Қиындықтар бойынша әуеайлақтар жiктеуiшi
1. Әуеайлақтар «A», «B», «C» қиындық санаттары бойынша жiктеледi.
2. Әуеайлақтар «А» санаты мынадай талаптарға жауап бередi:
1) аспаптар бойынша қонуға бет алудың мақұлданған (жарияланған) рәсiмдерi бар;
2) кем дегенде бiр ҰҚЖ, ұшып көтерiлу және қону рәсiмдерi бойынша шектеулерi бар;
3) 400 м биiк емес бұлттардың төменгi шекарасы бойынша қонуға көзбен көрiп бет алудың жарияланған минимумы;
4) әуеайлаққа түнде ұшуларға рұқсат етiлген.
3. «В» санатты әуеайлақтар «А» санатты әуеайлақтарының талаптарына жауап бермейдi немесе қосымша мыналары бар:
1) қонуға бет алу және/немесе өту аймақтарының стандартты емес құралдары;
2) күрделi жергiлiктi ауа-райы жағдайлары және/немесе;
3) ұшып көтерiлу-қону сипаттамаларын жүргiзу немесе шектеу үшiн күрделi жағдай және/немесе;
4) кедергiлердi, әуеайлақтың орналасуы, жарық техникалық жабдықтар және тағы басқаларды қоса алғанда, кез келген басқа да маңызды мәлiметтер.
4. «С» санатты әуеайлақтар «В» санатты әуеайлақтарының талаптарына жауап бермейдi және қосымша арнайы дайындықты талап етедi.
5. Әуеайлақтың қиындық дәрежесiне байланысты мынадай дайындық әдiстерi қолданылады:
1) «А» санатты әуеайлақтар үшiн дайындықты бақылай отырып, алдын ала дайындалу.
2) «В» санатты әуеайлақ үшiн:
дайындықты бақылауымен алдын ала дайындық.
«В» санаттағы әуеайлаққа қатысты жоспарланатын нұсқаулық арқылы өз бетiмен дайындығы және дайындықты бақылау.
«С» санатты әуеайлақтар үшiн «А» және «В» санатты әуеайлақтар үшiн дайындау бойынша талаптарға қосымша пайдаланушы мемлекеттiң, азаматтық авиация ұйымының ҰЖН енгiзiлетiн әуеайлақ жабдықтарының талаптарына сәйкес арнайы рәсiмдердi әзiрлейдi.
Арнайы рәсiмдер, кем дегенде мыналарды қамтуы тиiс:
авариялық маневр жасау схемалары және ең аз биiктiкке көтерiлу градиенттерiн есептеу және бекiту;
ұшып көтерiлу-қону сипаттамасын есептеу және ұшып көтерiлу және қону массасын шектеу;
ұшуларды орындау үшiн экипажға қажеттi кез келген басқа да ақпарат;
әуеайлақ ауданымен танысудың қосымша әдiстерi (схеманы үстiнен ұшу және осы мақсаттар үшiн сертификатталған кешендi тренажердағы әуеайлақ ауданы, «шолушы» ретiндегi танысу ұшуы).
6. ӘК командирi мен штурман «шолушы» ретiнде немесе нұсқаушының бақылауымен ұшумен танысқаннан кейiн, екiншi пилот - ӘК командирiнiң бақылауымен ұшумен танысқаннан кейiн «С» санатты әуеайлақтарға және таулы жердегi әуеайлақтарға жiберiледi.
«С» санатты әуеайлақтарға және таулы жердегi әуеайлақтарға рұқсат алу ұшу кiтапшасына енгiзiлетiн жазу арқылы рәсiмделедi.
7. Бағыттың немесе әуеайлақ бiлiктiлiгiнiң қолданыс мерзiмi - бағыт немесе әуеайлақ бойынша бiлiктiлiктi алған күннен немесе ұшуды орындау күнiнен 12 күнтiзбелiк ай.
Белгiленген ауданда немесе әуеайлақта бағыт бойынша ұшуға 12 айдан кем емес үзiлiс кезiнде пилот және (немесе) штурман осы Қағидалардың 668-тармағында, сондай-ақ осы Қағидалардың 6 (таулы жердегi әуеайлақтар және «С» санатты әуеайлақ үшiн) және 5-тармақтарында («А» және «В» санаттарындағы әуеайлақтар үшiн) көрсетiлген рәсiмдердi өткеннен кейiн ұшуға жiберiледi.
