әсер ететiн қозғалтқыш (қозғалтқыштар).»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Пайдаланушы қару-жарақты тасымалдау кезiнде:
1) қару-жарақтың оқтаусыз болуын арнайы жабылатын және бекiтiлетiн метал жәшiкте жүк қоятын бөлiкте жолаушылар салонынан алыс болуын;
2) жүк қоятын бөлiгi жоқ әуе кемесiнде – қарудың орамада, штаттық қаптарда немесе ұшу уақытында жолаушылар үшiн қол жетпейтiн орындағы контейнерлерде орналасуын қамтамасыз етедi.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Қаруға арналған оқ-дәрiлер және қару-жарақтар «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауiпсiздiгi өнiндегi нұсқаулықты (бағдарламаны) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973 ҚБП қаулысының талаптарына сәйкес тасымалданады.
Жолаушылар әуе көлiгiнде газдан жасалған оқ-дәрiлерiн тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.»;
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Әуе кемесiнiң экипажына қойылатын негiзгi талаптар Ұшудың негiзгi қағидаларында көрсетiлген.»;
69-тармақтағы:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әуе кемесiнiң ұшып көтерiлуi, ұшуы және қонуы туралы, сондай-ақ ұшуды тоқтату және әуеайлаққа оралу туралы немесе әуе кемесiнiң ұшуына анық қатер төнген жағдайда адамдардың өмiрiн құтқару, қоршаған ортаға тигiзiлетiн залалдың алдын алу мақсатында мәжбүрлi түрде қону туралы түпкiлiктi шешiмдер қабылдайды;»;
87-тармақтағы:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұшу уақытында ұшу ақпаратын тiркегiштiң және борттық магнитофонның жұмыс қабiлетiн бұзуға, оны сөндiруге немесе ондағы жазбаны өшiруге, сондай-ақ мiндеттi тексерiлуге жататын авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға жағдайында ұшудан кейiнгi жазылған ақпаратты қасақана өшiруге рұқсат бермейдi.»;
3) тармақша алып тасталсын;
121-тармақтағы:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) егер бортта әуе кемесiнiң иесi болмаса, онда ӘК командирiнiң әуе кемесiнiң атынан еркiн нысанда жазылған оған әуе кемесiн басқаруға уәкiлеттiк беретiн сенiмхат немесе пайдаланушының сертификатына (куәлiгiне) енгiзiлген әуе кемесiмен ұшуды орындау кезiнде - пайдаланушы ресiмдеген ұшуға арналған тапсырма болады.»;
128-тармақтағы бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«128. Осы Қағиданың 127-тармағында көрсетiлген ақпарат мыналарды қамтиды:»;
133-тармақтағы:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер, ол тiптен әуе кемесiнiң пайдаланушысы ретiнде өз қызметiн тоқтатса да талап етiлетiн уақыт кезеңi iшiнде кез келген құжаттаманың немесе олардың көшiрмелерiнiң сақталуын;»;
154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«154. Тiкұшақтар ұшу-техникалық сипаттамасы бойынша мыналарға бөлiнедi:
1) 1-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тiкұшақтар, қауiптi қозғалтқыш жұмыс iстемей қалған жағдайда оларға ұшып көтерiлу аймағында қонуды орындауға немесе ақаулық қашан болғанына қарай жерге қонудың тиiстi аймағына дейiн ұшуды қауiпсiз жалғастыруға мүмкiндiк бередi;
2) 2-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тiкұшақтар, ақаулық ұшып көтерiлуден соң сипатты нүктеге жеткенге дейiн немесе мәжбүрлi қонуды орындау талап етiлетiн қонуға дейiн сипатты нүктеден соң орын алған жағдайларды қоспағанда, қауiптi қозғалтқыш жұмыс iстемей қалған жағдайда оларға ұшуды қауiпсiз жалғастыруға мүмкiндiк бередi;
3) 3-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тiкұшақтар, ұшу траекториясының кез келген нүктесiнде қозғалтқыш жұмыс iстемей қалған жағдайда оларға мәжбүрлi қонуды орындауға мүмкiндiк бередi.»;
178-тармақтағы:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұшу экипажына ұшақтың биiктiк алу кезiнде де төмендеуi кезiнде де ұшудың алдын ала берiлген биiктiгiне жеткендiгi туралы ескертудi;»;
182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«182. Коммерциялық әуе тасымалдары мен (немесе) авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыларға арналған ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 5700 килограммнан астам немесе СЕБЖ II (ТCAS II) мен жабдықталған бортында 19-дан астам жолаушыны тасымалдауға рұқсат етiлген турбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар.
Жалпы сипаттағы авиацияны пайдаланушыларға арналған ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 15 000 килограммнан астам немесе бортында 30-дан астам жолаушыны тасымалдауға рұқсат етiлген және 2007 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш берiлген ұшу жарамдылығының жеке сертификаты бар турбиналық қозғалтқыштағы ұшақтар соқтығысуды ескертетiн борттық жүйемен жабдықталады (БСПС II).»;
187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«187. Жердiң нақты немесе болжамды мұздану жағдайында жоспарланған ұшуды орындау, мұздалған жердiң табылғанын және мұздалған жердi жою (алдын алу) бойынша оған жұмыстар жүргiзiлген жағдайда ұшақ тексеру жүргiзгеннен кейiн ғана басталады.
