№
р\н
|
Жүргізу қадамдары
|
1
|
Берілген жұмыстарды жүргізуге арналған құралдарды тексеру
І.а. спирті бар спиртшам (спиртовка)
І.б. бактериологиялық ілмек
І.в. физиологиялық ерітінді
І.г. Флекснер, Зонне және Бойда сарысуларының қоспасы
І.д. заттық әйнек
І.е. Рессель ортасы
І.ж. жағындыны Грамм әдісімен бояуға арналған бояғыштар жиынтығы.
|
2
|
Рессель ортасы екі түрлі құрамды бөлімнен тұрады: төменгі бөлігі бағана түрінде және жоғарғы бөлігі қиғаш түрінде. Рессель ортасының құрамына ЕПА+лактоза+глюкоза, Мор тұзы және фенол-род индикаторы кіреді. Фенол-род бейтарап ортада қызыл, қышқылда- сары түсті береді. Лактоза ыдыраған кезде ортаның түсі үстіңгі жағында, глюкоза ыдыраған кезде-төменгі бөлігінде өзгереді. Күкірттісутек бөлінген кезінде ортаның бір бөлігі қараяды. Көмірсулардың қышқылға дейін ферментациялануы кезінде ортаның түсі сары түске өзгереді, ал егер, ферментациялану қышқылға және газға дейін жүрсе, онда ортаның түсі сары түске өзгереді және газ көпіршіктері пайда болады.
|
3
|
Шигелла глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады, лактозаны ыдыратпайды және күкіртсутек түзбейді.
|
4
|
Грамм әдісі бойынша дайындалған жағындыдағы дақылдың тазалығын тексеру. Жағындыда грамм-теріс, орташа көлемді, екі шеті жұмырланған таяқшалар болуы керек.
|
5
|
Флекснер, Зонне және Бойда түрлік сарысулармен болжамды агглютинациялық реакция қояды.
|
6
|
Заттық әйнекшеге 3 тамшы агглютинациялық Флекснер, Зонне және Бойд түрлік сарысуларын тамызады.
|
7
|
Рессель ортасынан залалсыздандырылған ілмектің көмегімен бактерия дақылын алып, Флекснер сарысуы тамшысына араластырады, араластырып болған соң, ілмекті отқа қыздырады.
|
8
|
Содан кейін Рессель ортасынан бактерия дақылын Зонне сарысу тамшысына ілмекпен салып араластырады, ілмекті отқа қыздырады .
|
9
|
Рессель ортасынан бактерия дақылын Бойда сарысуы тамшысына ілмекпен салып араластырады, ілмекті отқа қыздырып, штативке қояды .
|
10
|
Затты әйнекті ақырын шайқап, агглютинацияның пайда болуын бақылайды. Микроб сероварына сарысу сәйкес келген тамшыда агглютинация реациясы оң болады. Нәтижені тіркейді және қорытынды жасайды.
|