8. Экипаж мүшелерiнiң бағыт және әуеайлақ дайындығы ұшу бөлiмшелерiнiң құрамына енгiзу бағдарламалары бойынша рейстiк жағдайларда дайындық үрдiсiнде орындауға жiберiледi.
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация
министрiнiң
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 117 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
азаматтық авиацияның ұшуларын
орындау қағидасына 4-қосымша
Әуе кемелерiнiң ұшып көтерiлу және қонуы үшiн әуеайлақтардың
пайдалану минимумдарын айқындау әдiстемесi
1. Ұшақтар үшiн әуеайлақтарды пайдалану минимумын анықтау.
1. Осы әуеайлақты пайдаланудың метеорологиялық минимумын айқындау әдiстемесi (бұдан әрi – Әдiстеме) ұшулар орындалатын Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтарында (тiкұшақ айлақтарында) пайдаланушыларға ұшып көтерiлу және қону минимумдарын анықтауға арналған.
2. Осы әдiстемеде қолданылатын қысқартулар:
1) APV (Approach vertical) – тiгiнен дәлдеу үшiн қонуға бет алу схемасы;
2) CDFA (continuous descent final approach) – қонуға бет алудың соңғы кезеңiнде үздiксiз төмендей отырып, қонуға бет алу;
3) CMV (Converted meteorological visibility) – есептелген метеорологиялық көрiнуi;
4) DA (Decision altitude) – шешiм қабылдаудың абсолюттiк биiктiгi;
5) DH (Decision height) – шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгi;
6) DME (Distance measuring equipment) – алысты өлшеу жабдығы;
7) EVS (Enhanced vision system) – көрудiң жетiлдендiрiлген жүйесi;
8) FATO (Final approach and take-off area) – қонуға бет алу-ұшып көтерiлудiң соңғы кезеңiнiң аймағы;
9) FGS (Flight guidance system) – автоматты басқару жүйесi;
10) FMS (Flight management system) – ұшуды басқару жүйесi;
11) GBAS (Ground-based augmentation system) – функционалдық толықтырудың жердегi жүйесi;
12) GNSS (Global navigation satellite system) – жаһандық навигациялық спутниктiк жүйесi;
13) HUD (Head-up display) – ӘК алдыңғы шынысындағы аспаптардың көрсеткiштерiнiң индикациясы;
14) IAS (Indicated airspeed) – аспаптық жылдамдығы;
15) IFR (Instrument Flight Rules) – аспаптар бойынша ұшу қағидасы;
16) ILS (Instrument landing system) – аспаптар бойынша қону жүйесi;
17) LLZ (Localizer) - бағыттық манар;
18) LNAV (Lateral navigation) - жанама навигация;
19) LVP (Low visibility procedures) – шектеулi көру жағдайындағы рәсiмдер:
20) LVTO (Low visibility take-off) - шектеулi көру жағдайындағы ұшып көтерiлу;
21) MDA (Minimum descent altitude) – төмендеудiң ең аз абсолюттiк биiктiгi;
22) MDH Minimum descent height) – төмендеудiң ең аз салыстырмалы биiктiгi;
23) MLS (Microwave landing system) – қонудың микротолқынды жүйесi;
24) NDB (ПРС) (Non-directional radio beacon) - бағытталмаған радиомаяк;
25) NPA (Non-precision approach) – дәл емес жүйелер бойынша қонуға бет алу;
26) OCA (Obstacle clearance altitude) – кедергiлерден ұшып өтудiң абсолюттiк биiктiгi;
27) OCH (Obstacle clearance height) – кедергiлерден ұшып өтудiң салыстырмалы биiктiгi;
28) OCL (Obstacle clearance limit) – кедергiлерден ұшып өтудiң ең аз биiктiгi;
29) PAPI (Precision approach path indicator) – қонуға дәл бет алу траекториясының көрсеткiшi;
30) PAR (Precision radar) - қону радиолокаторы;