Ұшып көтерiлудi орындау кезiнде ұшақтың ұшуға жарамды болуы үшiн көбейген мұздар мен басқа жинақталып қалған қоқыстар табиғи жолмен жойылады.»;
191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«191. Пайдаланушы, егер тек олар жолаушыларға хабарлаудың дауыс зорайтқыш жүйесiмен жабдықталмаған жағдайда 19-дан астам жолаушы орнының ең көп бекiтiлген саны бар ұшақпен жолаушылар тасымалдауды орындамайды.»;
198-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«198. Ұшу экипажы кабинасының есiгi бар барлық ұшақтарда оны тиекпен бекiту мүмкiндiгi қамтамасыз етiледi және жолаушылар кабинасында жолаушылардың ұшу қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн қауiпсiздiктiң бұзылуы пайда болған жағдайда ұшу экипажының кабинасы мен борт жолсерiктерi арасында арнайы сигнал беретiн және хабарлай алатын құралдар қарастырылады.»;
54-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«54-параграф. Ұшақтардың екi қозғалтқышпен ұлғайтылған қашықтыққа ұшуы (ЕТОРS - ағылшын тiлiндегi қысқартылған аббревиатура)»;
55-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«55-параграф. ЕТОРS бойынша ұшуға рұқсаттамасыз екi қозғалтқышты ұшақтарды қондыру үшiн жарамды әуеайлаққа дейiнгi ең көп қашықтық»;
247-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«247. Уәкiлеттi органның арнайы рұқсаты (ЕТОРS рұқсаты) жоқ болған кезде пайдаланушы қону үшiн жарамды әуеайлақтарынан қашық қандай да бiр нүктесi бар бағыт бойынша екi қозғалтқышты ұшақтармен мынадан астам қашықтыққа ұшуды орындамайды:»;
248-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«248. Пайдаланушы пайдаланылатын екi қозғалтқышты ұшақтардың әрбiр үлгiсi үшiн қолайлы әуеайлаққа дейiн барынша қашықтау есебiне арналған жылдамдықты айқындайды.»;
286-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«180 градусқа бұрылғаннан кейiн көзбен шолып ұшуға көшу мүмкiндiгi болмаса, ӘК командирi төменгi қауiпсiз эшелонға дейiн биiктiктi алуға ауыстырады және бақыланатын әуе кеңiстiгiндегi өзiнiң алдағы әрекетiн ӘҚҚ органымен келiседi.»;
306-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«306. Метеорологиялық жағдай КҰЕ бойынша ең төмен жағдайдан төмен шамаға дейiн нашарлап кеткен жағдайда әуе кемесiнiң командирi ұшып шыққан әуеайлағына қайтуға немесе жақын жердегi әуеайлаққа қонуға мiндеттi. Әуе кемесi көзбен шолып ұшуға болмайтындай жағдайға тап болса, ӘК командирi осы Қағиданың 286-тармағын басшылыққа алады немесе ӘҚҚ органмен ұшу бағытын және ұшу эшелонын келiсiп, АҰЕ бойынша ұшуға көшедi.»;
330-тармақтағы:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әуеайлақ ауданында ұшудың әуеайлақтық шеңберi шегiнде, ауысу биiктiгiнде және одан төменде - КҰЕ табалдырығы деңгейiндегi атмосфералық қысымның шамасы бойынша немесе орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген - КҰЕ табалдырығы деңгейiндегi атмосфералық қысымның шамасы бойынша;»;
332-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«332. Ұшып шыққаннан кейiн әуе кемесiнiң экипажы барометрлiк биiктiк өлшегiштiң қысым шкаласын:
1) өту биiктiгiнен қиып өткен кезде - стандартты атмосфералық қысымға ауыстыруды;
2) төменгi эшелоннан төмен биiктiкте ұшуды орындаған кезде орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген ұшу бағыты бойынша атмосфералық төменгi қысым жағдайында - белгiленген аралықта немесе ӘҚҰ органының нұсқауы бойынша жүргiзедi.»;
337-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«337. Әуеайлақта қону кезiнде барометрлiк биiктiк өлшегiштiң қысым шкаласын ауыстыру:
1) өту эшелонын қиған кезде стандартты атмосфералық қысымнан 760 мм (1013,2 мбар) (орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген - КҰЕ табалдырығы деңгейiндегi) КҰЕ жұмыс табалдырығы деңгейiндегi атмосфералық қысымның шамасы бойынша;
2) КҰЕ жұмыс табалдырығы деңгейiндегi қысымға орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген бағыт бойынша төменгi атмосфералық қысымнан төменгi эшелоннан төмен биiктiкте әуеайлаққа жақындаған кезде - белгiленген межеде немесе ӘҚҰ органының нұсқауы бойынша жүргiзедi.»;
367-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«367. Берiлген эшелонда ұшу қауiпсiздiгiне қатер төнсе (қауiптi метеорологиялық құбылыстарға кез болу, авиация техникасындағы ақау) әуе кемесiнiң командирiне эшелонды (биiктiгiн) дербес өзгертуге құқық берiледi және ол осы жайында әуе қозғалысын тiкелей басқаруды жүзеге асырушы ӘҚҚ органына жедел баяндайды.
Мұндай жағдайда командир ұшу эшелонын (биiктiгiн) өзгертпей, әдетте әуе кемесiн бағыт осiнен 30о оңға бұруға және 20 км ұшып өткеннен кейiн, кеменi бiр мезгiлде қалаған эшелонына дейiн биiктiкке өзгерте отырып бастапқы бағытқа шығаруға мiндеттi. Маневрдiң орындалғаны туралы әуе кемесiнiң командирi ӘҚҚ органға хабарлайды.
373-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«373. Әуеайлақ (аэроторап) ауданында ұшулар) Ұшуды орындаудың негiзгi қағидаларының талабына сәйкес әуеайлақты пайдаланушылар дайындаған осы әуеайлақ (аэроторап) ауданында ұшуды орындау жөнiндегi нұсқаулыққа, (әуеайлақтың аэронавигациялық паспортына) сәйкес орындалады.»;
384-тармақтағы:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) экипаждың айналып келiп КҚБ басталғанға дейiн радиолокациялық бақылау болған кезде төмендеу және аспаптар бойынша қонуға бет алу схемаларын сақтауына;»;
389-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер күту аймағына кiру және одан шығу тәртiбi аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланбаса, онда осы Қағиданың 8-қосымшасында келтiрiлген күту аймағына кiру және одан шығу тәртiбiнiң талабын басшылыққа алу керек.»;
395-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«395. Жақындау жолының сызығына бұрылу басталған сәт көрсетiлмеген жағдайда, онда экипаж штильдi жағдайға тең, күтудiң бақылау нүктесiнiң траверзiнен қашықтау жолының сызығы бойынша ұшу уақытын басшылыққа алады:
1) егер күту эшелоны (биiктiгi) 140 (4250 м.)-ден аспаса 1 минут;
2) егер күту эшелоны (биiктiгi) 140 (4250 м.)-ден асса 1,5 минут.»;
403-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«403. Әуе кемесi әуеайлақтан, оған жақын орналасқан әуеайлақтан ұшып көтерiлген кезде (ЖӘЖ, белгiленген бағыт) әуе трассасына кiруге ӘКК рұқсатты және нақтыланған жағдайды ұшып көтерiлгеннен кейiн бiрден сұрайды.»;
405-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«405. Әуе трассасына (ЖӘЖ, белгiленген бағыт) кiру және оның шегiнен шығуды әуе кемесi эшелонда (биiктiкте) ӘҚҚ органымен алдын ала келiсiлген көлденең ұшу режимiнде жүргiзедi.»;
406-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«406. Әуе трассасына (ЖӘЖ, белгiленген бағыт) кiру эшелонына (биiктiгiне) шығу оның шекарасына дейiн кемiнде 10 км iшiнде жүргiзiледi.»;
431-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«431. АНҚ мөлшерi қонуға бет алу және қону, стандартты температуралық жағдайларда қосалқы әуеайлақтың үстiнен 450 метр биiктiкте күту аймағында ұшу жылдамдығымен 30 минут iшiнде баратын әуеайлақтың шешiм қабылдау биiктiгiнен немесе есеп бойынша қосалқы әуеайлаққа дейiн жету шебiнен ұшуды және айналып ұшу биiктiгiнде ұшуды қамтамасыз етедi.»;
448-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«448. Қосалқы әуеайлақ ұшып көтерiлу кезiнде таңдап алынады және егер ұшып шығу әуеайлағындағы метеорологиялық жағдайлар қонуға арналған әуеайлақтың белгiленген пайдалану минимумдарынан төмен болған немесе басқа себептер бойынша ұшып шығу әуеайлағына оралу мүмкiн болмаған жағдайларда ұшудың жұмыс жоспарында көрсетiледi.»;
449-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«449. ӘК арналған қосалқы әуеайлақ ұшып көтерiлу кезiнде стандарттық атмосфера жағдайларын есептеу кезiнде ұшып шығу әуеайлағынан мынадай арақашықтық шеңберiнде таңдап алынады, желсiзде:»;
455-тармақтағы:
1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) II, III (А, В немесе С) санаты бойынша бұлттардың төменгi шекарасы (тiгiнен көрiну) 60 м төмен емес, көрiну (ҰҚЖ-дағы көрiну) I санаттағы әуеайлақтың пайдалану минимумынан төмен болмауға тиiс;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) I санат бойынша бұлттардың төменгi шекарасы (тiгiнен көрiну) МDА/Н төмен емес, 90 м төмен емес, көрiну (ҰҚЖ-дағы көрiну) 1000 м. төмен емес;»;
3) тармақша алынып тасталсын;
459-тармақтағы:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) белгiленген және қосалқы әуеайлақтағы ұшып келу уақытына ауа райы болжамы осы Қағиданың 455-тармағының талаптарына сәйкес келедi;»;
492-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«492. ҰҚЖ үш бөлiктерiндегi көрiну туралы ақпарат болған кезде хабарланған әуеайлақ ауданындағы ақпаратты автоматты тарату қызметi немесе ӘҚҚ органы бойынша (бұдан әрi - ATIS) ӘКК ҰҚЖ-дағы көрiнудiң ұзақтығын ұшып көтерiлудiң қауiпсiздiгi мақсатында (екпiн алған кезде, ортаңғы нүктеде және ҰҚЖ аяғында) бағалайды.
