Тақырыбы: Ішек тобындағы бактериялар
Эшерихиялар. Энтеробактерияның таза дақылын бөліп алу. (3-4 күн)
Мақсаты:
- Эшерихиялардың жалпы сипаттамасы, олардың түрлі патологиялық жағдайлардың дамуында атқаратын рөлі, басты қасиеттері және олармен шақырылатын аурулардың лабораториялық диагностикасы, алдын – алуы және емдеуінің басты ұстанымдарын оқып білу.
Міндеттері:
- эшерихиялардың морфологиясы және систематикасы туралы білім қалыптастыру;
- эшерихиялардың дақылдық, биохимиялық және антигендік қасиеттері туралы студенттердің білімін қалыптастыру;
- эшерихиялармен шақырылатын аурулардың патогенезінің дамуы туралы студенттердің білімін қалыптастыру;
- эшерихиялармен шақырылдатын аурулардың алдын – алу, емдеу және зерт ханалық диагностикасы туралы білімін қалыптастыру;
- энетеробактериялардың таза дақылын бөліп алу ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;
- ішек тобы таяқшалары бактекрияларының бактериологиялық зерттеудің яқшалары бактекрияларының бактериологиялық зерттеудің 3-4 күндерінің нәтижелерін дұрыс интерпретациялау туралы дағдыларын қалыптастыру;
- таңдап алынған колонияларды қиғаш агары бар пробиркаларға қайта егуді меңгеру дағдыларын қалыптастыру;
- зерттеу материалын Рессель ортасына қайта себу дағдысын қалыптастыру;
Көрсетілім
Рессель ортасы - E.coli
Рессель ортасы - Sh.flexneri
Рессель ортасы - S.typhi, S. paratyphi A, S.paratyphi B.
Грам бойынша дайындалған жағынды.
Студент жұмысы
I топ студенттері:
Эшерихиоздарға бактериологиялық зерттеу
3 күн
Рессель ортасындағы таза дақылдың өсу сипатын зерттеу.
Грам бойынша жағынды (таза дақылды тексеру)
ОВ-коли-сарысуымен болжамды агглютинация реакциясының қойылуы
(әр қайсысы бөлек О26, О55, О111)
Фр О26 О55 О111
Достарыңызбен бөлісу: |