31) RNAV (Area navigation) - аймақтық навигация;
32) RVR (Runway visual range) – ҰҚЖ көрiну алыстығы;
33) SRA (Surveillance radar) – шолу локаторы;
34) Vat (Indicated Arspeed at threshold) – ҰЖҚ шегiн қиып өтудiң аспаптық жылдамдығы;
35) VDF (Very direction finder) - ӨЖЖ-станцияларының радиопеленгаторы;
36) VFR (Visual Flight Rules) – көзбен көрiп ұшу қағидасы;
37) VIS (Visibility) – метеорологиялық көрiнуi;
38) VOR (VHF omnidirectional radio range) – барлық бағытталған ӨЖЖ-радиомаягi:
39) HF (ӨЖЖ) (Very high frequency) – өте жоғары жиiлiк;
40) Vslg (Stall speed in the landing configuration) – қону конфигурациясындағы құлдилау жылдамдығы;
41) Vso (Stall speed) - құлдилау жылдамдығы;
42) БТШБ (Ceiling) - бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi;
43) ҰҚЖ (Runway) – ұшып көтерiлу – қону жолағы;
44) ӘК (Aircraft) – әуе кемесi;
45) БРМ (Localizer) - бағыттық радиомаяк;
46) ЖЖРС (NDB) (Non-directional radio beacon) – жекелеген жетектi радистанция;
47) ҰПБ (Aircraft Flight Manual) – ұшуда пайдалану жөнiндегi басшылық
48) CWY (Clearway) – кедергiлерден босатылған жолақ:
49) ЛТХ (Performance) - ұшу-техникалық сипаттама;
50) ALSF (approach light system with sequenced flashing lights – жарқылдап жүгiрiп тұрған оттармен кiрер жер отының жүйесi;
51) MALSR (medium intensity approach light system with alignment indicator lights) – ұшу-қону жолағының ашылатын ортасындағы көрсетiп тұрған оттар арқылы орташа қарқындылықтағы кiрер жер отының жүйесi;
52) MALSF (medium intensity approach light system with sequenced flashing lights) – жарқылдақ жүгiртпе тұрған жарықтарымен орташа қарқындылықтағы кiру жарықтарының жүйесi;
53) SALS (short approach light system) – кiру жарығына қысқарған жүйесi;
54) SALSF (short approach light system with sequenced flashing lights) - жарқылдақ жүгiртпе жарықтармен кiру жарығының жүйесi;
55) ODALS (omni-directional approach light system) – жақындау жарықтарының бағытталмаған жүйесi.
3. Әуе кемесiнiң қонуға бет алуды және қонуды (бұдан әрi - ӘК) орындау үшiн мыналар белгiленедi:
1) әуе кемесiнiң минимумы;
2) әуе кемесi командирiнiң минимумы;
3) әуеайлақты пайдалану минимумы;
4) кедергiлерден өтудiң ең аз қауiпсiз биiктiгi.
4. ӘК үшiн минимум ҰҚЖ (RVR) көрiнуi бойынша ӘК сипаттамаларының негiзiнде белгiленедi: экипаж кабинасын шолу, екпiн алуда дәл бағытты ұстау, оның iшiнде ең қажеттi қозғалтқыш iстен шыққан кезде, ұшып көтерiлудi орындау әдiстемесi және басқалар. Жекелеген жағдайда ұшып көтерiлуге арналған минимум бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi мен көрiнуi бойынша тағайындалады.
5. Қонуға арналған ӘК минимумы ҰҚЖ (RVR) шешiм қабылдау биiктiгi бойынша белгiленедi, және қамтамасыз ету қажеттiлiгiн айқындайды:
1) одан әрi қауiпсiз қонуды орындауға мүмкiндiк беретiн ұшудың мәлiмделген траекториясынан бас тарта отырып, шешiм қабылдау биiктiгiне ӘК шығуының мәлiмделген мүмкiндiгi;
2) одан әрi қауiпсiз қонуды орындауға мүмкiндiк бермейтiн немесе жердегi бағыттармен қажеттi көзбен көру байланысы болмаған кезде ұшудың мәлiмделген траекториясынан осы биiктiктен бас тарта отырып, шешiм қабылдау биiктiгiнен ӘК-нiң шығу кезiнде екiншi айналымға кету қауiпсiздiгi.
6. Әрбiр әуе кемесiн пайдаланушы (бұдан әрi – пайдаланушы) осы Әдiстемеде көрсетiлген мәннен төмен емес әуеайлақтағы ұшулар үшiн пайдаланылатын пайдалану минимумдары белгiленедi және осындай минимумдарды айқындау әдiстемесiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Егер барынша төмен минимумдарды белгiлеуге осы мемлекеттен арнайы рұқсат алған жағдайларды қоспағанда, олар орналасқан мемлекеттiң әуеайлағы үшiн белгiленуi мүмкiн минимумдардан төмен осындай минимумдар белгiленедi.
7. Әуейалақты пайдалану минимумдарын есептеу үшiн пайдаланушылар мынадай әдiстемелердiң iшiнен бiреуiн уәкiлеттi орган бекiту үшiн таңдауы тиiс (нақты пайдаланушының ерекшелiгiн, әуе кемесенiң пайдаланылатын үлгiсiн және пайдаланушы экипаждың бiлiктiлiгiн көрсететiн толықтырулар мен өзгерiстер):
- EU-OPS-1;
- JAR-OPS-3;
- Барлық ауа-райлық ұшулар, (Doc 9365-AN/910 ИКАО).
8. Жоспарланбаған қосымша әуеайлақ үшiн ұшуда орындалатын минимумдар есебiне егер мұндай есеп осы әдiстемеге сәйкес жүзеге асырылған жағдайда тыйым салынбайды.
9. Кез келген ұшулар кезiнде қолданылатын әуеайлақтың пайдалану минимумын белгiлеу кезiнде пайдаланушы мыналарды назарға алады:
1) ӘК үлгiсi, ұшу сипаттамасы;
2) ұшу экипажының құрамы, оның дайындығы және ұшу тәжiрибесi;
3) ҰҚЖ пайдаланылатын өлшемдер мен сипаттамалар;
4) көзбен көру және көзбен көрiнбейтiн жердегi құралдардың сәйкестiгi және сипаттамасы;
5) навигациялар және/немесе ұшып көтерiлу, қонуға бет алу, теңесу, қону, қонғаннан кейiн ҰҚЖ бойынша екпiн алу және екiншi айналымға кету мақсаттары үшiн пайдаланылатын борттық ұшақ жабдығы;
6) қажеттi рұқсатты және штаттан тыс рәсiмдердi орындауды талап ететiн ұшып көтерiлу, биiктiкке көтерiлу аймағында, ұшып шығу кезiнде, қонуға бет алу және екiншi айналымға кету кедергiлерi;
7) (OCA/H) аспаптары бойынша қонуға бет алу рәсiмдерi үшiн кедергiлерден ұшып өтудiң абсолюттi/салыстырмалы биiктiгi;
8) айқындау құралдары және әуеайлақтағы метеожағдайлар туралы ақпарат ұсынуды айқындау.
10. Әуе кемелерiнiң белгiленген санаты.
Санаттар бойынша ұшақтарды жiктеу кезiнде есепке алынатын өлшемдер барынша сертификатталған қону массасы кезiнде қону конфигурациясында Vso құлдилау жылдамдығынан 1,3 есе асатын немесе Vslg құлдилау жылдамдығынан 1,23 есе асатын (Vat) шегiн қиып өтудiң аспаптық жылдамдығы болып табылады. Егер екi жылдамдық болса, онда Vso және Vslg нәтижелi Vat мәнi пайдаланылады. Vat тиiстi көрсеткiштерiнiң ӘК санаты төмендегi 1-кестеде көрсетiлген:
1-кесте
ӘК санаты, ұшақтар
|
Vat
|
Қонуға бет алудың бастапқы учаскесi
|
Қонуға бет алудың соңғы учаскесi
|
Көзбен көрiп маневр жасау
|
Екiншi айналымға кету учаскесi
|
бастапқы
|
соңғы
|
A
B
|
< 169
|
160–280
|
130-185
|
185
|
185
|
205
|
169-223
|
220–335
|
155-240
|
250
|
240
|
280
|
C
|
224-260
|
295–445
|
215-295
|
335
|
295
|
445
|
D
|
261-306
|
345-465
|
240-345
|
380
|
345
|
490
|
Е
|
307-390
|
345–465
|
285-425
|
445
|
425
|
510
|
Н, тiкұшақтар
|
қолданылмайды
|
130/220**
|
110/165***
|
қолданылмайды
|
165
|
165
|
Vat - барынша сертификатталған қону массасы кезiнде қону конфигурациясында құлдилау жылдамдығынан 1,3 есе асып түсетiн қону алдындағы (VАТ) ҰҚЖ шегiнен кесiп өту жылдамдығы.