Аймақ бойынша (RVR) ҰҚЖ-дағы көрiнудiң алынған ұзақтығы ұшуға арналған аз жағдайы бойынша ескерiледi.
Егер ұшып көтерiлу тоқтатылған арақашықтық есебi ҰҚЖ 2/3 ұзақтықтан аспаса, екпiн алған кезде және ҰҚЖ ортаңғысында ҰҚЖ (RVR)-дағы көрiнудiң ұзақтығын - «А», «В» және «С» санаттарындағы ӘК үшiн ескеру рұқсат етiледi.
«D» санатындағы ӘК үшiн (RVR) ҰҚЖ-дағы көрiнудiң ұзақтығы ұшуға арналған аз жағдайы бойынша ескерiледi.
ӘКК шамасы кем дегенде 600 м дейiн метеорологиялық көрiнiс нашарлайтын нөсерлi жауын түрiндегi жауын-шашынның бар екендiгi туралы ӘҚҚ органынан немесе АТIS хабарланған ақпарат алса, егер ӘК желдiң жақындағандығы туралы алдын ала ескерту жүйесiмен жабдықталмаса ұшып көтерiлудi орындамайды.»;
539-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«539. Бақыланбайтын әуеайлаққа немесе әуеайлақ (әуе және (немесе) жерүстi) қозғалысына қызмет көрсету уақытша жүргiзiлмейтiн қону алаңы мен бақыланатын әуеайлаққа ұшу кезiнде қонуға кiрер алдында ӘК командирi:
1) бақыланатын әуе кеңiстiгiнде ұшуды орындау кезiнде қонудың мөлшерленген уақыты мен орнын ӘҚҰ органына хабарлайды;
2) ӘКК қонуға кiру алдында:
әуеден ҰҚЖ тексерiп қарауды және оның жағдайы мен жарамдылығын бағалауды орындайды;
ол тұрған жауапкершiлiк ауданында ӘҚҚ органының байланыс жиiлiгiнде қону орны және магниттiк бағдары туралы мәлiметтердi жеткiзедi. ӘКҚ органымен байланыс болған кезде жерге қонғаннан кейiн оған қону туралы хабарлайды.»;
541-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«541. Егер глиссадаға кiру биiктiгiнен ұшып өткеннен кейiн белгiленген пайдалану минимумынан төмен метеорологиялық көрiну немесе ҰҚЖ-дағы көрiну мәнi алынса, экипажға DА/Н немесе МDА/Н дейiн төмендеудi жалғастыруға және жақындау шырақтарымен немесе қону бағыты бойынша басқа да бағдарлармен, ал ИКАО III санаты бойынша қонуға кiру кезiнде ҰҚЖ осьтiк және қону шырақтарымен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылса және көрiну шарттары ҰҚЖ кiрме ұшын (ҰҚЖ кiрме шектегiш шырақтары) үздiксiз бақылауға мүмкiндiк берсе, қонуда жүргiзуге рұқсат етiледi. ӘКК көрсетiлген жағдайда ұшу қауiпсiздiгiне жауап бередi.»;
542-тармақ мынадай мағынадағы абзацпен толықтырылсын:
«ҰҚЖ-ның үш бөлiгiнде көрiну ұзақтығы туралы ақпарат болған кезде (ҰҚЖ жерге қону аймағы, ортаңғы нүктесi және соңғы) ӘҚҚ органының немесе АТIS хабарлары бойынша, ӘКК қонуды орындау үшiн ҰҚЖ-дағы көрiнудiң хабарланған мәндерi бойынша мыналарды ескередi:
1) қолмен жүргiзу тәртiбiнде:
ҰҚЖ жерге қону аймағы, ортаңғы нүктесiнде – пайдалану минимумынан төмен емес жерде;
ҰҚЖ-ның соңғы нүктесiнде – 75 м кем емес;
1) автоматты режимде:
жерге қону аймағында - пайдалану минимумынан төмен емес жерде;
ҰҚЖ ортаңғы нүктесiнде – 125 м кем емес;
ҰҚЖ-ның соңғы нүктесiнде – 75 м кем емес;
мынадай мазмұндағы 542-1-тармақпен толықтырылсын:
«542-1. 3В (САТ ШВ) санаты бойынша қонуға кiру кезiнде ҰҚЖ-дағы көрiнудiң ұзақтығы пайдалану минимумынан төмен болмауы тиiс.»;
543-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«543. ӘК командирi, егер:
1) 800 м төмен қатты нөсерлi жаңбыр түрiндегi метеорологиялық көрiну мүмкiндiгi ӘК желдiң қатты тұруы туралы алдын ала ескерту жүйесiмен жабдықталмаған;
2) қону қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн құстардың топтануы байқалады;
3) төмендеу глиссадасында төмендеу градиентiн ұстап тұру үшiн егер ҰПБ-да өзгеше көзделмесе барынша номиналды қозғалтқыштардың жұмыс режимiн ұлғайту талап етiлсе;
4) жақындау шырақтарымен немесе қону бағыты бойынша басқа да бағдарлармен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылғанға дейiн шешiм қабылдау биiктiгi және (немесе) жерге қауiптi жақындау дабылы iске қосылса;
5) коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыру кезiнде қонуға кiру егер ҰПБ-да өзгеше белгiленбесе, аспаптық метеорологиялық жағдайларда ұшу кезiнде әуеайлақ деңгейiнен 300 м биiктiкке жету кезiнде немесе көзбен шолу метеорологиялық жағдайларында ұшу кезiнде әуеайлақ деңгейiнен 150 м биiктiкке жету кезiнде ҰЖБ-да белгiленген талаптар бойынша тұрақтандырылмаса;
6) қонуға дәлме-дәл кiру кезiнде немесе қонуға тiгiнен дәлдеу арқылы кiру кезiнде DA/H жетуге дейiн жақындау шырақтарымен (ҰҚЖ шырақтары) немесе жерүстi бағдарларымен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылмаса;
7) аспаптық метеорологиялық жағдайларда қонуға дәлме-дәл емес схемасы бойынша кiру кезiнде үзiлiстi кiру нүктесiне жеткенге дейiн жақындау шырақтарымен (ҰҚЖ шырақтары) немесе жерүстi бағдарларымен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылмаса;
8) кеңiстiктегi әуе кемесiнiң жағдайы және ҰҚЖ-ға қатысты оның қозғалыс параметрлерi қонудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпесе;
9) DA/H немесе MDA/H төмен құлдилау кезiнде жақындау шырақтарымен (ҰҚЖ шырақтары) немесе жерүстi бағдарларымен көзбен шолу байланысы жоғалса;
10) әуе кеңiстiгiнде немесе ұшу жолағында ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн кедергiлер пайда болса;
11) қонуға есеппен кiру оны орындау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпесе;
12) ӘК ҰҚЖ-дағы ұшу-техникалық сипаттамасының нақты ауа-райын есепке ала отырып шектеу жағдайының сәйкес еместiгi туралы ақпарат алынса төмендеудi тоқтатады және үзiлiстi қонуға кiрудi (екiншi айналымға кету) орындайды.
546-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«546. Әуеайлақтағы ұшып шығулар, қонулар және ерекше метеорологиялық жағдайлардағы бағыттар бойынша ұшулар осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес орындалады.»;
617-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«617. Таулы жерлерде ұшуға дайындық кезiнде экипаж қосымша:
1) трассаның екi жағынан кемiнде 50 км бағыт белдеуiндегi жер бедерiн зерттеуге, командалық биiктiктердi шектеу пеленгiлерiн картаға түсiруге және қауiптi метеорологиялық құбылыстар ұшырасқан жағдайда айналма бағыттарды белгiлейдi;
2) ҰОЕ бойынша ұшу кезiнде 600 м (2000 м дейiнгi таулар) немесе 900 м (2000 м биiк таулар) кедергiлер үстiндегi нақты қауiпсiз биiктiктегi ұшулар немесе бiр қозғалтқыштың жұмыс iстемей қалуы кезiнде бағыт бойынша эшелон ұшуының мүмкiндiгiн сақтау анықталады.
Бiр қозғалтқыш жұмыс iстемей қалған жағдайда ӘК ұшу массасы ұшу эшелонының шыдамдылығына мүмкiндiк бермесе, бағыттан екi жаққа қарай 10 км шамасындағы кедергiлер үстiнен 600 м кем емес ұшудың қауiпсiз биiктiгiнен жергiлiктi кедергiлердiң төмен жағына қарай бағыттан ауытқу рәсiмi белгiленедi.
Ұшу картасында қажет болған кезде командалық биiктiк бойынша (үлкен биiктiктердегi ұшулар үшiн профиль биiктiктi алу және төмендеу учаскелерi үшiн сызылады) жергiлiктi профиль сызылады;
3) метеорологиялық жағдайларды және ауаның күштi ену және шығу ағындарының болуы, iрi түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттану мүмкiндiктерiн, сондай-ақ ұшу және қону аймағындағы орфографикалық шайқалуды талдауға;
4) шатқалдар мен таулы аңғарлар бағытын зерделеуге;
5) мәжбүрлi қону үшiн пайдаланылуы мүмкiн орындарды картада зерделеуге және белгiлеуге;
6) таулы жерлерде орналасқан әуеайлақтардың биiктiгiн, ондағы ұшу және қону ерекшелiгiн, таулы жерлердегi әуеайлақтарда ұшу-қону кезiнде барометрлiк биiктiктi өлшеуiштi пайдалану ережесiн бiлуге;
7) қажеттi оттегi қорының болуын тексеруге және оттегi жабдығының дұрыстығына сенуге мiндеттi.»;
624-тармақтағы:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жолаушыларға жеке және топтық құралдарды пайдалану мен авариялық жағдайда қону кезiнде оларды пайдалану қағидалары туралы нұсқау бередi.»;
631-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«631. Қону әуеайлағына таяп келген кезде ӘҚҚ органынан күрделi орнитологиялық жағдай туралы ақпарат алғаннан кейiн немесе құстарды көрiп байқаған кезде экипаж:
1) қырағылықты арттырады;
2) сыртқы шамдарды және кабина әйнектерiн жылытқышты қосады (егер олар бұрын қосылған болмаса);
3) қозғалтқыштардың (қозғалтқыштың) жұмыс параметрлерiне бақылауды күшейтедi;
4) қажет болған кезде екiншi шеңберге өтедi.»;
661-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдаланушы ӘК ұшу экипажының мүшелерiн, егер олар лауазымдық мiндеттемелерiн iске асыруға рұқсат алу үшiн көзделген тиiстi даярлық бағдарламасын толық көлемде өтпесе, өз функцияларын орындауға жiбермейдi.»;
667-тармақтағы:
1) тармақшаның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) белгiленген бағыт және қону үшiн белгiленген әуеайлақтар, оның iшiнде:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) халық көп тұратын аудандардың және әуе қозғалысының жоғары тығыздығы бар аудандардың үстiмен ұшу траекториясын жасау, кедергiлердiң орналасуы, жердiң топографиясы, жарық сигналды құралдар, қонуға бет алуды қамтамасыз ету құралдары, сондай-ақ келу, ұшып кету, күту аймағындағы ұшу және аспаптар бойынша қонуға сондай-ақ алу сызбасы және қолданылатын пайдалану минимумдар қағидалары.»;
672-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«672. Ұшып көтерiлу және қону уақытында, сондай-ақ ӘК командирiнiң нұсқауы бойынша кез келген басқа уақытта, әуе кемесiнiң кабиналық экипажының мүшесi креслода орын алса, ол байланған белбеумен немесе бар болса, байлау жүйесiмен тағылады.»;
688-тармақтағы:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұшып көтерiлу басталғандағы әуе кемесiнiң салмағы әуеайлақты асып өтуге сәйкес келетiн барометрлiк биiктiк үшiн, сондай-ақ, егер олар ең жоғары ұшып көтерiлу салмағын айқындау үшiн өлшемдер ретiнде пайдаланса басқа кез келген жергiлiктi атмосфералық жағдайда ҰПН-де көрсетiлген ең жоғары ұшып көтерiлу салмағынан аспайды;»;
699-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«699. Пайдаланушы ӘК командирi ӘК ұшып өтетiн ауданда iздестiру-құтқару қызметiне қатысты барлық қажеттi ақпараттармен қамтамасыз етедi.»;
713-тармақтағы:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) метеорологиялық параметрлердi анықтау үшiн пайдаланылатын өлшегiштер және аспаптар;»;
717-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«717. Отын мен май құю есебiнiң құжаттарын пайдаланушы үш ай iшiнде сақтайды және одан кейiн пайдаланушының мұрағатына сақтауға берiледi.»;
722-тармақтағы:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нәтижесiн тағайындалған ұшу барысында осы Қағидалардың 744-тармағында көзделген пайдалану шектеулерi сақталатындығын көрсеткен тексеру жүргiзiлгендiгiн;»;
728-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«728. Тiкұшақ ұшып көтерiлу кезiндегi қосымша тiкұшақ айлағы егер, тiкұшақ айлағындағы (әуеайлақтағы) ауа райы жағдайлары тiкұшақ айлағының (әуеайлақтың) пайдаланушы минимумынан төмен болмаса, таңдалады және ұшудың жұмыс жоспарында көрсетiледi немесе басқа себептерге байланысты ұшу әуеайлағына қайтуға мүмкiндiк туындайды.»;
743-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуе кемесi ұшу жарамдығы сертификатының ережелерiне (ұшуға жарамдығы туралы куәлiк) сәйкес және ӘК осы түрiндегi ҰПН-да қамтылған ұшу-техникалық сипаттамалардың пайдалану шектеулерiнде бекiтiлген шегiнде пайдаланылады.»;
124-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
«124. Ұшу-техникалық сипаттамаларды шектеудi есепке алу
743. Әуе кемесi ұшу жарамдығы сертификатының ережелерiне (ұшуға жарамдығы туралы куәлiк) сәйкес және ӘК осы түрiндегi ҰПН-да қамтылған ұшу-техникалық сипаттамалардың пайдалану шектеулерiнде бекiтiлген шегiнде пайдаланылады.
744. Әуе кемесi ҰПН-да қамтылған ұшу-техникалық сипаттамасы туралы ақпарат алдағы ұшулар кезiнде мынадай төмендегi:
1) ұшақтар үшiн – осы Қағидалардың 745, 747-752 тармақтарындағы;
2) тiкұшақтар үшiн – осы Қағидалардың 745, 756-762 тармақтарындағы талаптар орындалуы мүмкiн екендiгiн көрсеткен жағдайда ғана ұшуға рұқсат берiледi.
Көрсетiлген талаптарды орындау кезiнде ӘК ұшу-техникалық сипаттамасына (салмағы, әуеайлақты асуға тиiстi барометрлiк биiктiгi, температурасы; ҰҚЖ бейiмделуi және ҰҚЖ жай-күйi, судың және (немесе) мұздың болуы, гидроұшақтар үшiн су бетiнiң жай-күйi) әсер ететiн барлық факторларды ескеру қажет.
745. ӘК салмағы ұшып шығар алдында егер олар максималды ұшып шығу салмағын анықтауға арналған параметрлер ретiнде пайдаланылса, нақты метерологиялық жағдайдың есебiмен әуеайлақты асуға тиiстi барометрлiк биiктiктерге арналған ҰПН-да көрсетiлгендей максималды ұшып көтерiлу салмағынан аспайды.
746. Бiр қозғалтқышы бар ұшақтар қозғалтқыш iстен шыққан жағдайда мәжбүрлi қонуды орындауға мүмкiндiк беретiн бағыттарда және олардан сондай iстен шығуда ауа райы жағдайларында және жарықтықта ғана пайдаланылады.
747. Ұшып көтерiлу басындағы ұшақтың салмағы осы Қағидалардың 749-752 тармақтарында көрсетiлген ұшу және отынды құю барысында салмақтың болжамды азаюын ескере отырып, осы Қағидалардың 750 және 751-тармақтарында көзделген себептер бойынша, ал қосалқы әуеайлақтар үшiн – осы Қағидалардың 748 және 752-тармақтарында көрсетiлген салмақтан аспайды.
748. Тағайындалған қону әуеайлағына және тағайындалған пункттiң кез келген қосымша әуеайлағына қонудың есептiк уақытына әуе кемесiнiң есептiк салмағы сол әуеайлақтардың асуына сәйкес барометрлiк биiктiк үшiн, сондай-ақ кез келген басқа да жергiлiктi атмосфералық жағдайлар үшiн, егер олар қону кезiнде ең жоғары рұқсат етiлген салмақты анықтау үшiн өлшемдер ретiнде пайдаланса, ҰПН-де көрсетiлген ең жоғары ұшып көтерiлу салмағынан аспайды.
749. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы ұшып көтерiлудiң кез келген нүктесiнде сындарлы қозғалтқыш iстен шыққан жағдайда, ұшып көтерiлудi тоқтатуға және үзiлген ұшып көтерiлудiң орын алған қашықтығы шегiнде тоқтап алуға немесе ұшып көтерiлудi жалғастыруға және осы Қағидалардың 750-тармағында қамтылған талаптарды орындамағанша, жеткiлiктi қормен ұшу траекториясы бойынан барлық кедергiлерден ұшып өтуге мүмкiндiк бередi.
ҰҚЖ-ның орын алған ұзындығын айқындау кезiнде ұшып көтерiлу алдындағы осьтiк жолға ұшақты шығару қажеттiлiгiне байланысты оның азаю мүмкiндiгi ескерiледi.
750. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы бағыттың кез келген нүктесiнде немесе одан қосымша бағыттардан бас тартқан жағдайда жоспарланған сындарлы қозғалтқыштың iстен шыққан жағдайда, ұшуды осы Қағидалардың 752-тармағының талаптары орындалуы мүмкiн әуеайлаққа дейiн, ең төменгi рұқсат берiлген биiктiкке дейiн еш жерге төмендемей жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
751. Қосымша әуеайлақтарда орналасқан кез келген бағыттағы үш немесе одан көп қозғалтқыштары бар ұшақтардың ұшуы кезiнде және ұшудың жалпы ұзақтығы қауiпсiздiктiң жалпы деңгейiн сақтау үшiн екiншi қозғалтқыштың iстен шығуын ескеру қажет, ұшақ кез келген екi қозғалтқыш iстен шыққан жағдайда, бағыттағы қосымша әуеайлаққа дейiн ұшуды жалғастыруға және қонуға қабiлеттi.
752. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы биiктiк қорының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн ең төмендiгiмен қонуға бет алу траектория бойынан барлық кедергiлердi ұшып өткеннен кейiн және, егер гидроұшақ туралы сөз болса, тоқтау қажеттiлiгiн, орын алған қону қашықтығының шегiндегi жеткiлiктi төмен жылдамдыққа қол жеткiзудi ескере отырып, тағайындалған қону әуеайлағына немесе кез келген қосымша әуеайлаққа қонуға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте ӘК командирi, егер бұл ұшу-техникалық сипаттаманы белгiлеу кезiнде ескерiлмесе, қонуға бет алу және қонуды орындау кезiнде ұшу техникасында болжанған айырмашылықтарды ескередi.
753. 3 классты тiкұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы бар тiкұшақтағы ұшу траекториясының кез келген нүктесiнде қозғалтқыш iстен шыққан кезде осы Қағидалардың 743-тармағында көрсетiлген талаптар қолданылады.
754. Ұшуды қауiпсiз жалғастырған кезде қозғалтқыш iстен шыққан жағдайда қамтамасыз етiлмейдi, тiкұшақта тасымалдау қауiпсiз жерге мәжбүрлi қону жағдайын орындау есебiмен жүзеге асырылады.
755. 3 классты ұшу-техникалық сипаттамалары бар тiкұшақтарда АҰҚ бойынша жолаушылар тасымалын орындау осы Қағидалардың 756-тармағындағы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
756. 2 классты тiкұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы ҰПН-де анықталған ұшып көтерiлгеннен кейiнгi нүктеге қол жеткiзгеннен кейiн кез келген сәтте сындарлы қозғалтқыштың бас тартуы жағдайында, осы Қағидалардың 758-тармағында көрсетiлген талаптарды орындамағанша, ұшу траекториясының бойымен барлық кедергiлердiң тиiстi қорын ұшып өтудi қамтамасыз ете отырып, ұшып көтерiлудi жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
ҰПН-де анықталған ұшып көтерiлгеннен кейiнгi нүктеге қол жеткiзгенге дейiн сындарлы қозғалтқыш бас тартқан кезде осы Қағидалардың 754-тармағында көрсетiлген талаптар қолданылады.
757. 1 классты тiкұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы мыналарға:
1) ұшып қону кезiнде шешiм қабылдау нүктесiнде немесе сол нүктеге дейiн анықталатын сындарлы қозғалтқыштың iстен шығуы жағдайында, ұшып көтерiлудi тоқтатуға және үзiлген ұшып көтерiлудiң орын алған аймағында тоқтауға;
2) ұшып қону кезiнде шешiм қабылдау нүктесiнде немесе сол нүктеге дейiн анықталатын сындарлы қозғалтқыштың iстен шыққан жағдайында, тiкұшақ осы Қағидалардың 758-тармағында көрсетiлген талаптарды орындамағанша, ұшу траекториясының бойымен барлық кедергiлердiң тиiстi қорын ұшып өтудi қамтамасыз ете отырып, ұшып көтерiлудi жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
758. 1 немесе 2 классты тiкұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы бағыт бойынша ұшу траекториясының кез келген нүктесiнде қозғалтқыш iстен шыққан жағдайда, осы Қағидалардың 760-тармағында немесе 761-тармағында көрсетiлген шарттарды орындай алатын орынға дейiн, ұшудың кез келген нүктесiнде рұқсат берiлген биiктiктен төмен тiкұшақтың төмендеуiне жол бермей, ұшуды жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
759. 3 классты тiкұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы барлық жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыштар кезiнде өзi тағайындаған бағыт бойынша немесе ұшудың кез келген нүктесiнде ең төменгi абсолюттi тиiстi биiктiгiнен төмендеуге жол бермей, жоспарлы өзгерген бағыт бойынша ұшуды орындауға мүмкiндiк бередi.
760. 1 классты тiкұшағы қонуының ұшу-техникалық сипаттамасы туралы шешiм қабылданған нүктеге дейiн қонуға бет алу және қону кезеңiнiң кез келген нүктесiнде сындарлы қозғалтқыш iстен шыққан жағдайда, қонуға бет алу траекториясының бойында барлық кедергiлердi ұшып өткеннен кейiн тағайындалған тiкұшақ айлағына немесе кез келген қосымша тiкұшақ айлағына қонуды орындауға және орын алған қону қашықтығы шегiнде тоқтауға немесе екiншi шеңберге кетудi жүзеге асыруға және траектория бойында барлық кедергiлердi ұшып өтудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Қону туралы шешiм қабылдаған нүктеден кейiн сындарлы қозғалтқыштың iстен шыққан жағдайда, тiкұшақтың қонуының ұшу-техникалық сипаттамасы қонуды орындауға және орын алған қону қашықтығы шегiнде тоқтауға мүмкiндiк бередi.
761. Қонуға дейiн тән нүктеге дейiн сындарлы қозғалтқыш iстен шыққан жағдайда, 2 классты тiкұшағы қонуының ұшу-техникалық сипаттамасы қонуға бет алу траекториясының бойында барлық кедергiлердi ұшып өткеннен кейiн тағайындалған тiкұшақ айлағына немесе кез келген қосымша тiкұшақ айлағына қонуды орындауға және орын алған қону қашықтығы шегiнде тоқтауға немесе екiншi шеңберге кетудi жүзеге асыруға және ұшу траекториясы бойында барлық кедергiлердi ұшып өтудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Көрсетiлген нүктеден кейiн және қонуға дейiн қозғалтқыш iстен шыққан кезде осы Қағидалардың 753-тармағының талаптары қолданылады.
762. Егер, әуеайлақта ұшып көтерiлу, биiктiктi бастап таңдау, қонуға бет алу және қону рәсiмдерi айқындалмаған жағдайда, пайдаланушы ҰПН белгiлеген әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамасын ескере отырып, осындай рәсiмдердi әзiрлеу үшiн кедергiлер туралы деректердi пайдаланады.»;
773-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«773. Ұшып көтерiлу салмағы 5700 кг астам немесе бортында 19 астам жолаушыларды тасымалдауға рұқсат берiлген газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар соқтығысуларды ескертудiң борттық жүйесiмен (СЕБЖ) жабдықталады.»;
132-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
«132. Әуеден суретке түсiру
843. Әуеден суретке түсiру бойынша ұшуға мыналар жатады:
1) аэрофото түсiру;
2) iздестiру-суретке түсiру;
3) аэросурет түсiру;
4) аэро көзбен шолу.
Жұмыс басталар алдында, суретке түсiру ауданының (қауiптiлiгi аз биiктiкте) байқап зерттеп ұшуды жасайды.
844. Түсiру ұшуларын орындау кезiнде 50 м кем нақты биiктiкте:
1) бұрылулар кемiнде 50 м биiктiкте жасалады;
2) қисаю бұрышы 30 градустан астам емес;
3) шығару қондырғыларымен – қисаю бұрышы 20 градустан астам емес.
845. Егер паралельдi бағыттар арасындағы қашықтық кемiнде 20 км болса, бiр учаске үстiнен екi әуе кемесiне бiр уақытта ұшуға рұқсат берiледi. Бұл ретте ӘК командирi өзiнiң орналасқан орны туралы уақытылы ақпараттандыру үшiн бiр-бiрiмен радиобайланыста тұрады.
Әуе кемесiнiң тобына әуе суретке түсiрудi орындауға пайдаланушы белгiленген тәртiпте нұсқаулықты бекiтуге дайындалады.
846. Аэрофото түсiру ұшулары аэрофото түсiру аппаратурасымен жабдықталған әуе кемелерiмен фото түсiру мақсатында жасалады.
Аэрофото түсiру учаскесiнiң үстiнен ұшу 760 мм рт.ст. (1013,25 мбар/пГа) стандартты атмосфералық қысым бойынша берiлген шығуда жасалады.
Учаскеден учаскеге ұшулар және ұшу эшелонының (биiктiгiнiң) өзгеруi кезiнде фотоға түсiру ӘҚҚ органының рұқсатымен жасалады.
847. Iздестiру-суретке түсiру ұшулары аэрогеофизикалық суретке түсiрудiң әр түрлi түрлерiн өткiзу мақсатында орындалады.
Iздестiру-суретке түсiру ұшулары шектi шағын биiктiкте өткiзiлуi мүмкiн.
Шығару қондырғылары бар аппаратурамен жабдықталған әуе кемесiнiң iздестiру-суретке түсiру ұшуларын орындау кезiнде, егер осы әуе кемесi немесе сурет түсiру аппаратурасы үшiн басқа шектеулер болмаса, ұшудың ең төменгi рұқсат етiлген биiктiгi жiберiлген тросс ұзындығына ұлғаяды.
Мезеттiк қимылдағы автоматты троскескiштiң болмауы кезiнде шығарылатын қондырғылары бар әуе кемелерiнде ұшуға рұқсат етiлмейдi.
848. Тау жерде ұшу кезiнде күннiң жарығы түскен және ық жақта тұрған еңiстерден ұстану қажет.
Мыналарды орындауға:
1) шайқалу кезiнде жел жақтағы еңiсте тау шыңында сурет түсiру үшiн ұшуға;
2) кемiнде 100 м нақты биiктiкте, тауда – кемiнде 200 м биiктiкте, көкжиектен кемiнде 15 градус және бағыттық бұрыштан кемiнде 30 градус күн биiктiгi кезiнде жазық және ойлы-қырлы жерде күнге қарсы ұшуға;
3) еңi берiлген биiктiкте әуе кемесiнiң осы түрi үшiн қисаю бұрышы 20 градус кезiнде бұрылыстан үш радиустен кем болатын тұйық аңғарлар мен тау шатқалдарында ұшуға тыйым салынады.
849. Аэросурет түсiру ұшулары берiлген аудандарда белгiленген бағыт бойынша геологиялық карталау, қашықтықтан аймақтау және қоршаған ортаның жағдайын бақылау мақсатында орындалады.
Аэрофото түсiру ұшуларын орындау кезiнде барометрлiк өлшеуiш бойынша тұрақты биiктiкте ұсталатын шағын, орта және үлкен биiктiктер пайдаланылады.
Сурет түсiру бағыттарының ұзақтығын, ұшу биiктiгiн, бағыттар арасындағы қашықтықты және ұшудың басқа параметрлерiн тапсырыс берушi бередi.
850. Аэрокөзбен шолу ұшулары объектiлердi көзбен шолып тексеру және орындағы жағдайды (ЭБЖ, байланыс желiлерiн, газ және мұнай құбырларын, өзендердi, арналарда, автомагистральдерiн патрульдеу, мұзды барлау; балық пен жануарлар қорын барлау; жабайы жануарларды түгендеу және т.с.с.) қадағалау мақсатында орындалады.
Аэрокөзбен шолу ұшуларды әдеттегiдей әуе кемесiнiң бортында тапсырыс берушiнiң қадағалаушысы орындайды.
851. Аэрокөзбен шолу ұшуларды бортта тапсырыс берушiнiң қадағалаушысысыз орындау жағдайында, ұшу экипажы кемiнде екi ұшу экипажының мүшелерiнен тұруы қажет.
852. Белсендi ұшуды орындайтын ұшу экипажының мүшесi аэрокөзбен шолып қадағалауды жасай алмайды.
853. Аэрокөзбен шолу ұшуларды күндiз КҰҚ бойынша орындалады:
1) жазық және ойлы-қырлы жерлерде – кемiнде 2000 м көрiнiсте және бұлттардың төменгi шекарасынан кемiнде 150 м биiктiкте;
2) таулы жерде (2000 м дейiн) - кемiнде 5000 м көрiнiсте және бұлттар төменгi шекарасынан кемiнде 400 м биiктiкте;
3) таулы жерде (2000 м жоғары) - кемiнде 8000 м көрiнiсте және бұлттар төменгi шекарасынан кемiнде 400 м биiктiкте.
854. Аэрокөзбен шолу ұшуларды орындау кезiнде объектiлердi алыстан егжей-тегжейлi қадағалау үшiн әуе кемесiн төмендетудi кедергiлер үстiнен кемiнде 10 м биiктiкке дейiн, ал жоғары вольтты электр беру желiлерiн қарау кезiнде – тiреуiштер үстiнен кемiнде 20 м биiктiкке дейiн орындауға рұқсат етiледi.
855. Мұздық барлау ұшудың кемiнде 100 м нақты биiктiгiнде екi және одан көп қозғалтқышы бар әуе кемесiнде орындалады.
Мұз жағдайын нақтылау мақсатында әуе кемесiнiң кедергiлер үстiнен 50 м дейiн төмендеуге рұқсат етiледi.
856. Кемеге мұз жағдайының картасын немесе өзге құжатты борттықфототелеграф аппаратурасы бойынша беру мүмкiн болмаған кезде оны жалаушамен түсiруге рұқсат етiледi. Бұл ретте кеме мачталары үстiнен ұшу биiктiгi кемiнде 25 м болуы тиiс.
857. Балықтың немесе теңiз жануарының шоғырлану жерiнiң үстiнен ұшуға кемiнде 100 м биiктiкте орындауға рұқсат етiледi.»;
885-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«885. Мәжбүрлi қону жағдайында, әуе кемесiнiң экипажы ауруларды немесе медициналық жүктi жақын медициналық пунктке жеткiзудi ұйымдастыру бойынша барлық мүмкiн шараларды қабылдайды және мүмкiн жағдайда басқа әуе кемесiне қону үшiн орын дайындайды.»;
888-тармақтағы:
2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) парашютсiз:
жазық жерде - 25 м төмен емес биiктiкте;
ойлы-қырлы жерде - 50 м төмен емес;
таулы жерде - 100 м төмен емес.»;
3), 4), 5) тармақшалар алып тасталсын;
897-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«897. Теңiз кемелерi және ТҚБ ұшулар ауа-райы жағдайында КҚҰ бойынша орындалады:
1) күндiз: көру кемiнде 2000 м және бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi кемiнде 150 м;
2) ҚҚҰ бойынша арнайы ұшулар кезiнде:
күндiз: көру кемiнде 1000 м және бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi кемiнде 100 м;
түнде: көру кемiнде 4000 м және бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi кемiнде 450 м.»;
927-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«927. Пайдаланушы егер ол тiркелген мемлекеттiң авиациялық әкiмшiлiгi мұндай ұшуларға әуеайлаққа (тiкұшақ айлағына) рұқсат етiлмесе (сертификатталмаса), II және III санаттары бойынша қонуға бет алуды орындамауы тиiс.»;
1002-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1002. Әуеайлақтар аудандарында және қону алаңдарында (әуеайлақтың аэронавигациялық төлқұжаттары) ұшуларды орындау бойынша нұсқаулықтар жасау тәртiбi және оның мазмұнына қойылатын талаптар Ұшудың негiзгi қағидаларында белгiленген.»;
3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
9-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
10-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
12-қосымшада:
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Пайдаланушылар осы қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ӘК түрi, сериясы, тiркеу нөмiрi және сериялық нөмiрi, сол сияқты олардың RVSM әуе кеңiстiгiндегi ұшуды орындауға жоспарланған барлық ӘК "S" режимiндегi (он алтылық кодтағы алты белгi) жауап берушiнiң коды туралы мәлiмет бередi. Пайдаланушы Еуразия РМА-ға биiктiктi ұстап қалу дәлдiгiн бақылауды орындау кезiнде тууы мүмкiн кез келген мәселе бойынша кеңес беру үшiн байланыс мекенжайлары мен телефон нөмiрлерi туралы дәл мәлiмет бередi. Осы үшiн ол осы Қағидалардың 9-қосымшасында келтiрiлген тиiстi нысан жолағын толтырады.».
2. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiсiнiң Мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7006 бойынша тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2011 жылғы 26 шiлдеде № 105 (2095), 2011 жылғы 27 шiлдеде № 106 (2096), 2011 жылғы 28 шiлдеде № 107 (2097), 2011 жылғы 29 шiлдеде № 107 (2098) жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөнiндегi Нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
«37-1. Әуеайлақтық диспетчерлiк орталық (әуеайлақ ауданының диспетчерлiк пунктi) пен аудандық диспетчерлiк орталықтың (аудандық диспетчерлiк пунктi) диспетчерлiк пункттерi жабдықтарының бақылау тiзбесi осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес белгiленедi.»;
мынадай мағынадағы 21-1 тараумен толықтырылсын:
«21-1. ӘҚҰ органы мен аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметiнiң арасын үйлестiру
429-1. Аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметi әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн, тұрақтылығын және тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi аэронавигациялық ақпараттар құжатын ӘҚҰ органына бередi. Мұндай құжаттарға:
1) Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағы (AIP);
2) Қазақстан Республикасының әуе трассасы мен жергiлiктi әуе желiсiнiң тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасының әуеайлақ жинағы;
4) Қазақстан Республикасы мен көршiлес мемлекеттердiң әуе трассаларының шолу картасы;
5) NOTAM жатады.
ӘҚҰ органының сұрау салуы бойынша, аралас мемлекеттердiң егер олар аэронавигациялық ақпараттар қызметiнде бар болса, аэронавигациялық ақпараттардың құжаттары берiледi.
429-2 Аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметiнiң органдарын ең соңғы ұшар алдындағы ақпараттарды беруге және әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың аэронавигациялық ақпараттарға қажеттiлiгiн қанағаттандыруға мүмкiндiк беретiн мәлiметтермен қамтамасыз ету үшiн ӘҚҰ органдары аэронавигациялық жағдайдың барлық өзгерiстерi туралы мыналарға қатысты аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметiнiң органына:
1) шекарадағы алдын ала жоспарланған (пайдалану тексеруiн қоса алғанда) орнатуларды, өзгертулердi, айтарлықтай өзгерiстердi (тiгiнен және көлденеңiнен);
әуе қозғалысына қызмет көрсететiн жауапкершiлiк (аймақтарына) аудандарына;
ұшып шығу мен қону аймақтарына;
ӘҚҰ бағыттарына;
ұшу ақпараттарының (ӘҰ бақыламайтын) аудандарына;
жергiлiктi диспетчерлiк пункттiң аудандарына;
жергiлiктi әуе желiлерiне;
2) орналасқан жерi, жиiлiгi, дабылдарды, идентификаторларды, белгiлi ауытқуларды, бақылаушы және байланыс құралдарына, радионавигациялық құралдарға техникалық қызмет көрсету кезеңдерiне;
3) күту аймағындағы ұшу, қонуға бет алу, ұшып келу және ұшып кету, схемаларын, шуылдың төмендегендiгi және басқа ұшуларды анықтауға тиiстi рәсiмдерде;
4) өту эшелоны, абсолюттi биiктiктен және абсолюттi кiшi биiктiктен өту секторында;
5) әуеайлақтағы жер үстiнде (шек қойылған көрiну жағдайындағы рәсiмдердi қоса алғанда) пайдалану рәсiмдерiне;
6) ӘҚҰ органдарының жұмыс сағатына;
7) әуе қозғалысына қызмет көрсету бағыттарының схемалары мен желi құрылғыларына;
8) ұшуды жүргiзу үшiн маңызды деп есептелетiн басқа да әр түрлi ақпараттарды, қолданатын ұйғарымдар мен ережелердi дереу хабарлайды.
429-3. Аэронавигациялық жүйеге өзгерiстер енгiзбестен бұрын ӘҚҰ қызметi аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметiне қажеттi жариялауға арналған тиiстi материалдарды дайындау, ресiмдеу және шығару үшiн уақытты есептеулерi тиiс.
Егер енгiзiлген өзгерiстер аэронавигациялық карта мен (немесе) автоматтандырылған жүйеге кiргiзуге тиесiлi болса, олар «Әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекiтiлген Әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпараттармен қамтамасыз ету қағидаларында белгiленгендей (AIRAC) аэронавигациялық ақпараттарды регламенттеушi және бақылаушы жүйемен анықталған мерзiмде аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметiне беруi тиiс.»;
мынадай мағынадағы 21-2 тараумен толықтырылсын:
«21-2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметi мен байланыс және радиотехникалық жабдықтарды пайдалану қызметi арасындағы үйлесiмдiлiк
429-4. Байланыс пен ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жұмысындағы (оларды қосу мен ажыратуды қоса алғанда) барлық өзгерiстердi РТЖБП қызметiнiң персоналы ұшу басшысына (ӘҚҰ диспетчерiне) баяндайды.
429-5. Байланыс және радиотехникалық жабдықтарды пайдалану қызметi ӘҚҰ органын қонуға кiру рәсiмдерiн қамтамасыз ететiн ақпараттармен немесе iстен шығатын индикациялық құралдарды немесе радиотехникалық құралдардың жұмыс iстеулерiнiң бұзылғанын мынадай талаптарға сәйкес:
1) қонуға жақындау диспетчерлiк пунктi үшiн:
кiрудiң алғашқы және аралық сатысы, келiп қонудың стандартты (аспап бойынша) рәсiмдерi бойынша жақындаудың рәсiмдерiн анықтайтын радиотехникалық құралдарға қатысты 2 минуттан көп емес ретте;
аспап бойынша қонуға бет алуды аяқтау жөнiндегi қону мен қонуға бет алудың соңғы сатысының рәсiмдерiн анықтайтын, радиотехникалық құралдарға (ҰҚЖ-да орнатылғанды қоса алғанда) қатысты кiдiрмей келудi;
аспап бойынша ұшып шығудың рәсiмдерiне сәйкес ұшып шығу және алғашқы биiктiктi алу сатысының рәсiмдерiн анықтайтын, радиотехникалық құралдарға (ҰҚЖ-да орнатылғанды қоса алғанда) қатысты кiдiрмей келудi;
2) әуеайлақтық диспетчерлiк пункт үшiн:
қонуға бет алуды аяқтау бойынша кiру және қонудың соңғы сатысының рәсiмдерiн анықтайтын радиотехникалық құралдарға (ҰҚЖ-да орнатылғанды қоса алғанда) қатысты кiдiрмей келудi;
аспап бойынша ұшып шығу рәсiмдерiне сәйкес ұшу және бастапқы биiктiктi алу сатысының рәсiмдерiн анықтайтын радиотехникалық құралдарға (ҰҚЖ-да орнатылғанды қоса алғанда) қатысты кiдiрмей келудi қамтамасыз етедi.
Ұшуды қамтамасыз ететiн радиотехникалық жабдықтардың басқа құралдарына және байланысқа қатысты iстен шығуы немесе ақаулық жағдайы туралы ақпараттармен немесе индикациялық құралдармен қамтамасыз ету тәртiбi азаматтық авиацияны ұйымдастыру басшысының (филиалдың) бұйрығымен бекiтiлген осы әуеайлақтың РТЖБП қызметi мен ӘҚҰ қызметiнiң арасындағы өзара iс-қимыл жөнiндегi нұсқаулықта жазылған.»;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиациясы комитетi (Б.Қ. Сейдахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация
министрiнiң
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 117 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
азаматтық авиацияның ұшуларын
орындау қағидасына 3-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |