14 тарау. Тiкұшақ айлағының пайдалану минимумдарын анықтау
Қонуға дәлме-дәл емес кiру
76. Пайдаланушы глиссаданы (тек қана LLZ), VOR, NDB, SPA, VDF, ARA және GNSS жасақтамай ILS пайдалануға негiзделетiн дәлме-дәл емес кiруге арналған жүйе минимумының 2-кестеде көрсетiлген ЕҚБ (MDH) мәндерiнен төмен болмауын қамтамасыз етедi.
21-кесте
Қонуға дәлме-дәл емес кiру құралдарына арналған жүйе минимумы
|
Жүйе минимумы
|
Пайдаланылатын кiру жүйесi
|
Ең төменгi құлдилау биiктiгi (MDH)
|
ILS (глиссадасыз) бағдарлы манар
|
75 м (250 фт)
|
926 м межеге дейiнгi қону локаторы
|
75 м (250 фт)
|
1852 м межеге дейiнгi қону локаторы
|
90 м (300 фт)
|
3704 м межеге дейiнгi шолу локаторы
|
105 м (350 фт)
|
VOR (жан-жаққа бағытталған АЖЖ - радиоманар)
|
90 м (300 фт)
|
VOR/DME (жан-жаққа бағытталған АЖЖ - радиоманар /алыстықты өлшеу жабдығы)
|
75 м (250 фт)
|
NDB (жан-жаққа бағытталған радиоманар)
|
90 м (300 фт)
|
VDF (QDM және QCH) (радиопеленгаторлы АЖЖ - станция)
|
90 м (300 фт)
|
GNSS базасын пайдалана отырып
|
75 м (250 фт)
|
Борттық радиолокатор (ARA) теңiз тiкұшақ алаңы
|
90 м (300 фт)
|
77. Ең төменгi құлдилау биiктiгi
Пайдаланушы қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған МDH:
1) тiкұшақтың осы санаты үшiн кедергiлерден ұшып өтудiң ең төменгi биiктiгi (OCH/OCL) мәнiнен; немесе
2) дәлме-дәл емес кiру жүйесi минимумы мәнiнен төмен болмауын қамтамасыз етедi.
Кедергiлерден ұшып өтудiң салыстырмалы/ең төменгi биiктiгiн (OCH/OCL) есептеу ИКАО қағидасына (Doc. 8168-OPS/611 «Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидасы - әуе кемелерiнiң ұшуын жүргiзу» (PANS - OPS) сәйкес жүргiзiледi.
78. Көзбен шолу байланысы
Егер FATO/ҰҚЖ аймағының мынадай көзбен шолу бағдарларының бiрiн айқын көрмесе және танымаса, пилот ең төменгi құлдилау биiктiгiнен (MDA/MDH) төмен қонуға кiрудi жалғастырмайды:
1) жақындаудың шырақтар жүйесiнiң элементтерi (бөлiгi);
2) ҰҚЖ бастапқы табаны;
3) ҰҚЖ бастапқы табанын таңбалау:
4) ҰҚЖ бастапқы табаны шырақтары;
5) ҰҚЖ бастапқы табанының кiрме шырақтары;
6) көзбен шолу глиссадасы шырақтары;
7) жерге қону аймағы немесе жерге қону аймағын таңбалау;
8) жерге қону шырақтары (жарықтық кiлем);
9) FATO/ҰҚЖ аймағының бүйiрлiк шырақтары;
10) Авиациялық әкiмшiлiк осындай деп таныған басқа да көзбен шолу бағдарлары.
79. ҰҚЖ-дағы көрiнудiң талап етiлетiн мәнi.
1 немесе 2-сыныпты ҰТС бар тiкұшақтармен қонуға дәлме-дәл емес кiрудi орындау үшiн мына 22-кестеде көрсетiлген минимумдар қолданылады:
22-кесте. Құрылықтағы тiкұшақ айлақтарында (әуеайлақтарда) қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған минимумдар
Құрылықтағы тiкұшақ айлақтарында (әуеайлақтарда) қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған минимумдар
|
Ең төменгi құлдилау биiктiгi МDH (фт)
|
ҰҚЖ-дағы көрiну/ЖҚЖ
|
|
Толық
|
Орташа
|
Негiзгi
|
Жоқ
|
75-89 м (250-299 фут)
|
600 м
|
800 м
|
1000 м
|
1000 м
|
90-134 м (300-449 фут)
|
800 м
|
1000 м
|
1000 м
|
1000 м
|
135 м (450 фут) және жоғары
|
1000 м
|
1000 м
|
1000 м
|
1000 м
|
1) толық ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 720 м және одан астам ОВИ, ALSF, MALS түрiндегi қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтары жүйесiн, FATO/ҰҚЖ бүйiрлiк жарықтармен, FATO/ҰҚЖ аймағының кiру жарықтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиiс;
2) орташа ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 420-719 м ОВИ, ALSF, MALS түрiндегi қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтар жүйесiн, FATO/ҰҚЖ бүйiрлiк шырақтарын, FATO/ҰҚЖ аймағының кiрме жарықтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиiс;
3) негiзгi ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 420 м кем ОВИ, ALSF, MALS түрiндегi қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтары жүйесiн, кез келген ұзындықтағы қарқындылығы төмен жақындау жарықтары жүйесiн, FATO/ҰҚЖ бүйiрлiк жарықтарын, FATO/ҰҚЖ аймағының кiру жарықтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиiс;
4) ЖҚЖ - жоқ болуы немесе жақындау жарықтары жүйесiнiң болуы, қарқындылығы 210 м төмен жақындау жарықтары жүйесiнiң болуы, FATO/ҰҚЖ таңбалауды, FATO/ҰҚЖ бастапқы табаны жарықтарын, бүйiрлiк шырақтарын, кiру жарықтарын және аяқталу жарықтарын немесе тек қана FATO/ҰҚЖ таңбалауды (жарықтарсыз) қамтиды;
5) барлық осы кестелер 4 градустан аспайтын глиссаданың еңiстiк бұрышы (ГЕБ) кезiнде қолданылады. Үлкен ГЕБ әдеттегiдей, көзбен шолу глиссадасы шырақтарының (мысалы: PAPI) болуын және ЕҚБ-да болған кезде олардың көрiну шарттарын талап етуге тиiс;
6) жоғарыда келтiрiлген сандар диспетчер берген ҰҚЖ-дағы көрiнудi немесе төмендегi 7-тарауға сәйкес ҰҚЖ-дағы көрiнуде қайта есептелген метеорологиялық көрiнудi бiлдiредi;
7) 3-кестеде пайдаланылатын ЕҚБ, бұл ҰҚЖ-дағы көрiну мәндерiн анықтау мақсатында жуық 3 м (10 фут) дейiн дөңгелектеуге жатпайтын ЕҚБ бастапқыда есептелген мәндерi. ЕҚБ мәндерi минимумының сабақтас элементi ретiнде пайдалану мақсатында дөңгелектенедi.
80. Егер екiншi айналымға кету нүктесi қонудың бастапқы табанынан 926 м шеңберiнде болса, қолданыстағы қону шырақтары жүйесiнiң ұзындығына қарамастан толық ЖҚЖ үшiн кiру минимумын пайдалануға рұқсат етiледi.
81. Түнгi ұшу. Түнгi ұшу үшiн егер азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен басқа келiсiм болмаса, FATO/ҰҚЖ және кез келген кедергiлер аймағын жарықтандыруға арналған жерүстi жарық-дабыл жабдығы орнатылады.
82. Бiр пилотпен ұшуды орындау. Мұндай ұшу үшiн ҰҚЖ-дағы көрiну бойынша минимум 800 м құрайды немесе 3-кестеде көрсетiлген минимумдарға сәйкес келедi, бұл ретте мәндердiң iшiнен үлкенi таңдалады.
15 тарау. Тiкұшақ айлағының пайдалану минимумдары
қонуға дәлме-дәл кiру - I санат
83. I санат - аспаптар бойынша қонуға дәлме-дәл кiру және қону жүйелерiн (ILS), қысқа толқынды қону жүйесiн (MLS), дәлме-дәл қону радиолокаторын (PAR) пайдалана отырып, қону. Бұл ретте шешiм қабылдау биiктiгi 60 м (200 фут) төмен болмауға және ҰҚЖ-дағы көрiну 500 м кем болмауға тиiс.
84. Шешiм қабылдау биiктiгi (ШҚБ, DH).
Пайдаланушы I санат бойынша қонуға кiру кезiнде белгiленген ШҚБ мыналардан:
1) егер ол ҰПБ-да анықталған болса, мұндай кiру үшiн тiкұшақ ҰПБ-да шектелген ШҚБ-дан;
2) оған дейiн талап етiлетiн көзбен шолу байланысы жоқ дәлме-дәл қону жүйесi пайдаланылуы мүмкiн ең төменгi биiктiктен;
3) тiкұшақтың осы санаты үшiн кедергiлерден ұшып өтудiң ең төменгi биiктiгi (OCH/OCL) мәнiнен; немесе
4) 60 м (200 фут) төмен болмауын қамтамасыз етедi.
85. Көзбен шолу байланысы.
Егер ең болмағанда ҰҚЖ мынадай көзбен шолу құралдарының бiрiмен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылмаған болса, пилот жоғарыдағы 19-тармаққа сәйкес анықталған ШҚБ-дан төмен I санат бойынша қонуға кiрудi жалғастырмайды:
1) жақындаудың шырақтар жүйесiнiң элементтерi (бөлiгi);
2) ҰҚЖ бастапқы табаны;
3) ҰҚЖ бастапқы табанын таңбалау:
4) ҰҚЖ бастапқы табаны шырақтары;
5) ҰҚЖ бастапқы табанының кiрме шырақтары;
6) көзбен шолу глиссадасы шырақтары;
7) жерге қону аймағы немесе жерге қону аймағын таңбалау;
8) жерге қону шырақтары;
9) FATO/ҰҚЖ аймағының бүйiрлiк шырақтары.
86. ҰҚЖ-дағы талап етiлетiн көрiну. Қонуға кiру және 1 немесе 2-сыныпты ҰТС бар тiкұшақтармен I санат бойынша қонуға кiру үшiн мынадай минимумдар қолданылады:
23-кесте. Құрылықтағы тiкұшақ айлақтарында (әуеайлақтарда) қонуға дәлме-дәл кiруге және қонуға арналған минимумдар – 1-санат
1-санат
|
Шешiм қабылдау биiктiгi, м (фут)
|
ҰҚЖ-дағы көрiну/ЖҚЖ
|
|
Толық
|
Орташа
|
Негiзгi
|
Жоқ
|
60 м (200 фут)
|
500 м
|
600 м
|
700 м
|
1000 м
|
61-76 м (201-250 фут)
|
550 м
|
650 м
|
750 м
|
1000 м
|
77-91 м (251-300 фут)
|
600 м
|
700 м
|
800 м
|
1000 м
|
92 м (301 фут) және жоғары
|
750 м
|
800 м
|
900 м
|
1000 м
|
Осы 23 кестеде көрсетiлген минимумдар:
1) толық ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 720 м және ОВИ, ALSF, MALS түрiндегi қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтар жүйесiн және одан жоғары FATO/ҰҚЖ бүйiрлiк жарықтарын, FATO/ҰҚЖ аймағының кiру жарықтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Шырақтар қосылып тұруға тиiс.
2) орташа ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 420-719 м ОВИ, ALSF, MALS түрiндегi қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтары жүйесiн, FATO/ҰҚЖ бүйiрлiк шырақтарын, FATO/ҰҚЖ аймағының кiрме шырақтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиiс.
3) негiзгi ЖҚЖ - FATO/ҰҚЖ таңбалауды, ұзындығы 420 м кем ОВИ, ALSF, MALS түрiндегi қарқындылығы жоғары/орташа жақындау жарықтар жүйесiн, кез келген ұзындықтағы қарқындылығы төмен жақындау жарықтары жүйесiн, FATO/ҰҚЖ бүйiрлiк жарықтарын, FATO/ҰҚЖ аймағының кiру жарықтарын және FATO/ҰҚЖ соңындағы жарықтарды қамтиды. Жарықтар қосылып тұруға тиiс.
4) ЖҚЖ - жоқ болуы немесе қарқындылығы 210 м төмен жақындау жарықтары жүйесiнiң болуы, FATO/ҰҚЖ таңбалауды, FATO/ҰҚЖ бастапқы табаны жарықтарын, бүйiрлiк жарықтарын, кiру жарықтарын және аяқталу жарықтарын немесе тек қана FATO/ҰҚЖ таңбалауды (жарықсыз) қамтиды.
5) жоғарыда келтiрiлген сандар диспетчер берген ҰҚЖ-дағы көрiнудi немесе төмендегi 23-кестеге сәйкес ҰҚЖ-дағы көрiнуде қайта есептелген метеорологиялық көрiнудi бiлдiредi.
6) Кесте 4 градустан аспайтын глиссаданың еңiстiк бұрышы үшiн қолданылады.
7) 23-кестеге енгiзiлген ЕҚБ - бұл ҰҚЖ-дағы көрiну мәндерiн анықтау мақсатында жуық 3 м (10 фут) дейiн дөңгелектеуге жатпайтын ЕҚБ бастапқыда есептелген мәндерi. ЕҚБ мәндерi минимумының сабақтас элементi ретiнде пайдалану мақсатында дөңгелектенедi.
87. Түнгi ұшу. Түнгi ұшу үшiн егер азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен басқа келiсiм болмаса, FATO/ҰҚЖ және кез келген кедергiлер аймағын жарықтандыруға арналған жерүстi жарық-дабыл жабдығы орнатылады.
88. Бiр пилотпен ұшуды орындау. Мұндай ұшу үшiн пайдаланушы осы Қосымшаға сәйкес барлық кiру жолдары үшiн ҰҚЖ-дағы көрiну бойынша минимумды есептейдi. Бұл ретте ҰҚЖ-дағы көрiну бойынша минимум ILS немесе MLS байланысты автопилотты пайдаланған жағдайларды қоспағанда кемiнде 800 м болып белгiленедi, бұл жағдайда ҰҚЖ-дағы көрiну бойынша әдеттегi минимумдар қолданылады.
Шешiм қабылдау биiктiгi автопилотты пайдаланудың ең төменгi биiктiгiнiң 1,25 тең.
6 тарау. Құрылықтағы тiкұшақ айлақтарында қонуға дәлме-дәл кiру
үшiн әуеайлақтардың пайдалану минимумдарды анықтау - II санат
89. II санат бойынша қонуға кiру - аспаптар бойынша қонуға дәлме-дәл кiру және мынадай шартпен қонудың құралдық жүйелерiн (ILS), қысқа толқынды қону жүйесiн (MLS) пайдалана отырып қону:
1) шешiм қабылдау биiктiгi 60 м (200 фут) төмен, бiрақ 30 м (100 фут) төмен емес және
2) ҰҚЖ 300 м төмен емес ҰҚЖ-дағы көрiну.
90. Шешiм қабылдау биiктiгi
Пайдаланушы II санат бойынша қонуға кiру кезiнде белгiленген ШҚБ мыналардан:
1) егер ол ҰПБ-да анықталған болса, мұндай кiру үшiн тiкұшақ ҰПБ-да шектелген ШҚБ-дан;
2) оған дейiн талап етiлетiн көзбен шолу байланысы жоқ дәлме-дәл қону жүйесi пайдаланылуы мүмкiн ең төменгi биiктiктен;
3) тiкұшақтың осы санаты үшiн кедергiлерден ұшып өтудiң ең төменгi биiктiгi (OCH/OCL) мәнiнен; немесе
4) оған дейiн ұшу экипажына ұшуды орындауға рұқсат етiлген ШҚБ-дан;
5) 30 м (100 фут) төмен болмауын қамтамасыз етедi.
91. Көзбен шолу байланысы.
Егер мұндай байланыстың тұрақты сақталу шартымен ең кемiнде осьтiк желiдегi жақындаудың тiзбектелген шырақтарымен немесе жерге қону аймағы шырақтарымен немесе FATO/ҰҚЖ осьтiк желiсi шырақтарымен немесе FATO/ҰҚЖ бүйiрлiк шырақтарымен көзбен шолу байланысы немесе олардың құрамасы орнатылмаса, 30-тармаққа сәйкес анықталған ШҚБ-дан төмен қонуға кiрудi жалғастырмайды. Бұл көзбен шолу байланысы жерүстi жүйесiнiң бойлай орналасқан элементтерiн, сондай-ақ, жақындаудың көлденең шырақтарын немесе ҰҚЖ бастапқы табаны шырақтарын немесе жерге қону аймағының жарық белгiсiн қамтиды.
92. ҰҚЖ-дағы көрiнудiң талап етiлетiн мәнi.
1-сыныпты ҰТС бар тiкұшақтармен II санат бойынша қонуға дәлме-дәл кiру және қону үшiн мынадай минимумдар қолданылады:
24-кесте. ШҚБ-ға байланысты 2-санат бойынша қонуға дәлме-дәл кiруге арналған ҰҚЖ-дағы көрiну
Құрылықтағы тiкұшақ айлақтарында (әуеайлақтарда) қонуға дәлме-дәл кiруге және қонуға арналған минимумдар – II санат
|
Шешiм қабылдау биiктiгi (ШҚБ)
|
ШҚБ-дан төмен автоматтық режимдi пайдалану, ҰҚЖ-дағы көрiну
|
30-36 м (100-120 фут)
|
300 м
|
37-42 м (121-140 фут)
|
400 м
|
43 және (141 фут) және жоғары
|
450 м
|
Тиiстi ШҚБ-дан 80%-дан төмен емес биiктiкке дейiн ұшудың/қонуға кiрудiң автоматтық режимiн пайдалану болжанып отыр. Бұл талап егер, қонуға кiрудiң автоматтық режимiн пайдаланудың ең төменгi биiктiгi бойынша шектеулер болса, оның ұлғаю жағына ШҚБ мәнiне әсер етуi мүмкiн.
17 тарау. Құрылықтағы тiкұшақ айлағында (әуеайлақта) қонуға
шеңберден қону
93. Шеңберден қону - әуе кемесi тiкелей қонуға кiру үшiн сәйкес келмейтiндей орналасқан FATO/ҰҚЖ аймағында қонуға арналған жағдайға келтiрiлген кезде аспаптар бойынша қонуға кiрудiң көзбен шолу кезеңiн белгiлеу үшiн пайдаланылатын термин.
94. Шеңберден қону үшiн 76 м (250 фут) төмен емес ең төменгi құлдилау биiктiгi, 800 м кем емес метеорологиялық көрiну белгiленедi.
Алдын-ала ұйғарылған траекториямен көзбен шолып маневр жасау (шеңберден қону) кезiнде көрiну және ең төменгi құлдилау биiктiгi бойынша белгiленген минимумдар осы тармақта келтiрiлген мәндерден төмен болмайды.
95. Қонуға көзбен шолып кiру.
Пайдаланушы егер ҰҚЖ-дағы көрiну 800 м төмен болса, қонуға көзбен шолып кiрудiң орындалмауын қамтамасыз етедi.
18 тарау. Хабарланған метеорологиялық көрiнудi ҰҚЖ-дағы
көрiнуге қайта есептеу
96. Пайдаланушы ұшып көтерiлуге арналған минимумды және II мен III санат бойынша қонуға дәлме-дәл кiру минимумын есептеу кезiнде немесе ӘҚҚ органынан ҰҚЖ-дағы көрiну мәнi алынған кезде көрiнудi ҰҚЖ-дағы көрiнуге қайта есептеу рәсiмдерiн қолданбайды.
97. 96-тармақта көзделмеген қалған барлық жағдайларда пайдаланушы көрiнудi ҰҚЖ-дағы көрiнуге қайта есептеу 25-кестеге сәйкес жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.
25-кесте. Метеорологиялық көрiнудi ҰҚЖ-дағы көрiнуге қайта есептеу
Жарық жабдығы (ЖҚЖ)
|
ҰҚЖ-дағы көрiну = көрiнудi * (көбейту).
|
күндiз
|
түн
|
жақындау мен ҰҚЖ қарқындылығы жоғары шырақтары
|
1.5
|
2.0
|
кез келген басқа жарық
|
1.0
|
1.5
|
ЖҚЖ ЖОҚ
|
1.0
|
қолданылмайды
|
19 тарау. Теңiз бұрғылау қондырғыларына (ТБҚ) немесе теңiз
кемелерiне ұшу кезiндегi метеорологиялық минимумдар
98. КҰҚ бойынша теңiз бұрғылау қондырғыларына (ТБҚ) немесе теңiз кемелерiне ұшуды орындау кезiнде метеорологиялық минимумдар жердiң көрiнуiнен тыс су кеңiстiгi үстiнен ұшуға арналған метеорологиялық жағдайларға тең белгiленедi.
99. Жердiң көрiнуiнен тыс төмен биiктiкте су кеңiстiгi үстiнен ұшу тек қана бұлттардың төменгi шекарасы күндiз 150 (500 фут) және одан жоғары және түнде 450 (1500 фут) және одан жоғары болғанда көзбен шолып ұшу қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
100. Денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсету бойынша шұғыл ұшуды және iздестiру-құтқару жұмыстарын орындау кезiнде көзбен шолып ұшу қағидасы (VFR) және арнайы КҰҚ бойынша бұлттардың төменгi шекарасы 100 (300 фут) және көрiну 1000 метр болған кезде күндiз жердiң көрiнуiнен тыс төмен биiктiкте су кеңiстiгi үстiнен ұшуды орындауға рұқсат етiледi.
101. 18 километрден (10 nm) төмен су асты секторы бар тiкұшақ алаңдары арасында ұшу кезiнде бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде (G сыныпты) VFR ұшуы төмендегi келтiрiлген 26-кестеге сәйкес орындалады:
26 кесте. Бақыланбайтын әуе кеңiстiгiндегi (G сыныпты) тiкұшақ алаңдары арасында ұшуға қойылатын ең төменгi талаптар.
|
КҰҚ күндiз
|
Бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi
|
Көрiну
|
Бiр пилот
|
150 м
|
3000 м
|
Екi пилот
|
150 м
|
2000 м
|
102. АҰҚ бойынша теңiз бұрғылау қондырғыларына (ТБҚ) немесе теңiз кемелерiне ұшу кезiнде метеорологиялық минимумдар төмендегi 20-тарау талаптары ескерiле отырып, белгiленедi.
20 тарау. Су кеңiстiгi үстiнен ұшуға арналған борттық
радиолокатор (ARA) бойынша қонуға кiру
103. Пайдаланушы, егер оның авиация саласындағы уәкiлеттi органнан рұқсаты болмаса, борттық радиолокатор бойынша қонуға кiрудi орындамайды.
104. Борттық радиолокатор бойынша тек қана мүшелерi көп экипаж тұжырымдамасы қолданылған жағдайда қалқымалы бұрғылау платформаларына немесе жүрiп тұрған кемеге қонуға кiруге рұқсат етiледi.
105. Егер радиолокатор кедергiлерден ұшу кезiнде биiктiк қорын қамтамасыз ету үшiн бағдар бойынша дәлдеудi қамтамасыз ете алмаса, тiкұшақ командирi борттық радиолокатор бойынша қонуға кiрудi орындамайды.
106. Қонуға кiрудiң соңғы кезеңiне кiргенге дейiн тiкұшақ командирi радиолокатор экранында қонуға кiру және екiншi айналымға кетудiң аяқталу учаскесiне арналған бос траектория бар екендiгiне көз жеткiзедi. Егер қандай да болмасын кедергiге қатысты бүйiрлiк арақашықтық 1852 м (1.0 nm) төмен болса, тiкұшақ командирi:
1) берiлген объектiге көршiлес алаңға кiрудi орындайды және одан кейiн белгiленген объектiге көзбен шолып ұшуды жалғастырады; немесе
2) шеңберден қонуды қолдана отырып, басқа бағыттан қонуға кiредi.
107. Тiкұшақ командирi бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi тiкұшақ алаңынан едәуiр жоғары тұрғанына және қауiпсiз қонуды орындауға мүмкiндiк беретiнiне көз жеткiзедi.
108. Ең төменгi құлдилау биiктiгi (MDH)
Төменде 109-тармақта көрсетiлгендей белгiленген минимумдарды қоса алғанда, MDH тiкұшақ алаңынан асып түсуiнен 15 м (50 фут) төмен болуға тиiс.
109. Ең төменгi құлдилау биiктiгi радио биiктiктi өлшегiш бойынша анықталады. Шеңберден қону маневрiн пайдалана отырып, қонуға кiруге арналған ең төменгi құлдилау биiктiгi:
1) күндiз 90 м (300 фут);
2) түнде 150 м (500 фут) кем болмайды.
110. Абсолюттiк ең төменгi құлдилау биiктiгi (MDA).
MDA тек қана радио биiктiктi өлшегiш ақаулығы жағдайында қолданылады. Абсолюттiк ең төменгi құлдилау биiктiгi - бұл MDH + 90 м 250 фут) ең төменгi мәнi және белгiленген тiкұшақ айлағы QNH бөлiктеу барометрi көрсеткiштерiне және осы өңiр бойынша болжанатын QNH төменгi деңгейiне сүйенедi.
111. Шешiм қабылдау алыстығы.
Егер пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға рұқсат етiлетiн қауiпсiздiк кезiнде шешiм қабылдаудың төмен алыстығын қолдану мүмкiндiгiн бiлдiрмесе, шешiм қабылдау алыстығы (2-3 суреттердi қара) кемiнде 1390 м (0.75 nm) құрайды.
112. Көзбен шолу байланысы.
Егер пилот межелi орынмен көзбен шолу байланысын орнатпаса, шешiм қабылдау алыстығы шеңберiнен тыс немесе ең төменгi құлдилау биiктiгiнен/абсолюттiк ең төменгi құлдилау биiктiгiнен (MDH/MDA) төмен қонуға кiрудi жалғастырмайды.
113. Бiр пилотпен ұшуды орындау.
MDH/MDA борттық радиолокатор бойынша бiр пилотпен ұшуды орындау үшiн жоғарыдағы 49-тармақ бойынша есептелетiн биiктiк мәнiнен 30 м (100 фут) асады, бұл ретте шешiм қабылдау алыстығы 1850 м (1.0 nm) төмен емес.
114. Тiкұшақтың борттық радиолокаторы (ARA) бойынша қонуға кiру рәсiмi бес жек сегменттерден тұрады. Олар жақындау (Approach segment), бастапқы (Initial Approach segment), аралық жақындау (Intermediate Approach segment), аяқталу сегменттерi (Final Approach segment) және екiншi айналымға кету сегментi (Missed Approach segment) болып табылады.
Қонуға кiру (ARA) рәсiмi мысалдары 1-4 суреттерде көрсетiлген.
1-сурет. Шеңбер бойымен борттық радиолокатор (ARA) бойынша қонуға кiру рәсiмi.
2-сурет. Есептiк бұрышқа немесе шеңберден қонуға бұрылған борттық радиолокатор (ARA) бойынша қонуға кiру рәсiмi.
3-сурет. Қонуға кiрудiң тiк бейiнi
4-сурет. Екiншi айналымға кету аймағы (солға және оңға)
Достарыңызбен бөлісу: |