** 1850 метрге дейiн керi схема мен «ипподром» схемалары үшiн ең жоғарғы жылдамдық сағатына 185 км, ал 1850 метрден жоғары керi схема мен «ипподром» схемалары үшiн ең жоғарғы жылдамдық сағатына 205 км құрайды.
*** Базалық жаһандық навигациялық спутниктiк жүйеге негiзделген кеңiстiкте нүктеге дейiн қонуға бет алған тiкұшақ схемалары пайдалану қажеттiлiгiн есепке ала отырып, бастапқы және аралық учаскедегi ең жоғарғы жылдамдық сағатына 220 км және соңғы учаскеде сағатына 165 км және екiншi айналымға кету учаскесiне немесе бастапқы және аралық учаскеде сағатына 165 км және соңғы учаскеде сағатына 130 км және екiншi айналымға кету учаскесiн пайдалана отырып, құрылуы мүмкiн. Қону конфигурациясын тиiстi есепке алуды пайдаланушы немесе ӘК дайындаушысы айқындайды.
1 тарау. Ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақтардың минимумдарын айқындау
11. Пайдаланушы белгiлеген ұшып көтерiлу минимумы пайдалану жоспарланатын әрбiр әуеайлақ бойынша тиiстi факторларды назарға ала отырып, ҰҚЖ (RVR) алыстан көрiну немесе (VIS) көрiну мәндерiнде, сондай-ақ ӘК сипаттамасында көрсетiлген.
Егер кедергiлердi көзбен көрiп шолу нақты қажеттiлiгi бар кезде және/немесе шұғыл қону үшiн қосымша талап көрсетiледi (мысалы БТШБ).
12. Әуеайлақты пайдалану минимумы осы тараудың талаптарына сәйкес жасанды ҰҚЖ белгiленедi.
Ұшып көтерiлу үшiн пайдалану минимумдарын қону үшiн минимумнан төмен емес ұшып келу уақытына қарай нақты және болжанатын ауа-райы таңдалатын қосымша әуеайлақ бар болған кезде қолдануға болады, ал қосымша әуеайлақ мынадай аралық шегiнде әуеайлақтан ұшып шығу орналастырылады:
1) екi қозғалтқышы бар ұшақтар үшiн: iстен шыққан бiр қозғалтқышы бар крейсерлiк жылдамдықта ұшу уақыты баламалы 2 сағат аралығынан алыс емес;
2) үш немесе одан астам қозғалтқыштары бар ұшақтар үшiн: iстен шыққан бiр қозғалтқышы бар крейсерлiк жылдамдықта ұшу уақыты баламалы 2 сағат аралығынан алыс емес.
Қосымша әуеайлақ болмаған кезде ұшып шығуға шешiм ұшып шығу әуеайлағындағы метеожағдайлар кезiнде оған қону үшiн минимумнан төмен емес қабылданады.
13. Көзбен көру бағдары.
Ұшып көтерiлу минимумы қолайсыз жағдайлар кезiнде тоқтатылған ұшып көтерiлу мен ең қажеттi қозғалтқыш iстен шыққаннан кейiн жалғастырылған ұшып көтерiлу жағдайында, ҰҚЖ-ға ӘК-ны басқару кезiнде көзбен көру бағдары үшiн жеткiлiктi көрiнудi қамтамасыз ету талаптарымен таңдап алынады.
14. Қажеттi ҰҚЖ (RVR) көзбен көрудiң алыстығы/көзбен көру (VIS).
Көп қозғалтқышты ӘК үшiн ұшу сипаттамалары кез келген сәтте ұшудың ең қажеттi қозғалтқышы iстен шыққан жағдайда, тоқтатылған ұшып көтерiлу үшiн берiлген әуеайлақ учаскесiнiң шегiнде толық доғара отырып, ұшып көтерiлудi тоқтатуға және ұшып көтерiлу аймағындағы кедергiлерден қауiпсiз ұшып өту өлшемдерiн сақтай отырып, 450 м (1500 фут) биiктiкте ұшып көтерiлудi жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
Пайдаланушы 16-тармақта келтiрiлген жағдайларды қоспағанда, 2-кестеде келтiрiлген мәндерден төмен емес ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/ұшып көтерiлуге арналған көру мүмкiндiгiнiң (VIS) минимумдарын белгiлейдi.
2-кесте. Ұшып көтерiлуге арналған RVS/VIS
Құрал
|
ҰҚЖ дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/көру мүмкiндiгi
|
Құралдардың жоқтығы (тек күндiзгi ұшулар)
|
500 м
|
ҰҚЖ қону жарықтары және/немесе бiлiк желiлерiн таңбалау
|
А, В, С санатты ӘК үшiн - 250 м
D санатты ӘК үшiн - 300 м
|
ҰҚЖ-ның қону және бiлiк жарықтары
|
А, В, С санатты ӘК үшiн - 200 м
D санатты ӘК үшiн - 250 м
|
ҰҚЖ-ның қону және бiлiк жарықтары және ҰҚЖ орта нүктесiнiң және алыс шетiнiң қону аймағында RVR хабарламаның бар болу.
ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгi қашықтығының қажеттi мәнi өлшеудiң барлық нүктелерiнде алынуы тиiс.
|
А, В, С санатты ӘК үшiн - 150 м
D санатты ӘК үшiн - 200 м
|
15. Түнгi ұшулар үшiн, кем дегенде ҰҚЖ бүйiр жарықтары және ҰҚЖ соңының кiру жарықтарын қосу қажет.
16. 150/200 метрге тең минимумдар ҰҚЖ-дағы iлiнiсу коэффициентi кемiнде 0,5 және осы ӘК үлгiсiнiң ұшып көтерiлуi үшiн бүйiрлi желдi құрайтын мүмкiн болатын шектi мәнiнiң жартысынан аспайтын кезде қолданылады, сондай-ақ шектеулi көрiну жағдайларында (LVP) рәсiмдер қолданылады.
17. Көп қозғалтқышты ӘК үшiн 19-тармақтың талаптарына жауап бермейтiн сипаттамалар ұшып көтерiлуде ең қажеттi қозғалтқыш iстен шыққан жағдайда жедел қону қажеттiлiгi, сондай-ақ ұшып көтерiлу аймағындағы кедергiлердi көзбен көрiп айналып өту қажеттiлiгi туындауы мүмкiн. Мұндай ӘК олар белгiлi бiр нысанда қозғалтқышты iстен шығарып, кедергiлерден өту биiктiгiнiң ең аз өлшемдерiне сәйкес келу жағдайында ұшып көтерiлу үшiн мынадай төменде көрсетiлген ең аз талаптары қолданылады. Бұл жағдайда ұшып көтерiлу үшiн пайдаланушы белгiлеген минимумдар бiр iстен шыққан қозғалтқыш кезiнде қауiпсiз бейiн салынуы мүмкiн биiктiкте негiзделедi.
ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң ең аз қашықтығы жоғарыда 2-кесте көрсетiлген мәндерден немесе 3-кестеде көрсетiлген мәндерден төмен болмауы тиiс.
ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығына/көрiнуiне байланысты қозғалтқыш iстен шыққан кезде ҰҚЖ жiберiлетiн биiктiк
3-кесте
Қозғалтқыш iстен шыққан кезде ҰҚЖ жiберiлетiн биiктiк
|
ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/көру мүмкiндiгi
|
< 15 метр (50 фут)
|
200 м
|
15-30 метр (51-100 фут)
|
300 м
|
30-45 метр (101-150 фут)
|
400 м
|
45-60 метр (151-200 фут)
|
500 м
|
60-90 метр (201-300 фут)
|
1000 м
|
> 90 метр (>300 фут)
|
1500 м
|
18. 1500 м көрiну мүмкiндiгi сондай-ақ егер ұшып көтерiлудi жалғастырудың қауiпсiз бейiндi салу мүмкiн болған жағдайда қолданылады.
19. Егер ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы немесе метеорологиялық көрiну мүмкiндiгi туралы ақпарат жоқ болса, ӘК командирi ұшып көтерiлу үшiн нақты метеожағдайдың минимумдарға сәйкестiгiн айқындағанға дейiн ол ұшып көтерiлудi бастамайды.
2 тарау. Топырақты ҰҚЖ-ның ұшып көтерiлуi үшiн әуеайлақты
пайдалану минимумы
20. Топырақты ҰҚЖ-ның ұшып көтерiлуi үшiн әуеайлақты пайдалану минимумы (бұдан әрi – ТҰҚЖ) жарық техникалық жабдық немесе таңбалау ЖҰҚЖ ұшып көтерiлу үшiн тиiстi пайдалану минимумдарына тең.
21. Ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақтың пайдалану минимумдарында ТҰҚЖ таңбалау және жарық техникалық жабдықтар болмаған кезде қону үшiн тең пайдалану минимумдары белгiленедi.
22. Егер көру мүмкiндiгi бойынша қонуға арналған 2000 метрден асқан жағдайда, ұшып көтерiлу үшiн минимум 2000 метрге тең көру мүмкiндiгi бойынша белгiленедi.
3 тарау. Кедергiлердi есепке алу бетiнде ұлғаятын кедергiлер
бар болған кезде ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақты пайдалану
минимумы
23. Кедергiлердi есепке алудың бетiнде ұлғаятын кедергiлер бар болған кезде қауiпсiз ұшу ұшып көтерiлу схемасын белгiлеудi немесе барынша мүмкiн болатын ұшу массасын таңдауды қамтамасыз етiлмейдi, ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақтың пайдалану минимумы кедергiлердiң биiктiгiнен асатын биiктiктi алғанға дейiн кедергiлерге қатысты әуе кемесi ережесiнiң көзбен көрiп бақылауға кепiлдiк беру мақсатында бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi және көру мүмкiндiгi бойынша белгiленедi.
24. Бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi бойынша пайдалану минимумы (Б.т.ш.б.) мынадай формула бойынша есептеледi:
Б.т.ш.б. = Н кедергi + h м ӘК-ның барлық санаттары үшiн,
мұндағы h – кедергiлерден биiктiк қоры.
Кедергiлерден биiктiк қорыh ұшып шығу схемасының басынан кедергiлерге дейiнгi (dпр) арақашықтыққа байланысты ауыспалы ауқым болып табылады. Биiктiк қоры ұшып шығу схемасының басында нөлден d пр.: h = 0,008 d аралықта ұлғаяды, бұрылу учаскелерiнде биiктiк қоры кемiнде 90 метр болуы тиiс.
ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы/көру мүмкiндiгi (RVR/VIS) бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi мәнiне (Б.т.ш.б.) байланысты 3-кесте бойынша айқындалады.
25. Барлық жағдайларда қарастырылатын кедергiлер ұшып шығу осiнен 500 метрге жақын болмауы тиiс.
26. Нөлге тең кедергiлердегi ең аз биiктiк қоры ұшып шығу схемасының басында 15о ең аз бұрылуға мүмкiндiк беретiн ұшу бағытында көлденең аралықтан 0,8%-ға ұлғаяды.
27. Есептiк градиентпен 3,3% кедергiлердi есепке алу бетiнде ең аз қор 0,8% қамтамасыз етiледi.
28. Ұшып көтерiлу үшiн әуеайлақты пайдалану минимумындағы бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгiн айқындайтын кедергiлер егер ұшып көтерiлу кезiнде кедергiлерден ең аз биiктiк қоры қамтамасыз етiлсе, егер осы кедергiлер ұшу қауiпсiздiгiне нақты қауiп тудырмаса, ең жоғарғы мүмкiн болатын ұшу массасын айқындау кезiнде ескерiлмейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |